«Оқу мақсатына жетуде саралап оқыту тәсілдері»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Оқу мақсатына жетуде саралап оқыту тәсілдері»

Материал туралы қысқаша түсінік
-Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі. -Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі. -Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы. -Оқушы мен оқытушының шығармашылық қызметін белсенді түрде дамытуы. -Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы. Осындай талаптарға сәйкес құрылған өз бетімен деңгейлік тапсырмаларды оқушының әдебиеттік оқу сабағында өзіндік шығармашылық қабілеті дамиды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама

Тақырыбы: Оқу мақсатына жетуде саралап оқыту тәсілдері

Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді.

Осыған орай, өз тәжірибемде жиі қолданып жүрген технологияларының бірі – саралап оқыту технологиясы. Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқушыларға тек білім берумен шектелмей, танымдық әрекетін арттырады және ойлау қабілетін, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

-Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі.

-Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі.

-Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы.

-Оқушы мен  оқытушының  шығармашылық қызметін белсенді түрде дамытуы.

-Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы.

Осындай талаптарға сәйкес құрылған өз бетімен деңгейлік тапсырмаларды оқушының әдебиеттік оқу сабағында өзіндік шығармашылық қабілеті дамиды.

Жас ұрпаққа саналы тәрбие беруде үлкен рөль атқаратын қуатты тәрбие құралының бірі – көркем шығарма, оның ішінде мәтінмен жұмыс.
Бастауыш сыныптардағы оқыту мазмұнында ерекше орын алатын пән – әдебиеттік оқу.
Әдебиеттік оқу оқытудың негізгі мақсаттарының бірі – оқушылардың сөздік қорын, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Оқытудың алғашқы кезеңінен бастап жүргізілетін жұмыс түрлерінің арасында мәтіннің алар орны ерекше. Мәтін оқушыға білім береді, ойын, тілін дамытады, сөйлеуге жетелейді. Сондықтан мәтінге төмендегідей талаптар қойылады:







1) мәтін оқушының түсінігіне, мүмкіндігіне сәйкес болуы қажет;
2) мәтіннің мазмұны оқушыға тартымды болуы керек;
3) мәтін халықтың тарихымен, мәдениетімен, әдетғұрпымен, жетістіктерімен байланысты болуға тиісті.
Жоғарыдағы талаптарға сәйкес дайындалған мәтінмен жұмысты мынандай кезеңдерге бөліп тастауға болады:
1) мәтінмен жұмыс алдындағы кезең;
2) мәтінмен жұмыс кезеңі;
3) мәтін соңындағы жұмыс кезеңі.


Бастауыш сыныпта оқушылар әр алуан мәтін түрлерімен танысады. (әңгімелесу, сипаттау, талқылау) , оларды дұрыс құрастырып айтуға және әдеби ғылыми танымдық мәтіндерінің ерекшеліктерін үйренеді. Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында көбінесе жүзеге асыру үшін ,топтарға мынандай тапсырма түрлерін беремін.

1-тапсырма «Жалғасын тап» әдісі

Мысалы «Түлкі мен ешкі» ертегісін ұсынамын.
Мәтінді түсініп оқып, негізгі ойды анықта.

Мұнда оқушылардың мәтіндегі басты оқиға туралы баяндау дағдыларын қалыптастырады. Мәтіндегі негізгі ой мен оның тақырыбын таба білуге үйренеді.Мұның құрамында білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді.

Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай түрлі кестелер мен жаттығуларды, тапсырмаларды дайын карточка түрінде дайындалады.

2 – тапсырма «Дереккөздер» әдісі
Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлімге ат қою немесе жоспар құру.

Жоспар құру, мәтіндегі негізгі ойды өрнектейтін сөздерді табу жұмыстары оқушылардың логикалық қабілеттерін дамытады.

3 – тапсырма.
Мәтіннен 1 -топ зат есім, 2- топ сын есім, 3- топ етістік теріп жазу тапсырмасын беремін. Мұндағы мақсатым кіріктірілген әдісін қолдану барысында қазақ тілі пәнінен алған білімдерін ұштастырады.

4- тапсырма «Диалог және қолдау көрсету» әдісі

«Түлкі мен ешкі » ертегісіндегі кейіпкерлерге сипаттама бер.

Рольдік ойынға бөліп ойнату ,бір -біріне сауалдар қою арқылы оқушының сөздік қорын арттыруға болады.

Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.

Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру өте маңызды рөл атқарады.

5 – тапсырма.Мәтінге байланысты. Негізгі түйіні: мысалы:

«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар»

нақыл сөздеріне өз пікірінді білдір дегендей тапсырмалар ұсынылады.

Тәрбиелік мәні: зерделі болу, нанғыш, сенімді адам болмау.

Бұл жерде кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

Дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады.

Баспадан шыққан және электронды дереккөздер де пайдалануы мүмкін

Бұл материалды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.

6- тапсырмада мысалы:

Апанның іші салқын, түбінде тұп-тұнық суы бар - ешкінің сөзі деп берсем. ( кейіпкерлердің сөздерін ауыстырып беру арқылы, мәтіндегі сөздердің орнын дұрыс таба білуге және есте сақтауға машықтанады).

Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.

Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді.

Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.

Қортынды бөліміне келсек.

Оқушылар үнемі бағаланып отырады, әр тапсырма сайын бағалап, мадақтап отыру керек. «Ортадағы қалам әдісімен бағаланады.» осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отыруы керек. Сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай  ілгерілей аламыз. Тәжірибе көрсеткендей, сенімді түрде алға жылжу оқушыларды шабыттандырып, оларды қарқынды жұмыс істеуге ынталандырады. Тапсырманың түрлі деңгейде болуы баланың күш-жігеріне деген сенімін нығайтады, оны табысқа жетелеп, танымдық қызығушылығын арттырады.







« Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі» ММ











Баяндама



Тақырыбы: «Оқу мақсатына жетуде саралап

оқыту тәсілдері»





Бастауыш сынып мұғалімі:

Педагог-зерттеуші:Осипова Б.К







2020-2021 оқу жылы







ТҮЛКІ МЕН ЕШКІ

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда терең апанға түсіп кетеді. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп апанға кез болады. Түлкіні көреді.

  • Ей, түлкі батыр, онда не істеп тұрсың? – дейді.

  • Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі шөлдеп, әрі ыстықтан өліп едім. Апанның іші салқын, түбінде тұп-тұнық суы бар екен, - депті.

Мұны естіген ешкі: «Мен де салқындайын әрі су ішейін», -деп ойлап, секіріп апанға түседі. Ал түлкі секіріп ешкінің үстіне шығады. Онан мүйізіне шығады. Онан ырғып далаға шығып, жөніне кетеді.

«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген нақыл сөз осыдан қалыпты.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.03.2021
996
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі