Оқушылардың қабілеттерін
ескере отырып, терең білім алуына жағдай
жасау
Наушабеков Жомарт
Абаевич
Мен өзімнің әріптестеріммен
бірге, және биология пәнінің мұғалімен бірге 3-тоқсаның соңында
фокус группа құрдық. Зерттеу тақырыбы «Оқушылардың
қабілеттерін ескере отырып, терең білім алуына жағдай
жасау» . Осы тақырыпты зерттеу үшін,
мен 8 сыныбын таңдадым. Бұл сыныпты таңдаған себебім, бірінші
күннен бастап, мен барлық оқушылардың деңгейлері әртүрлі екенін
байқадым. Осы сыныпта биология сабағынан оқушылардын деңгейлері
әртүрлі екенін көрдім. Сол сәттен бастап, сабақты жоспарладым.
“Жұқа линзаның формуласы”, “Жұқа линзаның формуласына есептер
шығару” тақырыптарын таңдадым. Бұл тақырыпты таңдаған себебім,
нормативті құжаттарды зерттеу арқылы, оқу жоспарына сәйкес
оқушыларды тақырыптың теориялық аспектілерімен жай таныстыру емес,
оқушыларда терең түсінік қалдырып, практикалық сабақтарда қолдануын
қарастыру. Мен бұл сабақты өзімнің әріптестерімнің көмегімен
жоспарладым. Сабақты жоспарлағанда, бірінші, өткен тақырыпты
қайталау, екінші, алған нәтижелер арқылы оқушыларды А, В және С
деңгейлерге бөлу және оқушылардың қызықтыру үш топқа бөлу, үшінші,
жаңа тақырыпты ашу. Сабақ жоспарын әріптестеріммен
талқыладық. Мен үшін бұл кезең өте маңызды болды, өйткені мен бұл
тақырыптың практикалық потенциалын көрдім және тақырыпты теориялық
түрде емес практикалық түрде оқушыларға қалай жеткізуді түсіндім.
Бірінші сабақтын тақырыбы “Жұқа линзаның формуласы” бұл тақырып өте
қызықты болғанымен, өзінің қиындықтары болды. Сабақтың мақсаттарын
және критерийлерін біле отырып, мен бірнеше тапсырмаларды
құрастырдым. Сол тапсырмаларды шешу арқылы қойған мақсатымызға
жетуге болатынын көрдім.
Сабақтың оқу
мақсаттары: жұқа линза формуласын
пайдалана отырып, есеп шығару және кескін салынуын
түсіндіру
Жетістік
критерийлері:
- жұқа линзаның формуласын
біледі
- жұқа линзаның формуласын
қолданып, есептер шығарады.
Сабақтың соңында оқушылардың
барлығы сабақ мақсаттарына жетуі қажет.
Оқушылар бірінші сабақтың
басында тест сұрақтарға жауап беру керек болды. Сабақтын ортасында
деңгейлік есептерді шығару және өз деңгейінің есебін шығарып ,
жоғары деңгей есебін шығарды. Оқушылар өздерінің оқу жетістіктерін
өздері бағалай алады.
Сабақ біткен соң сабаққа
қатысқан мұғалімдерден кері байланыс естідім, қайсы оқушы мақсатқа
жетті, қайсы оқушыға мақсатқа жету үшін қиындықтар туындады. А
деңгейдегі оқушыға тестті шығаруда да, жоғары деңгейдегі есептерды
шығаруда да қиындықтар туындамады. Топқа бөлген кезде , өзін сол
топта лидер екенін көрсеті. В топта оқушы тест сұрақтарына жауап
бергенімен, жоғары деңгейдегі есептерді шығаруында қиындықтар
туындады, бірақ мұғалім көмегімен сол есептерді шығара алды, өзі
топтағы лидер жіберген қателерін дұрыстап отырды. С деңгейіндегі
оқушы тестке дұрыс жауап берді, бірақ есептерге келгенде қиындықтар
туындады және топтық жұмыс кезеңінде белсенділігі
төмендеді.
Келесі сабақта қандай бағытта
жұмыс жасау керектігін айқындау үшін сабақ соңында рефлексия
алынды. Сауалнама оқушылардың топтық жұмыстағы өз ойларын білдіруге
итермелейді. Сауалнама сұрақтары арқылы В оқушының неге топ алдында
сөйлеуге ынтасыз екендігі айқындалды, оған негізгі себеп қате
жіберуден қорқыныш екен. А деңгейдегі оқушылар топта белсенді,
бірін-бірі жетелей алады . Келесі сабаққа тапсырмалар құрастыру
барысында С тобы оқушының сенімділігін арттыру үшін оған тақтамен
жұмыс жасауды қажет деп шештік.
Екінші сабақта оқушылардың
игеруі үшін екі оқу жоспарынан 3 мақсат таңдалынып алынды.
Оқушыларды үш топқа бөліп, әр түрлі
практикалық есептер берілді. Экспериментті тапсырмаларды оқушылар
орындай бастады. Бұл жерде оқушылар деңгейлік тапсырмаларды алып
бөлінді, оқушылар тапсырмаларды орындады. Топтың ішінде біреуі
капитан болса, қалғандары капитанмен ақылдасып, тапсырманы орындай
бастады. Әр топтың тапсырмалары әр түрлі болғандықтан, топтар бірі
бірінен сұрай алмады және барлық оқушылардын деңгейлері әр түрлі
болғандықтан бірдей болмасын дедім , себебі деңгейі жоғары оқушылар
тапсырмаларды ертерек бітіріп қойып, қалған топтарға көмек бермесін
деп ойладым. Сабақтың мақсатын ескере
отырып, біз дифференция жасауға мүмкіндік беретін біршама
тапсырмаларды, бағалау критерийлері мен дескрипторларды
құрастырдық.
А деңгейіндегі оқушылар барлық
мақсаттарға жетіп, барлық тапсырмаларды орындап мақсатқа жетті. В
деңгейіндегі оқушылар да мақсатқа жетті. С деңгейіндегі оқушы өз
деңгейіндегі оқушылар алдында лидер екенін
көрсетті.
Қорытындылай келе Lesson Study
тобының зерттеу нәтижесі бойынша әріптестеріммен бірге әр
тапсырмаға сай дескрипторлар мен бағалау критерийлары құрастырылды,
сол дескрипторлар бойынша бақылауға жауапты мұғалімдер А, В, С
деңгейіндегі оқушыларды сабақ барысында бақылап олардың жұмысты
орындау ретін қадағалап, тіркеп отырды. Осы бақылаулар келесідей
қорытындылар жасауға себеп болды
Сұрақ-жауап түрінде
өткізелітін сабақ кезеңдері барлық деңгей оқушыларының белсенді
қатысуын көрсетті. Синтез, талдауды қажет ететін сұрақтар А деңгейі
оқушыларында үлкен қызығушылық тудырмады. Есептерді жеке орындау А
тобы оқушылары үшін қиындық тудырды, бұл олардың жеке жұмыс жасауға
сенімсіздігінің салдары деп есептейміз.Топтық жұмыс барысында А
тобы оқушылары белсенділігі артты.
Тәжірибелік жұмыс барысында А
тобы оқушылары белсенділігі төмен болды, бұл олардың ғылыми зерттеу
дағдыларының төмендігінен орын алуы мүмкін. Сол себепті келешек
сабақтарға оқушыларда зерттеушілік қасиеттерді дамытуға бағытталған
тапсырмаларды енгізу маңызды. Талдауды қажет ететін сұрақтар С
деңгейі оқушыларында өте жақсы қызығушылық тудырды, сол себепті
саралау кезінде оларға жоғары ойлау дағдыларын қажет ететін
тапсырмаларды қарастыру керек.
Қoлдaнғaн
әдeбиeттeр:
-
«Нaзaрбaeв Зияткeрлiк
мeктeптeрi» Дeрбeс бiлiм бeру ұйымы oқушылaрының oқу жeтiстiктeрiн
критeриaлды бaғaлaудың жүйeсiн eнгiзу тұжырымдaмaсы / nis.edu.kz
сaйты
-
Нeгiзгi oртa бiлiм бeру
дeңгeйiнiң 7-9-сыныптaрынa aрнaлғaн «Физикa» пәнiнeн үлгiлiк oқу
бaғдaрлaмaсы. http://nao.kz/