Материалдар / Оқу үдерісінде интербелсенді әдістерді қолдану тәсілдері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқу үдерісінде интербелсенді әдістерді қолдану тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар мен оқушылардың тақырыпты тез меңгеруіне зор көмек береді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
442
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқыту үдерісінде интербелсенді әдістерді тиімді қолдану жолдары

«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп

отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді

тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады»

К.Ушинский

Қазіргі таңда жас ұрпаққа ХХІ ғасыр деңгейінде жан-жақты білім беру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып отыр. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы ақпан айындағы Қазақстан халқына Жолдауында: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» делінген. Елбасының осы сөзі, біздің ұстанатын өмірлік қағидамыз болу керек. Яғни жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде мұғалімдер қауымына ерекше жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. Соның бірі патриоттық тәрбие беру мен дүниетаным қалыптастыруда тарихшы мұғалімдердің орны ерекше.

Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады. Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай:

  • Оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейін даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;

  • Бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;

  • Оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;

  • Оқушылардың өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;

  • Оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;

  • Эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.

Осы мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т.б. Осыған орай, біз яғни мұғалімдер қауымы орыстың ұлы педагогы К.Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады» деген сөзін әр уақытта естен шығармауымыз қажет.

Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолдануға болады. Мысалы, 8-10 сыныптарда өтетін сабақтарымда мынадай интербелсенді әдістерді қолданамын: сын тұрғысынан дамыту, ұжымдық оқыту, пікірталас, семинар, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқыту т.б. Енді осылардың кейбіреулеріне тоқталып өтейін.

І. Мотивация (уәж) тудыру немесе қызығушылықты ояту

Үйренушінің оқуға/үйренуге деген ықылас-ынтасы, ниеті мен зауқы болса, оқу нәтижесінің мардымды болуы екіталай. Француз жазушысы Анатоль Франс кезінде «Тамақ тек зор тәбетпен ішкенде ғана сіңеді» деген екен. Оқу мотивациясы дегеніміз дәл осы сияқты білімге, білуге, үйренуге деген «тәбет».

Қызығушылықты тудырудың кейбір тәсілдері

  1. Қызықты бір оқиғаны сипаттап беріңіз.

  2. Қандай да бір талқыланған мәселе бойынша үйренушілердің пікірін білу үшін олардың қол көтеріп, дауыс беруін (жақтап немесе қарсы шығып) сұраңыз.

  3. Сұрақ қойыңыз.

  4. Уәде беріңіз.

  5. Үйренушілерді күлдіріңіз.

  6. Даулы немесе басқалардың көзқарасына қарама-қарсы пікір айтыңыз.

  7. Әдеттен тыс мәліметтер келтіріңіз.

  8. Көрнекіліктер мен үлестірмелі материалдарды қолданыңыз.

  9. Өз өміріңізден немесе кәсіби тәжірибеңізден мысалдар келтіріңіз.

  10. Оқушылардың шешімін қажет ететін проблемалық ситуацияны суреттеңіз.

ІІ. Ой қозғау ынталандырудағы танымдық тәсілдің бірі.

«Ой қозғауды» сабақта былайша қолдануға болады:

  • Оқушылар қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін берілген уақыт ішінде жазбаша келтіреді;

  • Мұнда ең бастысы идеялардың көптігі, олардың еркін жағдайда айтылуы болғандықтан, оқушылар өз ойындағыларын еш күмәнданбай (мәселен, олардың дұрыс-бұрыс, қажет-қажет еместігіне қарамай) келтіре беруі керек;

  • Идеялар ешқандай сынға ұшырамауы керек, әйтпесе оқушылар тосылып қалып, идеяларды келтіре алмауы мүмкін;

  • Барлық идеялар сарқылмайынша, олар қағазға түсіріле береді;

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылардың зейінін бір жерге аудару үшін сол тақырыпқа қатысты сұрақтар қою. Мысалы, «Соғыс» деген сөзді қалай түсінесіздер? «Соғыстың қандай зардаптары бар?», «Тарихтан қандай соғыстарды білесіңдер?», «Жылқы көшпелілердің өмірінде үлкен рөл атқарған. Неге?» т.б.

ІІІ. Пікірталас – оқушылардың сыныпта немесе шағын топ ішінде нақты бір өміршеңді проблема бойынша өзіндік көзқарастары және пікірлерімен алмасып, оларды дәлелдеп, өзге позициялармен толықтыру әрекеттері.

Пікірталас – оқу/оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі, өйткені оқушылар қандай да бір өміршеңді мәселе немесе проблеманы жан-жақты қарастыру және талқылауда өздерінің теориялық және практикалық білімдерін жинақтап, оларды қолдана отырып, өз көзқарасын пайымдау мен түйіндеуге, өзге пікірлерді ескеруге және оларды өз қажетіне пайдалануға үйренеді.

Мысалы, 10-сыныпта «Көшпелілер өркениеті» деген тарау бойынша оқушыларға күні бұрын пікірталасқа дайындалуға алдын ала тапсырмалар берілген болатын...



Көшпелі шаруашылық – өркениеттің бастауы (Иә)

Көшпелі шаруашылық – өркениеттің қас жауы (жоқ)

дәлелдер

  • Ат әбзелдері,

  • көшпелілер генеологиялық (шежірелік) байланыстарды жоғары меңгерген,

  • олардың бойында мәрттік, қонақжайлылық қасиеттердің орын алуы.

дәлелдер

- Қалалар мен қоныстарда тұрған.

- Өнер мен білім-ғылымға ертерек ден қойған.

- Көшпелі герман тайпаларының Рим өркениетін талқандауы.



Пікірталастың ережелері:

  • біреу (спикер) сөйлегенде, оның сөзін бөлмеу керек;

  • қарсы жақтың көзқарасына жағымсыз тұрғыдан сын және пікір айтпау керек («дұрыс емес!», «келіспейміз!», «жалған!», «біздің ойымыз ғана дұрыс!» деген сияқты);

  • егер келіспейтін жағдай болса, қарсы жақтың көзқарасын айқындайтын сұрақ қою керек.

Пікірталас соңында оқушылардан «қай жақ жеңді?» деп сұрауға болады. Егер оқушылар жеңісті біреуге беретін болса, онда оларды мынандай түсініктерге алып келу керек (мысалы, сұрақ қою арқылы);

  • пікірталас – ақиқатқа жетудің тиімді тәсілі;

  • пікірталас әркімнің өз көзқарасын айқындауға зор мүмкіндік береді;

  • пікірталаста жеңілгендер болмайды: бәрі де ұтыста болады;

IV. Т-кестесі – бір-біріне қарама-қарсы («иә/жоқ», «келісемін/келіспеймін», «қарсымын-/жақтаймын», «ішкі/сыртқы», «басы/аяғы», «маңызды/маңызды емес», «себебі/салдары» секілді) немесе салыстыруға болатын (мәселен, екі объект) ақпарат пен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі. Мысалы, «Түркеш және Қарлұқ мемлекеттері» деген тақырып бойынша...



Түркеш

Мемлекеттер

Қарлұқ


жер көлемі



этникалық құрамы



қағандары



саяси жағдайы



құлау себебі



тарихи деректер




V. Эссе – оқушының сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі.

Эсседе бірінші мезетте оқушының өзіндік «Мені» көрініп тұруы қажет. Эссе оқушыларды өз ойларын нақышымен құрастырып, оларды нақтылап, дәлелді түрде жеткізумен қатар ақпаратты жүйелеуге, оған талдау жасауды үйретеді. Эссе, бір жағынан, өзіндік ой-толғаныс (рефлексия) жұмысы, ал екіншіден, эссе – ғылыми жұмыс түрі.

Мысалы, 10-сынып оқулығындағы §21. «Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы» атты параграфы бойынша «Жібек жолы - ынтымақтастық жолы» деген тақырыпта эссе жазуға тапсырма беру.



VI. Кластерлер («жүзімнің шоқтары» деген мағынада қолданылған) – идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер.

Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өзара байланыстары туралы әңгімелейді.



Shape1

Shape5 Shape4 Shape3 Shape2

Абылай хан









VIІ. STEEPLE – талдауы (S – әлеуметтік, Т – технологиялық, Е – экономикалық, Е – қоршаған орта, Р – саяси, L – құқықтық, Е – этникалық факторлар) маңызды тарихи оқиғаларды талдауда ұсынылады. Бұл білім алушылардың түсіндіру және талдау дағдысын тереңдеп дамытуға мүмкіндік береді.

VIІІ. SWOT - талдауы тақырыпқа деген көзқарасты анықтау үшін жүйелі ойлауға негізделген сараптамалық әдіс.


Жағымды

Жағымсыз

Ішкі

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Сыртқы

Мүмкіндіктер

Қауіптер



Міне, осы тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданамын. Бұл жұмыстар оқушылармен тығыз байланыста болуға, оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдаймын. Бірақ шамадан тыс тапсырмалар беруден сақтану керек, ең басты оқиғалар мен фактілерді ғана білуі керектігін ескеріп, нақты тапсырмалар берген жөн.

Сондай-ақ, күнделікті сабақта оқушылардың білімін бағалауға да тигізер көмегі көп.

Мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ізденімпаз ғалым, тынымсыз еңбекқор, кез келген ортаның ұйтқысы, оқушылары алдында беделді, ұжым мүшелері мен ата-аналар арасында сыйлы болуы керектігін ескере отырып, Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезіне алатын жас ұрпақтың азаматық ұстанымын қалыптастыруға өз үлесімізді қоса білейік. Себебі халық бізге өз балаларын үлкен сеніммен тапсырып отыр емес пе?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!