Материалдар / «Оқу жоспарының пәндері бойынша үй тапсырмасының мазмұнын оны орындауға рұқсат етілген шекті уақыт нормаларына сәйкес анықтау бойынша тәжірибелі-эксперементті жұмыс материалдары»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Оқу жоспарының пәндері бойынша үй тапсырмасының мазмұнын оны орындауға рұқсат етілген шекті уақыт нормаларына сәйкес анықтау бойынша тәжірибелі-эксперементті жұмыс материалдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Үй тапсырмасының мазмұнын оны орындауға рұқсат етілген шекті уақыт нормаларына сәйкес анықтау бойынша тәжірибелі-эксперементті жұмыс материалдары
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының

«Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» КММ







«Оқу жоспарының пәндері бойынша үй тапсырмасының мазмұнын оны орындауға рұқсат етілген шекті уақыт нормаларына сәйкес анықтау бойынша тәжірибелі-эксперементті жұмыс материалдары»




Қазақ тілі мен әдебиеті

10 сынып







Мұғалім: Латыпова М.К.,

Кәсіби-біліктілігі: педагог-эксперт

Айсенова Ж.А.

Кәсіби-біліктілігі: педагог-модератор

Пән: қазақ тілі

Параллель: 10











Оқушылардың үй тапсырмасы – мұғалімнің нұсқауынсыз орындалатын жеке өзіндік жұмысының ерекше түрі. Үй тапсырмасы балаларды дербестікке, қиындықтарды жеңуге үйретеді, уақытты жоспарлауға үйретеді, оқушының жауапкершілік сезімін, бастамашылдығы мен белсенділігін қалыптастырады, білімін тереңдетуге, қабілеттері мен қызығушылықтарын дамытуға қолайлы жағдай жасайды.


Үй жұмысын ұйымдастыруға бірқатар талаптар қойылады:

Жүйелілік. Егер тапсырма жеке-жеке берілсе, күнделікке жазылмаса, оқушының бірі оны орындауды ұмытпайтынына сенімділік жоқ.

Үй тапсырмасын орындау және тексеру міндеті.

Үй тапсырмасының орындылығы – қиындығы бойынша сабақта орындалған тапсырмаға тең немесе сәл жеңілірек болуы керек.

Шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды қамтамасыз ететін әртүрлі тапсырмалар.

Үй тапсырмасын саралау.

Тапсырмалардың бірте-бірте және прогрессивті күрделенуі.

Сынып пен үй тапсырмасының келесі салалардағы байланысы:

а) үй тапсырмасын орындаудың мазмұны мен әдістері сыныптық тапсырмалар мен жаттығулардың жалғасы және бекітуі болып табылады;


ә) үй тапсырмасын орындауға дайындық сабақта жүргізіледі – мақсаты, оқу міндеті, тапсырманы орындау және бақылау әдістері түсіндіріледі. Үй тапсырмасын орындаудың табыстылығы амалдардың сипаты мен реттілігі бойынша нұсқаудың қаншалықты егжей-тегжейлі берілгеніне, мұғалімнің қандай жадынамаларды қолдануды ұсынғанына байланысты екені анықталды;


б) үй тапсырмасының орындалу барысы мен нәтижесін оқушының жүйелі бақылауы және өзін-өзі бақылауы қамтамасыз етіледі.

Үй тапсырмасының үш деңгейі бар:


1-деңгей – міндетті минимум. Оның мақсаты – білімді бекіту. Бұл тапсырманың басты қасиеті – ол кез келген студентке мүлдем түсінікті және орындалатындай болуы керек.


2-деңгей – жаттығу. Олар дағдыларды дамытуға және оларды автоматизмге келтіруге бағытталған. Бұл үй тапсырмасын пәнді жақсы білгісі келетін және бағдарламаны көп қиындықсыз меңгергісі келетін оқушылар орындайды.


3-деңгей – шығармашылық. Олардың мақсаты – жаңа білімді меңгеру, оларды қабылдауға дайындау; шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бұл тапсырмаларды студенттер ерікті түрде орындайды.




Біздің мектептің де үй жұмысына қатысты критериалды бағалаудың болуын, уақыт шектеудің болуын ескереді. Себебі оқушы осы тапсырмалар арқылы не орындайтынын, қалай орындайтынын, қанша уақыт көлемінде орындайтынын білетін болады. Сол себепті бұл өте ыңғайлы.


Бөлім: ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ СҰРАНЫС.

Сабақ 2. Тақырып: Еңбек нарығы (2сағат)

Мақсаты:

10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету;

10.5.1.1 көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата;

Бағалау критериялары: Сөйлемдегі көп нүктенің орнына оңаша және ортақ тәуелдеу жалғауларының қажеттісін қойып жазады. Тәуелдік жалғауы қандай сөз таптарына жалғанып тұрғанын айтады.

Орындау уақыты: 15 мин

Жазылым.

Сөйлемдегі көп нүктенің орнына оңаша және ортақ тәуелдеу жалғауларының қажеттісін қойып жаз. Тәуелдік жалғауы қандай сөз таптарына жалғанып тұрғанын айт.
1. Биыл отандық кәсіпкерлердің жиырма бес... «Алтын сапа» белгісімен марапатталды.

2. Сіздің бизнес саласындағы өкіл... мектепке компьютер тарту етті.
3. Шетелдік инвесторлар мен Алматының ірі кәсіпкерлер... бас қосты.

4. Айтулы кәсіпорындардың отандық тауарлар... брендке айналуда.

5. Қазіргі таңда жас мамандардың мақсат... табысқа жету.

6. Олар мәжілісте өздер...нің жетістіктер... жайлы
баяндама жасады.

7. Бәріміздің ойлаған... халықтың жағдай... .​


Дескрипторлар:

  1. Сөйлемдерде көп нүктенің орнына оңаша және ортақ тәуелдеу жалғауларының қажеттісін қойып жазады -3 балл

  2. Тәуелдік жалғау қай сөз таптарына жалғанғандығын айтады-2балл

Бөлім: ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ СҰРАНЫС.

Сабақ № 7. Тақырып: Теміржолшы-тарихи оқиға шежіресі.

Мақсаты:

10.2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану;

10.4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу;


Бағалау критериялары: сұрақтарға ауызша жауап береді, «Теміржолшы» шығармасындағы кейіпкерлерге сипаттама жазады.

Орындау уақыты: 15 мин


Айтылым. Берілген сұрақтарға ауызша жауап бер.

  1. Қазақстандағы теміржолдың ұзындығы қанша?

  2. Алғашқы теміржол қашан, қайда салынды?

  3. «Отарба», «Шойынжол» деген сөз тіркестер не мағына береді?

  4. Өз қалаңдағы теміржол тарихынан не айта аласың?

  5. Теміржолдың қажеттілігін айт.


Дескрипторлар:

  • Сұрақтарға ауызша жауап береді-5 балл



Жазылым. Балғабек Қыдырбекұлының «Теміржолшы» шығармасындағы кейіпкерлеге сипаттама жаз.

Әліш Үмбеталов

Д.С. Тарасов

Тосқанбай

Мінезі





Іс-әрекеті






Дескрипторлар:

  • Кейіпкерлерге сипатта жазады -5 балл



Бөлім: ОТАНДЫҚ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІ.

Сабақ № 9. Тақырып: Отандық өнімді пайдаланымыз.

Мақсаты:

10.4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу;


Бағалау критериялары: сұрақтарға жауап береді, сөздердің мағынасын ашып жазады.

Орындау уақыты: 15 мин


Жазылым. Берілген сұрақтарға жазбаша жауап бер.

  1. Отандық өнім жайында не білесіңдер?

  2. Қазақстан шет елге қандай отандық өнімді экспорттайды?

  3. Сен қандай отандық өнімді пайдаланасың?

  4. Сенің ойынша, отандық өнімдердің сапасы қандай?

  5. Отандық өнімнің бағасы сапасына сай деп ойлайсың ба?

Дескрипторлар:

  • Сұрақтарға жазбаша жауап береді-5 балл



Жазылым. Сөздіктің көмегімен берілген сөздердің мағынасын жаз.

Сөздер

Мағына

Кәсіпорын


Кіріс


Бәсекелестік


Шикізат


Қосымша


Күшейту


Серпін




Дескрипторлар:

  • Сөздік көмегімен сөздердің мағынасын ашып жазады -5 балл


Бөлім: ОТАНДЫҚ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІ.

Сабақ № 11. Тақырып: Орталық Қазақстан-кенді аймақ (1 сағат)

Мақсаты:

10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету;

10.4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу;

Бағалау критериялары: сұрақтарға ауызша жауап береді, сөздердің мағынасын ашып жазады.

Орындау уақыты: 15 мин

Айтылым. Берілген сұрақтарға ауызша жауап бер.

  1. Орталық Қазақстанға қай облыстар жатады?

  2. Орталық Қазақстанда қандай үлкен қалалар бар?

  3. Қарағанды, Жезғазған, Екібастұз қалаларында қандай кәсіпорындары бар?

  4. Орталық Қазақстан немен белгілі?

  5. Орталық Қазақстаннан өндірілетін көмір шет елге тасымалданады ма?

  6. Мыстан қандай заттар жасалады?

Дескриптор:

  • Берілген сұрақтарға нақты жауап береді-5 балл

Жазылым. Жазылым. Сөздіктің көмегімен берілген сөздер мен сөз тіркестердің мағынасын жаз.

Сөздер

Мағына

Кенді аймақ


Көмбе


Пайдалы қазбалар


Қолайлы


Шектеседі


Транзит жолы


Жер қойнауы


Кокстелетін


Мыс кен орындары


Дескриптор:

  • Сөздік көмегімен сөздердің мағынасын ашып жазады -5 балл



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!