Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқу-тәрбие үрдісінде құзіретті тұлға қалыптастыруда жаңартылған білім бағдарламасының маңыздылығы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оқу-тәрбие үрдісінде құзіретті
тұлға қалыптастыруда жаңартылған білім бағдарламасының маңыздылығы
Түркістан облысы Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Төменгі Боралдай негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Мусаев Абдулла Алиевич.
Жаңартылған білім бағдарламасымен оқу-тәрбие үрдісінде құзіретті тұлға қалыптастырудың маңыздылығы өте зор. «Мен, ең алдымен, оқудағы кедергілерді жоя білетін, бірінші жолға оқудан бұрын тәрбиені қоямын. Себебі «Тәрбие бар жерде білім де бар» деген сөзді құптаймын». Бала тәрбиесі бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы, міндеті. Бала-дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді.
Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет-адал, білімді, еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады, яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрді жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейді. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүр, әдет-ғұрпы – барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі – жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді жаңаша әдіс-тәсілдермен, технологиямен оқыту жолдары қарастырылуы. Білім беру мазмұнының жаңартылуы негізінде әр ұстаз өз алдына нақты мақсат, міндеттерді айқындап алуы маңызды. Олар:
-
Оқушылардың қазақ тіліндегі сөздік қорын және сөйлем құрылымын түсінуін дамыту;
-
Күнделікті өмірде, білім алуда, әлеуметтік-мәдени және іскерлік саласында карым-қатынас жасау үшін қажетті тыңдалым, оқылым, айтылым және жазылым дағдыларын дамыту;
-
Танымдық дағдыларын, ойлау және қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.
ХХІ ғасыр – білім-ғылымның, ақпараттың дамыған ғасыры. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жаңаша құруды көздейді. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» демекші, оқу-тәрбие жұмысын жақсартуды ойласақ, мектепте атқарылар әрбір игі істерді осы заманға икемдеп, жаңғырта, жандандыра түсеміз.
Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру арқылы тұлғаның біліктілігін, шыдамдылығын қалыптастыра отырып, оқушының алдағы өмірінде, қоғамда табысты болуына көмектесетін қасиеттерін дамытып, қалыптастыру, әлеуметтендіру болып табылады.
Бұл технология бойынша өзара іс-әрекеттің принциптері мен мақсаттары үш негіздің, яғни ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыруға бағытталады. Ең қымбат өмір – бала өмірі, бала өмір жалғасы болғандықтан, оның қоршаған ортаға бейімделуі, өмірден өз орнын таба алуы осы үш бірліктің бірлесіп атқарған қызметіне байланысты болады. Жан Жак Руссоның сөзімен айтқанда: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады. Оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді».
Тіл – қарым-қатынас құралы. Қазіргі замандағы экономикалық, қоғамдық, саяси-әлеуметтік үдерістердің, өзгерістер мен жаңалықтардың терең енуінен тілдің тек қатынас құралы ғана емес, құзіреттілікті көтеру құралы ретінде де қолданылуының маңызы екенін түсінеміз. Ал қазіргі мектеп оқушысы – ертеңгі маман, қоғам қайраткері екенін ескерсек, оның тек сауатты жазып, өз ойын анық білдіре алуы жеткіліксіз. Сондай-ақ:
-
кез-келген жағдайдан оңтайлы шыға алуы;
-
өзге адамдармен тиімді тілдік қарым-қатынас орната алуы;
-
тіл табыса білуі;
-
икемді сөйлей алуы сияқты тілдік құзіреттілігі, іскерлік қасиеттерінің болуы талап етіледі.
Ал мұндай жағдайда мектептегі ұстаздың оқушы бойына жеке тұлғаны қалыптастыру, құзіреттілікті дамытудағы бағыттаушылық рөліне жүктелетін жауапкершілік ауқымды. Оқушы бойында оқу және сөйлеу құзіреттілігін қалыптастыру бірден іске асып, нәтиже бермейді. Ол оқу-тәрбие үрдісінде жеке, топтық, бірлескен жұмыс барысында біртіндеп дамиды.
Мұғалімнің оқушылармен өзара қарым-қатынасына қанағаттануы оқушының көтеріңкі көңіл-күйде болуына, шығармашылық белсенділігінің артуына, танымдық әрекетінің өнімділігіне мүмкіндік туғызады. Қазіргі оқу үрдісінің тұлғалық қарым-қатынас деңгейіне ауысуы оның мұғалім мен оқушының серіктестігіне айналғанының белгісін білдіреді.
Қазақ тілін оқыту тиімділігі көп жағдайда мұғалім мен оқушы әрекеттерінің қаншалықты келісіліп жасалғанына байланысты. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас бұзылуы оқушылар қызметінің бұзылуына әкеп соғады.
Мұғалім мен оқушылардың тек бірлескен шығармашылық қызметі жағдайында олардың арасында серіктестік қатынас орнатылады, ол дәріс беруші мен білім алушының өзара байланысы мен ықпалынан көрінеді. Бірлескен белсенділік жағдайында өтініш, кеңес, мақтау, құптау немесе намысына келмейтіндей етіп ұялту мұғалімнің басты қаруы ретінде саналады. Мұғалім әрбір тапсырманың мақсаты мен міндеттерін айта отырып, оқушылардың басты назарын қызметтің мазмұндық аспектісіне аударады (нені және не үшін істеу қажет). Бұл жағдайда оқу қызметінің негізгі формасы болып коммуникативті-танымдық қызметте бірлескен қызығушылығы, мұғалімнің оқушылармен тілдесуі саналады.
Ынтымақтастық қатынасқа түсе отырып, мұғалім баланың оқушы ретіндегі атқарылымына емес (бұған сәйкес ол үй жұмысын жаттап, айтып беру тиіс), оның тұлға ретінде дамуының перспективасына бағыттау керек. Мұндай қарым-қатынас, әдетте, оқу үрдісінен тыс шығып, қазақ тілінің практикалық пайдалануын ынталандырады: қазақ тілінде іс-шаралар дайындауда, қабырға газеттерін бірлесіп жасауда және тағы басқалары.
Қазақ тілі сабақтарының тиімділігі, ең алдымен, мұғалімнің оқушылардың қазақ тілін қатынас құралы ретінде меңгеретін жағдаяттарын ұйымдастырып, жағдай туғызатын қабілетіне негізделеді. Жаңа педагогикалық технологиялар (жобалау әдісі, ынтымақтастық әдістемесі, педагогикалық шеберхана, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы және тағы басқалары ) оқушыға өмір сүруге, жұмыс істеуге, өз бетінше және ұжыммен бірлесіп ойлануына, ал армандауды және жақсы игі істерді жеке атқаруына мүмкіндік береді. Оқушы кез-келген жағдайда өз көзқарасын нық және сенімді білдіруге, белгілі бір қорытынды шығаруға дайын болуы тиіс.
Мұғалімдер күн сайын күрделі шешім қабылдап жатады. Бұл шешімдер түрлі білім мен пікірлерге сүйенеді және әрбір оқушының не үйреніп, келешекте неге қол жеткізуге тиіс екендігіне бағытталған. Осыған байланысты мұғалімдер оқушыларды олар өмір сүруге тиіс өзгермелі әлемге дайындауда маңызды рөл атқарады. Сондықтан өзгермелі өмірде мұғалімдер барлық сатыларда оқу бағдарламасына енгізілетін өзгерістермен және пәндік салалардағы әзірлемелермен бірге дамып отыруға тиіс.
Осы мақсатта мұғалімдердің даму түсінігімен ұштастыра оқыту, оқушылардың ішкі мүмкіндіктерін ашу, оқудағы ерекшеліктерді түсіну, көптеген тәсілдердің, тілдік және мәдени әсер мен мінез-құлық және дағдының, қызығушылық және оқыту амалдарының болатынын жете түсінуі қажет болады. Шешім қабылдау үдерісінде мұғалім үшін ең маңыздысы оқушының қызығушылығы болып табылады.
Әр мұғалім үшін маңызды болып табылатын білім, білік және дағдылардың негізгі үш саласы көрсетілген. Оларға:
-
оқушылардың әлеуметтік тұрғыдан қалай дамып, оқитындығы туралы білімі;
-
оқу бағдарламасының мазмұны мен мақсаттарының тұжырымдамалары; оқытылатын пәнді және әлеуметтік білім беру мақсаттары тұрғысынан қалыптасатын дағдыларды түсінуі;
-
бағалау және оқу ортасын қолдауға бағытталған пән мазмұны мен оқыту әдіс-тәсілдері тұрғысынан оқытуды түсіну жатады.
Қазақстанның бүгінгі білім
беру жүйесінде жаңа инновациялық бағытты игерген, нақты тәжірибелік
іс-әрекетте өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл, зерттеуші
педагогтар аса қажет. Дәл осы сипаттағы педагогтың ең алдымен
инновация туралы түсінігі болуы қажет.
Қазіргі педагогикадағы инновация – білім беру, тәрбиелеу жұмысына
жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді амалдарды, құралдарды,
жаңа тұжырымдарды жасап, оларды қолдану ретінде анықталады.
Инновация құрал мен процесс ретінде қандай да бір жаңалық ендіру
жұмыстарын көздейді. Мысалға алатын болсақ, бала тұлғасы
жалпыадамзаттық құндылық ретінде қарастырылатын, ізгілікті
педагогика теориясында «жеке бағытталған оқыту», «жеке бағытталған
тәрбие», «жеке көзқарас» сияқты түсініктер бар. Жеке бағытталған
педагогика балалардың жеке тәжірибе жинақтап, олардың жеке
қызығушылықтары мен қажеттіліктері іске асырылатындай оқыту ортасын
жасайды.
Жеке бағытталған
технологиялар:
- топтық оқыту
технологиясы;
- Ш.А.Амонашвилидің ізгілік- жеке технологиясы;
- Интерактивті оқыту;
-Ойын технологиялары;
- М.Монтессори технологиясы;
-Дамыта оқыту технологиясы;
- Мәселелік оқыту технологиясы;
-ТРИЗ шығармашылық технологиялары.
Егеменді елдің жас ұрпақтарын
тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес
мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да дайындалып берген
белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни
сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру,
жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын
дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық
бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін
жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Дамыта оқытудың да басты
мақсаты - баланы оқыта отырып, оны
шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.
Кез-келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс
жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Оқушының шығармашылық
іс-әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке тұлғаның
ғылыми-педагогикалық зерттеулердің обьектісі ретінде анықталу
сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық іс-әрекет
тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де
қарастырылады.
Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына,
өзіне-өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін
ішкі және сыртқы түйсік, түйсіктердің әсеріне және оның ерік-жігер
күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс деген
пікірді біздер қуаттаймыз. Оның себебі, ұлы ғұламаларымыз осы
ой-пікірде болған деп білеміз.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды
түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін
атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың
іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды
орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту
уақытының үнемделуі.
Мектептегі оқу процесі оқушылардың іздемпаздығын, танымдылық
белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуында жол ашуы
қажет.
Оқыту процесі-екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік
жұмысы, дербес іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар, олардың
-іздемпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де
керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар
оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері олардың
ықыласына және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір
айтады.
Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен
амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.
Оқушылардың шығармашылығын, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан
тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда
шығармашылық, пәндік
апталықтар мен ғылыми-шығармашылық апталық, жобалар, пәндік
үйірмелер мен факультативтік
сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда
оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет.
Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық
бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану-олардың танымдық
қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ мектептегі пәндік
олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі
шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң
нәтижеге жетуге ықпал етеді. Шығармашылыққа үйрету тұлғаның
интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық,
мінез-құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлілік, жаңа
жағдайларға бейімделуге икемділік, қаржылық пен табандылық,
тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке
қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқаты іздеудегі
және қарым-қатынастағы адалдық жатады. Әр сыныптағы әр оқушыға
байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Ол оның
үстіне басты шарты аталған қасиеттерді көрсетуге
тырысады.
Оқушылардың жоспарлы жұмыс істеуге және өз жұмысының нәтижесін өзі тексеруге, оларды тапсырманы орындаудың тәртібі мен әдістерін анықтай білуге, сабақта, бір күнгі, апта ішіндегі, ай ішіндегі өз жұмысын жоспарлай білуге ұсынылған критерийлер негізінде өз жұмысының нәтижесін талдау мен бағалауға, сондай — ақ мұндай критерийлерді өздері жасауға үйретуді көздейді. Шығармашылық сабақтың базалық негізін анықтауда әр жағдайда сабақтың үйлесімді үлгісі таңдап алынды. Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың өзіндік білімділік нәтижесін құру болып табылады. Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге өзгелердің ісінен сабақ алуға танымдық әлеуметтік ұстанымының қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой-пікірлері қалыптасады. Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:
- өзіндік пікірлерін дәлелдеу;
- пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;
- өзінің жолдасына мұғалімдерге сұрақ қоюы;
- жолдасының жауабыңа пікір айту;
-сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;
- үлгерімі нашар сыныптастарын оқытумен айналысу;
- үлгермеушілерге түсініксіз жерін түсіндіру;
- өз бетімен қиындау тапсырмаларды таңдау;
- танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын
көрсету;
- өзіндік бағалауға жағдай туғызу өзінің танымдық және практикалық
әрекетін талдау;
- танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдісті қолдану
арқылы орындау.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды
түрленіп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін
атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы сыныптағы оқушылардың
іс-әрекетін бақылауға қолайлылық оқу-танымдық тапсырмаларды
орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту
уақытының үнемделуі. Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін
жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі
қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдері мен
бағалау -өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе
тағлымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте
шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай
түседі.
Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:
оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;
-
сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;
-
шығармашылық ой — өрісі артады;
-
кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдармен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;
-
ұжымдық ой — пікірлері жетіледі, топ мүшелерін пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;
-
мұғаліммен оқушылардың қарым — қатынасы ынтымақтастыққа болып, сенімділіктері артады;
-
оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;
-
білімін жүйелі түрде толықтыруға;
-
өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға;
-
тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;
-
оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін тудырады.
Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет. Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймын. Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.
Кез-келген педагогикалық ұжым, кез-келген педагог инновациялық іс-әрекетті ұйымдастыруға құқылы. Бірақ жаңашылдықты дайындау және ұйымдастыру барысында өзіне нақты міндет алуы тиіс, өйткені кез келген педагогикалық бастаманың нысаны бала екенін ұмытпаған жөн.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.
Бала-біздің болашағымыз. Ол үшін баланы жақсы, жаман деп бөлмей ел болып бірігіп, аяғынан нық тұруға бірлесіп көмектесуіміз керек. Бау-бақшаны қалай күтіп суарсаң солай жемісіне кенелерсің. Сол сияқты ата-ана тарапынан, ұстаз тарапынан баланың теріс мінезін үнемі қадағалап, түзету қоршаған орта, яғни қоғамның міндеті
Еліміздің егемендігін алып, тәуелсіздік туы биік көтерілген кезеңде балаларды қоғамның лайықты ізбасары етіп тәрбиелеу, келер ұрпағымыздың біз берген тәрбиені келесі ұрпаққа дұрыс жолмен жеткізу үшін ұстаздар тарапынан оқу, тәрбие жұмыстары бүгінгі ұстаздардың жұмысын көбейтіп, ұлттық тәрбиені дамытып, ұлағаттылыққа баулып отыруымыз қажет. Бүгінгі заман талабына сәйкес оқушылардың оқу процесін үнемі өзгертіп, жаңартып, дамытып отыр. Осыдан ұстаздарға бұрынғыдан да көп жауапкершілік артуда. Мектеп-сан алуан адамдардың жинақталған қоғамдық орны десек, мұнда тәрбие түрлерінің сан алуан түрлері іске асырылады.
О.Бальзактың «Ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы» дегендей оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалім үнемі ізденіп, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Әрине атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса, бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Қорытынды: Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екенін ескерсек, бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәт те естен шығармай болашақ білімді ұрпақты тәрбиелеу жолында ізденуі керек. Өсіп келе жатқан ұрпағымыз еліміздің мақтанышы болатындай әр ұстаз жан-жақты қызмет ете отырып, сонымен қатар әр ұстаз оқу мен тәрбиені де қатар алып жүруі тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Мұғалім.kz. «Қазақ тілі және әдебиеті» журналы №3 2016 ж.
2.«Қазақ тілі» ғылыми-әдістемелік журналы. №1 2017ж.
3.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016 «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық»
4.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы,2016 «Мектеп тренеріне арналған нұсқаулық»