Бекітемін:
Күні: 17.11.2017 жыл
Іс-шараның
тақырыбы: «Оқушыларды қоғам өміріне
бейімдеудің негізгі механизмі»
Іс – шараның
мақсаты: «Оқушыларды қоғам өміріне
бейімдеудің негізгі механизмі»
атты
тақырыпта өткізілетін дөңгелек үстел,
мұғалімдердің пікірлерін білу, өз ойларын талқыға салу
арқылы оқушылардың қоғам өміріне дұрыс бейімделуінің жолдарын
бірлесіп қарастырады.
Іс – шараның
түрі: дөңгелек
үстел
Іс – шараның әдіс -
тәсілдері: пікір -
талас
Іс – шараның
көрнекілігі: қанатты сөздер, слайд –
шоу
Даналық
сөздер
-
Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ
басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа.
-
Досы көпті жау алмайды, ақылы
көпті дау алмайды.
-
Заң біткен жерде зұлымдық
басталады.
Іс – шараның
барысы:
Мұғалім:
Қайырлы
күн, құрметті ұстаздар! «Оқушыларды қоғам өміріне
бейімдеудің негізгі механизмі»
тақырыбында өткізілетін іс - шарамызға қош
келдіңіздер!
Сіздермен бас қосудағы негізгі
мақсатымыз – әр оқушының қазіргі қоғам өміріне бейімделіп,
қалыптасуы, тәрбиесі дұрыс жолға қойылған ба, мұғалімдердің бала
тәрбиесіндегі шешуін таба алмай жүрген мәселелер төңірегінде пікір
алмасу.
Бүгінгі
жасөспірімдердің қылмысқа бой ұрып бара жатқандығы, қылмыскерлердің
жасы жасарып, жастардың қатыгездікке бой алдыруы заман проблемасына
айналды. Сондықтан, бүгінгі өрбітетін тақырыбымыз жасөспірімдер
арасындағы қылмыс жөнінде болмақ, іс-шарамыз бірнеше бөлімнен
тұрады.
І
бөлім. «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін»?
деп
аталады. Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған
жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздерде, себебін
алдарыңыздағы параққа жазасыңыздар, егер қылмыс емес десеңіздер сол
қолдарыңызды көтересіздер, себебін тағы параққа жазасыздар. Әр
жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме бересіздер.
1.Дүкенде спиртік ішімдікпен бірге есірткі де
сатылады.
2.Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе
жатыр.
3.Сатушы сатып алушыға
байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі
ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді.
4.Бір оқушы сыныптасына:
«ертең 20 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп
күш көрсетті.
5.Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге
тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.
6. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.
7. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын
сызып тастады.
Мұғалім: Осы орайда, туындайтын бірнеше
сауалдарға бірігіп, жауап іздесек.
-
Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп
ойлайсыз?
-
Қазіргі бала және сіздердің
уақыттарыңыздағы баланың арасында қандай айырмашылық
бар?
-
Бала тәрбиесінде сізге
кездескен қиыншылықтардың шешу жолдары қандай?
ІІ бөлім. Ситуациялық
жағдаяттарды шешу.
1. Мұғалім 8 сыныптың
оқушысын дәретханада темекі шегіп тұрған жерінде көріп, ренішін
білдіреді. Ал оқушы қыз болса мектептен көңілі қалғанын,
ата-анасының құлағына тыныштық бермейтінін, сонымен қоса жігітімен
ұрысып қалғанын. Сол себептен темекі шеге бастағанын және оның
көмектесетінін айтады... Не істеу
керек?
2.Сынып жетекшісінің
жасаған ескертпелеріне ашуланған жасөспірім, сыныптың есігін тарс
жауып, шығып кетеді. Мұндай жағдайда не
істейсіз?
3.Сыныпта ұрлықшы пайда
болды. Оны білген мұғалім жекеше сөйлесуге шақырады. Кінәсін
мойнына алған оқушы, ұрлаған заттарды қайырамын, тек анама айтпаңыз
деп жалынады. Не істеу керек?
ІІІ бөлім. Қылмыскер бала
қайдан шығады? деп аталады. «Көйлегі көктік,
тамағы тоқтық, аздырар адам баласын» деп Абай атамыз айтқандай,
бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған жағдайлардың бірі ол-мектеп
жасындағы балалардың қылмыс жасауы.
Тақтаға тау бейнесі және
таудың ортасынан жарып шығып келе жатқан жанартау бейнеленген сурет
ілінеді. Жанартаудың төбесіне «Қылмыскер бала» деп жазылып, беті
қағазбен жасырылып қойылады. Жүргізуші мына суреттегі тау ортасынан
көтерілгелі тұрған жанартауға қараңыз, тау сіздең балаңыз болса, ал
тауды жарып шыққалы тұрған жанартау балаңыздың қылмыскер болуы деп
жасырулы тұрған сөзді ашады.
Мұғалім:
Бала бір күнде қылмыскер болмайды. Жанартаудың атқылауына дейін
қаншама процестер жүретіні сияқты, бала қылмыскер болуы үшін де
бірнеше жағдайлар әсер етеді. Оған ата- ананың баланы бақылауынсыз
жіберуі, баланың топқа кіруі, жақсы жолдастарының болмауы себеп.
Мұның барлығын дер кезінде байқап, балаға көмекке ұмтылсақ, оны
сақтап қалуға болады.
Сіздерге
қойылатын сауал, баланың қылмыскер болуына қандай жағдайлар әсер
етеді?
Баланы дұрыс жолға қою үшін
қандай көмек қолын ұсынар едіңіз?
Қорытынды:
Құрметті,
мұғалімдер сіздер бала тәрбиесінің оңай емес екенін байқаған
боларсыздар. Бала тәрбиесі төзімділік пен сабырлықты, даналық пен
данышпандықты қажет ететін қажырлы еңбек жолында өз оқушыларыңызға
жүрек жылуын сыйлай отырып, қайырымды да, мейірімді ұрпақ өсіре
беріңіздер.
1. Мұғалім 8 сыныптың
оқушысын дәретханада темекі шегіп тұрған жерінде көріп, ренішін
білдіреді. Ал оқушы қыз болса мектептен көңілі қалғанын,
ата-анасының құлағына тыныштық бермейтінін, сонымен қоса жігітімен
ұрысып қалғанын. Сол себептен темекі шеге бастағанын және оның
көмектесетінін айтады... Не істеу
керек?
2.Сынып жетекшісінің
жасаған ескертпелеріне ашуланған жасөспірім, сыныптың есігін тарс
жауып, шығып кетеді. Мұндай жағдайда не
істейсіз?
3.Сыныпта ұрлықшы пайда
болды. Оны білген мұғалім жекеше сөйлесуге шақырады. Кінәсін
мойнына алған оқушы, ұрлаған заттарды қайырамын, тек анама айтпаңыз
деп жалынады. Не істеу керек?