400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Оқу үшін бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
коучинг жоспар ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

№1 коучингтік сабақ жоспарының тақырыбы:

Модуль атауы

«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»

Сабақтың тақырыбы

Әлеуметтік өзара әрекеттестікті ұлғайту; топтық жұмыс жүргізу

Жалпы мақсат

Мұғалімдерге топтарда жұмыс жасата отырып әлеуметтік өзара әрекеттестікті ұлғайту, топта жұмыс жасаудың тәртібі мен ережесін үйрету

Сілтеме

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 49-55 б.б.

Оқу нәтижелері

Мұғалімдер топтарда жұмыс жасай отырып әлеуметтік өзара әрекеттестігі ұлғаяды, топта жұмыс жасаудың тәртібі мен ережесін біледі.

Негізгі идея

Топқа бөлудің әртүрлі жолдарымен, әдіс-тәсілдерімен танысады.

Сабақта қолданылатын материалдар

АКТ презентация, кері байланыс, постер, маркер, сауалнама парақшалары, кестелер, түрлі-түсті қалпақтар, ақ парақ, бағдаршам, мәтіндер, топ аттары жазылған парақтар, стикер, «Мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған тапсырмалар»

Оқу әдістері

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс

Дереккөздер

Мұғалімдер, видео, фото, кері байланыс парақшалары

Тапсырмалар

«Сәлемдесу» әдісі, ББТЗО кестесі, “Еден-төбе-мұрын” ойыны, «Топтық тергеу» әдісі, жинақтау, «Аквариум» әдісі, сергіту сәті, Де Бононың 6 қалпағы, социограмма, «Түрлі - түсті қаламдар» жаттығуы, смайлик арқылы бағалау, сауалнама.



№1 коучинг сабақ жоспарының барысы

Коучинг сабақтың кезеңдері

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ескерту!

1.Кіріспе кезең

Сәлемдесу

Коучтің кіріспе сөзі


Мұғалімдерге жағымды психологиялық жағдай тудыру


10минут




Мұғалімдерге «сәлемдесу» және топтарға бөлу әрекеттерін ұйымдастырады.

Мұғалімдер екі қатар жасап, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Қолдарын алып, «сәлеметсіз бе», қолдарымен пәрмен беріп, «Здраствуйте!» қолдарын бұлғап «hello» деп жүре отырып бір-бірімен амандасады.

Сурет қиындыларын таңдап, құрастыру арқылы мұғалімдер 3 топқа бөлінеді.


2.Негізгі кезең

Тақырыптың мазмұнын ашу

Жеке, топтық жұмыс


15 минут






«Менің қиялымдағы мектеп» жоба қорғау.

«Әлеуметтік өзара әрекеттестікті ұлғайту; топтық жұмыс жүргізу» тақырыбына ББТЗО кестесін толтыру.

Б

Ол туралы мен не білемін?

Б

Нені білгім келеді?


Т

Көбірек ақпаратты мен қайдан таба аламын?

З

Нені зерделеу керек?

О

Одан әрі не істеу керек?











Де Бононың 6 қалпағы арқылы кері байланыс жасау.














Сергіту сәті

5 минут

“Еден-төбе-мұрын” ойыны: Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және “төбе”, “еден”, “мұрын” деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап,қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.





Жеңімпазды сыйлықпен марапаттап жіберсеңіз, басқалардың да ынтасы артады.

Топтық жұмыс

Мәтінмен жұмыс

  1. минут

«Топтық тергеу» әдісі. Қатысушыларды алты топқа бөлеміз.Әр топқа тапсырмалар береміз.

1- топ. Баяндап берушілер.

2-топ. Зерттеушілер.

3- топ. Сұрақ құрастырушылар.

4- топ. Бейнелеуші- суретшілер.

5- топ. Сілтеме табушылар.

6- топ. Дәнекершілер.





1- топ. Олардың тапсырмасы: әңгімені оқып, мазмұнын өз көзқарастарын қосып баяндау.

2-топ. Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беру, мәтіннен антоним, синоним сөздерді табу.

3- топ. Әңгімені оқып, жоғары деңгейлі сұрақтар дайындайды.
4- топ. Әңгіме мазмұны бойынша сурет салады.
5- топ. Әңгіме мазмұнына сәйке мақал- мәтелдер, афоризмдер, қанатты сөздер тауып сәйкестігін дәлелдейді.
6- топ. Әңгіме оқиғасын бүгінгі өмірмен байланыстырады.
Топтар жұмысын «Аквариум» әдісі арқылы таныстырады. Оқушылар топтық жұмысты аяқтаған соң, сыныпты айнала дөңгеленіп отырады. Презентация жасайтын топ ортаға шығып, өз жұмыстарын қорғайды. Басқа топтар ортадағы топты айнала бақылап, өз ұсыныстарын дайындайды. «Мадақтау сэндвичі» арқылы топтар бір-бірін ауызша бағалайды.

Мұғалімдер рөлдерін дұрыс атқарып отырғанына көз жеткіз!



Сергіту сәті

5 минут

Сергіту сәті. «Мақсатыңа қалай қол жеткізуге болады?» позитивті мультфильм көру.

Мұғалімдер сергіту сәтінде мультфильм көре отырып, оларда мақсат қоя білу және сол мақсатқа қол жетуге деген ынта пайда болады. Мультфильм мазмұны бойынша түсінгенін қағазға түсіріп, басқа топтарға ұшырады. Қолына түскен самолетті алып, ішіндегі ақпаратты оқып, өз ойымен жалғастыра әңгімелейді.


Теориялық материал

10 минут

Коуч «Оқушыларды топтарға бөлудің жолдары» тақырыбында презентация көрсетіледі. Оқушыларды топтарға бөлудің тиімді жолдарын сабақта қалай қолдануға болатындығы жөнінде кеңінен ақпарат береді.

«Социограмма» толтыру.

Мұғалімдер сұрақтар қоюға болады. Теориялық материалды түсіну деңгейін алдарындағы смайликтер арқылы көрсетеді.


Мұғалімдерге социограмма толтырту арқылы олар жөнінде біршама ақпарат алуға болады. Ол ақпарат сізге оларды топқа бөлгенде маңызды.

Мұғалімдерді жалықтырып алудан абай бол!

3.Қорытындылау кезеңі

10минут

Коуч мұғалімдерден сауалнама толтырып беруін өтінеді.

ББТЗО кестесіне қайта оралу


Б

Ол туралы мен не білемін?

Б

Нені білгім келеді?


Т

Көбірек ақпаратты мен қайдан таба аламын?

З

Нені зерделеу керек?

О

Одан әрі не істеу керек?









Сауалнама толтырады.



Сауалнама сұрақтарын түсіндіріп өтіңіз!

4. Рефлексия

Коучтің қорытынды сөзі

10 минут

«Түрлі - түсті қаламдар» жаттығуы (аяқталмаған сөйлемдер).














Бүгінгі сабақта егерде куантқан нәрселер көбірек болса, жасыл қаламды алып «Сабақтарымда мені қуантқан...» деген сөйлемді аяқтау керек, ал егерде түсінбеген сәттеріңіз басым болса, «Алдағы уақытта дамытатын...» сөйлемін қызыл қаламмен аяқтау керек.


Мұғалімдердің жауаптарын ашық және жабық сұрақтар арқылы толықтырып тұруға болады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
395
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі