Материалдар / «Оқуға құштар мектеп» жобасы оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Оқуға құштар мектеп» жобасы оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп кітап оқуды насихаттайды. Мағыналы сөздерден кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі кітап оқу екенін түсінеміз.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Оқуға құштар мектеп» жобасы оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған. Осы мақалада біздің мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасының қалай іс-жүзіне асқаны туралы айтылады.

      Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп кітап оқуды  насихаттайды. Мағыналы сөздерден кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі кітап оқу екенін түсінеміз.

 

      Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн», – деп әр тұлға оқуға тиіс деп санайтын отыз таңдаулы кітаптың тізімін ұсынған болатын. Қазір осы бағытта маңызды бағдарламалар жасалуда. Адамзат ақыл-ойының жиынтығы - кітапта болса, білім - соны сақтайтын қазыналы сандық. Сол сандықтағы байлықты қалай алуға болады? Кітап әлеміне баланы қалай енгізуге болады? Әрине, бұған «Оқуға құштар мектеп» жобасы көмекке келді.

 

      Осыған орай, біздің мектепте де «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша мектепішілік жоспар құрылып, жұмыс жүргізілді. «Оқуға құштар мектеп» жобасының пайдасы зор деп ойлаймыз. Қазіргі кезде керек ақпарат табу үшін аудио, видео, ғаламтор секілді жеңіл жол табылып тұрғанда кітап оқуға деген құштарлық азайып кетті. Осы жобаны іске асыру арқылы оқушылардың қызығушылығы артады деп ойлаймыз.Бала ерте жастан кітаппен дос болса, кітап оқыса болашақта  көзі ашық, көкірегі ояу адам болып қалыптасады. Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – саламатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ал тәрбиенің кілті кітапта. Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы.

 

      «Оқуға құштар мектеп» жобасы мен «Көптілді білім беруді дамытудың 2022 - 2024 жылдарға арналған кешенді жоспарын» жүзеге асыру мақсатында Өскемен қаласы бойынша бiлiм бөлiмiнің көркем кітаптарды  қазақ, орыс, ағылшын тiлдерiнде күн сайын 10 минуттық окылуын өткізу туралы хаты негізінде мектеп оқушылары қазан айы бойы қазақ тілінде шығармалар оқыды. 5-11 сынып оқушылары Мұхтар Әуезовтің шығармаларын, ал бастауыш сынып оқушылары ертегілерді оқыды.

 

      Мақсаты: оқушылардың шығармашылық дамуына белсенді жағдай жасау және мемлекеттік тілдегі шығарманы оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасын бүгінгі және болашақтағы ұрпаққа таныту, рухани тәрбие беру, әдебиет пен мәдениетті ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білуге тәрбиелеу.

 

      Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын арттыру мақсатында қазақ тілінде ертегілерді оқытуды жөн көрдік. Қай жанрда жазылған ертегі болсын, балалар оны ерекше қызығушылықпен оқиды. Ертегілердің қиял-ғажайып оқиғалары, бас кейіпкерлердің басынан кешкен қызықты істері, батырлығы, жүректілігі сияқты қасиеттері оқушыларды қызықтырады.

 

      Ертегі мазмұнын толық меңгерту мақсатында қойылым /сахналау/көрсетілді.Сахналау  – әдеби талдаудың тиімді тәсілдердің бірі. Бұл жұмыстар оқушылардың көркем мәтінді терең, әрі шығармашылық жолмен түсінуге  ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, сахна өнеріне деген қызығушылықтарын да арттырады. Бастауыш сынып оқушылары «Мақта қыз бен мысық» және «Бауырсақ» ертегілерін сахналады.

 

      5-11 сынып оқушыларымен Мұхтар Әуезов шығармаларын оқыдық.

 

      Заманамыздың ұлы суреткері М.Әуезов - тарихта сирек кездесетін жан-жақты, терең білімді, парасатты, шын мәніндегі асқан талант иесі, М.Әуезовтің көркем мұрасы-біздің төл әдебиетіміз, бүкіл адамзат мәдениетінің жетістігі. Халқымыздың бүгінгі тарихында, мәдениеті мен әдебиетінде Мұхтар Әуезовтің алатын орны ерекше, оны бір сөзбен айтып жеткізу қиын. Әлемнің жазушылары мен ғалымдары жоғары баға берген адамзаттың Әуезовінің шығармашылық мұрасын бүгінгі және болашақтағы ұрпаққа таныту - әдебиеттегі маңызды мәселелердің бірі. Оның Абай туралы эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған әңгімелері мен повестері XX  ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына енді.

 

      Оқушы бойында халықтың салт-дәстүрін қадірлейтін, елін сүйетін жан жақты жетілген, саналы намыскер патриот тұлға қалыптастыруда  М.Әуезов шығармаларының ықпалы зор.  Шынайы өмірді дәл сол қалпында түсірген ұлы жазушының қай әңгімесін, повесін, романын оқысаң да, еш жалықпайтын, қазақтың жалпақ тілімен әсерлі жазылған нағыз өмірді көре аласың. Олар әлем таныған «Абай жолынан» бастап, «Қараш-қараш оқиғасы», «Көксерек», «Жетім», «Оқыған азамат», «Қыр суреттері» және т.б. шығармалары.

 

      Әр сыныпқа жас ерекшеліктеріне сай оқуға шығармалар белгіледік:

 

  1. 1) 5-6 сынып оқушыларына «Жетім» әңгімесі;

  2. 2) 7-8 сынып оқушыларына «Көксерек» әңгімесі;

  3. 3) 9-11 сынып оқушыларына «Қараш-қараш оқиғасы» повесі.

 

      Бұл шығармалардың қай-қайсысы да өмірде болған немесе болуы мүмкін жағдайларға негізделген, тәрбиелік мәні зор, оқушы қауымына жол тартып, білім нәрімен сусындатар өшпес мұра.

 

      Адамзаттың ақыл-ойының ғұлама жазушысы Мұхтар Әуезов шығармашылығын қалай оқыту керек, оны жастардың бойына қалай сіңіру керек, осы мәселе әрбір  мұғалімді ойландырып келгені рас. Себебі, М.Әуезов шығармашылығын оқыту дегеніміз - үлкен мұхитқа сапар шеккенмен тең деген сөз. Қай кезеңде, қай туындысын алсақ та, Әуезов туындыларының тақырыбы мәңгілік мәселені қозғайды. Қазақ халқының өткен тарихын баяндап, толғағы жеткен мәселелерді көтеріп, ел тұрмысының шынайы болмысын көрсетіп, адамдар тағдырының шындығын суреттейді.

 

      «Жетім» әңгімесіндегі басты кейіпкер – бала Қасым. Шығарма он жастағы Қасымның қиын тағдыры туралы баяндайды. Мұхтар Әуезов өзінің шығармасы арқылы қоғам арасындағы өмірге немқұрайлы қарап,айналасындағы адамдарға деген аяушылық, жанашырлық танытпайтын, менмендік,байлық құмарлықты көздейтін адамдарды сынайды. Адам басына қиыншылық түссе, қол ұшын беріп,көмектесіп,жетім көрсек басынан сипап, құшағын ашып мейірімділік көрсете білсек біздің қоғамымызда қатыгездік, қылмыс жасаушылық болмас еді деген ой балалардың бойына дарыса, Қасым секілді құрбы-құрдастарына оң көзбен қарап, жанашырлық танытса жақсы болатынын естерінен шығармаса екендеп ойлаймыз.

 

      «Жетім» әңгімесін талдау барысында оқушылар арасында мұғалімдер викторина өткізді. Оқушылар белсенділік танытып, шығарманы жақсы меңгергенін көрсетті.

 

      М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінде сөз жоқ, оқушыларды ең алдымен оның оқиға желісі қызықтырды. Автор осы әңгімесінде адамдар әлемі мен қасқырлар әлемін қатар алып, адамдардың сол қасқырлардан да қатал екенін көрсетуі – әңгіменің басты мәселесі. Оқыған шығарма бойынша мағыналы коллаждар жасап қорғады. Көксеректі жауыздыққа итермелеген  сол адамдардан көрген жәбірі екенін оқушылар да түсінді деп ойлаймыз.

 

      Ал «Қараш-қараш оқиғасындағы» негізгі кейіпкер Бақтығұлдың іс-әрекеті  ұрлыққа жатады ма? деген ой төңірегінде пікірталас өткіздік. Өз ойларын дәлелдеуге, шығарманың мазмұны мен идеясына көз жүгіртуге,мәселелерді бүгінгі күнмен байланыстырып қарастыруға, ізденіске, өзіндік танымын ашуға, өз пікірін, көзқарасын білдіре алуға жетеледік. Шығарма бойынша 9-сынып оқушылары презентация жасап қорғады. 10-11 сынып оқушылары «Қараш-қараш оқиғасы» повесінен үзінді сахналады.

 

      Қазақ тілінде шығармаларды оқу арқылы  ұжымдық оқу, тізбектеп оқуды қолданып, оқушылардың оқу жылдамдығын жақсарттық.Мектеп дәлізінде «Буккроссинг» стендінде Мұхтар Әуезов шығармалары бойынша көрме ұйымдастырылды. «Оқуға құштар мектеп» жобасын насихаттау, көпшілікпен бөлісу мақсатында өткізілген іс-шаралар инстаграм парақшасында үздіксіз жарияланды.

 

      Қорытындылай келе, «Оқуға құштар мектеп» жобасын іс жүзіне асыра отырып, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырамыз, саламатты, саналы ұрпақ тәрбиелейміз. Сонымен қатар, «Абай жолындай» тамаша туындыны дүниеге әкеліп, жер-жаһанға қазақтың қасиетті болмысын, асқақ мәдениетін, терең философиясын Абайдай кемеңгер тұлға арқылы ашып берген Мұхтар Әуезовтің қаншама уақыт өтсе де маңыздылығын жоймайтын өшпес еңбектерінен әлі талай ұрпақ жігерін жанып, баба сөзінен тамыр жайып, болашаққа бой түзері анық.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!