Материалдар / Оқуға құштар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқуға құштар

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқуға құштар мектеп бойынша ұсынылған ұсыныстар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Тамыз 2023
416
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қазіргі білім берудің даму тенденциялары» диалогтік алаң

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Қосағаш орта мектебі МДШО КММ

Кітапханашысы Асхатқызы Айым



«Оқуға құштар мектеп» жобасы

«Оқи отырып сахналаймыз, сахналай отырып тәрбие аламыз»


«Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту, сезімді тәрбиелеу - баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз - адамзатқа қызмет ету»,
С.А.Назарбаева

«Ұстаздан ұлағат» атты кітабынан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Оқу мәдениеті оқушылардың нақты және жаратылыстану ғылымдарын, еңбекке үйрету және дене шынықтыру, сондай-ақ басқа да пәндерді табысты оқып білу үшін міндетті ме? Жауабы анық. Әрине, иә. «Оқу мәдениеті - өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы» деген түйін сөз бекер айтылмайды. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады.

            Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болды.

            Оқушының әдеби салада қандай құзыреті болуы керек?

1. Жалпы мәдени-әдеби құзыреттілік - ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде әдебиетті қабылдау.

2. Әлемдік құндылықтар құзыреттілігі - әдебиетте бейнеленген осы  құндылықтарға деген көзқарастарын анықтау және нақтылау мүмкіндігі құндылықтарды түсіну.

3. Оқырман құзыреттілігі - шығармашылық, «автор-оқырман» диалогына қосыла білуі, кейіпкерлермен толғана білу, көркем туындысының тіл ерекшеліктерін түсіну.

4. Сөйлеу құзіреттілігі - қазақ әдеби тілінің нормаларын білу; сөйлеу қызметінің негізгі түрлерін меңгеру.

5. Әртүрлі жанрда әдеби шығармашылық жұмыстар жаза білу қабілеті.

     Жаңа стандарттарда бастауыштағы оқушының оқу құзыретін қалыптастыру үшін әдеби оқу үйрену басымдық болып табылады. Әрине, адамның кітапқа деген қатынасы бастауыш мектеп жасында қалыптасады. Оңтайлы оқуға үйретудің біршама тиімді резервтерін атап айтуға болады.

1. Ұзақтығы емес, жаттығу жұмыстарының жиілігі маңызды.

Бірінші сынып оқушысын кітапты ұзақ уақыт бойы соңына дейін оқуға отырғызып қоюға болмайды. Біріншіден, баланы шаршатып жалықтырады, екіншіден, оның оқуға деген ынтасын жояды. Онан да 5 минуттан бірнеше бөліп оқытса, әлдеқайда тиімді. Осындай жаттығулардың тиімділігі бір сағаттық жаттығуларға қарағанда әлдеқайда жоғары.

2. Ызыңдап оқу. Ызыңдап оқу дегеніміз – бұл бір мезгілде дауыстап сыныптастарына кедергі келтірмес үшін күбірлеп, әрқайсысы өз жылдамдығымен біреуі жылдам, біреуі баяу барлық оқушылардың оқуы. Әрбір баламен 2 минуттай жұмыс жасай алады.

3. Әр сабақ сайын бес минуттық оқу. Әр сабақтағы бес минуттық оқуды қарастырып көрейік. Мысалы, Әр сабақта бес минут, әр күні 4 сабақ, аптасына 5 күн бар. Бір апталық жаттығу 100 минут көлемінде болады. Дәстүрлі әдістермен 2-3 минутты салыңыз. Жаттығу уақытынын 50 есеге артқаны көрініп тұр. Мұның бәрі де әдістемелік айласыз жүзеге асады.

4. Ұйықтар алдындағы оқу. Бұл жақсы нәтиже береді. Өйткені соңғы оқиғалар эмоционалды есте сақталып қалады, яғни адам ұйықтағанда, 8 сағат бойы сол әсерде болады.

5. Аялауыш тәртіптегі оқу (егер бала оқуды ұнатпаса). Жеткіншек бір-екі жолды оқиды және содан кейін қысқа мерзімге демалады. Балалары оқып-үйренуді қаламайтын ата-аналарға осы тренингті ұсыныс жасауға болады.

          Оқушылардың оқырмандық іс-әрекетін жүйелі үш кезеңде ұйымдастыру ұсынылады:

1 кезең – сапалы оқу дағдысына жұмыс. (жүгіртіп оқуға тұрақты жаттығу, оқыған шығарманың көлемі мен саны ұлғайту). Оқушыға жүгіртіп оқуға дағдыланбай тұрып басқа барлық пәндер мен бастауыш сыныпта МЖМБС-ты меңгеру қиын болады. Көркем әдеби шығарманың мәтінін меңгеру және одан қажетті ақпаратты алу мүмкіндігін дамыту;

2 кезең –құндылық бағдарларын дамытудағы оқушының іс-әрекеті, танымдық-коммуникативті қабылдау, эмоциялық жауаптылық, толғану, оқылған шығарма бойынша оқырманның пікірі;

3 кезең – кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу, өз бетінше оқуға дағдылану әрекеті.

            Оқырман белсенділігін қалыптастыру үдерісі мектепте заманауи тиімді технологиялар мен оқыту әдістері қолданылған жағдайда тиімді болады. Мектеп оқушысының кітап оқу іс – әрекетін дамыту Қазақстандағы білімді жаңғыртуда басым бағыттардың бірі болып табылады. Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасының  үлесі маңызды болмақ.Кітап оқу - білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын.

Болашақ жеткіншіктерімізді көзі ашық, көкірегі ояу, тілге шешен өзін де, өзгені де сыйлай білетін, жан-жақты мәдениетті, тәрбиелі, білікті етіп тәрбиелеуде балаларға арналған көркем шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, өздерін кейіпкер ретінде қатыстырып отырудың маңызы орасан зор. Әрбір тәрбиеші, әрбір ата-ана қысқа ертегі, әңгімелерді, өлеңдерді рольдерге бөліп, сахна көрінісін жасап, қойылым жасауга мән берген жөн. Бұл әдістің пайдасы біздің кішкентай бөбектеріміз сахнада ойнау арқылы жан-жақты өнерге баулиды. Біріншіден: қарапайым шығармадан кереметтей сахналық көрініс жасауға болатынын сезініп, оған кіп – кішкентай болып өздері қатысқандарына қуанады, арман, қиял құшағына енеді, ақыл – ой белсенділігі күшейеді. Екіншіден: өзі жасаған кейіпкердің сөзін жаттайды да тіл байлығы кеңейеді. Үшіншіден: басқа балалармен ұжымдық қарым-қатынасқа түсіп адамгершілікке, сыйластыққа, бауырмалдыққа тәрбиеленеді.
Бұдан әрі саралап айтатын болсақ рольдерге байланысты киетін киімдерін дайындау барысында өз ой-пікірлерін айтуға, сол киім әзір болғанша әбігерленіп бірге еңбектенеді. Мұның әсерінен қолына алған іске деген жауапкершілік күшейеді. Сондай-ақ сахнада жүру, тұру, сөйлеу өзін-өзі ұстай білу мәдениеттілігіне үйренеді. Қойылымдағы роль барлық балаға жете бермейді, соны көрермен ретінде тыңдау, көзбен көру, көргенін басқаларга әңгімелеп, баяндап беру арқылы да дұрыс байланыстыра сөйлеу мәдениетін меңгере алады. Осылайша жан-жақты тәрбиеге баулыған баланың қабылдау қасиеті күшейіп, көргенін, білгенін, естігенін жаңғырта отырып, қайта әңгімелеуде жетістікке жетеді. Тілі жаттығып, сөздік қоры кеңейіп, орынды сөйлеу, әділдік айту дағдылары қалыптасады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде 5-10 минуттық қойылымдар көрсетіп бала көңілан аударып отыру бала өмірінде маңызды орын алмақ.

МАҚСАТЫ: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастьыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету

Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;

Оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

 Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру.Оқушылар ертегілердің маңызын зерттейді, ертегілерді оқи отырып қиялдайды, қажетті дағдыларды күнделікті өмірде қолданады, ертегі туралы шағын әңгіме жазады.

Оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен көпшілік алдында бөліседі, оқырмандарды шабыттандырады.

Орта буын сыныптарда оқушылардың оқу дағдысын,оқу сауаттылығын қалыптастыру, тақырып бойынша эссе жазуға дағдыландыру.

Жоғарғы сынып оқушыларын әдеби - классик жазушылардың шығармаларын оқуға тату, оқыған кітабын жарнамалауға, насихаттауға дағдыландыру.

Атқарылатын іс-шара

  1. Оқушыларға дәрежелеріне байланысты ертегі, жыр, эпос, шетелдік, классикалық бағыттағы шығармалар таңдалып алынады.

  2. Оқушыларға таңдап алынған шығармалар кітап, электронды кітап, қағаз бетіне шығарылған нұсқа, т.б. түрде шығармалар беріледі. (белгілі уақыт аралығына)

  3. Оқушылар шығармамен таныс болғаннан кейін оқырманның кітап оқуына байланысты, шығарманың мазмұнын түсінуіне, кейіпкердің образына кіруін ескере отырып басты кейіпкер таңдалады.

  4. Бұл «Оқи отырып сахналаймыз, сахналай отырып тәрбие аламыз» бағытында. Оқушы жаңа шығармамен өзі жеке танысып, тапсырма алу арқылы оқуы тиіс. Шығармадағы кейіпкердің жеке қасиеттерін түсініп, шығармадан жақсы жаман қасиеттерді ажыратып, көз алдына көріністі бейнелеу отырып, түсінуі керек.



Бастауыш сыныптар үшін;

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. (Балақай порталы).

5-8 сынып оқушылары үшін;

Эпос (грек. epos – сөз, баяндау, әңгіме, өлең) – әдебиеттің бір саласы. Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпик. поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді. Эпостың басты ерекшелігі – өзі әңгімелеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде, эпик. тұрғыдан қамтып, кейіпкер образын, көркем әдебиеттің алуан түрлі әдістерін мейлінше мол қамту арқылы суреттеу. Көбінесе шығарма жазылудан әлдеқашан бұрын болған оқиға туралы жазылатындықтан, Эпоста баяндау тәсілі басым болып келеді. Эпостық шығармада суреттелетін оқиға оған тікелей куәгер болған адамның атынан баяндалады. Мұндай шығармалардың ерекшелігі оған бірігетін жанрлардың ішкі өзгешеліктерінен айқын көрінеді. Эпостық шығармалар халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Ең көне Эпостық жанр – ертегі, ол барлық халықтың ауыз әдебиетінде бар. Ертегіде оқиға үнемі ертекшінің атымен баяндалады. Онда адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі (тұрмыс-салт ертегілері), қиялдан туған түрлі ғажайып оқиғалар (қиял-ғажайып ертегілер), адамдар мен жануарлар арасындағы жайттар (хайуанатар туралы ертегілер), белгілі бір ертегілік кейіпкердің бастан кешкен қызғылықты оқиғалары (Алдар көсе, Қожанасыр әңгімелері) сөз болады. Эпостық жанрдың ендігі бір түрі – аңыз әңгімелерде нақтылық, тарихилық сипат басым (мыс., Жиренше шешен, әз-Жәнібек туралы аңыз әңгімелер). Шағын көлемдегі Эпостық жанрларға көркем очерк, новелла, әңгімелер жатады. Қазақ әдебиетінде көркем очерктер Ш.Уәлихановтың сапарнамалық очерктерінен басталады (мыс., “Жоңғария очерктері”, “Ыстықкөл сапарының жазбалары”, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқановтардың көркем очерктері). Қазақ әдебиетіндегі новелла жанры кеңестік дәуірде дамыды (Ғ.Мүсіреповтің ана туралы новеллалары). Эпостық жанрдың шағын түріне жататын әңгіме жанрында қазақ қаламгерлері жемісті еңбек етті. Әуезовтің “Қорғансыздың күні ” (1921), “Қыр әңгімелері” (1925), “Қаралы сұлу” (1925) әңгімелері қазақ әдебиетіндегі бұл жанрды еур. биікке көтерді. Мүсірепов, Т.Әлімқұлов, т.б. бұл жанрда өндіре жазды. Эпостық орта көлемдегі түрі – повесть қазақ әдебиетінде шынайы көркемділікпен игерілді. Қазақ повестерінің классик үлгілері ретінде Әуезовтің “Қилы заман” (1928) және “Қараш-қараш оқиғасы” (1928) повестерін атауға болады. С.Сейфуллиннің “Жер қазғандары” (1928) қазақ әдебиетіндегі өндіріс тақырыбына арналған тұңғыш повесть. Эпостық шығармалардың поэзиялық жанрына эпикалық поэмалар жатады. Абайдың “Ескендір”, “Масғұт” поэмалары эпик.-филос. поэманың классик. үлгілері болса, Шәкерім Құдайбердіұлының “Жолсыз жаза”, Мағауия Абайұлының “Медғат – Қасым”, Әбдірахман Абайұлының “Дағыстаны” романтик. сипаттағы эпик. поэмалар қатарынан орын алады. С.Торайғыровтың “Кедей”, “Адасқан өмір” поэмалары реалистік поэмалардың озық үлгілері. Кеңестік дәуірде Сейфуллин, І.Жансүгіров поэмалары бұл жанрды сапалық жаңа биікке көтерді. Эпостық шығарманың мол мүмкіндігін толық танытатын жанр – роман. Бұл жанрда жазылған С.Көбеевтің “Қалың малы” (1912) қазақ романдарының төл басы болып есептеледі. Кеңестік дәуірдегі алғашқы қазақ романдары қатарында 20-жылдары жазылған Ж.Аймауытовтың “Қартқожа”, “Ақбілек”, “Күнікейдің күнәсі”, Сейфуллиннің тарихи-мемуарлық “Тар жол, тайғақ кешу” (1927), Мұқановтың “Адасқандар” (1928), Жансүгіровтің “Жолдастар” (1935) романдарын атауға болады. Қазақ әдебиетінің дамуы барысында роман жанры сан алуан қырынан дамыды. Соның нәтижесінде қазақ романының тарихи (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”), тарихи биограф. (Мұқанов, “Аққан жұлдыз”, Шерхан Мұртаза, “Қызыл жебе”), тарихи (І.Есенберлин, “Көшпенділер”, М.Мағауин, “Аласапыран”; Ә.Кекілбаев, “Үркер”; С.Сматаев “Елім-ай”; Ә.Әлімжанов, “Жазушы”), тарихи-филос. (Кекілбаев, “Аңыздың ақыры”), әлеум.-психол. (Әуезов, “Өскен өркен”), роман-хроника (Есерберлин, “Алтын Орда”), роман-новелла (Ә.Нұршайықов, “Ақиқат пен аңыз”), публицистик. (Әлімжанов, “Көгілдір таулар”), роман-эссе (Қ.Салғарин, “Алтын тамыр”) түрлері дүниеге келді. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясы қазақ әдебиетіндегі Эпостық жанрдың жеткен биігін әлем әдебиетінде айқын танытты. 2) Ауыз әдебиетіндегі ел қорғаған батырлардың өмірін генеол. тұрғыдан, эпик. сипатта жан-жақты суреттейтін жанрлар тобы. Қазақ ауыз әдебиетінде бұл жанрдағы шығармалар мейлінше мол ұшырасады. Оларды төмендегідей топтарға жіктеуге болады. Қисса-дастандар, лиро-эпостық жырлар, батырлар жыры, тарихи жырлар. Белгілі шығыс сюжеттеріне құрылған дастандар (“Сейфілмәлік”, “Бозжігіт”, т.б.) қазақ халық ауыз әдебиетіндегі лиро-эпостық жырлар (“Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, т.б.), батырлар жыры (“Алпамыс”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.) кейінгі дәуірде дүниеге келген тарихи жырлар (“Арқалық батыр”, “Бекет батыр”, т.б.). Егер шығыс сюжетінде жазылған қиссаларда лирик., эпик. сипат діни сипат сарынымен берік астасса, лиро-эпостық жанрларда ғашықтық тақырыбы басты рөл атқарады. Батырлар жырының төркіні түркі тектес халықтарға ортақ көне жырлардан (“Алпамыс”, “Көрұғлы”) басталса, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, “Қамбар батыр” жырлары тек қазақ ауыз әдебиетінде ғана кездеседі, одан кейінгі ноғайлы дәуірінде келген жырларда (“Қырымның қырық батыры”) генеалог. сюжет қолдану, тұтастану арқылы батырлардың үлкен бір ұрпағының өмірін қамтиды.

9-11 сынып оқушылары үшін;

Әлемде ең көп оқылатын шығармаларды білесіз бе? Бұл туындылар – талай адамның жүрек қылын шертіп, көңіл пернесін дөп басқан, сан тараулы тағдырлармен үндес шығармалар.

"Шебер мен Маргарита" – Михаил Булгаков. Аты бүкіл дүниежүзіне мәлім Михаил Булгаков шығармасы жан жақты әрі тылсым дүниеге толы. Осы қалыппен жазушы әлем алаңында үлкен мәртебеге ие болған. Оқырман қауым жазушы романын әлі күнге дейін сүйіп оқиды.Жазушының ең атақты романы – «Шебер мен Маргарита» кітабы. Михаил Булгаков бұл шығарманы жазу үшін он бір жылын сарп еткен. Ол өмірінің соңына дейін осы шығармасына әр түрлі өзгеріс пен толықтыруды енгізіп отырған. Алайда, роман араға отыз жыл салып қана жарыққа шығады. "Шебер мен Маргарита" XX ғасырда жазылған ең үздік орыс шығармасы болып есептеледі.

"Джейн Эйр" – Бронте Шарлотта. Әпкелі Бронте шығармасы Англия елінің мәдени мұрасына кірпіш болып қаланғаны анық. Себебі роман Ұлыбритания мемлекеті шеңберінен шыға білді. Жазушының ең таңдаулы еңбегі деп "Джейн Эйр" романын айтса болады. Роман асқан шеберлікпен және терең мазмұнмен жазылған. XIX ғасырда әлем әдебиетінде алған өзіндік орны ерекше. Шығармада үй қызметшісі болып жұмыс істейтін қарапайым қыз туралы баяндалады. Ол тағдыр тауқыметіне қарамай өз бақытын алыстан емес жақыннан іздеуге тырысады.

"Дориан Грейдің портреті" – Оскар Уайльд."Дориан Грейдің портреті" – әлемдегі ең әйгілі романдардың бірі. Оның басылымы 1891 жылы ағылшындар арасында дүрбелең тудырған. Шығармада адамгершілік туралы жат қылықтар көптеп жазылған деп сынға ұшыраған. Әйткенмен, бұл туынды өз оқырмандарын тапты. Кітапта автор кез келген адамның көкірегіндегі сұрақтарды қояды. Мысалы, сұлулықтың құдіреті қандай, махаббат дегеніміз не, өмірдің мәні неде деген секілді. Оскар Уайльд шығармасы экранға 25 мәрте шыққан.

"Кішкентай ханзада" – Антуан де Сент-Экзюпери.«Кішкентай ханзада» - Антуан де Сент-Экзюперидің ең танымал еңбегі болып саналады. Ертегі таңғажайып құбылыстарға толы. Шығармада достық пен махаббат, міндет пен адалдық, сұлулық пен зұлым күшке шыдамсыздық секілді тәрбиелік мағынасы мол дүниелер жақсы баяндалған. Француз жазушысы өз сөзінің бірінде «Біз барлығымыз балалық шақтан келгенбіз» деген қанатты сөзімен оқырманды одан бетер қызықтырды.

"Желмен ғайып болғандар" – Маргарет Митчелл."Желмен ғайып болғандар" – АҚШ елінің азамат соғысы жайлы ұлы роман. Ол алғаш рет осыдан 70 жыл бұрын басылған. Алайда, кітап осы күнге дейін оқырманын еш жоғалтпады. Бұл – Маргарет Митчеллдің осы шығармасы үшін Пулитцер сыйлығын алған жалғыз романы. Кітапта өмірге деген сезімнің махаббаттан гөрі маңызды болатын кездері барын айтады.

"Қара бидай арасындағы құрдым" – Джер Д. Сэлинджер. Классикалық жазушы мансабы енді өрге шыққан кезінде әдебиетпен қош айтысуды жөн көрген. Кейіннен автор барлығын тастап, Американың түкпіріне кетеді. Жазушының «Қара бидай арасындағы құрдым» атты жалғыз романы әлем әдебиетінде түпкілікті өзгеріс жасады. Кітаптың аты мен романның басты кейіпкері Холден Колфилд өз есімінің артынан көп нәрсе жасырады.

"Тәкәппарлық және жалған сенім" – Джейн Остин.Көпшілік оқырманға таныс ағылшын жазушысы Джейн Остин шығармасын В.Скотт, В.Вулф, С.Моэм, Д.Б.Пристли, Р.Олдингтон есімді атақты лауазым иелері сүйіп оқыған. Ол "Тәкәппарлық және жалған сенім", "Мэнсфилд саябағы", "Эмма", "Нортенгер аббаттығы" секілді кітаптар жазған. Соның ішінде жазушыға үлкен жетістік алып берген "Тәкәппарлық және жалған сенім" романы болды. Бұл роман жайлы 1980 мен 1995 жылдары сериалдар мен кино түсірілген. 2005 жылы Кира Найтлидің сомдауымен толық метражды кино шыққан.

"Фаренгейт бойынша 451 градус" – Рэй Брэдбери. Бұл – Рэй Дугласке атақ пен абырой алып келген кітап. Кітапта ағын су өз арнасымен емес, кері бағытта ақса, күнді шығыстан емес батыстан шығатындай етіп көрсетеді. Қоғамдық-моральдық шектеулерге тыйым салынбаса не болатынын айшықтайды. "Фаренгейт бойынша 451 градус" кітабында осы антиутопия жайында айтылады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!