Материалдар / Оқу үдерісін жоспарлауда ОҮБ қолдану әдістемесі

Оқу үдерісін жоспарлауда ОҮБ қолдану әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер өздерінің тәжірибесі және бағалау мақсаты мен оның қолданылу әдістемесін зерделеу негізінде оқу үшін бағалаудың әртүрлі тәсілдерін әзірлейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
520
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

3AАпта КүнКүні

14 - күн
ТренерТіетенбаев Мамед ӘділханұлыӨткізілген орны
Тақырыбы:Оқу үдерісін жоспарлауда ОҮБ қолдану әдістемесі
Мақсаты:Мұғалімдер өздерінің тәжірибесі және бағалау мақсаты мен оның қолданылу әдістемесін зерделеу негізінде оқу үшін бағалаудың әртүрлі тәсілдерін әзірлейді.
Оқу нәтижесі:Мұғалімдер оқу үшін бағалау мәні туралы білімдерінің және оның оқыту тәжірибесінде қолдану әдістемесі негізінде қалыптастырушы бағалаудың формалары мен әдістерін әзірлейді.
Түйінді идеялар:Бағалау үдерісінің (оқу үшін бағалау) оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіну мұғалімдердің түйсігінде үлкен өзгерістердің жүзеге асырылуын талап етеді, себебі олар бағалауды оқу үдерісін аяқтайтын үдеріс ретінде дәстүрлі түрде қабылдауға үйреніп алған.
Оқыту барысы
1-сабақ9.00 – 10. 30Кіріспе.1-слайд. МҰҒАЛІМНІҢ БАҒАЛАУДАҒЫ РӨЛІ





Бағалауға арналған жаттығу.Мысалы, әрбір үстелде үлкен және кішкентай қызыл, жасыл және сары түсті, алма салынған ваза тұрады. Критерийлерді ойлап шығарып, алмаларды бағалау керек. Тақырыпқа көшу.(тренер бір мағыналы критерийлердің маңыздылығын атап өтеді)«Тең қанатты инеліктер туралы тапсырма бойынша жоғары баға алған екі жауапты оқыңыз» тапсырмасы төрт топқа таратылып, қайсысы қыздың жауабы, қайсысы ұлдың жауабы екенін табады.

Ресурс:Мұғалімдерге арналған үлестірме материалдар 253-254 бет

1-ЖАУАП(НАҚТЫ ТРАНСКРИПЦИЯ) Тең қанатты инеліктің көкірек куысы қысқа, құрсағы ұзын, көздері күрделі дөңес. А түрінде жоғарыда айтылған барлық қасиеттер бар, бірақ Б түрінен былайшаерекшеленеді: 1.Оның аяқтарының төменгі бөлігінде ұзын түктері бар алты ұзын қара аяқтары бар. Бтүрінің төрт аяғы ғана бар жəне алдыңғы аяғының табанында жəне артқы аяқтарыныңжоғарғы жағында түктері бар. 2.А түрінің қанаттары мөлдір емес, қысқа жəне жалпақ. Б түрінің А түріне қарағанда,ұзынырақ жəне жіңішкерек мөлдір қанаттары бар. 3.А түрінің қарыны өте ұсақ бөліктерге бөлінген, аяқ жағының ұшы сүйірленеді. Б түрінің қарыны өте ұсақ бөлшектерден құрылған, денесінің соңы үшбұрыш түрінде тарылады. 4.Бұл екеуінің арасындағы көзге едəуір көрінетін айырмашылық– олардың түсінде. А түрі–кеуде жасушасы қоңыр жəне жасыл, оның қанаттары шеттеріне қарай жеңіл болатынқоңыр, сонымен бірге құрсағы да қоңыр. В түрі көгілдір жəне көкірек қуысы ашық қоңыр, оның қанаттарының шетіндегі қоңыр дақтардан басқа жері түссіз, сонымен қатар құрсағыкөк қара-қоңыр түсті, кеудесі қызғылт реңкті. 5. А түрінің көзі қоңыр, тісті сызықтармен бөлінген. Б түрінің көзі көк(бозғылт),ортасында қара дағы бар. 6.А түрінің жағы сүйірленген, ал Б түрі қорапша формалы.2-ЖАУАП(НАҚТЫ ТРАНСКРИПЦИЯ) Далада жаздың ыстық күндерінің бірі, айналаның бəрі жылы жəне тып-тыныш. Төбенің іргесіндегі көлді қоршаған ағаштар ақырын жайқалады, көл бетіндегі шымырлаған діріл бейбітшілік пен тыныштық сезімін ұялатады. Көл шетінде қамыстар мен лалагүлдер өсіп тұр. Мазасыз шыбындар биік шөптердіңарасында жем іздеп ұшып жүр. Аралар тозаңға толы лалагүлдер арасында олардыңбалшырынын ішіп, ерігеді, ал тең қанатты инеліктер еменнің биік жасыл бұтақтарынажабысып, қозғалыссыз отыр. Олардың біреуі ұрғашы, екіншісі еркек. Оларды мен көріп жатырмын, өйткені мен осы кəріеменнің мықты діңіне қарама-қарсы жатқан едім. Олар– мен көрген жəндіктердің ішіндегіең əдемісі, бірақ олар əртүрлі. Біреуінің шілтер қанатының ашықтығы соншалық, мен олардың ар жағынан судың шетін көре аламын. Оның түрі алқызыл жəне көгілдір түспен жарқырайды, олар өздерін қоршаған сарғалдақтар арасында ерекше көрінеді. Оның құрсағы саусақ сияқты ұзын жəне өте жіңішке. Ол сондай нəзік көрінеді, кез келген қозғалыстан бұтақ сияқты сынып кететіндей көрінеді. Оның шілтердей қанаттары фен сияқты барлық денені салқындата отырып, құрсақ бойына созылады. Оның басы кішкентай, бірақ мықты. Оның түсі көк, басының екі жағында жан толғандыратын екі қара көзі бар. Бұл керемет жəндіктің аяқтарыұзын əрі қара, аяқтарында ең əсем жіптің ұлпасына ұқсас түгі бар. Басының жанындағы көкірек қуысы үлкен. Ол құрсағы сияқты жіңішке емес, бірақжарқыраған күн жарығының қара көк шағылысындай бөлігі жылтыр. Мен бақылап тұрғанда, оның басы жан-жаққа бұрылады, содан кейін кенеттен көлгепырылдап ұшып, жоқ болып кетеді. Екінші тең қанатты инелік əлі орнында. Ол біріншісі сияқты əдемі емес, бірақ оның бояуыөте қанық. Қанаттары– күңгірт қоңыр. Олар жалпақтау əрі онша ұзын емес. Олар басқаинеліктің шілтерлі, жіңішке қанаттарына қарағанда мықтырақ көрінеді. Бұл жəндіктіңқұрсағы жуанырақ. Ол қанаты сияқты күңгірт қоңыр түсті, бірақ көкшіл жəне сұр түстідақтары бар. Қанаттары сияқты ол да мықты, берік жəне пайдалырақ. Аяқтары өте жуан, əйтсе де оларда ырғақпен дірілдейтін жіңішке түктер көрінеді. Көкірекқуысы алдыңғы инеліктегідей аса ұзын емес, бірақ жуанырақ əрі анағұрлым дамыған. Қоңыр жолақты жасыл түсті көкірек қуысы мықты сауытты тақта сияқты көрінеді. Басы үлкен əрі қарымды. Оның басы жоғары көтерілген, ал көздері үлкен, қарасы өткірлеу. Бұл жəндік сыртқы пішініне қарағанда мықтырақ əрі қайратты болғандықтан, еркек болуы мүмкін. Бірнеше секунд ішінде ол ауада қозғалыссыз күтіп тұра алады, содан кейін басқа инеліктерді іздеу үшін көл бетінде ұшып жүреді де, жоғалып кетеді. Енді мен өзіммен өзім қалдым, күн күйдіріп тұр, шыбын-шіркей жем іздеп, ауада шырайналып жүр.

Қызығушылықты ояту кезеңі."ЭЙФЕЛЬ МҰНАРАСЫ" ЖАТТЫҒУЫЕкі жауап бойынша "ЭЙФЕЛЬ МҰНАРАСЫН" құрады.Одан кейін əр топта бар ақпараттыұжыммен бөлісу үшін слайдтарды пайдалана отырып, кері байланыс орнату.Мұғалімдер мұнараны бағалаудың критерийлерін әзірлейді(орнықтылығы, биіктігі, мұнараны құрастыруға жіберілген уақыт, т.б.)Содан кейін топтар жасалған мұнара үлгілерін өзара бағалайды.Ресурс:Мұғалімдерге арналған үлестірме материалдар 255 бет

Кері байланыс:өз көзқарастарыңыз бен алған əсерлеріңізді барлық топ болыпталқылаңыз.Рефлексия: смайликтер арқылы «Жетістікке жету үшін мен не істеу керектігін білемін»
5 минут(мұғалім өзі түсіндіріп өтеді)































5 минут





45 минут





























































































































































































































































5 минут

5 минут

5 минут





10 минут5 минут

5 минут
Үзіліс
2-сабақ 11.00- 12.30Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу:«Не өзгерді?» ойыныМақсаты: Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту.Тапсырма: Үстелдің үстіне бірнеше зат, не болмаса кішкентай бес ойыншық қощйылады. Балаға үстелде тұған ойыншықты есінде сақтау ұсынылады, содан кейін «көзіңді жұм» - деп нұсқау беріледі, осы кезде жүргізуші ойыншықтың біреуін алып тастайды да, қай ойыншықтың жоғалғанын табу ұсынылады.Осы ойынның басқа нұсқасы: тапсырма заттың орналасуының өзгергенін табу болып табылады. Ойыншығы үстелдегі заттың қандай тәртіппен орналасқанын есінде сақтауы ұсынылады, ал кейін ойынды жүргізуші бірнеше заттың орнын ауыстырады да, не өзгеретінін табуды ұсынады.Өзін-өзі және өзара бағалау бойынша семинар.Таныстырылым. Өзін-өзі және өзара бағалау.2-слайд.СЕМИНАР: ӨЗІН ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖƏНЕ ӨЗАРА БАҒАЛАУМақсаты:Осы семинар өткеннен кейін, мұғалім: •оқушыларды оқыту үдерісін жақсартудағы өзін өзі жəне өзара бағалаудың рөлін түсінеді;•оқушылармен жұмыс жүргізу үшін өзін өзі бағалаудың жəне өзара бағалаудың бір немесебірнеше стратегиясын əзірлей; •осы стратегияларды қолдануды жоспарлай білетін болады.3-слайд. Зерттеулерден алынған үзінді.

1.Оқушылар өзінің білім алуы үшін өзіне жауапкершілік алуы тиіс, себебі басқа ешкім де оларүшін оны істемейді. Яғни, оқушылар оқытуды бағалау үдерісіне тартылуы қажет. Бұлтұрғыдан алғанда, үздіксіз дамуға ықпал ету, оқыту үдерісін сезіну жəне оқушылардыңоларды басқару қабілеттілігі ерекше маңызға ие болады. (Бағалауды Реформалау тобы, 1999). 2.Өзін өзі бағалау«өткен тəжірибені пайымдау, оқығаны жəне қол жеткізгені туралы нақтытүсінікті алуға талпына отырып, еске алуға жəне түсінуге ұмтылыс жасау үдерісі» депайқындалады(Мунби жəне басқалар, 1989). 3.Өзін өзі бағалау барысында оқушылар олардың жұмысын бағалау кезінде қолданылатынкритерий мен стандарттарды нақты түсініп, осы критерий немесе стандарттарға сай өзжұмыстары туралы пікір қалыптастырулары керек, мұғалімнің берген түсініктемелерінескеріп, жұмыс барысында анықталған мəселелерді пысықтап отырулары қажет. 4.Өзін өзі бағалау үдерісі нəтиже беру үшін, оқушыларға белгілі бір стандарттарға сəйкес өзжұмыстары жайлы ойлануға мүмкіндік беру маңызды. («Белгілі бір» стандарттар деп жалпығаортақ оқу бағдарламасын алуға болады немесе оларды сыныпта өздеріңіз жасай аласыздар). Оқушылар өз қателері мен қиындықтарын мойындаулары керек, алайда бұл кезде оқушы өзінедеген сенімін жоғалтпас үшін, мұғалім тарапынан жеткілікті дəрежеде қолдау көрсетілуі тиіс. Қателермен жұмыс жүргізу үшін уақыт бөліп, оқушыларға соңғы шешім қабылдағанға дейінтүрлі шешімдердің арасынан таңдау жасау əдеттегі құбылыс екенін жеткізу керек. 5.Мұғалім бағалауынан өзін өзі бағалауға көшу айтарлықтай қиындық тудыратын қадам жəнесыныптастарды бағалау бұл үдерісті жеңілдетуге көмектеседі. Сыныптастарын бағалаумаңызды рөл атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, оқушыларға өз тіліндесөйлеуге мүмкіндік беріп, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне жəне мұғаліммен пікірталасқатүсуіне сенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдеріске араласудан шектеліп, жайғана бақылауға мүмкіндік береді(Блэк жəне басқалар, 2003). 6. Оқытудың жаңа стратегиялары басқалардың жұмыстарын мұқият зерделеу арқылыəзірленуі мүмкін, себебі бұл оқушыларға өздерінің мүмкіндіктері туралы толығырақ ақпаратбереді. Өзгелердің жұмыстарын зерделеу оқушыларға бір тапсырманы шешудің түрліжолдарын көрсетеді жəне өздерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді. 7. Басқалар диалог барысында өзінің мықты жəне осал жақтары туралы айта отырып,оқушылар өзінің мақсаттары мен күтетін нəтижелерін дұрыс анықтай алады. Бұл жаңа жəнеайтарлықтай ұтымды стратегияларды меңгеруге ықпал етуі мүмкін. 8.Драхмэн мен Суэтстің(1988) айтуынша, кері байланыс пен құрдастарының ескертулерітұрақты нəтижелерге қол жеткізуде мұғалімнің сынына қарағанда тиімді болуы ықтимал. Алайда оқыту үдерісі оқушылардың тапсырманы орындаудың бастапқы кезеңінде өзініңбілімі мен дағдылары жəне тапсырма аяқталғаннан кейін нені білетіндігі туралы нақты білгенжағдайда ғана тиімді болады. (QCA, 2001). 9.Өзін өзі бағалау жəне сыныптастарын бағалау оқушыларға ойлайтын жəне оқитын тұлғаретінде өзінің білімін, ағымдағы тапсырмаларды түсінуге, оқыту үдерісін жақсартудыңжолдарын сезінуге мүмкіндік бере отырып, оқыту үдерісінде жетістікке жетуге мүмкіндікбереді. Ол өзін өзі сыйлау сезімін, оқу үшін өзінің ынталануы мен жеке жауапкершілігінарттыруға үлес қосады. 10.Ұтымды өзін өзі бағалау жəне сыныптастарын бағалау оқытуды бағалауға бағытталған үшөзге де маңызды үдерістерді қамтиды(1, 2 жəне3-семинарларды қараңыз): жауап алу арқылы сыныпта сөйлеу дағдыларын дамыту; кері байланыс ұсыну; табыс критерийлерін айту.(10 үзінді слайдтармен көрсетіледі.)Кері байланыс:Сабақтағы іс - әрекетке кері байланыс.(Мысалы: «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 1 - ші баспалдағы *Мен.............. БІЛЕМІН*, 2 - ші баспалдағы *мен.................. ТҮСІНЕМІН*, 3 - ші баспалдағы *Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН* )Топқа бөлу:сәйкес түстерге топталу



Өзін өзі бағалау жəне сыныптастарын бағалау стратегияларын топқа үлестіріп, одан бір-бірінен айырмашылықтарын тапқызу.Кері байланыс: «Мен бұл әдісті сатып аламын, себебі ...»( тренер әрбір мұғалімге «ақша» , стикерлер,смайликтер, купюралар, тиындар беру арқылы мұғалімдер ең үздік әдістерге дауыс беру арқылы сатып алады.)

10 минут















































20 минут











































































































































































































10 минут

























2 минут













30 минут











10 минут







Сабақтан кейінгі рефлексия «Бүгін мен өзіммен ... алып кетемін, себебі ...»8 минут


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ