Материалдар / Оқушыларды кәсіпкерлікке баулу – кәсіптік білім берудің негізі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушыларды кәсіпкерлікке баулу – кәсіптік білім берудің негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылармен студенттердің кәсіпкерлікке қөз қарастарын қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Мамыр 2021
743
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушыларды кәсіпкерлікке баулу – кәсіптік білім берудің негізі



Қазіргі жаһандану заманында әркімнің ісінің өнімді, табысының толымды болуы, әлемдік бәсекеге төтеп беру қай кісінің болса да өзінің іскерлік қабілеті мен шығарымашылық тапқырлығына байланысты. Мұндай үрдіске сай «адам капиалы» өркениетке өрлеудің, жаһандық бәсекеге лайықты болудың шешуші факторына айналғаны мәлім.

Қазіргі кезде нарықтық қатынастарға негізделген кәсіпкерлік қоғам құрудамыз. Қоғамдық әлеуметтік құндылықтар ерекше өзгерістерге ұшырады. Адамдар жекеменшік иесі болып, саяси-экономикалық еркіндік алды. Кәсіпкерлік әр үйдің күнделікті тіршілік тірегіне айналды. Білім ең негізгі факторға айналды. Сол себепті мемлекеттердің бәсекеге қабілеттік деңгейі қоғам мүшелерінің кәсіпкерлік шығарымашылық қарым-қатынастарына байланысты анықталған болды. Нарықтық қоғамның мұндай талапатарына сай келетіндей қазіргі жастарға білім берудің мүлде жаңа парадигмасын жасау қажеттігі туындап отыр. Ондай түбегейлі тың кәсіпкерлік-тұлғалық парадигманың әдістемелік, теориялық, экономикалық, білімдік және тәрбиелік негіздерін айқындауға алғашқы әрекет жасалынған.

Білім берудің мұндай жаңа парадигмасының алғышарттарын құруға Қазақстан Республикасының конституциясы, заңдары, бағдарламалары негіз болды. Мұндай ресми құжаттарда жекеменшілік бостандық пен кәсіпкерлік еркіндікке жол ашылған, нарықтық білім негіздерімен жастарды мектептен бастап таныстырудың, инновациялық білім экономикасына көшудің қажеттіліктері көрсетілген.

«Соңғы кездері құрылған ақпараттық технологиялық білім беру жүйесінде тұлға тәрбиелеу мәселесі қарастырылмайды. Ал экологиялық, экономикалық, беймді беру парадигмаларында тұлғаны дамыту нақты көрсетілмейді. Нақтылап айтсақ, бейімді оқытудың мазмұндық құрлымы құрылмағанын, оны қалай жүзеге асырудың жүйесі жасалынбағанын, қандай тұлғаны (кімді)қалыптастыру қарастырылмағандығын байқаймыз»-деп, бір топ ғалымдар өз ойларын білдіреді.

«Кәсіпкер» ұғымы ертеден-ақ пайда болып, бірте-бірте өзгертіліп, дамытылып (саудагер, делдал, антрепренер, коммерсант, жаңашыл, өнертапқыш, тәуекелге барушы, пайда табушы, ынталы, жауапкершілік алушы, тапқыр, бизнесмен, босс, іскер басшы, менеджер, т.т.), әр түрлі мағыналарға ие болып келген.

«Кәсіпкер» ұғымды белгілі бір құны бар, адам мен қоғам игілігіне жарататын бұйым жасау деп түсінсек, ал «кәсіпкерлерді» сол үрдіске өзінің бар күш-жігерін, уақытын, қаржысын тәуекелге салып, жұмсайтын іскер әрі тапқыр маман деп білеміз. Мұның нәтижесінде кәсіпкер қаржысын молайтады, тұрмысын жақсартады, қоғамның байлығын арттырады. Кәсіпкерліктің әлеуметтік негізі (білім, ептілігі, қабілеті) адами және материалдық (жер, капитал, техника, үй-жай) ресурстарда жатқанын байқаймыз. Қазіргі кезде кәсіпкерлік қатынастардың дамуы «жаңа білімге», технологиялық жаңалыққа, бәсекелестікке байланысты болып келеді.

Көптеген кәсіпкерлер өздерінің бизнестерін мектеп пен жоғары оқу орындарында бастағаны мәлім. Мәселен, италияндық миллиордер С.Берлускоин мектеп оқушысы кезінде-ақ оқушылардың үй тапсырмаларын орындап беруден, қуыршақ театрының көрермендерінен ақша жинаудан бастаған. Қазақтың белгілі кәсепкері Р.Баталов мектепте, институтта оқып жүргенде өзінің бизнесін газет, алма көкеніс сатудан бастап 21 жасында 1 млн.рубль қаржы жинаған.

Американдық оқушылардың 32 пайызы бөбектерді үйлерінде бағудан, 16 пайызы мейрамханаларда ыдыс-аяқ жуып, көгалды жерлерді қарауылдаудан ақша табады екен.

Бүгінгі күнде көптеген мектептерде арнайы пән немесе факультатив ретінде экономикалық білім негіздері оқытыла бастағаны барлығымызды қуантады. өкінішке орай, бұл пәнді оқытуда біраз проблемалары бар, атап өтсек, нарықтық үрдістің, шағын бизнестің мән-мағынасы ашылмайды; басқа пәндермен өзара байланыстылықты іске асыру кқзделмейді; оқушыларды нарықтық кәсіпкерлікке баулау мәселесі қарастырылмайды; қандай жеке тұлға, кімді және қалай тәрбиелеу анықталмайды. Сол себепті, оқушыларға экономикалық білім беру, оның ішінде кәсіпкерлік қабілетін ашып, дамыту белгілі бір бағыт-бағдарға негізделуі қажет.

Кәсіптік-тұлғалық парадигма негізінде жастарға білім беруді жүзеге асыра отырып, ең алдымен, педагогтердің нарықтық кәсіпкерлік сауаттылығын көтеруді талап етеді. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, мектеп мұғалімдерінің мұндай сауаттылығының деңгейі 2-3 пайыздан аспайиын көрінеді.

Одан кейінгі өзекті мәселе – оқытылатын пәндердің мазмұндарына нарықтық сипат берудің әдіс-тәсілдерін нақты анықтау.

Барлық пәндер бойынша оқулықтар кәсіпкерлік мағынада жаңартылып, қайта шығарылуы нарықтық қоғам талаптарын қанағаттандыратын инновациялық проблеманы шешеді. әр пән бойынша өткізілетін сабақтан тыс жұмыстар (үйірмелердің, тақырыптық кештер мен танымжорықтардың, кәсіпкерлермен кездесудің) олардың мазмұндарын нарықтандыруға игі әсер етедеі. Нарық және кәсіпкерлік жайлы факультативтік сабақтар мен бизнес практикумын өткізуге мүмкіндік туғызады. Оқу топтарында, оқу орыны бойынша ұйамдастырылатын түрлі тәрбиелік шараларға да нарықтық мағына берудің мүмкіндігін ашады. Жұмыс жоспарларында кәсіпкерлікке қатысты семинарлар, нарықтық әдебиеттермен таныстыруды ұйымдастыру қажет.

Мұндай шараларды жүзеге асыру оқушылардың кәсіпкерлік білімінің артуын, еліміздегі шағын бизнесті мүмкіндігінше дамытуға, инновациялық технологияны тез меңгеріп, экономикамызды қарқынды түрде көтеруге айтарлықтай ықпал ететіні сөзсіз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!