Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқу-әдістемелік кешен. Қазақ әдебиеті 1 курс (колледж бойынша)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
«Энергетика және байланыс колледжі» МКҚК
Кәсіптік –техникалық оқу орындарына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ПӘНІ: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Мамандығы: 1306000 «Радиоэлектроника және байланыс»
Құрастырушы:
Нұр-Сұлтан, 2019
Мазмұны
1. Қолданыс аясы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Жалпы ережелер
4. Оқу пәнінің мазмұны (модуль)
5. Тақырыптық жоспар
6. Сабақ жоспары
7. Әдебиеттер
8. Бақылау жұмыстары
-
ҚОЛДАНЫС АЯСЫ
XIX - XX ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 1306000 «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының студенттеріне арналған.
-
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы XIX – XX ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:
- ҚР МЖМБС мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
- Бағдарлама ҚР БжҒМ ТжКБ департаментінің 24.08.2015 жылғы № 3 оқу –әдістемелік кеңесінің № 4180 қазақ әдебиеті пәні бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды.
3. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны
Бұл пән бойынша мынадай теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: семинар сабақтарының мақсаты- студенттердің жекелеген шығармаларға мәтіннамалық талдау жасай білуі мен туындылардың композициясы мен сюжетін жүйелеп, образдарды сомдаудағы сөз зергерлері пайдаланған тәсілдерді пайымдай білу машығын қалыптастыру. Әлемдік әдеби дамудың ортақ заңдылықтарын игерген реалистік әдебиетіміздің алыптары шығармаларының көркемдік шеберлік сырларын тереңдете оқыту. Бұл талаптың аясында қазақ сөз өнерінің философиялық, гуманистік-ағартушылық, эстетикалық мазмұңын жан-жақты камту. ХУІІ-ХІХ ғасыр ақын-жырауларының шығармаларындағы дәстүр жалғастығы, отаршылдық саясат мазмұның жырлаған осы дәуір ақындарының поэзиясы және оның реалистік маңызын игерту.
3.2 Пәнді оқытудың мақсаты:
XIX - XX ғасырдағы қазақ әдебиетін жеке пән ретінде оқыту арқылы оның басты әдеби сарынын, азаттык танымын, өзіндік сыр-сипатын танытып, жастарға тағлым беру кезделеді.
3.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:
XIX - XX ғасырдағы қазак әдебиетінің басты әдеби сарыны-отарлык
езгіге қарсы туған азаттық сарыны екенін саралап,
таныту;
-
осы ғасыр әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдык, жазба әдебиеттің
дүниеге келуін оқыту; -
XIX - XX ғасыр әдебиетіндегі әдеби бағыттар мен ағымдар, сөз өрнектерін
игеру;
Осы дәуір әдебиетіндегі Абай шығармашылығының маңызы мен тағылымын таныту;
- пәнді оқыту барысында студенттерге жекелеген шығармалардың жанрлық сипаты, тақырыбы мен идеясы, көркемдік дәрежесі мен мазмұны жайлы білімдерін қалыптастыру;
- Дәуір әдебиетін тарихи сабақтастық тұрғысынан оқыта отырып,жалпы ұлт әдебиеті тарихынан алар орны мен кейінгі әдебиетке тигізген әсері және ықпалын межелеп беру.
3.4 Оқытудың нәтижесі:
Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек:
-
XIX-XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің өзіндік табиғатын меңгереді;
-
XIX-XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы
мағлұмат алады. -
XIX-XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері, жанрлары туралы терең білім алады.
-
XIX-XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің жекелеген нұсқалары, олардың поэтикасы туралы жан-жақты білім алады.
-
XIX-XX ғасырдағы қазақ әдебиеті мұраларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады.
-
теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді.
-
зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады.
-
кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.
4. ОҚУ ПӘНІНІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ
3.2. Пәннің оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны
1 бөлім. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Тақырып. 1.1. Жалпы шолу. XIX ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай, ел ішіндегі отаршылдыққа қарсы күрес, оның сол кездегі әдебиетте Махамбет, Дулат, Сүйінбай, Нысанбай шығармашылығы. Зар заман ақындарының шығармалары.
Тақырып. 1.2. Дулат Бабатайұлы «Аягөз» өлеңі мен «Еспембет» дастаны.Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет. Дулат- XIX ғасырдың орта кезіндегі қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып, түр жағынан байыта түскен, орта көркемдік тәсіл тұрғысынан жаңа сатыға көтерген ірі ақын.
Тақырып 1.3. Махамбет Өтемісұлы. «Менің атым-Махамбет» , «Атадан туған аруақты ер», «Нарын», «Найманның ұлы Исатай» өлеңдері. Ақынның өмір сүрген дәуірі мен ақын өлеңдерінен көрініс т абатын халықтың арман тілегі. Махамбет жырларындағы Исатай мен ақынның өз бейнесі.
Тақырып. 1.4. Сүйінбай Аронұлы. «Бөрілі менің байрағым», «Ту алып жауға шапсаң сен» өлеңдері. Сүйінбай –айтыстың асқан шебері және қазақ пен қырғыз елдеріне өткір тілді, озық ойымен кеңінен танылған ақын.
2 бөлім. 20 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті.
Тақырып. 2.1. Мұрат Мөңкеұлы. «Үш қиян» толғауы, «Сарыарқа», «Қарасай-Қази» дастаны.(XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақындардың бірі Мұрат Мөңкеұлының өлеңдеріндегі замана жайының суреттелуі. «Үш қиян» толғауы «Зар заман» дәуірі әдебиетінің үздік туындысы. Ондағы ел, жер тағдыры туралы толғамдары. Қарасай-Қази дастанының сюжеттік желісі. Ақынның сатиралық шығармалары. Шығармаларының көркемдік ерекшеліктері. Мұрат- айтыс өнерінің шебері);
Тақырып 2.2. Шоқан Уәлиханов. «Ыстықкөл күнделігі », «Жоңғар очерктері», «Қазақ халық поэзиясының түрлері» зерттеу еңбектері. (Шоқанның өмірі мен шығармашылығы. Шоқан – қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы, әдебиет зерттеушісі. Шоқан – шығыстанушы ғалым. Шоқан – қазақ, қырғыз ауыз әдебиетін жинап зерттеуші. Ғалымның қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясына қатысты ойлары. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектеріндегі қазақтың жыр – дастандары мен ақын – жыршылары туралы мәліметтер. Қашқария саяхаты;
Тақырып 2.3. Ыбырай Алтынсарин. «Жаз», «Өзен», «Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері» өлеңдері, «Атымтай Жомарт », «Мейірімді бала» әңгімелері, «Қазақ хрестоматиясы » оқулығы. (Ыбырайдың өмірі мен ағартушылық қызметі. Оның жазушылық өмрінің ағартушылық идеясына өзектестігі, демократиялық – ағартушылық көзқарасының қалыптасуы. Ыбырай – қазақ балалар жазба әдебиетін датытушы. Өлеңдеріндегі әлеуметтік теңсіздік. Табиғат лирикасы. Ы.Алтынсарин – қазақ әңгіме жанрының негізін қалаушысы;
Тақырып 2.4. Абай Құнанбаев. «Жаз», «Күз», «Желсіз түнде жарық ай», «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ », «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Мәз болады болысың», «Сегіз аяқ» өлеңдері және «Масғұт» дастаны. Абайдың өмірі, шығармашылық жолы. Ұлы ақын өлеңдерінің құдіреті тураыл, Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары. Ақынның тіл байлығы. Қарасөздері: бірінші сөз, алтыншы сөз, он сегізінші сөз, он тоғызыншы сөз, жиырма бесінші сөз, жиырма тоғызыншы сөз, отыз үшінші сөз, отыз жетінші сөз. Абай қарасөздерінің көтерген мәселелері, даналық ойлары, насихаттары, пікір жағынан өлеңдерімен тығыз байланысты, өзіндік ерекшелігі;
Тақырып 2.5. Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Жастарға», «Дүние мен өмір» ,«Ақындарға», «Кәрілік тураыл» өлеңдері, «Еңлік - Кебек» дастаны.(Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылық жолы. Түрік, араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгеруі, дүниежүзі мәдениетімен таныс болуы. Шәкәрімнің өнер- білім, адамгершілік, болашақ , махаббат туралы лирикалық өлеңдері. Шәкәрім – Абайдың шәкірті. Ақын шығармасындағы азаматтық әуен. Әлеуметтік өмірдегі кесапат кесірді, кертартпалықты әшкерелеуі, әділдікті, ақиқатты, бейбіт тіршілікті жырына арқау етуі. Шынайы адал махаббатты жырлауы. Ақын лирикасындағы нәзік те терең психологизм. «Еңлік - Кебек» дастаны. Дастанда ақынның демократиялық- гуманистік көзқарасының көрінуі , кейіпкерлер бейнесін даралап берудегі шеберлігі поэма оқиғасының терең драматизмге құрылуы);
Тақырып 2.6. Шәңгерей Бөкеев. «Бұл дүние пәнилығын етеді екен», «Қайран жерім» ,«Ғылым», «Қосаяқ», «Құйрық атып құлия» поэмасы. (Шәңгерейдің өмірі мен шығармашылық жолы. Оның өз өмірінің әрқилы кезеңдерін бейнелей отырып философиялық ой-түйін. Ақынның табиғат құбылыстарын көркемдеп суреттеуі Шәңгерейдің аудармашылығы);
Тақырып 2.7. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. «Шайтанның саудасы» өлеңі, «Хал - ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» өлеңдері.
Халық бостандығы мәселелері. Мәшһүр поэмалдары-ертегі, аңыз негізінде жазылған сюжетті, әңгімелі шығармалар.
Тақырып 2.8. Әнші –сазгер ақындар шығармашылығына шолу. Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Біржан сал, Ақан сері.
3 бөлім. 20 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті.
Тақырып. 3.1. Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы. «Қырық мысал», «Маса» жинақтары. А.Байтұрсыновтың қазақ тілінде әдебиеттану терминдерін қалыптастырудағы рөлі.
Тақырып. 3.2. Міржақып Дулатұлы өмірі мен шығармашылығы. «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы. «Бақытсыз Жамал» қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман. Романда суреттелген әлеуметтік теңсіздік мәселелері.
4 бөлім. 1920-1950 жылдардағы әдебиет. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетіне жалпы шолу
Тақырып. 4.1. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Кім жазықты?» романы Жүсіпбек Аймауытов өмірі мен шығармашылығы. «Ақбілек» романы, «Шернияз» пьесасы. Ж. Аймауытов – дарынды жазушы, драматург, ғалым, аудармашы.
Тақырып. 4.2. Жүсіпбек Аймауытов өмірі мен шығармашылығы. «Ақбілек» романы, «Шернияз» пьесасы. Ж. Аймауытов – дарынды жазушы, драматург, ғалым, аудармашы.
Тақырып. 4.3. Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы. «Туған жер», «Сен сұлу», «Күміс нұрлы ай» өлеңдері. Мағжан өлеңдеріндегі халықтық рух, азаматтық әуен, ағартушылық –демократтық сарын. Мағжанның табиғат, махаббат лирикасы.
Тақырып. 4.4. С. Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі, «Көкшетау» поэмасы( өмір жолы, қоғамдық –саяси қызметі). Өлеңдерінің реалистік сипаты.
Тақырып 4.5. Б. Майлин жазушының өмірі мен шығармашылығы. Ақын поэзиясының тақырыптары мен ерекшеліктері. Б. Майлинның прозасы. Майлин- әңгіме жанрының шебері.
Тақырып. 5.6. Ілияс Жансүгіров өмірі мен әдеби –шығармашылық қызметі. Ілияс лирикасының неігзіг тақырыптары. «Құлагер» поэмасының тақырыбы, сюжеті, көркемдігі.
5 бөлім. 1920-1950 жылдардағы қазақ әдебиет.
Тақырып 5.1. Мұхтар Әуезов- қазақ әдебиетінің классигі. Шығармашылық өмірбаяны. «Абай жолы» роман- эпопеясы. Драмалық шығармалар. «Қорғансыздың күні», «Қыр суреттері» әңгімелері.
Тақырып. 5.2. Сәбит Мұқанов өмірі мен шығармашылығы. «Сұлушаш» поэмасы, «Аққан жұлдыз» романы.
Тақырып. 5.3. Ғабит Мүсірепов өмір жолы, шығармашылығындағы жаңа тақырыптары. «Қазақ солдаты» романы, «Ақан сері- Ақтоты» трагедиясы. Жазушының адам портретін жасаудағы шеберлігі.
Тақырып. 5.4. Ғабиден Мұстафин өмірі мен шығармашылығы. Жаңа заман тақырыбы.
Тақырып 5.5. Қасым Аманжолов шығармашылық жолы. «Ұлы Отан соғысы туралы жыр», «Байкал», «Орал», «Ақын өлімі туралы аңыз». Соғыстан кейінгі жазылған шығармалары. Ақын поэзиясындағы романтизм мен реализм.
6 бөлім. 1960-1990 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу
Тақырып. 6.1. Жұбан Молдағалиев. «Мен - қазақпын», «Қыран дала» поэмалары. Ақынның шығармашылық өмірі. Ж. Молдағалиев –эпик ақын. Поэмадағы халық тарихы, ұлт болмысы.
Тақырып. 6.2. Хамза Есенжанов «Ақ Жайық» романы. Өмірі мен шығармашылығы. «Ақ Жайық» романы- 20 ғасыр басындағы қоғам өміріндегі аласапыранды кезеңнің жанды суреттелген шежіресі.
Тақырып. 6.3. Тахауи Ахтанов өмірі мен шығармашылық жолы. «Боран», «Шырағың сөнбесін» романдары. Кейіпкерлердің психологиялық жай-күйі. Жазушының тілі.
Тақырып.6.4. Әбдіжәміл Нүрпейісов «Қан мен тер» романы. Жазушының өмірі мен шығармашылғы. Трилогияның негізгі идеясы, сюжеті, жанрлық сипаты. Романдағы тартыс.
Тақырып. 6.5 . Әзілхан Нұршайықов. «Ақиқат пен аңыз» романы. Қаламгенрдің өмірі мен шығармашылығы. Романның жанрлық сипаты, шығармадағы Бауыржан Момышұлының бейнесі.
Тақырып. 6.7. Ілияс Есенберлин өмірі мен шығармашылығы. «Көшпенділер» романы. Романның халықтық сипаты. Романдағы Бұхар, Абылай бейнесі.
Тақырып. 6.8. Сырбай Мәуленов шығармашылығы. «Бооранда» «Қош бол, сәулем», «Ақ түн» өлеңдері.
Тақырып. 6.9. Мұқағаи Мақатаев өмірі мен шығармашылығы. «Қайран ,Қарасазым-ай», «Дариға жүрек». Қазақ поэзиясына қосқан үлесі. Лирикалық шығармалары.
Тақырып. 6.10. Мұхтар Шаханов шығармашылығы. Ақын өлеңдерінің тақырыбы. «Танакөз» поэмасы. Шаханов поэзиясына тән өршілдік, қызу интонация, жоғары пофос мәселелері.
Тақырып. 6.11. Сәкен Жүнісов өмірі мен шығармашылығы. «Заманаай мен Аманай» повесі. Шығарма тілі мен көркемдігі.
Тақырып. 6.12. Қадыр Мырзалиев өмір мен шығармашылығы. «Домбыра» өлеңі.
Тақырып. 6.13. Тұманбай Молдағалиев шығармашылығы. «Шақырады көктем», «Құстар қайтып барады» өлеңдері. Шығармаларындағы нәзік сезім, асқақ арман.
Тақырып 6.14. Қабдеш Жұмаділов шығармашылығы. «Тағдыр» романы. Романдағы ел бірлігі, ұлт мүддесі. Жазушының тіл көркемдігі.
Тақырып. 6.15. Әбіш Кекілбаев шығармашылығы. «Үркер», «Елең-алаң» романдары. Шығарма тақырыбы мен идеясы.
Тақырыбы. 6.16. Оралхан Бөкей шығармашылығы. «Қар қызы» повесі. Повестегі образдар жүйесі. Сюжеті мен композициясы.
Тақырып. 6.17. Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет.
Әдебиеттану мәселелері. Проза, поэзия, драматургия. Иранбек Оразбаев, Нұрлан Оразалин, Ұлықбек Есдаулетов шығармалары.
Тақырып. 6.18. Президент Н. Назарбаевтың ҚР Тәуелсіздік күніне арнаған «Тәуелсіздік толғауы». (15.12. 2014 )
5. Тақырыптық жоспар
№ |
Тараулар мен тақырыптардың атауы |
барлығы |
Әдебиеттер |
|
1 бөлім. XIX ғасырдың 1-ші жартысындағы әдебиет. |
10 |
Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазыұлы, Б.Сманов, Ж.Саметова, Қазақ әдебиеті, Алматы, 2014 |
|
|
1 |
Кіріспе. XIX ғасырдың 1-ші жартысындағы әдебиетке шолу |
2 |
Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазыұлы, Б.Сманов, Ж.Саметова, Қазақ әдебиеті, Алматы, 2014 |
|
2 |
Дулат Бабатайұлы. «Еспембет» дастаны |
2 |
Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазыұлы, Б.Сманов, Ж.Саметова, Қазақ әдебиеті, Алматы, 2014 |
|
3 |
Сүйінбай Аронұлы шығармашылығы |
2 |
Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазыұлы, Б.Сманов, Ж.Саметова, Қазақ әдебиеті, Алматы, 2014 |
|
4 |
Махамбет Өтемісұлы. «Менің атым-Махамбет». |
2 |
Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазыұлы, Б.Сманов, Ж.Саметова, Қазақ әдебиеті, Алматы, 2014 |
|
5 |
Қашаған Күржіманұлы өлеңдері |
2 |
Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазыұлы, Б.Сманов, Ж.Саметова, Қазақ әдебиеті, Алматы, 2014 |
|
|
2 бөлім. XIX ғасырдың 2-ші жартысындағы қазақ әдебиеті |
20 |
|
|
6 |
Жалпы шолу. |
2 |
Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазыұлы, Б.Сманов, Ж.Саметова, Қазақ әдебиеті, Алматы, 2014 |
|
7 |
Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян», «Сарыарқа» |
2 |
Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазыұлы, Б.Сманов, Ж.Саметова, Қазақ әдебиеті, Алматы, 2014 |
|
8 |
Шоқан Уалиханов «Ыстықкөл сапарлары», «Жоңғар очерктері» |
2 |
Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазыұлы, Б.Сманов, Ж.Саметова, Қазақ әдебиеті, Алматы, 2014 |
|
9 |
Ыбырай Алтынсарин «Жаз», «Атымтай жомарт» |
2 |
Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазыұлы, Б.Сманов, Ж.Саметова, Қазақ әдебиеті, Алматы, 2014 |
|
10 |
Абай Құнанбаевтың лирикалары. «Ескендір» поэмасы |
2 |
Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазыұлы, Б.Сманов, Ж.Саметова, Қазақ әдебиеті, Алматы, 2014 |
|
11 |
Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға», «Еңлік Кебек» поэмасы |
2 |
Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазыұлы, Б.Сманов, Ж.Саметова, Қазақ әдебиеті, Алматы, 2014 |
|
12 |
Шәңгерей Бөкеев «Қайран жерім» |
2 |
Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазыұлы, Б.Сманов, Ж.Саметова, Қазақ әдебиеті, Алматы, 2014 |
|
13 |
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Хал-ахуал», «Сарыарқа кіндігі» |
2 |
Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазыұлы, Б.Сманов, Ж.Саметова, Қазақ әдебиеті, Алматы, 2014 |
|
14 |
Әнші-сазгер ақындар шығармашылығына шолу |
2 |
Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазыұлы, Б.Сманов, Ж.Саметова, Қазақ әдебиеті, Алматы, 2014 |
|
15 |
Шығарма. «Абай –лирик ақын» |
2 |
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |