Материалдар / «Оқушылардың денсаулығын денсаулық сақтау технологиялары арқылы нығайту»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Оқушылардың денсаулығын денсаулық сақтау технологиялары арқылы нығайту»

Материал туралы қысқаша түсінік
дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2018
767
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қажымұқан ауылы

4 негізгі орта мектебі









Shape1





Тақырыбы: «Оқушылардың денсаулығын

денсаулық сақтау технологиялары арқылы нығайту»

Дене шынықтыру пәнінің мұғалім: Замзин Асылбек Есенұлы















2017-2018 оқу жылы



«Оқушылардың денсаулығын

денсаулық сақтау технологиялары арқылы нығайту»



Мақсаты: Педагогтарды мектепке балалардың дене шынықтыру, сауықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарда қолданылатын денсаулық сақтау техногологияларымен таныстыру және іс-тәжірибемен бөлісу.

Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектеп тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала мектепте мұғалімдердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне мектептің маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, дененің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау баланың ақыл- ойы айқын, өз- өзіне сенімді, жан- жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектеп кезеңде қалыптасады. Сондықтан мектеп ұйымдарда , бала организімінің қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру біздің,яғни педагогтардың ең басты міндеті. Мектепте балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесінде инновациялық технологияларды қолданбай қызықтыру мүмкін емес.

Құрметті әріптестер , бүгінгі семинардың тақырыбына байланысты мен сіздерді өзімнің іс-тәжірибемде қолданатын денсаулық технологияларымен таныстырғым келіп отыр.

«Технология» -дегеніміз не? «Технология»-деген сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

Технология — педагог өнім алу үшін керекті материалдарды өңдеу әдістері мен өнім шығаруға керекті жүйелі процесс.

Мектептегі денсаулық сақтау технологиясы – бұл мектепте баланың валеологиялық, денсаулық мәдениетін тәрбиелеу және салауатты өмір сүру негіздерін қалыптастыру технологиясы болып табылады.

Денсаулық сақтау технологияларын жалпы екі топқа бөлуге болады:

1.Медициналық ( медбике қызметкерлері бала жасынына байланысты емдік-дене тәрбие, массаж,физио массаж, су процедуралары ,дәрумендік терапия, САН пинға сай балалардын тамактандыруын қатаң қадағалау және т.б өткізуі)

2.Педагогикалық - бұл амалдар,әдіс-тәсілдер және адымдар жүйесінің бірізділігі,яғни әрекеттің жүйесін анықтау,педагогикалық процесіндегі әрекет жүйесінің түрлерін өңдеу,кепілдемелі нәтижеге қол жеткізуге болады.



Денсаулық сақтау технологияларының түрлері

Олар ( ынталандыру, салауатты өмір салтын үйрету, түзету, коррекциялық технологиялар)

  1. Ынталандыру- бұл технология өзінің атына сәйкес, яғни баланың ағзасын шаршатпай, қалжыратпай үнемі қызықтырып, алға тарту(арыстан,бүркіт, мерген,т.б)

  2. Салауатты өмір салтын үйрету. Бұл технологияда бала өзбетімен дербес әрекеттеніп бір мәселені шешіп барып өз ағзасын бекітеді,жетілдіреді.Нақты бір талапта орындауға тырысады.Осыған мектепте арнайы жағдайлар туғызу керек.Яғни,топтарды шынықтыруға арналған бұрыштар,спорт залында дене тәрбие сабағына арналған құрал-жабықтармен қамтамасыз ету керек.

  3. Түзету (коррекциялық) технологияларда баланың әлі де жаңа жетіліп келе жатқан ағзасындағы жағымсыз мінез-құлықтарына кедергі болу,баланың тұйықтық,өз-өзіне сенімсіздік,дөрекілігін жоя отыра, оның эстетикалық-шығармашылық талғамдарын тәрбиелеу,жетелеу.

(Әріптестерге сұрақ)

Мектеп білім беру мекемесінің жұмысында бала денсаулығын нығайту үшін қандай арнайы мамандармен тығыс жұмыс жасаймыз?

( мед. қызметкерлері ,психолог, логопед,дене шынықтыру нұсқаушысы т.б) байланыстыра ұйымдастыруымыз керек.

«Дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселе» деген тұжырымдаманы қолдана отырып өзімнің тәрбиеленушілерінің денсаулығын нығайту жолында әртүрлі шынықтыру шараларды қолданамын. Бүлдіршіндердің денесін шынықтыруға көп көңіл бөлемін.

Тәрбиеленушілерімнің денсаулығын нығайту жолында осындай шынықтыру шараларын өткіземін.

-Таңғы жаттығулар. Мақсаты: балалардың көтеріңкі көңіл-күйлері болу үшін, энергия арттыру үшінпайдалану.

- Саусақ гимнастикасы.Мақсаты:ұсақ қол моторикасы,сөйлеу, кеңістіктік ойлау, зейін,қан айналымы, қиял реакциясы жылдамдығын ынталандыру.

Қарындаш-массажы- саусақты және алақанды уқалай отырып қимыл мүмкіндіктерін жетілдіріп қана қоймай, қарындашпен ойнау барысында айтылатын әзіл-ысқақ өлеңдер баланың тілдерін дамытуға өте қолайлы.

- Ұйықыдан кейін әртүрлі жаттығулар жасаймыз.

-Нүктелі массаж

-Төсек үстінде жаттығу

-Жалпақ табандықты алдын-алу кешені (бұдыр,түймелі жолмен жүу)

Жалпы, адам баласының дене қозғалысының сымбатты да түзу болуы оның денсаулығын білдіреді. Өз денесін емін-еркін ұстап жүретін адам қашан да көз тартарлық көрікті болып жүреді. Негізінде адам баласы іштен сымбатты болып тумайды. Адам өсіп-жетілу, еңбек ету процестерінде, сондай-ақ дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану барысында қалыптасады.


Созылу жаттығулары(Стретчинг) элеметтердін жасаймыз. Ұйқыдан кейін дене шынықтыру сабақтарын жасаймыз.


1.Бала өз денесімен өздігінен созылмалы жаттығуларымен айналысады.

2.Бала қозғалмай жатады, ал екінші адам оған жаттығуларды жасап тұрады.



-Сабақ үстінде көзге арналған жаттығулар кешені.

-Тыныс алу жаттығулары.

-Динамикалық үзілістер.Сабақ үстінде ақыл-ой шаршауын жою (релаксациялық үзіліс,сергіту сәті,құлақ шеттерін уқалау.

-Таза ауада серуен.(жыл бой)Серуен кезінде қимылды ойындар өткіземін.

-Ауыз қуысын тұзды сумен шаю.

-Шынықтыру шаралары (майкасыз ұйықтау,жалаң аяқ жүру)

-Бет,қол,мойынды салқын сумен жуу артикуляциялық жаттығу жургізу



Тұмау және жұқпалы ауруларының жоғары кезінде өткізілетін іс-шаралар;

-Пияз,сарымсақпен хош иістендіру

Мектебіміздің медбикесі балалар денесінің өсіп жетілуін қадағалап, әртүрлі жұқпалы аурулардың алдын –алу шараларын өткізеді. Түрлі емдік шөптерден фито шәй дайындап балаларға береді.Денсаулықты нығайту мақсатында түрлі сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырады. 

Сонымен қатар баланың денсаулығын нығайту және аурудың алдын-алуға мүмкіндік беретін күн тәртібіндегі шынықтыру шараларына ерекше назар аударамын.



  1. Балаларды ұтымды үзіліссіз киіндіру

  2. Жылдың барлық маусымында серуендеу тәртібін сақтау

  3. Дене тәрбиесі мен ертеңгілік гимнастиканы жалаңаяқ өткізу



Жалпы, адам баласының дене қозғалысының сымбатты да түзу болуы оның денсаулығын білдіреді. Өз денесін емін-еркін ұстап жүретін адам қашан да көз тартарлық көрікті болып жүреді. Негізінде адам баласы іштен сымбатты болып тумайды. Адам өсіп-жетілу, еңбек ету процестерінде, сондай-ақ дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану барысында қалыптасады.


Әлбетте, баланың денсаулығы мен қимыл белсенділіктерін дамытуда дене тәрбие сабағы ерекше орын алады. Балалар дене шынықтыру сабағында әртүрлі жалпы дамыту жаттығуларын жасайды.

Негізгі қимылды түрлер үйретіледі.

Ырғақты гимнастика.

Мазмұнды ойын немесе дәстүрден тыс сабақтар .

Әртүлі спорттық жарыстар.


Таза ауадағы дене шынықтыруды өткізу үшін учаскедегі орын барлық жағдайға сай жабдықталған.Әртүрлі өрмелеуге арналған баспалдақтар, жаттығуға арналған орындықтар бар. Таза ауадағы дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың денсаулығы туралы мәліметті мектеп медбикесінен аламыз. Егерде ота жасалған немесе бір жері қатты ауыратын бала болса, ол балалар мұғаліммен бірге болып, жеңіл қимылды ойындар ойнайды.Сауықтыру шараларына медбике жиі қатысып, тексеріп тұрады. Балалардың жүйке жүйесіне, жүрекке, бұлшық еттің қатаюына, қан айналымының жақсаруына әсер ететін жаттығулар түрін таңдауға көмектеседі

Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ата-аналардың мектеппен байланысын дұрыс жолға қою жұмыстарын жүргіземіз. Мектепте денешынықтыру кезінде бала дұрыс қозғалыста болуы үшін жыл мезгілдеріне сай киіндіруге, демалыс күндерінде де үйде жаттығулар жасауды әдетке айналдыруды, ашық есік күні, мерекелік ертеңгіліктерге, түрлі спорттық ойындарға ата – аналардың белсене қатысып, қызығушылық танытуын ынтымақтаса жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі деп білеміз. «Әкем, шешем және мен» спорттық сайыс өткізіліп, ата – аналармен бірге ойындар ойнап, жаттығулар жасап, балаларымыз бір жасап қалысады. Мектептің ауласы, бөлме тазалығы безендірілуі, балаларға ыңғайлы.


Жаз мезгілінде лагерде балалардың қөңіл-күйін көтеру және денсаулықты нығайту мақсатында әр түрлі сауықтыру шараларды ұйымдастырдық (денсаулық күні,сүйікті ойыншықтар күні,бағдаршам күні,доптар күні,велосипед күні,дәрілік шөптер күні).Сонымен қатар ауа райының тамаша мүмкіндіктерін пайдаландық (күн,су,ауа) түрлі шынықтыру шараларын жасадық.Біздер осылай жаз мезгілін қызықты да есте қаларлықтай өткіздік.



Сөз соңында Н.Назарбаевтың «Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының мектептің, барша елдің, халықтың міндеті» екенін еске саламын. Алдағы уақытта да бала денсаулығын нығайту жолдарын қарастырып жұмыс жасауға тырысамыз.

Алдағы уақытта да бала денсаулығын нығайту жолдарын қарастырып жұмыс жасауға тырысамыз.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!