Материалдар / Оқушылардың ғылыми жобаларына жетекшілік жасау арқылы функционалдық сауаттылығын арттыру

Оқушылардың ғылыми жобаларына жетекшілік жасау арқылы функционалдық сауаттылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жалаы орта білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне және жалпы педагог қызметкерлерге оқушылармен ғылыми жоба жасауда тигізетін зор көмегі бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2021
356
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аннотация

«Оқушылардың ғылыми жобаларына жетекшілік жасау арқылы функционалдық сауаттылығын арттыру» атты бұл еңбекте болашақта өмірін интеллектуалдық еңбекпен, ғылыммен байланыстырғысы келетін оқушылармен жұмыс істеу жолдары түсінікті тілмен баяндалған.



Аннотация

В работе «Развитие функциональной грамотности учащихся через метод научных проектов» доступно изложены методы работы с учащимися, желающими связать свою жизнь в будущем с интеллектуальным трудом, с наукой.


Annotation

The methods of working with students who want to connect their life with intellectual work and since in the future are clearly presented in the area of "Development of functional literacy of students through the method of scientific projects".



Кыдырмолдин Амангелды Шаймуратович

Кусаинова Лаура Кусмановна

Тарбағатай ауданы Шығыс Қазақстан облысы


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫНА ЖЕТЕКШІЛІК ЖАСАУ АРҚЫЛЫ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ


РАЗВИТИЕ ФУНКЦИОНАЛЬНОЙ ГРАМОТНОСТИ УЧАЩИХСЯ ЧЕРЕЗ МЕТОД НАУЧНЫХ ПРОЕКТОВ


DEVELOPMENT OF FUNCTIONAL LITERACY OF STUDENTS THROUGH THE METHOD OF SCIENTIFIC PROJECTS


«Маған жай айтсаң – ұмытамын,

көрсетсең – есімде сақтаймын,

ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң – үйренемін!»

Қытай философиясы



Функционалдық сауаттылық нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал ететін факторларлардың біріне PISA көшбасшы елдері оқушыларды қосымша біліммен және мектептен тыс сабақтармен қамтуды жатқызады.

Қосымша білім беру мазмұнына балалардың интерактивті парктерін, технопарктерін, балалардың ғылыми мұражайларын құру арқылы оқытудың жаңа технологиялары интерактивтік, инновациялық ұйымдастыру нысандары енгізілсе, сапалы бейінді оқытуды ұйымдастыру үшін жас техниктердің, натуралистердің, туристердің жұмыс істеп тұрған станциялары қазіргі заманғы интерактивтік техникамен, жабдықтармен және технологиялармен жарақтандырылуы деген сөз.

Тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын, қабілетінің дамуын ескере отырып, білім беру ресурстарына (функционалдық сауаттылығына) қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қосымша білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердің қызметін біріктіру қамтамасыз етілді. Бұл тұлғаның кәсіптік тұрғыда өзін-өзі анықтауына және оқушыда шығармашылық және инновациялық қызметке деген қажеттілікті қалыптастыруға ықпал ететін болады.

Жалпы білім беретін мектептегі және мектептен тыс ұйымдардағы әртүрлі бағыттағы үйірмелер, секциялар желісін кеңейту есебінен балаларды қосымша білім берумен қамту ұлғайтылуда. Басты назар ғылыми-зерттеу жобаларына, техникалық шығармашылыққа, өнертапқыштыққа, модельдеуге, нанотехнологияларға, робот техникасына, лего жобалауға және т.б. аударылады.

Осы тұрғыда оқушылардың шығармашылық зерттеу жұмыстары иен ғылыми жобаларының конкурсына оқушы дайындау тәжірибеммен бөліскім келеді. Аталмыш конкурс жоспарлы түрде аудандық, облыстық, республикалық кезеңдермен өткізіліп келе жатыр.

Байқаудың басты мақсаты – балалардың танымдық қызығушылықтары және зияткерлік шығармашылық әлеуетін ынталандыра отырып, функционалдық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Байқаудың міндеттері:

- оқушылардың зияткерлік шығармашылығын мектеп жасынан дамыту, бала кезінен ғылыми ізденіс жұмыстарына қызығушылығын ояту;

- ғылыми-техникалық және зияткерлік шығармашылық саласында қабілетті және дарынды балаларды айқындау, оларға қолдау көрсету;

- оқушылардың жоғары жетістіктерін, білім беру ұйымдарының оқу және ғылыми ізденістегі жұмыс тәжірибесін, өзара қарым-қатынасын ұйымдастыруды насихаттау және таныту;

- педагог кадрлардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;

- қоғамның зияткерлік әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару.

Жұмыстың ең басында өзектілігі мен ғылымилығы ескеріле отырып, тақырып таңдалады. Тақырыптарды негізінен үш топқа бөлуге болады:

- қиялға негізделген құбылыстарға бағытталған фантастикалық тақырып;

- өзіндік бақылаулар мен эксперимент жүргізу және практикамен тығыз байланысты эмпирикалық тақырып;

- түрлі қайнаркөздерден алынған деректермен, материалдармен танысу жұмыстарына бағытталған теоретикалық тақырыптар.

Тақырыптан кейін зерттеу обьектісі анықталып, кезеңдерге бөлініп, толық жоспарланады. Зерттеу кезеңдері:

- мәселе бойынша ғылыми-теориялық әдебиеттермен танысу;

- ғаламтор және басқа дерек көздерінен мәліметтер жинау;

- осы материалдарға сүйене отырып, іс жүзінде зерттеу жүргізу;

- зерттеу нәтижелеріне анализ, талдау жасау;

- алынған нәтижелерді қорытындылап, қағазға рәсімдеу.

Жұмыстың жалпы көлемі ережеге сәйкес көлемде болуы тиіс:

1. Бетпарақ (талапқа сәйкес толтырылады)

2. Мазмұны

3. Толық мәтін

- Кіріспе бөлім

- Негізгі бөлім (теория және зерттеу болып бөлінеді)

- Қорытынды бөлім

4. Пайдаланылған әдебиеттер

5. Аннотация

6. Пікір (жетекшінің және маманның)

7. Қосымша (егер бар болса)

Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда жоғарғы оқу орнының ғылыми қызметкерлерімен, ғалымдарымен тығыз байланыс орнатудың маңызы зор. Баланың жас ерекшелігіне сай тақырып таңдау, обьектіні анықтау мен зерттеу жолдарын үйрену, жұмысты сауатты рәсімдеу мен пікір жазу сияқты маңызды кезеңдерде ғылыми жетекшінің кеңесі мен тәжірибесі көмекке келмек.

Жобаны қорғау кезінде межелі уақытты ұтымды пайдаланумен қатар, қажетті көрнекіліктер, сызба, суреттер,макеттер мен тәжірибелерді тиімді пайдалану презентация мазмұнын аша түсері сөзсіз.

Осы тұрғыда аудандық білім беру бөлімі тарапынан ұйымдастырылған «Білім әлемін ашамыз» атты конференцияда «Оқушылыардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» атты жинақта тәжірибеміз таратылды. Жұмыстың сапасы өзіндік даралығымен, шығармашылық ізденісімен, мәселенің терең талқылануы, сұрақтарға жауаптың толық болуы және жұмыстың сауатты рәсімделуімен бағаланады десек, нәтиже де жоқ емес. Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде дайындаған оқушыларымыз 2015, 2017, 2018, 2019 жылдары жүлделі орындарды иеленіп, облыстық білім беру басқармасы басшысының грамотасымен марапатталдық.

Қорыта айтсақ, педагог үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын сапалы бейінді оқыту арқылы жүзеге асыруда, ғылыми жобаларға жетекшілік жасау тиімді де қызықты әдіс. Ал өзінің өмірін интеллектуалдық еңбекпен байланыстырғысы келетін оқушы үшін тіптен маңызды қадам болмақ. Ең бастысы құнды білім өзіндік шығармашылық ізденіспен ғана келеді.





Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

2. Жексенбаева У.Б. Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Алматы 2006

3. Савенков А.И. Маленький исследователь. Ярославль 2002

4. www.massaget.kz

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ