0 / 1
Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу үшін
Ұнаған тарифті таңдаңыз
Айлық
Жылдық
1 - күндік
Танысу 690 ₸ / 1 күнге
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. 10 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін 30 материал жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз шексіз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу Күніне 2 көрнекілік жүктеу
Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу5 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
1 - айлық
Стандарт
2990 ₸ / айына
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау 30 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін 900 материал жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз шексіз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу30 көрнекілік жүктеу
Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу 150 файлды тегін жүктеу
Жинақталған ҚМЖ бөлімінде 10 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар) тегін қатысу
1 - айлық
Шебер 7990 ₸ / айына
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау 150 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін 900 материал жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз шексіз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу90 көрнекілік жүктеу
Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу 300 файлды тегін жүктеу
Жинақталған ҚМЖ бөлімінде 50 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар) тегін қатысу
Назар аударыңыз!
Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
Ок
Материалдың қысқаша нұсқасы
Оқушы мен мұғалім қарым-қатынасы және педагогтік әдепОқушы мен мұғалім қарым-қатынасы және педагогтік әдепБаланың ақылы, сезімі, қайраты мұғалімнің жігерлі ықпалы арқасында жетіледі. Мұғалім балаларына салақ, селқос қараса, олардың жан қуатын кемітіп, тәрбие де бере алмайды.Ж. Аймауытов «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»Н. Ә. НазарбаевҚай-қай мамандықтың да бip айрықша белгiсi болады. Ол адамның үйреншiктi әдетiнен, сөйлеген сөзiнен, тiптi киiм киiсiнен де байқалуы мүмкiн. Мұғалiм кәсiбiнiң ерекшелiгi ең алдымен оның педагогтық әдебiне жатады. Әншi үшiн үн, музыкант үшiн музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалiм үшiн педагогтық әдеп сондай қажет. Сонымен, педагогтiк шеберлiк – тек қана мұғалiмнiң әдiстемелiк сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөздi оқушыларға жеткiзе бiлyi, олардың толық қабыл алуы, толғанып бойға ciңipyi. К. Д. Ушинскийше айтсақ, «педагогика теориясын қаншама жетiк бiлгенiмен, педагогтық әдептiң қыр-сырын меңгермейiнше, бұған оның қолы жетпейдi». Ал, әдептен алыс мұғалiмдi қай оқушы сүйiп-құрметтемек?!. Педагогикалық әдеп — мұғалiмнiң әрбiр нақты ic үстiнде тәрбие мәселесiнiң ең ұтымды әдiс-тәсiлдерiн қолданып, оқушыларды елiктiрiп әкететiн кәсiптiк сапасы. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан қарағанда педагогикалық әдеп мұғалiмнiң жан-жақтылығының, оның идеялық сенiмiнiң, жүрiс-тұрыс мәдениетiнiң, жалпы және арнаулы бiлiмiнiң, мамандығына байланысты iзденiстерiнiң жиынтығы iспеттi.Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер қандай болуы керек.1. Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы шарт.2. Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын шәкірттеріне анық тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт.3. Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым оқушыларымен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн.Оқушының жеке басын танып-білуде, оның оқу - әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, оқушының оқу-әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық үрдістерін (жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т. б.) мұғалімнің сабақтар жүйесіне қатысуы арқылы анықтайды. Мысалы, төмендегіше қарастыратын болсақ:1. Мұғалім - басшы. Оның «беделі»- билік. Оқушылардан ол тіл алуды, бой ұсынуды талап етеді. Ол үнемі өзінің күшіне сенетін жендетке (рақымсыз, қатыгез адам) ұқсайды. Ол үнемі оқушыларды кіналап, қорқынышта ұстайды. Ол – оқушылардың жасырын кемшіліктерін және құпия қорқыныштарын білетін «тәжірибелі» мұғалім. Ол өзінің осы «білімін», өзінің беделін қолдауда шебер пайдаланады. Ол принцип ұстанғыш. Ол мұғалім кез келген сұраққа жауап беру керек және кез келген жағдайда бір ғана дұрыс көзқарас болу керек деп санайды.Нәтижесі: Мұғалімнің мұндай мінез-құлық түрінің нәтижесі, оқушылардың реніші, қақтығыс (конфликт), қарым-қатынас жасауда шыншылдықтың жоқтығына әкеліп соғады.2. Мұғалім – компьютер. Оның «беделі»- белгілі бір аймақтағы негізделген білімді меңгерген. Ол оқушылардан білім, жаңалық, дәлел талап етеді. Ол түсі суық, белгілі жағдайды айтатын роботқа ұқсайды. Ол көбінесе сөйлегенде былай сөйлеп бастайды: «Бәрімізге белгілі...», «Мынандай ой бар...», «Барлығы біледі...». Ол өте суық, қатал, жабық адам.Нәтижесі: оқушының өз өзіне сенімділігінің түсуі, сабақта жағымсыз көңіл-күйдің жоқ болуы (әсіресе, пәнді меңгеруде қиындық көретін оқушылар). Соңында оқушылардың оқу мотивациясы төмендеп, тіпті, пәнді жек көрушілік пайда болады.3. Мұғалім-қиналушы. Оның «беделі»- қақтығысқа түспеушілік. Ол оқушылардан тіл алуды, тыңдауды талап етеді. Ол көбінесе болмашы нәрсе үшін үлкен құрбандықтарға барады. Ол өзіне қатысты жұмыс болмаса да қақтығысқа түспеу үшін үнемі басқаның жұмысын орындайды. Бәрінен бұрын ол қақтығыстан қорқады. Ол үнемі өзін кінәлі сезінеді. Оқушының мәселесі оның көңіл-күйін түсіреді. Егер оқушыда бір мәселе болса, мұғалім бірінші өзін кінәлайды.Нәтижесі: Оның бағыты оқушы үшін зиян. Кейбір оқушыларды ол мұғалімдерді бағындыруға итермелейді.4. Мұғалім – таныс (дос). Оның «беделі»- әйгілілік. Оқушылардың ол жақсы қарым-қатынасты талап етеді. Ол мейірімді жолдас, әрқашан барлығын кешіре алады (мүмкін болатын салдарына қарамастан). Мұндай мұғалім ешқандай проблемасыз жүреді. Оқушылардың проблемасына немқұрайды қарайды.Нәтижесі: Оқушыда жауапкершілік сезімнің жоқтығы.Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп-тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес.«Жағдаяттан жол таба біл!»1 жағдаят:«Сәкеннің ұялы телефонын Азамат сабақ үстінде алып ойнап отырады, мұғалім оны байқап, ұялы телефонды алды да тәрбие меңгерушісіне берді. Өйткені ол оқушының сабақ үстіндегі мұндай әрекетін басқа жолы да байқап, ескертулер жасаған болатын. “Сен үшін менің телефонымды алып қойды” деп екі оқушы қатты ренжісті. Ренжістің арты төбелеске алып келді.»• Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болар еді?2 жағдаят:« Болашақ заңгер болғысы келетін оқушы химия сабағында «Бұл пән болашақ мамандығыма еш қандай қатысы жоқ, маған керегі жоқ» деп кітабын сумкасына салып қойды.»Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болар еді?3 жағдаят:«Аманжол үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтіктелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай достары да жоқ, ешкіммен араласпай өз бетімен жүреді»• Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болмақ?Жас ұстаздарға мынадай 10 кеңес беремін1. Сыныпқа көтеріңкі көңіл күймен кір2. Алдымен үйрет, сосын талап ет.3. Оқушының тәртібі мен білімін бағалауда әділ бол.4. Балаларға берген уәдеңе берік бол.5. Әрқашан сабырлы, шыдамды бол.6. Оқушының құпиясын сақтай біл.7. Оқушыдан өзің орындамайтын істі талап етпе.8. Тәртіп сақтауда бөтен кісінің беделіне сүйенбе.9. Оқушыға сенім арт.10. Оқушының ата-анасын сыйла, ол туралы жаман сөз айтпа.«ХХІ-ҒАСЫР МҰҒАЛІМІ» Жаңа ғасыр мұғалімі, жаңа заман қойып отырған талаптарға, керемет қарқынмен өзгеріп жатқан заман ағымына ілесетін, мұғалімге тән барлық мүмкіндіктерді игерген ұстаз қандай болу керек?Осы орайда ҚР Білім және Ғылым Министрлігі әзірлеген «ҚР жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасы» мен «ҚР жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі тұжырымдамаларында» жаңа қоғамдағы мұғалім моделінің үлгілері көрсетіліп берілген. Болашақ педагогтерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс.ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарға тоқтала кетейік.• Жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет.• Педагогтық, психологиялық білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек.• білім беру негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулитын болу қажет• педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп – салдарын анықтай білуге де бейімі болуы шарт.• мұғалімнің адамгершілік, саяси-идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алу шарт.• ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс.“Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздермен керексіз терминдерді қолданбастан, әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек”Ы. Алтынсарин«Мен мынаған кәміл сенімдімін, онсыз мұғалім бала жүрегінен орын ала алмайды. Ең негізгісі әр мұғалім өзінің де бала болғанын ешқашан ұмытпағаны дұрыс.”Көрнекті поляк педагогі Януш Корчаг Ұрпаққа қалдырар мәңгілік байлық-білім мен тәрбие.Ал сол құндылық мұғалімнің уысында.
ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу
1 - айлық
Материал тарифі-96% жеңілдік
00
05
00
ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
1 990 ₸ 49 000₸
1 айға қосылу
Материалға шағымдану
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жариялаған:
Асылханов Алмаз МаксимовичШағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Оқушы мен мұғалім қарым-қатынасы және педагогтік әдеп
Тақырып бойынша 11 материал табылды
Оқушы мен мұғалім қарым-қатынасы және педагогтік әдеп
Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы пед ұжымға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы
Оқушы мен мұғалім қарым-қатынасы және педагогтік әдепОқушы мен мұғалім қарым-қатынасы және педагогтік әдепБаланың ақылы, сезімі, қайраты мұғалімнің жігерлі ықпалы арқасында жетіледі. Мұғалім балаларына салақ, селқос қараса, олардың жан қуатын кемітіп, тәрбие де бере алмайды.Ж. Аймауытов «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»Н. Ә. НазарбаевҚай-қай мамандықтың да бip айрықша белгiсi болады. Ол адамның үйреншiктi әдетiнен, сөйлеген сөзiнен, тiптi киiм киiсiнен де байқалуы мүмкiн. Мұғалiм кәсiбiнiң ерекшелiгi ең алдымен оның педагогтық әдебiне жатады. Әншi үшiн үн, музыкант үшiн музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалiм үшiн педагогтық әдеп сондай қажет. Сонымен, педагогтiк шеберлiк – тек қана мұғалiмнiң әдiстемелiк сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөздi оқушыларға жеткiзе бiлyi, олардың толық қабыл алуы, толғанып бойға ciңipyi. К. Д. Ушинскийше айтсақ, «педагогика теориясын қаншама жетiк бiлгенiмен, педагогтық әдептiң қыр-сырын меңгермейiнше, бұған оның қолы жетпейдi». Ал, әдептен алыс мұғалiмдi қай оқушы сүйiп-құрметтемек?!. Педагогикалық әдеп — мұғалiмнiң әрбiр нақты ic үстiнде тәрбие мәселесiнiң ең ұтымды әдiс-тәсiлдерiн қолданып, оқушыларды елiктiрiп әкететiн кәсiптiк сапасы. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан қарағанда педагогикалық әдеп мұғалiмнiң жан-жақтылығының, оның идеялық сенiмiнiң, жүрiс-тұрыс мәдениетiнiң, жалпы және арнаулы бiлiмiнiң, мамандығына байланысты iзденiстерiнiң жиынтығы iспеттi.Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер қандай болуы керек.1. Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы шарт.2. Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын шәкірттеріне анық тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт.3. Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым оқушыларымен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн.Оқушының жеке басын танып-білуде, оның оқу - әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, оқушының оқу-әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық үрдістерін (жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т. б.) мұғалімнің сабақтар жүйесіне қатысуы арқылы анықтайды. Мысалы, төмендегіше қарастыратын болсақ:1. Мұғалім - басшы. Оның «беделі»- билік. Оқушылардан ол тіл алуды, бой ұсынуды талап етеді. Ол үнемі өзінің күшіне сенетін жендетке (рақымсыз, қатыгез адам) ұқсайды. Ол үнемі оқушыларды кіналап, қорқынышта ұстайды. Ол – оқушылардың жасырын кемшіліктерін және құпия қорқыныштарын білетін «тәжірибелі» мұғалім. Ол өзінің осы «білімін», өзінің беделін қолдауда шебер пайдаланады. Ол принцип ұстанғыш. Ол мұғалім кез келген сұраққа жауап беру керек және кез келген жағдайда бір ғана дұрыс көзқарас болу керек деп санайды.Нәтижесі: Мұғалімнің мұндай мінез-құлық түрінің нәтижесі, оқушылардың реніші, қақтығыс (конфликт), қарым-қатынас жасауда шыншылдықтың жоқтығына әкеліп соғады.2. Мұғалім – компьютер. Оның «беделі»- белгілі бір аймақтағы негізделген білімді меңгерген. Ол оқушылардан білім, жаңалық, дәлел талап етеді. Ол түсі суық, белгілі жағдайды айтатын роботқа ұқсайды. Ол көбінесе сөйлегенде былай сөйлеп бастайды: «Бәрімізге белгілі...», «Мынандай ой бар...», «Барлығы біледі...». Ол өте суық, қатал, жабық адам.Нәтижесі: оқушының өз өзіне сенімділігінің түсуі, сабақта жағымсыз көңіл-күйдің жоқ болуы (әсіресе, пәнді меңгеруде қиындық көретін оқушылар). Соңында оқушылардың оқу мотивациясы төмендеп, тіпті, пәнді жек көрушілік пайда болады.3. Мұғалім-қиналушы. Оның «беделі»- қақтығысқа түспеушілік. Ол оқушылардан тіл алуды, тыңдауды талап етеді. Ол көбінесе болмашы нәрсе үшін үлкен құрбандықтарға барады. Ол өзіне қатысты жұмыс болмаса да қақтығысқа түспеу үшін үнемі басқаның жұмысын орындайды. Бәрінен бұрын ол қақтығыстан қорқады. Ол үнемі өзін кінәлі сезінеді. Оқушының мәселесі оның көңіл-күйін түсіреді. Егер оқушыда бір мәселе болса, мұғалім бірінші өзін кінәлайды.Нәтижесі: Оның бағыты оқушы үшін зиян. Кейбір оқушыларды ол мұғалімдерді бағындыруға итермелейді.4. Мұғалім – таныс (дос). Оның «беделі»- әйгілілік. Оқушылардың ол жақсы қарым-қатынасты талап етеді. Ол мейірімді жолдас, әрқашан барлығын кешіре алады (мүмкін болатын салдарына қарамастан). Мұндай мұғалім ешқандай проблемасыз жүреді. Оқушылардың проблемасына немқұрайды қарайды.Нәтижесі: Оқушыда жауапкершілік сезімнің жоқтығы.Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп-тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес.«Жағдаяттан жол таба біл!»1 жағдаят:«Сәкеннің ұялы телефонын Азамат сабақ үстінде алып ойнап отырады, мұғалім оны байқап, ұялы телефонды алды да тәрбие меңгерушісіне берді. Өйткені ол оқушының сабақ үстіндегі мұндай әрекетін басқа жолы да байқап, ескертулер жасаған болатын. “Сен үшін менің телефонымды алып қойды” деп екі оқушы қатты ренжісті. Ренжістің арты төбелеске алып келді.»• Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болар еді?2 жағдаят:« Болашақ заңгер болғысы келетін оқушы химия сабағында «Бұл пән болашақ мамандығыма еш қандай қатысы жоқ, маған керегі жоқ» деп кітабын сумкасына салып қойды.»Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болар еді?3 жағдаят:«Аманжол үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтіктелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай достары да жоқ, ешкіммен араласпай өз бетімен жүреді»• Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болмақ?Жас ұстаздарға мынадай 10 кеңес беремін1. Сыныпқа көтеріңкі көңіл күймен кір2. Алдымен үйрет, сосын талап ет.3. Оқушының тәртібі мен білімін бағалауда әділ бол.4. Балаларға берген уәдеңе берік бол.5. Әрқашан сабырлы, шыдамды бол.6. Оқушының құпиясын сақтай біл.7. Оқушыдан өзің орындамайтын істі талап етпе.8. Тәртіп сақтауда бөтен кісінің беделіне сүйенбе.9. Оқушыға сенім арт.10. Оқушының ата-анасын сыйла, ол туралы жаман сөз айтпа.«ХХІ-ҒАСЫР МҰҒАЛІМІ» Жаңа ғасыр мұғалімі, жаңа заман қойып отырған талаптарға, керемет қарқынмен өзгеріп жатқан заман ағымына ілесетін, мұғалімге тән барлық мүмкіндіктерді игерген ұстаз қандай болу керек?Осы орайда ҚР Білім және Ғылым Министрлігі әзірлеген «ҚР жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасы» мен «ҚР жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі тұжырымдамаларында» жаңа қоғамдағы мұғалім моделінің үлгілері көрсетіліп берілген. Болашақ педагогтерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс.ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарға тоқтала кетейік.• Жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет.• Педагогтық, психологиялық білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек.• білім беру негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулитын болу қажет• педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп – салдарын анықтай білуге де бейімі болуы шарт.• мұғалімнің адамгершілік, саяси-идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алу шарт.• ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс.“Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздермен керексіз терминдерді қолданбастан, әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек”Ы. Алтынсарин«Мен мынаған кәміл сенімдімін, онсыз мұғалім бала жүрегінен орын ала алмайды. Ең негізгісі әр мұғалім өзінің де бала болғанын ешқашан ұмытпағаны дұрыс.”Көрнекті поляк педагогі Януш Корчаг Ұрпаққа қалдырар мәңгілік байлық-білім мен тәрбие.Ал сол құндылық мұғалімнің уысында.
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2019
885
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
шағым қалдыра аласыз













