Материалдар / “Оқушыларды зерттеушілікке оқытудың негіздері” курсының бағдарламасы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Оқушыларды зерттеушілікке оқытудың негіздері” курсының бағдарламасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы тұлғасының өзін өзі дамыту процесіндегі интеллектуалдық – шығармашылық потенциялын дамытуда зерттеушілік қабілеттерін жетілдіру. Бағдарлама міндеттері: - оқушының танымдық қажеттіліктерін дамыту. - төменгі сынып оқушыларын өз бетінше зерттеу және жобалау жүргізуіне қажетті арнайы біліммен қамтамасыз ету; - оқушыларда зерттеуге ізденіс және шығармашылық жобалау білігі мен дағдыларын дамыту және қалыптастыру; - оқушылар мен педагогтарда зерттеуге оқыту туралы көзқарасын оқу әрекетіндегі жетекші тәсіл ретіндегі қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
824
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жалпы білім беретін Абай Құнанбаев атындағы

орта мектебі



ЗЕРТТЕУ НЕГІЗДЕРІ


Оқушыларды зерттеушілікке оқытудың негіздері”

курсының бағдарламасы.


























Шарбақты, 2016 ж.

Жүсіпова М.Қ.






Бағдарламаның жалпы сипаттамасы.


Бағдарлама мақсаты:

Оқушы тұлғасының өзін өзі дамыту процесіндегі интеллектуалдық – шығармашылық потенциялын дамытуда зерттеушілік қабілеттерін жетілдіру.

Бағдарлама міндеттері:

  • оқушының танымдық қажеттіліктерін дамыту.

  • төменгі сынып оқушыларын өз бетінше зерттеу және жобалау жүргізуіне қажетті арнайы біліммен қамтамасыз ету;

  • оқушыларда зерттеуге ізденіс және шығармашылық жобалау білігі мен дағдыларын дамыту және қалыптастыру;

  • оқушылар мен педагогтарда зерттеуге оқыту туралы көзқарасын оқу әрекетіндегі жетекші тәсіл ретіндегі қалыптастыру.


Оқушының зерттеу практикасының білім процесіндегі орны

12 жылдық білім берудің жаңа парадигмасына сәйкес бүгінгі мектептің алдында өзінің өмір сүру әрекетін басқара алатын, кез келген туындаған проблеманы шешуге қабілетті құзіретті тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр.

Зерттеушілікке оқыту әдістерін қолдану практикасы қазіргі қазақстандық мектептегі оқу процесінде кеңінен орын алуда. Қазіргі кезде мұғалімдер оқушылардың өз бетімен ізденуіне арналған тапсырмаларды көбірек беруге тырысады.

Зерттеушілікке оқыту әдістемесі проблеманы анықтаудан бастап, алынған нәтижелерді презентациялауға дейінгі біртұтас циклдан тұрады. Бұл әдістеме негізінде Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартта белгіленген негізгі құзіреттіліктердің (проблеманың шешімін табу, ақпараттық және коммуникативтік) қалыптасуын байқауға болады. Осыған байланысты оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен жүргізілетін “Зерттеушілікке оқытудың негіздері” атты арнайы курстың бағдарламасын ұсынамыз.

2. Бағдарламаның негізгі бөлімдері

Оқушының зерттеушілік қабілетін мақсатты ұйымдасқан оқу процесінде ғана мүмкін.

Зерттеушілік әрекеті кез келген оқу әрекеті тәрізді білім сапасын бақылау мен қолдаудың ерекше жүйесін талап етеді. Ол мазмұн мен нәтижені бағалауды ұйымдастырудың формалары мен әдістерін құрайды.

Ұсынылып отырған оқушының бастауыш сыныптағы зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады:


БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе

Кіріспе сабақтарды ұйымдастыру бастауыш сынып оқушыларына зерттеушілік әрекеті мен осы процестегі ойлау тәсілдерін түсуіне мүмкіндік береді.

ІІ. Жаттығу сабақтары

Жаттығу сабақтары бастауыш сынып оқушысының зерттеушілік қабілеттерін дамытуға арналған. Жаттығу сабақтары барысында оқушы арнайы білімді, зерттеушілік білігі мен дағдыларын игеруі тиіс:

  • проблеманы көру және анықтау;

  • сұрақ қоя білу;

  • болжамын ұсыну;

  • ұғымға анықтама беру;

  • классификация;

  • ойды графикалық бейнеде жеткізе білу;

  • бақылау (ойша эксперимент жүргізу);

  • эмпирикалық эксперимент жүргізу;

  • материалды құрылымдау;

  • баяндамасынан мәтін құра білу;

  • өзіндік идеяларын дәлелдей және қорғай білу.


ІІІ. Зерттеушілік практикасы

Бұл бағдарламаның негізгі мазмұны оқушының өз бетімен зерттеу жүргізу және шығармашылық жобаларды орындау болып табылады. Осы бөлімдегі сабақтар оқушының зерттеушілік әрекетіндегі өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің біртіндеп өсуіне қарай құрылады.

Белгілі бір пән бойынша зерттеу түрлерін мұғалім ұсынады.


ІV. Жобаны презентациялау және бағалау

Оқушының өз жұмысын презентациялау ол үшін өте маңызды. Қазіргі оқушы жобаны тұсау кесер практикасын игеру қажет, өзіндік пікірін дәйектей алуы тиіс, өз ойын тұжырымдап, қорытынды жасай алуы тиіс, сондай-ақ ораторлық, төзімділік, оппонентінің пікіріне дәйекті жауап қайтара білу, өз әрекетін бағалай білу қабілеттерінің болғаны жөн.


Курстың оқу-тақырыптық жоспары (34 с.)


Түсінік хат


Бүгінгі күнгі біздің ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Бүгінгі оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр.

Мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі – оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау.

Бүгінгі күнгі білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үрдісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің жалпыұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуға дайын, құзіретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету. Ол 2008 жылдан бастап енетін, 12 жылдық білім беру мазмұнынан жан-жақты көрініс таппақ. Білім берудің әлемдік озық тәжірибелерге сүйеніп әзірленген оқытуда мектеп түлегінен күтілетін нәтиже негізгі құзіреттіліктердің қалыптасуы мен айқындалады.

Құзіреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.

Оқушыларды зерттеушілік оқытудың негіздері” курсының бағдарламасы жалпы орта білім беретін барлық мектептер үшін ортақ. Жалпы білім беретін мектеп, пән мұғалімі курс бағдарламасына сәйкес өзіндік жоспарын құруға болады. Аптасына 1 сағаттан жылына 34 сағат беріледі.

Зерттеу мақсаты


Зерттеу мақсатын анықтау өзіне және өзгеге қойылатын сұраққа жауап болып табылады.

Мәселен, 4-сынып оқушысы – “Кактус” тақырыбын таңдады делік. Онда оқушының анықтауы бойынша зерттеу мақсаты “кактустың ерекшелігін зерттеу” болып табылады.

Мұғалім мақсатты айқындаудағы шығармашылық тәсілдерді оқушылардың есіне салып отыру тиіс. Мынадай үлгілерін көрсетуге болады:

  • .... айқындау;

  • .... анықтау;

  • .... танысу;

  • .... зерттеу;

Жұмыс мақсатын жазып отыру қажет.


Зерттеу міндеттері


Зерттеу міндеттері мақсатты нақтылауды көздейді. Егер мақсат жалпы бағыт көрсетсе, міндеттер негізгі қадамдарды сипаттайды.

Мәселен, оқушы кактустың ерекшелігін зерттей отырып, өзіне мынадай міндеттерді қояды:

  1. Кактустың әлемде неше түрі бар?

  2. Кактус қандай климат жағдайында өседі?

  3. Бөлме жағдайында кактустың қандай түрлерін өсіруге болады?

  4. Кактус адамдарға пайда келтіре ме?

Зерттеу міндеттері міндетті түрде жазылады.



Зерттеу тақырыптарын
таңдау және классификациялау


Зерттеу тақырыптары түрліше болуы мүмкін. Ең бастысы оқушыларды қызықтыруы тиіс. Қазіргі классификациялау тақырыпты негізгі үш топқа бөлуді ұсынады:

  • фантастикалық тақырыптар фантастикалық нысандармен құбылыстарды зерттеуге бағдарланған.

  • эмперикалық тақырыптар өзіндік бақылау мен эксперимент жүргізуді көздейтін практикамен байланысты.

  • теориялық тақырыптарға түрлі теориялық қайнар көздерден, кітаптардан, адамдардың әңгімелерінен алынған материалдарды, деректерді зерттеуді және жинақтауды талап ететін тақырыптар жатады.


Зерттеу тақырыбы мен саласы.

Зерттеу саласын таңдауда оқушы біршама қиындыққа тап болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім оларды классификациялауды үйретіп отыруы тиіс. Классификацияның көмегімен ғана оқушылар нақты бақылау жүргізе алады. Классификациялау арқылы оқушы қарастырып отырған нысанды топқа бөле алады. Классификациялауға бөлінетін ұғым, бөлу негізі мен бөлу мүшесі ұғымдары кіреді. Мысалы, оқушы адамдардың бір-бірімен ақпарат алмауында қолданатын белгілерді классификациялайды: әріптерді, цифрларды, символдарды, иеороглифтерді топтарға бөледі. Одан кейін әріптерді кириллица, араб, латын цифрларды рим, араб; иероглифтерді – қытай, жапон, символдарды – музыкалық т.б. бөледі.

Зерттеу жұыстарының тақырыптары мен салаларын классификациялаудың түрлері көп:


Зерттеудің жалпы бағыттары:

  1. Адам.

  2. Қоғам.

  3. Мәдениет.

  4. Жер.

  5. Жаратылыс.

  6. Ғылым.

  7. Техника.

  8. Экономика.

  9. Экология.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!