Материалдар / оқу күні жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

оқу күні жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу күні: М.Әуезовтың шығармасы Қорғансыздың күні
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қырқүйек 2023
272
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу күні жоспары


«Қараш-қараш оқиғасы »

Мұхтар Әуезов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          Орындаған:          Мәмішқызы Күнсұлу

                                                Тексерген :           Таумова А.Ж.

 
































 

Оқу күні

Оқылатын шығарма: «Қараш-қараш оқиғасы » Мұхтар Әуезов

Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру

Міндеттері:

         Оқуға үйрету,шығарманы талдауға,тыңдауға үйрету.

         Топта жұмыс жасай білу,өз ойын ортаға салуына үйрету.

         Қазақ халқының тарихи , әдеби құндылықтарына деген қызығушылықтары оянады.

Көрнекіліктері: кітаптар көрмесі,маркер,фломастер,қағаз,қаламдар.

Өткізілетін күні: ж.

Қатысушылар: 9-10 9 сынып оқушылары

 


«Зымыран сұрақтар»


қазақтың ұлы жазушысы

Shape2 Shape1 қоғам қайраткері

Shape3

Мұхтар Әуезов

кім?





драмашы

зShape5 Shape4 ерттеуші


Shape7 Shape6


аудармашы публицист



Түсіндіру.Тәртіп ережелерін шығарып алу.

         тыныштық сақтау;

         берілген тапсырмаларды дұрыс орындау;

         бірін – бірі түсініп,мұқият тыңдау;

         бессенділік таныту;

         берілген жазбаларды дұрыс толтыру;

         бір – бірлерінің пікірлеріне сыйластықпен қарау.



-   Балалар біз бүгін Мұхтар Әуезовтің туып-өскен жеріне сырттай саяхатқа шығамыз. Міне, мынау Абай ауданы Бөрілі ауылы Аяққорған жайлауы.

-Балалар сендер осы кезге дейін жазушының қандай шығармаларымен таныстыңдар?

- «Әжемнің әңгімесі», «Көксерек», «Біржан сал ауылында» әңгімелерін оқыдық.

-Дұрыс. Ал енді осы жазушының әңгімесінің негізінде түсірілген қандай киноларды көрдіңдер?

- «Көксерек», «Асуда атылған оқ» киноларын көрдік.

-Жақсы. Енді сендерге осы жазушы өмірі мен шығармашылығын зерттеу үшін «Әдебиетшілер», «Зерттеушілер», «Тарихшылар » тобын құрып , зерттеу туралы тапсырмалар берілген.

Болашақ ұлы жазушының есімінің қойылу тарихы туралы «Әдебиетшілерді » тыңдалық.

 Әдебиетші: М.О.Әуезов 1987 жылы 28-қыркүйекте Абай ауданындағы Бөрілі қыстағына жақын Аяққарағанда туған.

 Түрік,араб-парсы әдебиеттерінен жақсы хабардар Әуез атаның «мұхтар» деген сөздің «азат»,«білімді»,«таңдаулы» деген мағынаны білдіретінін көкірегіне түйгені бар еді.Сол сөзді таңдап алып,өзінің үлкен ұлы Омархан мен сүйікті келіні Нұржамалдан туған немересіне Мұхтар деп ат қойды.

Кішкентай Мұхтар атасы Әуез бен әжесі Дінәсілдің қолында тәрбиеленеді.

Әуез қарт ұлы ақын Абайдың адал досы болған.Ол Абайдың асыл өлеңдері халқының қазынасына айналса екен деп арман етушілердің бірі еді.

Ол кезде қазақ елінде сауатты адамдар аз болатын,кітап болмайтын.Осындай жағдайда Әуез қарт өзінің сүйікті ақыны Абайдың өлеңдерін көшіртіп, түптетіп алады.Соны оқулық орнына пайдаланып,балаларына алдымен араб әріптерін үйретіп,хат танытады.Содан соңғы Әуез мұғалімнің бар ұстаздық әдісі Абай өлеңдерін шәкірттеріне бірінен соң бірін жаттата беру болды. Күндердің күнінде Әуез атаның алдына 5-6 жасар кең маңдай, бұйра шаш бала Мұхтар да шәкірт болып тізе бүгеді.

  Мұхтардың жас кезіндегі жақсы көріп, құмарта ойнайтын ойындарының бірі әйзік болатын.

  Бұл туралы Мұхтардың ағасы Ахмет Әуезов былай дейді:«Әйзік»ойыны ауыл балаларының ішінде Шоңқа екеумізге қиын тиеді.Бала кезінде Мұхтарды  «Шоңқа» деп атайтынбыз.Себебі сақаны шиырып ата алмаймыз. Ойын тәртібін көп бұзамыз. Содан да болар көбіне әйзік ойынында асықтан ұтылып қалатынбыз.Мұндайда Шоңқа өзімен теңдес балалардан ұтылғанына шыдай алмай,намысы келіп жылайтын».

   Әуез ақсақал өз баласы Қасымбекті Семейдегі орыс мектебіне бергізген еді. Артынан сол Қасымбек Әуез атасының рұқсатымен Мұхтарды қолынан жетелеп апарып Семейдегі бес кластық орысша оқытатын училищеге түсірді.

Түсінігі о бастан кең Мұхтар сыныптас балаларының ішінен дараланып оқшау шықты.Мұхтар үнемі байсалды,тәртіпті әрі ұстамды..

Зерттеуші: 1914 жылы қыркүйек айында алғаш рет ноғай балалары мен қазақ балаларынан Семей қаласында 24 адамнан тұратын «Ярыш» атты футбол командасы құрылды.Мұхтармен бірге оқыған әрі сол футбол командасына қатысқан ғалым Қасым Мұхамедов өткенді еске алып былай дейді: «Футболды оқуға алғаш келгенде және май айларында ойнайтынбыз.Жұмасына екі,үш рет базар, шіркеу алаңдарында бас қосатынбыз.Мақсатымыз футбол ойынын үйрену еді.Бұл қазақ балалары үшін үлкен жаңалық болатын.Сабаққа зейінді Мұхтар «Ярыш» командасының құрамында ойнап жүргенде өзінің тағы бір талантын көрсетті.Біз оның бойынан қолға алған мақсатты іске беріктігін,әр нәрсені білуге,үйренуге құштарлығын байқайтынбыз.Бұл кезде,оқып жүрген кезінде Мұхтар «өнерді үйрен де жирен» деген қағиданы, немесе «жігіт сегіз қырлы,бір сырлы болуы керек» деген мәтелді жадында берік сақтайтын адам боп көрінетін».

Ал осы келтірілген үзіндіден Біз Мұхтардың зейінділігін, қолға алған мақсатты іске беріктігін көреміз.Ата үмітін ақтады деген осы.Тұңғыш құрылған футбол командамыз «Ярыш» екенін білдік.Команданы құрудағы мақсаттары: футбол ойынын үйрену. Бұл қазақ балалары үшін үлкен жаңалық еді. Қазір өздерің қазақстандық қандай футбол командасын білесіңдер?

-Есіл, Қайсар, Ертіс, Шахтер, Қайрат т.б

«Алпамсадай арысым едің Қаңбақтай жеп-жеңіл боп қаусап қалғаның-ау!- деп басталатын шығарма қандай шығарма .

Бүгін өзіміз оқыған«Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятының кейіпкерлерімен сырласамыз

- Енді «Тарихшыларымыз » «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаяты туралы қандай деректер берер екен?

Тарихшы: Мұхтар мен Тұрар Орынборда танысады. Онда 1-ші құрылтай съезі болады да, Тұрар сөз сөйлейді.Сол кезде Семей, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы, Сібірь ревкомы Омбыға қараған. Бөкей ордасы, Адай болысы, Маңғыстау уезі,Қостанай округі,Астрахань губерниясы, Атырау жағалауын Қазақстанға кері қайтарып заңдастырған -Тұрар Рысқұлов еді. Тұрар Ташкентте  «Шолпан»,  «Сана» журналдарын ашады. Соған қазақ зиялыларын Тұрар жинаған. Ел ішінде  «ұлтшыл»  атанған Мұхтар да сонда барады.

   Сол кезде Мұхтарға Тұрар өз әкесі Рысқұл жайындағы шытырман оқиғаны айтып береді. Кейін болған оқиға жерлері  Қараш асуы, Талғар өзені, Саймасай жайлауын аралап,  «Қараш-Қараш оқиғасын» өмірге әкелген.
20 - жылдардың ортасында жас жазушы М.Әуезовке осындай шығарма жазу туралы идеяны оның досы, көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлов (1894-1938)  берген.Шығарма сюжетінің негізінде Тұрардың әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлының (1859 – 1907)  өмірінде нақтылы болған бір оқиға  және соған байланысты шырғалаңдар арқау болған.

 1880ж. патша өкіметінің жергілікті өкілдерінің қысымына шыдамай, жиырма үйлі Шілмембет Оңтүстік өлкесінен үдере көшіп, Верный (Қазіргі Алматы) уезі, Талғар болысына келіп қоныстанады.Жиырма үйдің біреуі – Рысқұлдың отбасы. Рысқұл байдың жылқысын, інісі Молдабек қойын бағады. Еті тірі, өзі мерген әрі балуан Рысқұл сегіз қырлы, бір сырлылығымен төңірекке аты жайылады

Саймасайдың арманы – болыс болу. Кезекті болыс сайлаудың қарсаңында Саймасай Рысқұлдың көмегімен кедейлерді жақтас етіп әрі ұлыққа пара беріп, болыс сайланады. Саймасай Рысқұлдың қасына алып, оны шабарманы етеді. Рысқұл оныңмалына қорған болады, тоқал алуына көмектеседі. Бірақ болыстың жылы қабағы көп ұзамай өзгереді. .

 Жоғалған малын іздеп даугерлер келгенде, болыс оны Рысқұлға төлеттіретін үкім шығартып, төлемесе, ұры ретінде абақтыға қаматтыратынын айтып қоқытады. Жаны күйзелген Рысқұл болыспен қатты сөзге келіп, кетіп қалады, болыстан кек алуға бекінеді.Сөйтіп, ашынған Рысқұл Қараш – Қараш асуында аңдып отырып, тоқал алып келе жатқан болысты атып өлтіреді.

Тұрар күндіз абақты ауласын тазалап, тұтқындарға су, тамақ тасып, түнде түрме ішіне, әкесінің қасына қонып жүреді.Сауатын түрмеде ашады.Рысқұл бір жылдан соң сотталып он жылға Сахалинге айдалады.Семей өңіріне жеткен кезде кісенін үзіп, шуақта қалғып отырған конвой бастығын өлтіріп, шомылып жүрген күзетшілерді мылтық атып қашырып, барлық тұтқындарды босатады.Бір жолдасымен қашып отырып Түркістанға келеді, одан Таласқа кеп тұрып, 1907 жылы  қайтыс болады.

Әдебиетші: Прототип– көркем шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болған өмірде бар адам. Шығармадағы 

Бақтығұл – Рысқұл,

Бақтығұлдың інісі Тектіғұл – Молдабек,

баласы Сейіт – Тұрар,

Қатша-Тұрардың анасы Ізбайша,

Жарасбай болыс – Саймасай Үшкемпіров,

Сары руы- Сәлік руы,

Шалқар болысы- Талғар болысы,

Бүрген болысы- Түрген болысы,

Талғар өзені- Талғар өзені,

Қараш асуы- Қараш асуы.

Зерттеуші: Қараш-Қараш оқиғасының болған жерін картадан көрсетеді. 

Тарихшы: Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» 1927 жылдың желтоқсан айы мен 1928 жылдың қаңтар айларында жазылған.1959 ж.қайта өңделіп басылған.

.1968 жылы «Қазақфильм»мен «Қырғызфильм» киностудиялары бірігіп, Болат Шәмиев өзі сценарий жазып, өзі режиссерлік етіп, бас кейіпкерді қырғыз актері Сүлейменқұл Чокмаров сомдап, «Асуда атылған оқ»

деп аталатын көркем фильм түсірген.

4. Кинодан үзінді көре отырып, сұрақтарға жауап беру. Мына жоспар бойынша хикаяттың мазмұнына шолу жасаймыз. 
ІІ. Іште кеткен кек....
•....Тектіғұлдың науқасы
•. Өксікті күндер
•. Аянышты өлімі
ІІ. Кек жолындағы жортуыл....
•....Сәлмен жылқысына барымталау
•. Ұрланған бие
ІІІ. Қуғыншылар....
•....Сойылған бие
•Қуғыншылар
•. Соққыға ұшыраған Бақтығұл
•. Намыс,ар,қорлану
ІV. Пана іздеу....
•....Арқар ату
•. Жарасбайға тартуы
•. Өтініш,тілек
V. Адасу....
•....Жарасбай жанындағы тірлік.
•. Ақ жолдан таю
•. Барымташы Бақтығұл
VІ. Екі жүзді аярлық....
•....Ел ішіндегі тартыс
•. Сатқындық.
•. Билер соты, үкім
VІІ. Қуғын....
•....Қуғынға ұшырау
VІІІ. Өш алу....
•....Жасырыну
•. Әділ үкім....Алынған кек
ІІ. Мағынаны тану
1.Тақтаға түрлі түсті ұяшықтардың астына жасырынған сұрақтарды таңдау арқылы сұрақ-жауап әдісі бойынша шығарманың проблематикасы,жазушының идеялық-эстетикалық мұраты жөнінде әңгімелесу.
1. Тектіғұл өліміне не себеп болды? Оның өлімінде қандай саяси-әлеуметтік мән жатыр? Бұл өлімнің шығармадағы орны қандай?
2. Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?
3. Бақтығұлдың барымтаға аттануына, ұрлық жасауына қалай қарайсың? Ақтайсың ба, қаралайсың ба?
4. Жарасбай болысқа баруын құптайсың ба, жоқ па?
5. Бақтығұлдың басты-басты қателіктерін, адасуларын ата.
6. Ол адасуларға тек Сәлмен, Жарасбайлар ғана кінәлі ме? Өзіне кінә қояр ма едің?
7. Неліктен Бақтығұл Сәлменді емес, Жарасбайды өлтірді?
8. Жарасбайды өлтіру қылмыс па?
9. Билер алдындағы «Не болса да ақпын», «Менде айып жоқ» деген ойынан бастап, Бақтығұл монологын қайта оқып шық. Осы монологтың маңызы неде деп ойлайсың?
10. Билер Бақтығұлға қандай үкім шығарды?
11. Бақтығұл сол күннен бастап қандай өмір сүруге мәжбүр болды?
12. Қашқын болып жүріп қандай қауіп-қатерге ұшырады?
13. «Бәлем, осыныңды ұмытпа!» деген кектену, өшігу сезімі қандай жағдайда, неге байланысты туды?
14. Сол билер алдындағы «Егер осы Қоқыш сөзіндей Жарасбайдың айтқаны шын болса, ...» деп басталатын Бақтығұл сөзінің мәнін түсіндір. Осы абзацтың Бақтығұл бейнесін ашуда маңызы бар ма?
15. Ақылды, әрі күшті рухы бар Бақтығұл неге қол шоқпар, барымташы, сорлы малайға айналды?
16. «Қараш-Қараш оқиғасы» арқылы жазушы қандай мәселелерді көтерген? Шығарма неге «Қараш-Қараш оқиғасы» деп аталған?



2. Бақтығұл бейнесін ашу ....Мәтінмен жұмыс.
1. Бақтығұлдың портреті Бақтығұл өзі кесек ,балуан денелі,иықты,кеуделі келген.Қалың тік қара мұртты.(тақтаға жазып көрсетеді)
2. Бақтығұлға мінездеме беру. Шығармадағы бейнеленген іс-әрекеттері,монологтары арқылы Бақтығұлдың бейнесін, жан дүн

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!