Оқушылардың химия пәнінен
функциялық сауаттылықтарын арттыру
жолдары
Мемлекет болашағы, алға басуы
және Қазақстанның дамуы мен тұрақтылығының жүзеге асырылуы жас
ұрпаққа сапалы және саналы түрде білім берумен айқындалады. Қазіргі
қоғамдағы жас ұрпаққа қойылатын басты талап- жан-жақты дамыған, өз
ойын жеткізе білетін, түйінді құзіреттіліктері мен қоса функциялық
сауаттылықтары қалыптасқан тұлға.
Функциялық сауаттылық-
тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп
саналатын оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін
білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады.Функциялық сауатты
адам қоғамда болып жатқан өзгерістерге сәйкес әрекет етеді. Қазіргі
өмірге қажетті кәсіп таңдап, дұрыс шешім қабылдайды, заманауи
ақпараттық технологияларды меңгеріп, кез келген әлеуметтік ортаға
бейімделеді. Осы тұрғыдан функциялық сауатты адамның негізгі
белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық өмірде, қоршаған ортада
өмір сүре алатын, басқа адамдармен тез тіл табысатын, өзіне тән
белгілі бір қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік
құзіреттіліктерді меңгерген адам болып
саналады.
Функциялық сауаттылықтар
негізіндегі құзіреттіліктер:
-
Тұлғалық құзіреттіліктер:
өзін-өзі тану қабілеттерінде, заманға сай тұлғалық қасиеттерін
дамытуда; қоғамда өз орнын табуда, кез-келген жағдайда дұрыс шешім
қабылдай алуда, өздігінен білім алуда және өздігін дамытуда көрініс
табады;
-
Азаматтық құзіреттілік:
белсенді азаматтық қасиеттерін қалыптастыруда, өзінің еліне, жеріне
деген сезімінде, Отанға сүйіспеншілігінде және оған қызмет етуінде,
өз халқының және басқа да халықтардың тарихы, мәдениеті және ұлттық
құндылықтарын сыйлауда көрініс табады;
-
Басқарушылық құзіреттілік: әр
түрлі қоғамдық жағдаяттарда өздігінен шешім қабылдай білуде,
тәжірибе кезінде білімдерін толық пайдалана алуында көрініс
табады;
-
Ақпараттық құзіреттілік:
ақпаратты өз бетінше іздеу, талдау, өңдеу, жіктеу, синтез жасау,
қайта жөндеу, сақтау және бере білуінде, оны оқу үдерісінде
пайдалануда көрініс табады;
-
Технологиялық құзыреттілік:
заманауи ақпараттық және техникалық құралдарды пайдалана алуында
көрініс табады.
Бұл құзыреттіліктер
оқушылардың функциялық сауаттылығының құраушысы болып, оқушының әр
түрлі өмірлік салаларда тиімді өмір сүруіне мүмкіндік беретін
дағдылары мен қабілеттерін қамтамасыз
етеді.
Мектепте функциялық
сауаттылықты іске асыру теориялық және практикалық сабақтарда,
қосымша сабақтарда, пән бойынша сыныптан тыс іс-шаралар өткізуде,
оқушылардың ғылыми қоғамдарында жүргізіліп келеді. Оқушылардың
функциялық сауаттылығын қалыптастыру сабақтың әр кезеңінде әр түрлі
өтеді. Сыныптан тыс іс-шаралар оқушылардың функциялық
сауаттылықтарын қалыптастыруға игі ықпал етеді. Сабақта
эксперименттік тапсырмаларды орындау кезінде шығарма, эссе,
химиялық диктант секілді шығармашылық жұмыстарды атқару уақытында
өздерінің білімдік функциясы негізінде жазады. Бұл оқушылардың
жүйелі біліміне негізделеді. Оқушылардың функциялық сауаттылығы
орта мектеп оқушысының белгілі бір деңгейдегі білімінің жиынтығын,
соның негізгі құзыреттіліктерін білуі, оны тиімді қолдана
білетіндігін көрсетеді. Мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын
қалыптастыру – проблеманы шешуді, қажетті ақпаратты табуы, оз ойын
айта білуі ретінде көрініс табады. Функциялық сауаттылықты табысты
ету үшін тиімді жұмыс жүйесін құру қажет:
-
Әр түрлі пәндердің тақырыптық
материалдарынан тапсырма даярлау керек;
-
Әр түрлі ақпарат даярлау
(мәтін, кесте, сызбалар) қажет;
-
Шығармашылық тапсырмаларды
сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда қолдануды көбейту
керек;
Сонымен қатар, сабақ барысына
мынадай ерекше мән беру керек:
Сабақты жоспарлау мен
дайындаудағы құзіреттілік:
-
жұмыстың жоғары
қарқындылығы;
-
оқушылардың зейінін аудару мен
шоғырландыру;
-
материал формаларының
әртүрлілігі: фото, видео, аудио,
компьютер.
Сыныпты басқарудағы
құзіріттілік:
-
оқушылардың барынша толық
қатысуы;
-
тапсырмалар мен жұмыс
формаларының түрлілігі;
-
мұғалім мен оқушылар
арасындағы ынтымақтастық.
Белсенділік пен дербестікті
қамтамасыз ететін әдістерді қолдану:
-
Топтағы және жұптағы өзіндік
жұмыс
-
Оқушылардың эмоционалды көңіл
күйі көтеріңкі болуы, еліктеуі;
-
Оқушылар арасында байланыс
орнату.
Оқушылардың функциялық
сауаттылық мазмұны келесі құзыреттіліктерден
көрінеді:
Функциялық сауаттылыққа
кіреді
Оқу мен жазудағы
сауаттылық
Жаратылыстану ғылымдарындағы сауаттылық
Математикалық
сауаттылық
Компьютерлік
сауаттылық
Ойлау
дағдыларының негізінде
Құқықтық сауаттылық
Іс-әрекет дағдылары мен
білімдік құзыреттіліктер
Денсаулық мәселесіндегі сауаттылық
Өмірлік
дағдылар
Жаратылыстану пәндерінің
ішіндегі химиядан игерілетін функциялық сауаттылықтарды
қарастырайық:
Оқушылардың химия пәні бойынша
сауаттылықтарын жоғарылату үшін ең алдымен мұғалім және оқушы
арасындағы қарым-қатынасқа көңіл бөлу қажет, оқушылардың
практикалық және эксперименттік жұмыстарында өз бетімен білімі мен
біліктілігін шыңдауға, алған теориялық білімдерін іс жүзінде
қолдану дағдыларын қалыптастыруға үйрету керек. Химияның ең алғаш
оқып бастағаннан оқушының функциялық сауаттылығын арттыруға ықпал
жасау керек. Оқушыға білім берудің басты міндеті- оны
әлеуметтендіру. Ал мектептің міндеті – оқушының әлеуметтенуі үшін
жағдай жасау. Әлеуметтендірудің алғашқы шарты – сауаттылық болып
табылады.
Химиялық сауаттылық түсінігіне
оқушының есеп шығаруға арналған дәстүрлі дағдыларынан басқа
теориялық білім алу, химиялық тілді меңгеру, қарапайым логикалық
ойлауды меңгеруі жатады.функциялық сауаттылықты меңгерген оқушылар
мектептен тыс өмірде әртүрлі химиялық заттардың нұсқаулықтарын,
оларды қолдануға арналған түсіндірмелерді, кір жұғыш ұнтақ,
тазартқыш ұнтақтар, ерітінділер дайындау, консервілеу, тұздау,
дәріні қабылдауға арналған нұсқаулықтарды оқи
алады.
Х
имиядан функциялық сауаттылықтарын
қалыптастыру
Функциялық сауаттылықты дамыту
аясында химия пәні мазмұны төмендегідей біліктілікті қамтамасыз
етуі тиіс:
химия мазмұнын басқа
ғылымдармен кіріктіру негізінде қоршаған орта мен тірі ағзалар
заттардың өзара байланысы мен бірлігі туралы дуниетанымын
қалыптастыру;
қоғамның материалдық,
интеллектуалдық және мәдени саласын қайта қалыптастыруды химия мен
химиялық технологиялардың ролі туралы тұтас түсінік
қалыптастыру;
химиялық іргелі білім, ғылым
мен техниканың қазіргі ашылулары арасындағы логикалық өзара
байланысты жүзеге асыру;
химия пәні мазмұнының
қазақстандық компонентін жүзеге асыру:әлемдік озық тәжірибелерге
бейінді оқытуға бағдарлау негізінде қазақстанның химиялық өндіріс
сұранымдарын ескеру;
ЖОО,ҒЗИ және өндірістермен
өзара байланыс негізінде жобалар, зерттеу жұмыстарын жасауды
оқушылардың химиялық білімдері мен зерттеушілік қабілеттерін
қалыптастыру.