Оқушылардың бойында рухани адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылардың бойында рухани адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала:Оқушының адамгершілік құндылық жөніндегі түсінігі мұнымен шектелмейді. Дегенмен, мұғалімнің, ата-ананың міндеті осы кезде оқушысының жанына жақын және кіші ұжым мүшесінің бірі ретінде оған адамгершілік құндылығының өзіне тән белгілерін талдатып, талқылатып, оның ішкі мәніне үңілдіруде арнай тапсырмалар беру арқылы оның көрінісі туралы зерттеп ортаға салып отырғанның берері мол.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ


Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның құндылық қасиеттерін дамытып, қалыптастыруға аса мән беріліп отырғаны белгілі. Әсірісе ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, тарихи-әдеби мұралар арқылы оқушылардың жеке бас қасиетін дамыту мүмкіндігіне барынша көңіл бөлінгенін ғылыми-зерттеу еңбектерден аңғарамыз. Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми-зерттеу еңбектерді зерделеу барысында оқушылардың мәдени-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуы олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенін байқадым.

Оқушының адамгершілік құндылық жөніндегі түсінігі мұнымен шектелмейді. Дегенмен, мұғалімнің, ата-ананың міндеті осы кезде оқушысының жанына жағын және кіші ұжым мүшесінің бірі ретінде оған адамгершілік құндылығының өзіне тән белгілерін талдатып, талқылатып, оның ішкі мәніне үңілдіруде арнай тапсырмалар беру арқылы оның көрінісі туралы зертте ортаға салып отырғаның берері мол. Адамгершілік құндылықты тек танымдық қызығуда біліп қана қоймай оны реттеп ұстай алу қажет. Бұл жөнінде болгария ғалымы Васил Вигев пікірінше, адамның мінез – құлқын реттеу мен мотивациялауда қоғамдық сана жүйесінде адамгершілік пен әлеуметтік психиканың бір – бірімен әрекеттестігін талдап көрсете отырып, тұлғаны қалыптастырудағы қоғамдық сананың ықпалы. “Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi”- деп Әл- Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияларының бiрi- тәрбие.

Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын- ала адамның рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан- ұрпаққа жеткiзедi. Адам тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес, тәрбие - адамзат тiршiлiгiнiң мiндеттi шарты. В.Соловьев: “Адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”- деп адамгершiлiктiң құндылығына ерекше тоқталған. Тәрбие мәдениетi - өмiрдiң өзi сияқты күрделi де көп қырлы.

Еңбекке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие, эстетикалық тәрбие, адамгершiлiк тәрбиесi, экологиялық тәрбие, дене тәрбиесi. Осы барлық тәрбиенiң өзегi- адамгершiлiк тәрбиесi, бiрақ ол жападан жалғыз әрекет етпейдi, ол осы аталған тәрбие түрлерiмен бiрлiкте, демек адамгершiлiкпен қоса барлық тәрбие түрлерiмен бiрiге келе адамгершiлiк мәдениетi мен сапалары қалыптасады. Адамгершiлiк сапаларын индивидтiң өзi анықтап, адамгершiлiк ұстанымын да өзi қалыптастырады.

Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекелеген ғылыми пәндерді терең оқытуға, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей, жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.

Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру – қазіргі мектептердің ең маңызды міндеттерінің бірі. Біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын артып, моральдік фактордың ықпал аясы кеңейіп келеді. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөзбен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік ережелерінен ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады. Адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның туған кезінен басталып, ал рухани-адамгершілігі қоршаған орта мен адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұнына байланысты жетіледі. Мектепте бұл жұмыс мұғалімдердің қоғамдық жастар ұйымдарының басшылығымен жүйелі түрде көзделген мақсатта сай жүргізіледі. Баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтарының және ересек адамдармен, құрбы-құрдастарымен қатынастардың формалары, адамгершілік білімдері мен сезімдері негізінде оқушылардың адамгершілік көзқарастардың, мінез-құлықтың, сезім мен сананың жаңа формалары одан әрі дамытылады.

Сонымен, адамның адамгершілік қасиеттері өмірге көзқарасынан, дұрыс не нашар мінез-құлқынан көрніс беріп отырады, ал дұрыс мінез-құлықты, өмірге көзқарасты қалыптастыру адамның өскен ортасына, тәрбиеге тікелей байланысты.


Түркістан облсы, адами әлеуеті дамыту басқармасының «Жамбыл Қаппаров атындағы №5 маманандырылған физика −математикалық мектеп− интернаты» КММ−нің тәрбиешісі

Сарсенбекова Айсұлу Абетқызы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2021
422
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі