Оқу процессі барысында озық
технологияларды қолдану
жолдары
Жас
ұрпақ-ел тірегі ертеңіміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті мектеп
оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға
тәрбиелеу. «Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне
талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған
талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын
меңзеген.
«Еліміздің
ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры
ұстаздың қолында» деп білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында
сөйлеген сөзінде Елбасы айтқандай ұстаздарды өз Отанын шексіз
сүйетін, еліміздің болашығына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын
білімді жеткіншектерді даярлау міндеттері күтіп
тұр.
Қазіргі
танда біздің Республикада білім берудің жаңа жүйесі дайындалып,
әлемдік білім беру кеңістігінде енуге батыл қадамдар жасалынуда.
Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан
жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру деңгейіндегі озық
технологияларды пайдаланудың мақсаты – үйрете жүріп,
үйрену.
Білім беру
саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін,
оқыту әдістемесін
өзгертеді.
Ағылшын тілі пәнін оқытуда озық технологияларды
пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім беру процесінде
көмектесу. Оған: оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған
электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік
жұмыстар ерекше орын алады.
Сабақта
озық технологияларды тиімді пайдалану
оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттырады,
шығармашылық қабілетін дамытады. Педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды
тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістемелерді қолдануды оқу үрдісіне
енгізудің маңызы ерекше.
Сабақтың
тиіміділігін оқушылардың танымдық қызуғушылығын арттыру үшін
тақырып материалдарын оқып үйренуде, олардың әртүрлі ізденушілік
бағыттағы тапсырмаларды орындауының үлкен маңызы бар. Әрине
оқушылардың зерттеу жұмыстарының тақырыбы ғылымда бұрыннан белгілі.
Бірақ оқушының зерттеушілік тапсырмаларды орындауын ұйымдастырудың
маңызды мәселе болып табылады. Оқушылардың зерттеу жұмыстарын
ұйымдастырудың негізі мезеттерін айқындау шығармашылық процестің
ерекшеліктеріне байланысты. Зерттеушілік сипаттағы тапсырмалар
оқушыларды пәнге қызықтырып материалдың
тереңде тиянақты
меңгеруін қамтамасыз
етеді.
Оқытудың
осындай жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану мұғалімі табысқа жетелеп,
білімін шыңдай түседі.
Қазіргі
кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика
теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты
болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа
мазмұны пайда болуда:
· білім
мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің
дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру
бағдарламаларының нақтылануымен
байланысты;
·
ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және
радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын
беруде;
· баланың
жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани тұлға ретінде
қалыптасуына көңіл бөлінуде;
· мектеп,
отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне
ұмтылыс жасалуда;
· қоғамдық
біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына
және ғылымның роліне мән
берілуде.
· оқыту
технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы
негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше
сипатталады;
· есте
сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді
пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға
көшу;
Қазіргі
білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше
сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны
меңгеру оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани,
азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі
әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі
заман мұғалімінен қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның
әлеуметтік парызына жауап беруін көздейтін, жаңашылдыққа жаны
құмар, әр ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі
құбылыстарды идеялық адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңашыл
ойлау дағдыларын меңгерген, шығармашылықпен еңбек ететін маман
болуы талап етіледі.
Елбасының
қолдауының нәтижесінде қазақстандық білім беру жүйесі жаңа даму
деңгейіне өтуде. Бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстанның мектепке
дейінгі білім берудің әдістеріне көшуі, «Балапан» бағдарламасын
2020 жылға дейін жалғастырылуы, «онлайн» жүйесін, инженерлік білім
беруді дамытуды, балаларды мектепке дейінгі білім беру және
тәрбиемен 100% қамту үкімет пен әкімдерге міндеттелді. Жылдан жылға
білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі өсіп келеді. Бұл орайда
ел Президентінің «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа білім мен ғылымды
игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті
өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық
мүмкіндікті жасап, ең қолайды жағдайлармен қастамасыз етуіміз
керек» деген қанатты сөзін басшылыққа алып, еліміздің жарқын
болашағы үшін аянбай қызмет етуіміз, ХХІ ғасыр Қазақстанның «Алтын
ғасырына» айналуына ат салысуымыз қажет деп білеміз. Ұрпағы білімді
халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Сондықтан, «мәңгілік ел» болу
жолындағы игі істеріміз арта
берсін.