Материалдар / ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТЫП, БІЛІМ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТЫП, БІЛІМ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда елімізде елеулі өзгерістер болып жатыр. Ол өзгерістер әлеуметті, экономикалық дамуға байланысты болғандықтан жас ұрпақты сапалы білім негіздерімен қаруландыру мазмұнын түбегейлі өзгерту көзделген. Сондықтан қазіргі тәрбие мен білім беретін оқу мекемелерінің алдында жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Яғни, барлық оқу және тәрбие әдістері мен тәсілдерінің, құралдарының, ұйымдастыру формалары мен түрлерінің кешенін жеке тұлғаны толыққанды қалыптастыруға бағыттау керек. Аталған міндетті жүзеге асырудың бір жолы – үздіксіз білім беру жүйесін дамыту, білім беру мазмұнына жаңа көзқарас енгізу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТЫП, БІЛІМ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУ


Қазіргі таңда елімізде елеулі өзгерістер болып жатыр. Ол өзгерістер әлеуметті, экономикалық дамуға байланысты болғандықтан жас ұрпақты сапалы білім негіздерімен қаруландыру мазмұнын түбегейлі өзгерту көзделген. Сондықтан қазіргі тәрбие мен білім беретін оқу мекемелерінің алдында жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Яғни, барлық оқу және тәрбие әдістері мен тәсілдерінің, құралдарының, ұйымдастыру формалары мен түрлерінің кешенін жеке тұлғаны толыққанды қалыптастыруға бағыттау керек. Аталған міндетті жүзеге асырудың бір жолы – үздіксіз білім беру жүйесін дамыту, білім беру мазмұнына жаңа көзқарас енгізу. Ал өсіп келе жатқан жас ұрпағымыздың замана көшінен қалып қоймай білімді, жан – жақты дамыған, кемелді болуы ұстаздар қауымына,

оның орасан зор жауапкершілігі мен өз жұмысына деген дұрыс қарым–қатынасына байланысты екені даусыз.

Жалпы ғалымдардың зерттеулеріне көз жүгіртсек В. Шепель құзыреттілік ұғымына білім,

біліктілік, тәжірибе, білімді пайдалануға теориялық-тәжірибелік дайындық ретінде анықтама береді.

В. Ландшеердің түсіндірмесі бұл анықтамаға қайшы келмейді. Сонымен қатар құзыреттілік ұғымына, П. Симонов, М. Чошановтар өз ойларын білдіріп, талқылаған. Дегенмен, П. Симонов әлеуметтік даярлық туралы айтса, М. Чошанов көбінесе құзіреттіліктің мазмұндық (білім) және процессуалдық (білік) қараушыларына тоқталады. Ал В. Ландшеер құзыреттілік тереңдетілген білім деп түсінеді.

Кейбір сөздіктерде құзыреттілік белгілі бір зат, құбылыс жөнінде пайымдауға, салмақты да

беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсіндірме берілген. Ал, қазір

құзыреттілік дербес және жауаптылықпен әрекет етуге белгілі бір жұмысты орындауға құзыреттілік тілік пен икемділікті меңгеруге жол ашатын психологиялық ахуал, психикалық сапалардың қосылымы ретінде белгіленіп жүр. Құзыретті болу мен құзыретсіз болудың себебі бірдей, ол — адамның жеке тұлға ретіндегі ахуалы, эмоциясының тұрақтылығы мен айнымалылығы, денсаулығының жақсы-жамандығы тағы да басқалары.

Балаларға тәрбиеші тарапынан қолдану негізінде жүйелі жан-жақты терең білім беріледі, пәнге деген қызығушылықтары артады, шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталанады, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көруге асығады, құзыреттілігі қалыптасады.

«Құзыреттілік» – дара тұлғаның өзіндік құзыреттіктері мен статусы шеңберінде қоғамда

ойдағыдай жұмыс істеуге мүмкіндік беретін белсенділіктің әлеуметтік және жеке дара

формасын үйрету деңгейі» деген анықтамасынан адам білімі, біліктілігі және тәжірибесі анық байқалып отыр. Сонымен құзырет құбылыс, яғни оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс әрекеттеріне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс құзыреттілік – сәйкес құзыретке ие болу негізінде іс әрекетті жүзеге асыру құзыреттілік інде байқалатын тұлғалық байланысқан қасиеттердің жиынтығы.

Құзырлылық – баланың өзінің және қоғам өмірінің өркендеуіне жауапкершілігін сезінуі, оған дайындығы мен іс-әрекеттерін көрсетеді. Сондықтан білім беру жүйесі мен әр педагогтың міндеті баланың ізденімпаздығы мен дербестігін дамыта отырып, өз қабілеттерін жүзеге асыруда шығармашылық сипатта іс-әрекет етіп, мәдениет деңгейінің жоғары сатысына жетуде мемлекеттің құқықтық жүйесі мүмкіндіктерін білу, білімі мен біліктіліктерін үнемі жетілдіру болып табылады. Осы мақсатта ғалымдар (А.В. Хуторской т.б.) негізгі құзырлылық түрлерін ұсынды: интеллектуалдық, азаматтық-құқықтық, коммуникативтік, ақпараттық т.б.

Білім берудің негізгі мақсаттарына, әлеуметтік тәжірибенің құрылымы мен жеке тұлға

тәжірибесіне, сондай-ақ оқушы ісәрекетінің негізгі түрлеріне байланысты мынадай білімдік

құзырлықтар маңызды:

1. Құндылық түсінігі құзырлығы – бұл баланың құндылық бағдары, қоршаған әлемді

көре білуі мен түсіну қабілеті, өзінің ондағы рөлін сезінуі, өз іс-әрекетінің мәнділік және

мақсатты ұстанымының болуы, шешім шығара білуі. Бұл құзырлылық меңгерген оқушы

оқу және басқа іс-әрекетте өз білімі мен біліктерін жүзеге асыра білу ісәрекеттеріне ие

болады, нәтижесінде баланың жеке білімдік кеңістігі және оның өмірлік әрекет бағдарламасы

қалыптасады.

2. Жалпы мәдени құзырлылық – таным мен жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық

мәдениет аймағындағы адамның ісәрекет тәжірибесі, адамзат қоғамы мен жеке

халықтардың, адам өмірінің руханиадамгершілік түсінігінің болуы. Оған адам өміріндегі

ғылым мен діннің ролі, әлеуметтік құбылыстар мен дәстүрлер, отбасы мәдениеті, олардың

қоршаған әлемге әсері, баланың оны игеруі мен мәдени тұтастықты сезінуі.

3. Оқу-танымдық құзырлылық – баланың дербес танымдық іс-әрекет арнасындағы

құзырлықтар жиынтығы: білім мен мақсаткерлік, жоспарлау, талдау, оқу-танымдық

әрекетті өзіндік бағалау. Оқушы жаңа шығармашылық әрекет дағдыларын меңгереді: нақты

жағдайда іс-әрекет тәсілдерін біледі, мәселені шешуде эвристикалық әдістерді қолданады. Бұл

құзырлылық аумағында баланың сауаттылық талаптары анықталады: шындықты, фактіні

анықтай білу, өлшеу дағдыларын игеру, статистикалық, мүмкіндік және басқа таным

тәсілдерін білуі.

4. Ақпараттық құзырлылық – баланың оқу пәніндегі және білім алу шеңберіндегі,

сондай-ақ қоршаған әлем туралы ақпаратты қолдана білу дағдылары. Түрлі нысаналар

(теледидар, үнтаспа, телефон, компьютер) және ақпараттық технологиялар (бейне,

таспа, электрондық почта, Интернет т.б.) көмегімен ізденімпаздық біліктері қалыптасып,

ақпаратты талдау, саралау, сараптау, сақтау және оны тарата білуге үйренеді.

5. Коммуникативтік құзырлылық – тілдерді білу, айналасындағы адамдармен

сөйлесу, топта жұмыс істей білу дағдысы, түрлі әлеуметтік рольдерді меңгеруі. Оқушы

өзін таныстыра білуі, хат жазу, сауалнама толтыру, өтініш жазу, сұрақ қою, пікірталасқа

қатыса білуі т.б. керек.

6. Әлеуметтік қызмет құзырлығы – азаматтық қоғамдық әрекет шеңберіндегі

(азамат, бақылаушы, сайлаушы, өкіл т.б. рөлін орындау), әлеуметтік қызмет аумағында

(тұтынушы, сатып алушы, өндіруші), отбасы қатынастары мен міндеттері көлемінде,

экономика және құқық сұрақтарында, кәсіби бағдар бойынша білімдері мен тәжірибелерін

меңгеруін көрсетеді.

7. Жеке тұлғалық өзін-өзі жетілдіру құзырлығы – баланың дене, рухани және

интеллектуалдық өзіндік дамуы, эмоционалдық тұрғыда өзін-өзі реттеу мен жүзеге

асыру тәсілдерін меңгеруге бағытталады. Оқушы өз қызығушылығы мен мүмкіндіктері

арқылы өзіндік танымын, қазіргі кезеңдегі қажетті жеке тұлғалық қасиеттерін дамытып,

психологиялық сауаттылығын, ойлау мәдениеті мен мінез-құлық мәдениетін меңгереді.

Сондай-ақ бұл құзырлыққа жеке бас гигиенасы, өз денсаулығы мен экологиялық мәдениет

кіреді.

Бағдарламалық-мотивациялық әрекет оқушылардың өзекті мәселе қоюымен, олардың

белгіленген әрекетке қызығушылық мотивациясымен байланысты.

Қазіргі уақытта маман бойына қойылатын қатал талап пен мұғалім әрекеті арасында,

мұғалімдер дайындаудың типтік жүйесі мен оның жеке шығармашылық әрекеті арасында

қарама-қайшылықтар байқалады. Сонымен қатар педагогикалық оқу орындары түлектерінің

құзыреттілік деңгейіндегі айырмашылықтар жиі кездеседі. Бұл мәселені шешудің бір жағы

мұғалімнің құзыреттігіне де байланысты. Сластенин В.А. тұлғаның кәсіби педагогикалық

бағыттылығын мұғалімнің құзыреттігінің белгісі деп санаған. Ол технологиялық құзыреттілік

мыналарды жатқызады:

тұлғаның танымдық кәсіби-педагогикалық бағытын анықтайтын қасиеттері;

оның психологиялық дайындығын талап ету;

арнайы дайындығы көлемі мен құрамы;

мамандығы бойынша әдістемелік деңгейінің мазмұны.

Ал А.К Маркова болашақ мұғалімнің технологиялық құзыреттігіне мыналарды жатқызады:

кәсіби педагогикалық білім;

кәсіби педагогикалық шеберлік;

кәсіби негізгі қасиеттер, танымдық, мотивациялық сферасы;

кәсіби педагогикалық позициялары (тұрақты қатынас жүйесі, оқушыға, өзіне,

әріптестеріне оның әрекетін анықтайтындай болуы).

Сондықтан да біз технологиялық құзыреттілік жан-жақты және өзара бір-бірімен

байланысты үш компоненттен құралғандығын айтуымыз керек. Олар:

а) кәсіби білім;

ә) кәсіби шеберлік;

б) педагогикалық әрекеттегі кәсіби ерекше қасиеттер.

Осы аталған үш компонент маман тұлғасын дамытуда бір тұтас жүйе ретінде

қолданылады. Сонымен қатар олар бір-бірін қайталамайды, күрделі диалектикалық қатынасқа түседі,

сол арқылы әр компонент педагогикалық әрекет кезінде не құрал, не сілтеме, немесе даму нәтижесі ретінде қолданылады. Кәсіби іс-әрекетін іске асыру барысында мұғалім түрлі педагогикалық әрекет түрін атқарады, жетекші, тәрбиеші, пән мұғалімі, ұйымдастырушы, ұжым мүшесі. Кәсіби міндетін атқару үшін мұғалімге педагогикалық ғылым негізінде әдіснамалы, теориялық білім талап етіледі.

Білім теориясы, оқыту мен тәрбиелеу әдістемесі, жоғары мектепке жетекшілік етумен басқару теориясы. Сондықтан жалпы педагогикалық білім жүйесін болашақ бастауыш сынып мұғалімдері өзара байланысты, өзара шартты, жеке мәнді тұтас жүйе ретінде меңгеруі тиіс.

Қазір еліміздегі білім беру мен тәрбие жүйесін жүзеге асырып жүрген оқу орындары педагог– ғалымдар ұжымдары ұсынып отырған көптеген жаңа идеялар мен жаңа технологиялардың ішінен өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Оқытуды ұйымдастыру формаларын, оқыту әдістері мен тәсілдерін жаңа технологияларды қолдана отырып өзгерту оқушының адамгершілік, интеллектуалдық, рухани, адамзаттық, ұлтжандылық және басқа адами келбетінің қалыптасуына игі әсер етеді. Оқытуды инновациялар, жапаландыру, түрлендіру

оқушылардың оқуға ынтасын, белсенділігі мен қызығушылығын арттырады, өзін-өзі тәрбиелеу мен дамытуға итермелейді, оқу әрекетіне елеулі өзгерістер енгізеді.

«Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің

интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами

келбетінің жетілуіне игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқутәрбие үрдісін тиімді

ұйымдастыруына көмектеседі», – деп көрсетеді С.В. Селевко. Олай болса, қазіргі білім беру

жағдайында оқушылардың құзыреттілігі арттырудың ең тиімді жолы – жаңа технологияларды оқу – тәрбие үрдісіне қарқынды енгізу.

Зерттеп отырған тақырыбымыздың негізгі мән – мағынасын ашу үшін құзыреттілік

ұғымына тоқтала кетейік. Соңғы жылдары құзыреттілік ұғымына деген көзқарастардың ауқымы кеңейе түсті. «Құзыреттілік» ұғымы бүгінгі таңда жан-жақты зерттеліп, талқылануда. Оған педагогика және психология ғылымының зерттеуші ғалымдары түрліше анықтамалар беріп жүр.

Сондықтан да құзыреттілік ұғымының мән-мағынасын анықтауға бағытталған мәселелер көптеген педагогика саласындағы зерттеулерде, ғылыми-әдістемелік басылымдарда кеңінен қарастырылуда.

Жалпы зерттеулерге көз жүгіртсек көптеген ғалымдар, мысалы В. Шепель, В. Ландшеер, П. Симонов,

М. Чошанов, В. Даль, В. Безруков, О. Шахматова т.б. өздерінің жұмыстарында құзыреттілік ұғымын

қарастырып, оған әртүрлі анықтамалар берген. В. Шепель құзыреттілік ұғымына білім, біліктілік, тәжірибе, білімді пайдалануға теориялық-тәжірибелік дайындық ретінде анықтама береді. Кейбір сөздіктерде құзыреттілік белгілі бір зат, құбылыс жөнінде пайымдауға, салмақты да беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсіндірме берілген. Ал, қазір құзыреттілік дербес және жауаптылықпен әрекет етуге белгілі бір жұмысты орындауға қабілеттілік пен икемділікті меңгеруге жол ашатын психологиялық ахуал, психикалық сапалардың қосылымы ретінде белгіленіп

жүр. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде «құзыр» (компетенция) – біріншіден, қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау; екіншіден, тіл мен психолингвистикада тілдің базалық, абстрактілі ережелерін меңгеру деп көрсетілген. Латын тілінен аударғанда құзыреттілік дегеніміз өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі деген мағынаны білдіреді. Ал түсіндірме сөздіктерде «құзыреттілік» ұғымы құзырлықты меңгеруші ретінде қарастырылады.

Тәрбиенің басты міндеттері – мектеп оқушыларының азаматтық жауапкершілігі мен

құқықтық сана-сезімін, руханилығын мен мәдениеттілігін, инициативтілігі мен өзіндік

әрекетін, толеранттылығын, қоғамда нәтижелі әлеуметтену қабілетін және еңбек нарығында

белсенді бейімделуін қалыптастыру. Тәрбие үрдісінде бұл міндеттерді педагогтар мен

оқушылардың құзыреттігін дамыту арқылы шешуге болады.

Құзыреттілік – жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесіне сай

белгілі бір міндеттерді орындауға дайындығы. Құзыреттілік теория мен практиканың бірлігі негізінде жетіледі.Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес, жеке тұлғаның танымға деген әрекетін,

ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген іскерлігінің белсенділігінен көрінеді.

Мектеп тәжірибесінде ұстаздардың құзыреттігін бақылау картасына келесі мағлұматтар кіреді:

Құзыреттілік деңгейлері мен критерийлері:

Арнайы құзыреттілік:

осы кәсіптің тағайындасы мен миссиясын ұғыну;

ұдайы шұғылданып, кәсіби қызметті кәсіп ретінде таңдап алып, кәсіпке айналдыру;

кәсіби іс-әрекет талаптарын игеру, жоғары тиімділік;

жоғары нәтижелерге жету және оның тұрақтылығы;

кәсіби шеберлік;

бір кәсіп аясындағы бірнеше іс-әрекетті меңгеру;

кәсіби ойлау, кәсіби түйсік, кәсіптік мәселелерді шешудегі дербестік.

Әлеуметтік, коммуникативтік құзыреттілік:

өзін белгілі бір кәсіби қауым қатарына жатқызу;

кәсіби қатысым және кәсіби этикалық нормаларды меңгеру;

кәсіби нәтижелердің басқа адамдар игілігіне арналуы, өз кәсібінің тәсілдерімен басқа

адамдарды рухани байыту;

өз іс-әрекетіне деген әлеуметтік жауапкершілік.

Жеке тұлғалық құзыреттілік:

тұрақты кәсіби мотивация, өз кәсібіне адалдығын сақтауға тырысу;

«Мендік» тұжырымның жағымдылығы, өзіндік бағалылық;

басқа іске көше алу қабілеті, әмбебаптық;

саналы түрде рухани баюды көздеу, кәсіп арқылы өзін өзгерту.

Даралық құзыреттілік:

өзін кәсіби кәнігі деп санау;

кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі анықтау үдересінің ұдайы тереңдей түсуі;

өзінің кәсіби қабілетін дамытуы;

мақсатты ойлау мен бөгеттерге қарсы әрекет етудің тұрақтылығы;

өткен тәжірибелерге сүйену, сабақтастық.

Сонымен көптеген зерттеулер мен ғалымдардың еңбектерін саралай келіп, құзыреттілік

дегеніміз жеке тұлғаның теориялық білімін практикалық тәжірибеде көрсете білуге, қандай–да бір міндетті орындауға дайындығы және қабілеті деген қорытынды жасауға болады. Олай болса, құзыреттілік теория мен практиканың бірлігі негізінде жүзеге асады, әрі жетіледі. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес, жеке тұлғаның танымға деген әрекетін, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген іскерлігінің белсенділігінен көрінеді.

Құзыреттілік ұғымының маңызды белгілері болып мынадай критерийлердің жиынтығы жатады:

іскерлік пен білімді меңгеру деңгейі (іскерлік пен білім саласы);

іскерлік пен білімнің кеңдігі және диапазоны;

өз жұмысын ұтымды ұйымдастырып, жоспарлау қабілеті;

тосын жағдайларда өз білімін қолдана білуге қабілеттілігі (техника, технология, еңбек

ұйымдастыру мен оның шарттары өзгерген жағдайда тез бейімделу).

Сонымен, қазіргі білім беру жағдайында оқушылардың құзыреттігін арттыру өте маңызды

міндеттердің бірі. Оны ұстаздар қауымы да жақсы түсінеді.

Оқушылардың құзыреттіктерін арттырудың психологиялық – педагогикалық шарттары болып

мыналар табылады:

оқу тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен қолдану;

оқу – тәрбие үрдісінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру;

оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жаңа оқыту әдіс-тәсілдерін ұтымды

қолдану;

педагогикалық процесте оқушылардың психологиялық ахуалын жақсартуға

бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру;

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!