Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқушылар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оқушылар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу Мақсаты : Жас жеткіншектір арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу. Форма: әңгіме. Қатысқандар:9-10-11 оқушылар, мектеп психологтары Жиналыста дәріс оқығандар: Ерте жүктілік деген не? Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады. Ерте жүктілік немен қауіпті? Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес! Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала «әдейі» бәрін кері істейді. Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы бар? Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу. Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек. Ерте жүктіліктің нәтижесі. Бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қыз бала білім алу, жұмысқа орналасу және карьера құру мүмкіндігінен айырылады. Қатынасқа түсе білгенмен, жас жігіт әке атанып, жауапкершілікті көтеруге асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері жалғыз қалады да (егер ата-анасы көмектесетін болса, жақсы) жас ана тығырыққа тіреледі: білімі жоқ, жұмысы жоқ, баланы күтіп-бағуға ақшасы болмайды. Осының бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр болатындықтан, көп жағдайда аналар баласын балалар үйіне өткізіп жатады. Ал бұл өкінішке орай, ерте жүктілік салдарынан болатын, жиі кездесетін оқиға. Жалпы, қазақта «қызды қырық үйден тыю» деген сөз бекер айтылмаған. Біздің ата-бабамыз келешек ұрпағының тазалығын қыздың тәрбиесінен бастаған. Осындай дәстүрдің бәрін жоққа шығарып, демократияны желеу етіп, өркениеттілік осы екен деп, бетімен кету – ол біздің ата дәстүрімізге, жалпы ұрпағымызды тәрбиелеп-өсіруге кері әсерін тигізеді. Оң жақта отырып, Алла Тағаланың берген қыздық қасиетін сақтай алмаған қыздардың өз тағдырына да жауапсыз қарағаны. Ондай қыздар келін деген, болашақ ана деген атқа лайықты деп айта алмаймын. Мұндай қыздарға бір әулеттің жауапкершілігін сеніп тапсыруға болмайды. Мен ана ретінде ұлыма мұндай қызды алуға үзілді-кесілді тыйым саламын. Егер сондай жеңіл жүріске салынған, немесе жастайынан қандай да бір қателікке бой алдырғанқыз босағамнан аттаған жағдайда ағайын-жұртымды абыр-сабырға түсірмей, алдыменол қызбен жеке сөйлесемін. Барлық жағдайды айтқызып, ант-су ішкізіп, содан кейін барып келін деген айдар тағуға рұқсат беремін. Әр ана өз ұрпағына осылай тиянақты қарағанда ғана мұндай әрекеттерге аз да болса тыйым салуға болады. Баланы тәрбиелеу ананың басты міндеті. Ұл өсті дегеннен өзіне жар болатын жанның арының тазалығына мән беру керектігін ана айтып отыруы керек. Бойжеткен қыздың қылығы көп, сондықтан да қызбаланың тәрбиесіне ананың ерекше мән бергені жөн. Қыз анасымен сырлас болып, өзін мазалаған ішкі ойларымен әрдайым бөлісіп отырса, жамандыққа жолықпайды. Қыздың ең бірінші ұстанымы — қыз деген атқа лайық болуы. Ал қазіргі ата-аналар заманына қарай жеңіл ойлайтын сияқты. Дегенмен, заман өзгергенімен, адам өзгерген жоқ қой. Қыз — болашақ жар, болашақ ана. Өзге үйдің босағасын аттағанда бойыңды тік ұстап, тәрбиелеп өсірген ата-анаңның елдің алдында жүзін төмен түсірмейтіндей етіп адал аттау үшін ананың әр сөзін қыз бала жадында ұстауы керек. – Бүгінде біз жоғары ақпараттық технологиялар заманында өмір сүрудеміз деп мақтанамыз. Сондықтан, өсіп келе жатқан ұрпақты сауатсыз деп те айтуға болмайды. Өйткені, олар осы жаңа технологияларды еркін меңгеріп, түрлі ақпараттармен алмаса алады. Иә, заман өзгергенімен, әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүріміз өзгерген жоқ. Адам өмірінде ешқандай қиындық болмайды деген кепілдік ешкімде жоқ. Ешкім де алдында қандай қиыншылық күтіп тұрғанын болжай алмайды. Әр адамның басында қуаныш пен қайғысы қатар жүретіні рас. Ол Алланың сыны деп айтуымызға болады. Алайда, осындай қиындықтардан шығудың да түрлі жолдары бар. Көбі сол қиындықтан алып шығатын жолды таппай қатыгездікке, қателікке бой алдырып жатады. Негізінде, қазіргі педагогика оқулығында жыныстық тәрбие туралы бөлім жоқ. Оны көбі ұят санайды. Мұғалімдердің өзі өрімдей балаға мұны қалай жеткіземіз деп оқушыларға мұндайды оқытуға ұялады. Сонда қыз баласы жыныстық тәрбиені қайдан оқып білуі керек? Міне осы жерде оған отбасында анасымен, жеңгесімен сырласу өте қажет. Мектепте осындай тақырыптарда сабақтар өткені жөн. Мұнын қыз баласына пайдасы көп. Сондай-ақ, біз баланы өте қатал тәрбиелейміз. Тәрбиелеу деген осы екен деп тым қаталдыққа салыну да бала жастан қызды жалтақтыққа алып келетінін ұмытамыз. Осыдан барып, қыз өз анасына ойындағысын айтуға жасқанады. Мысалы, алғашқы етеккір келгенін ол анасына емес, алдымен құрбысына, не жеңгесіне айтады. Сол үшін қызды кішкентайынан өзімізге әбден сендіріп, анадан артық жақын адам жоқ екенін ұғындырып өсіруіміз керек. Қыз – болашақ ана, бір әулеттің үлгілі келіні атанатындығын санасына сіңіріп, әйелге үлкен жауапкершілік пен міндет жүктелетіндігін айтып отыру керек. |