Материалдар / Оқу сауаттылығынан мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары

Оқу сауаттылығынан мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
ББЖМ – білім алушылардың білім сапасын бақылаудың дербес құралы.Сауаттылық – адамның одан арғы өмірінің дұрыс өрбуінің алғашқы іргетасы, адамның сыртқы ортамен жақсы қарым-қатынас жасау, тез бейімделу және сол ортада әрекет ете алу қабілеттілігі.
Авторы:
25 Қаңтар 2024
227
5 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу сауаттылығынан мәтінмен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары

ББЖМ – білім алушылардың білім сапасын бақылаудың дербес құралы. ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, үш бағыт: математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіндер) бойынша жүргізіледі.   

Сауаттылық – адамның одан арғы өмірінің дұрыс өрбуінің алғашқы іргетасы, адамның сыртқы ортамен жақсы қарым-қатынас жасау, тез бейімделу және сол ортада әрекет ете алу қабілеттілігі. Қазіргі сауаттылық баланың тек оқи, жаза алуымен шектелмейді. Керісінше, күнделікті өмірде еңбек әрекетіне араласу барысында кез-келген жағдайға бейімделе алуы, тануы, шешім қабылдауында. Яғни, кез-келген ортада алған білімін, мүмкіндігін көрсете алуы. Біз көп жағдайда функционалды сауатсыз екенімізді қиындықпен бетпе-бет келгенде ғана сезіп жатамыз.

Оқу сауаттылығы – тест тапсырушылар үшін аса күрделі емес пәндердің бірі. Мектептердегі қосымша дайындықтар «мәтін және оның түрлері», «сөз мағыналары», «мәтін талдау және стил түрлерімен жұмыс жүргізіледі. Қазіргі таңдағы оқушылардағы басты проблема мәтінді толық ,түсініп оқымауында. Жай ғана көз жүгіртіп өтіп ары қарай тестті белгілеуге кіріседі. Сондықтан оқушыларға мәтінді қызықты етіп оқытып үйретуіміз керек. Мәтінмен жұмыс істеу әдістері өте көп. Оларды қолдана отырып, оқушы мәтіндегі қажет мәліметтерді анықтайды, мазмұндайды, сұрақтарға да жауап береді. Мәтін бойынша жоспар да құрып, қорытынды жасайды. Топпен, жеке, ұжыммен жұмыс істейді. Осылайша бір-бірін тексеріп, бағалайды. Айтылған әдістердің нәтижесінде балалар еркін сөйлеуге, бір-бірін тыңдауға, кез келген мәселені шешіп, қиындықты жеңуге үйренеді. Қазақ тілі сабағында көбірек мәтінмен жұмыс істейміз. Кітапта ақпарат аз болғандықтан, қосымша мәтін аламыз. Оқушылар мәтін бойынша алынған қосымша ақпаратты толықтырып, бір-бірімен ақылдасып, пікірлерін білдіруге үйренеді. Бұл тұста баланың ерекше тұстары байқалатыны рас.Мәселен мен өз тәжірибемде қолданып жүрген әдіс суреттер арқылы жасалынады. Белгілі бір мәтіннің әр бөліктерін суреттермен байланыстырып, әр қайсы бөлігін жеке-жеке талдаймыз. Суреттегі оқиғаны өмірмен байланыстырады. Мәтінді талдау барысында оқушылар өз пікірлерін ашық айтып мәтінді толық түсінеді. Әдістер көп болғанымен арасынан тиімділерін таңдап алып, сабақ барысында қолдану жақсы нәтижеге әкеледі деп сеніммен айта аламын.

Оқу сауаттылығының негізі — мәтінмен жұмысты толық қалыптастырады.  Бұл оқушылар мәтіннен қажетті ақпарат алуына, нақты мәтіннен қорытынды шығаруына, негізгі кейіпкерлердің әрекеттерін интерпретациялауға, мәтін үлгісімен бекітуге және мәтін құрылымының бастапқы сараптамасын алуға көмектеседі.

Мәтін – тілдерді оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді.  Осыған байланысты мұғалім мәтінмен жұмысты жүйелі жүргізгенде оқушының оқылым  дағдысы  қалыптасады.Оқылым  дағдыларын дамыту үшін тест тапсырмаларын жүйелі құрастырудың маңызы зор. Оқушылар өздері мәтіннен бірнеше сұрақ , тест құрастырып үйренулері қажет.Әр түрлі мәтіндерден ақпарат табу және алу, көркем, ғылыми, ресми мәтіндермен    жұмыс істей білу, мәтіннен ақпаратты түсіну және  бағалай білу  ізденіс  қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.   Бұл - мәтінді  мұқият оқу және  талдау арқылы  жасалады.Оқушылардың мәтінді түсініп, жұмыс жасауы үшін көркем әдебиеттерді көбірек оқуы басты назарға алынуы тиіс.   

Адам  шын мәнінде ойланып оқыған кезде, оның қиялдары міндетті түрде жұмыс істейді, ол өзінің ішкі суреттерімен белсенді әрекеттесуі мүмкін. Білім алушы  мәтінмен жұмысты меңгерген кезде, ауызша сөйлеуі дамиды және дамудың келесі маңызды сатысы ретінде жазбаша сөйлеуі де қалыптасады.

Қорытынды: Елдің ертеңі білімнің тереңдігі мен өлшенеді демекші. Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді. Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету.


Пайдаланған әдебиеттер: 
1.Оқушылардың оқу сауаттылығы. Оқу құралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Педагогикалық өлшеулер орталығы». 

2. Бітібаева Қ. Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу, Алматы, 2005


«№15 Мақтажан ЖББМ» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айдарханова Алтынай Рүстемқызы
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ