Материалдар / Оқушылардың ғылыми- зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың ғылыми- зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ғылыми- зерттеу жұмыстары туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2020
2184
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушылардың ғылыми- зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру



Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған

сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Питер Клайн


Ғылыми зерттеу жұмыстары баланың алдымен білуге деген құштарлығын, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттерін оятады.

Ендеше зерттеушілік, ізденушілік- бала табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді. «Зерттеу» түсінігі жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі –деп түсіндіріледі.


Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарылығы мен қоршаған ортаға деген құштарлығының басымдығын білдіреді. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабымен қанағаттандыруға ықпал етеді.

Педагогикалық процесте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы шешуші рөл атқарады. Зерттеу білігі мен дағдысы ғылым мен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білімін игеру бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып табылады. Соңғы жылдары зерттеу қызметі мәселесіне «зерттеу тәртібі» деген жаңа термин енді. Бұл термин ғылыми – педагогикалық әдебиеттерде бұрыннан қолданылады. (мінез-құлық мәдениеті, адамгершілік мінез, оқушының жүріс-тұрысы, тәртібі т.б) Бұл сөздің түпкі мәні біреудің әрекеті немесе әрекеттер жиынтығын білдіреді.

Шығармашылық-зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы. Шығармашылық зерттеуші ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды.

  1. Жаңа өнімге қол жеткізуінде

  2. Ізденіс процесінің мәнділігінде

Зерттеу тәртібі мен зерттеу әрекетінің әдіснамалық негізі әрекетте жатыр. Сондықтан оқушының зерттеу әрекеті, зерттеу тәртібі күрделі кіріктірілген білім болып табылады.

Зерттеу –дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың потенциалдық қабілетін ашу, дамыту, мүмкін емес.


Ендеше оқушылардың ғылыми қоғамы туралы ережеге мән беріп көрейік.

  1. Жалпы ереже

  1. Оқушылардың ғылыми қоғамы (одан әрі ОҒҚ)-өзінің интелектісін дамытуға, ғылыми- зерттеу әрекет дағдыларын игеруге, өзінің белгілі бір ғылым саласындағы білімін жетілдіруге талпынған оқушы жастардың еркімен құрылған шығармашылық бірлестігі.

  2. ОҒҚ өзіне білім беру ұйымдарының жанынан құрылады, атауы, эмблемасы, девизі дәстүрі бар.

  3. ОҒҚ өзіне ғылыми үйірмелерді, түрлі ғылым саласына бағытталған клубтар мен қоғамдарды, жеке секцияларды ала алады.

  4. Оқушылардың ғылыми қоғамының қызметі Қазақстан Республикасы заң актілерімен, «Қазақстан Республикасы Білім туралы» заңымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық актілерімен сәйкес жүзеге асырылады.

Міне осы ережелерді басшылыққа ала отырып, баланы зерттеу жұмысына дайындау, оны зерттеушілік ізденіс дағдылары мен іскерлігіне үйрету қазіргі білім берудің маңызды міндеті болып отыр. Бала табиғатынан зерттеуші, зертеушілік ізденіс- табиғатпен берілетін қасиеттің ажырамас бөлшегі.

Жаңа әсер алу, көп білуге құштарлық, үнемі қадағалауға және эксперимент жасауға ұмтылу, әлем туралы жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеу бала мінезінің маңызды белгілері.Зерттеушілік ізденушілік белсенділік- баланың табиғи жағдайы; ол әлемді танығысы, білігсі келеді. Баланың бұл табиғи белсенділігі зерттеушілік мінез-құлықтың мәні.

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтардың жауабын табуға, іздену барысында түрлі тәсілдерді қолдануға, өз пікірін ашық айтуға, өз бетімен қорытынды жасауға, өзі үшін жаңалық ашуға, қызығушылығын қанағаттандыруға мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде қабылдамай, өз зерттеуі арқылы алады. Біртіндеп көзқарасы қалыптасады.

Білім- ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектепте, яғни бар

ғылымның бастауы- мектеп, »Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында» деп Елбасы бізге үлкен міндет артып отыр. Сондықтан да біздің басты мақсатымыз- білім сапасын жақсарту. Дарынды да , қабілетті оқушыларды ғылымға баулып, ғылым арқылы егемендігімізді нығайтуға өз үлесімізді қосайық құрметті әріптестер.

Қорыта келе оқушы өз бетінше жұмыс жасауды үйреніп, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытып, жаңаны танып-білуге құлшынысы артады.




Қ. Рысбеков атындағы №5 негізгі орта

мектеп- интернатының директордың

ғылыми ісі жөніндегі орынбасары

Кунпейсова Туғанай Замамбековна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!