Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын
психологиялық диагностика арқылы анықтау және
дамыту
Қазіргі кезде тәуелсіз мемелекіміздің алдыңда жас
ұрпаққа берілетін білім мазмұның жаңарту және оны игеру мәселесі
ерекше орын алып отыр. ХХІ ғасыр-білім ғасыры, бәсеке ғасыры,
еліміздің дүниежүзілік өркекниетке ұмтылған өрлеу ғасыры.
Нарықтық экономиканың өмірге дендеп енуіне байланысты оқу-тәрбие
жұмысына өзгерістер енгізілуде. Ұлтымыздың алтын кені болатын
дарынды балаларды тәрбиелеудің негізгі орталығы –
мектеп.Ж.Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи
қасиеттермен, қабілеттеріменен келеді. Ал баланың
бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын оқу мен тәрбие.
Қабілетті, дарынды балаларды айқындау, оларды топтастырып, белгілі
сала бойынша тереңдетіп оқыту, әсіресе ұлттық дәстүрімізбен
мәдениетіміздің бойына сіңіре тәрбиелеу және дамыту қажет.Дарынды
балаларды оқыту мен тәрбиелеу ұйымдастырудағы басты міндет –
балалардың қабілеттері мен таланттарын жан – жақты аша түсу үшін
дарындылық ерекшеліктерін (түрі, деңгейі т.б.) анықтау мен айқындау
болып табылады.Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын таңдаумен
байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен
анықтау мүмкін емес (мысалы, сынақтан өткізу). Дарынды баланы
тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау
қажет.Баланың дарындылығын бағалағанда қателесу ықтималдылығын
барынша төмендету қажет, өйткені ғалымдардың өзі дарындылық атты
таңқаларлық құбылысқа тән белгілер күрделі, сан қырлы және көп
деңгейлі болғандығы нақты анықтама бере алмай отыр.Дарындылық үнемі
шығармашылықпен тығыз байланысты. Шығармашылық дарындылық
тұжырымдамасын ұзақ жылдар бойы зерттеген А.М. Матюшкин
«шығармашылық деңгей-дарындылықты дамытудың негізі» -деп баға
берген.Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай қабілеті, белгілі бір
іске деген бейімділігі жас кезеннен-ақ белгілі болады.Халқымыздың
ұлы ұстазы Абай өзінің қара сөздеріңде «Бала өмірге келгендегі
қабілеттерін ары қарай дамытып, шыңдау қажет. Ол назардан тыс
қалса, бара-бара жойылып, жоқ болады»,-деп атап
көрсеткен.
Бейімділік қабілет дегеніміз – тұлғаның белгілі
бір іс — әркетпен айналысуға бет бұрып, оған көңілінің аууы, яғни
оянып келе жатқан қабілетінің алғашқы белгісі.
Сондықтан бала кезде ерекше көзге түсетін
бейімділіктерін келешекке олардың қабілеттерінің ерекшеліктері
екенің ескере отырып, дер кезіндекөре біліп, оған сай қабілеттерді
дамыту мүмкіндігін жасау мақсатында гимназиямыздың төменгі сынып
ата-аналарыменнен «Балаңыздың қабілетін қалай анықтауға болады?» ,
«Кіші жастағы оқушылардың қызығушылық картасы», «Дарындылық
картасы» әдістемелері жүргізіледі.
Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен
тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі таңда ауадай қажет.
Дарынды баланың ерекше
белгісі:
-
Ешкімге ұқсамайтын өзгешелігі;
-
Танымдық қызығушылық қабілетінің
жоғарлауы;
-
Есте сақтау, зейін, елестету ой-өрісінің жоғары
болуы;
-
Ойлау қабілетінің дәлдігі;
-
Шешімдер қабылдаудағы
ерекшелігі.
Дарынды балаларда кездесетін
қиындықтар:
-
Өзі қатарлас балалардың шешуі қиын ойларды игере
алмауынан жалығу;
-
Өзінен интеллектісі төмен балаларға шыдамдылық
танытпауынан;
-
Өз
дәрежесінен артық философиялық ой толғау;
-
Дене қызметі, инттеллектуалдық және әлеуметтік
дамудың сәйкес келмеуі;
-
Өз
уақытынан ерте ішкі қажеттілікке ұмтылудан;
-
Жетістігінен қабылданбаудан, өзін-өзі төмен
бағалаудан;
-
Барлық жағынан биікке
ұмтылушылық;
-
Оқу
жоспарының бала қабілетіне сәйкес келмеуінен;
-
Дарынды балаларға қарап үлкендердің көп талап
қоюы және оның айналасындағы басқа балаларға кері әсерін
тигізуі.
Дарындылықтың қиындық туғызатын жасырын
түрі:
-
Саванта- «Оқымысты-ақымақ».
-
Фанат – бір
жағынан жұмыспен шұғылданады (компьютерлік,
спорттық).
-
Жалқау – Барлық кез-келген ақпаратты білгенімен ештеңе
көрсете алмайды;
-
Тұйықтық – өзін-өзі төмен бағалайтындықтан, өзінің бойындағы
қабілет пен дарындылығын ашып көрсете алмайды;
-
Ұстамсыз – отбасында және өзін қоршаған ортада кикілжінге
тез келетін балалар;
-
Қияли – қарапайым, салмақты, кикілжіңнен өз бойын аулақ
ұстайтын балалар.
Дарынды балалармен жұмыс істеу барысында
педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайына баса назар
аудару керек.
Жеке тұлғаны заманына қарай икемдеп, өз заманының
озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық
бағытта жан – жақты дамыту бүгінгі күннің басты
талабы.
Дарынды баларды анықтау әлі де үлкен проблема.
Б.М.Тепловтың айтуы бойынша «Дарындылық өмірдің даму деңгейінде
қалыптасады, ал қабілеттілік пен қызығушылық одан ертерек пайда
болады».