Қостанай облысы әкімдігі
білім басқармасының
«Қостанай қаласы білім бөлімінің
№ 11 жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Маликзадинова Райхан
Маликзадиновна,
Саутбаева Кымбат Сатмагамбетовна
«Оқу сауаттылығын арттыруда
мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімділігі»
Бүгінгі
күнгі жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқытудың басты
ерекшелігі — оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру,
оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау, сөйлеу, өз ойын
еркін жеткізу, шығармашылық қабілетін жетілдіру, өз бетінше білім
алу үдерісінде бірлесе әрекет ету. Қазақ тілін оқыту барысында
қазақ тілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, болашақта өмірден
өз орнын таба алатын, көзқарасы түзу, ойы озық, өзіне сенімді,
нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық
үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсу
– бүгінгі білім беру ісінің басты
мәселесі.
Жаңартылған оқу бағдарламасы
қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар
аударылып, төрт дағдыға (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым)
негізделген. Оқу бағдарламасында коммуникативтік әрекеттер мен
дағдыларды жүзеге асыратын оқу мақсаттары ұсынылған. Оқу мақсаттары
әр сынып деңгейіне сәйкес динамикалық даму бағытында жасалған.
Бағдарлама «спиральді оқыту» тәсіліне негізделе құрылған. Әр сынып
сайын оқу мақсаттары қарапайымнан күрделіге қарай өсіп, қайталанып
отырады. Бағдарлама мазмұны әдебиет, тарих, биология, география,
физика сияқты өзге пәндермен тығыз байланысты. Бағдарлама
оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан
ойлау дағдысын дамытуға ықпал
етеді.
Оқу сaуaттылығы – оқушылaрдың
жaзбa мәтіндерді түсінуі және қолдaнуы, мәтін бaрысындa ой-толғaуы,
жaңa білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдaнуы, әлеуметтік ортaғa
бейімделуі.
Қазіргі
заман талабы – жан-жақты дамыған, функционалды сауатты тұлға
тәрбиелеу. Ол үшін оқыту әдістеріне өзгерістер енгізіліп жатыр.
Алдымен, тілді үйреніп, сол тілде ойлап, сол тілде сөйлейтін азамат
даярлау- басты мақсат. Тілді оқыту оңай іс емес екендігі
анық. Қазіргідей үздіксіз өзгерістер мен жаңа технологиялар
заманында оқушыларымыз үшін түрлі ғылым саласын жай ғана
білуі жеткіліксіз. Жаһандану заманында білімді болумен
бірге сол біліміңді өмірде тиімді қолдану, кездесетін
қиындықтарды анықтап, оларды шешудің жолдарын таба білу – аса
маңызды іс.
Осыған байланыста елімізде оқушының
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр.
Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан
Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған
азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып
табылады. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді
қолдануына үйрету. Оқушылардың функционалдық оқу
сауаттылығын дамытуда мәтінмен жұмыстың маңызы
зор.
Оқушы
шығарманы, мәтінді сүйсіне отырып, құлшыныспен оқуы үшін тиімді,
қызықты, жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану қажет. Осындай жұмыстар
барысында оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін мына
әдістерді қолдануға болады: көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;
мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның
дамуын болжау; мәтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып
оқу; ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту
үшін оқу, мәтінге ауызша және жазбаша шолу
жасау.
Мәтін – тілді оқытудағы негізгі құрал.
Ол оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Мәтінмен жұмыс
тіл үйренушінің сөздік қорын байыту мен еркін сөйлеуге үйрету
немесе өз ойын ашық, анық жеткізе білу дағдысын қалыптастыру
мақсаттарын көздейтіндіктен, тілді оқытуда мәтінмен жұмыс жүргізуде
ұтарымыз мол болмақ. Мәтін – қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын
алатын оқыту нысаны. Біріншіден, білім беретін материал оқыту
мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін
түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып
жүйеленуін қажет етеді.
Мәтіннің
қызметін таныту – оқушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан
танып-білуіне, сол арқылы логикалық ойлауының бірізді қалыптасуына
мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұғалім мәтінмен жұмысты жүйелі
жүргізгенде және оқушының сауатты оқу дағдысын қалыптастыра
білгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізе алады. Оқыту мен оқу
үдерісінде білім алушы теориялық, танымдық ақпаратты мәтін арқылы
алады, ал алынған ақпаратты қабылдап, ой елегінен өткізу арқылы
шығармашылық әрекетпен өмірде
қолданады.