Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқушылардың шығармашылығын арттыруда география пәнінде құзырлы бағдарлы тапсырмаларды қолдану
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оқушылардың шығармашылығын арттыруда география пәнінде құзырлы бағдарлы тапсырмаларды қолдану
География пәні мұғалімі: Еркінбекова А.С
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы
адамзаттық құңдылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға
бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның
шығармашылық, рухани және күш- қуат мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін
қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін
байыту» деп атап
көрсетілген.
Қазіргі
заманның өзекті
мәселелерінің бірі - өзгермелі әлеуметтік және
экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын , сонымен қатар
айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны
жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру болып табылады. Қазіргі кезеңдегі география пәнінің
мұғалімінің міндеті – жас буынды жан-жақты дамыту, қиялы жүйрік
тұлға ретінде баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын күшейту,
сөйтіп баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына
жол ашатын шығармашыл тұлға қалыптастыру. География пәнін оқытуда
нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру
– негізгі міндет.
«Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама
беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым
Н.Хомский.
Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында
білім, дағды, іскерлік, ерік күш –жігердің
болуы.
Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен
біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық
және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу
қабілеттілігі.
Қазіргі кездегі
білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны
өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық
ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Мына
заманда біздің оқушылардың алдына қойылатын талаптар да
күннен-күнге, жылдан-жылға өсуде. Заман талабы оқушылардың бойында
түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып
табылады.
Ақпараттық
құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты
іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау
және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік
оқушының оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге
қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын
қамтамасыз етеді.
Коммуникатвтік
құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасында
сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, дәстүрді білу,
топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру,
басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу
қабілеттері.
Әлеуметті-құқықтық құзырет - өз елінің
азаматы ретінде өзінің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік
қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау,
мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті
жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту
жатады.
Негізгі
құзыреттіліктер түріндегі күтілетін
нәтижелер:
-оқушыларды өз
бетінше талдауға
-өз қызметіне
мақсат қоюға
-
жоспарлауға,жинақтауға
-
қорытындылауға, салыстыра
дәлелдеуге
- сыни тұрғыдан
шешім қабылдауға
- өзін-өзі
бағалауға
- өзін-өзі
реттеуге
- өзін-өзі
түсінуге
- өз әрекетінің
әлсіз және күшті жақтарын көрсете
білуге
- нені
меңгергенін,нені меңгермегенін
анықтауға
- өз білімін
өзгермелі жағдайларда қолдана білуге
үйрету.
Құзыретті оқушы
даярлау мақсатында оқушылардың іс-әрекетін белсендіруге және
қарқындандыруға негізделген технологиялардың бірі «Проблемалық
оқыту». Ерекшелігі: оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың
танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту, білетіні және
білмейтінінің арасындағы қайшылықтарды ашу әрі проблемалық
міндеттер қою.
Сол себепті,
география пәнін оқытуда проблемалық оқыту технологиясын қолдану
тиімді деп ойлаймын. «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік
географиясы» пәнінен «Отын-энергетика кешені» тақырыбы бойынша
оқушылар берілген тапсырмаларда көмір өнеркәсібі маңызды болып
табылатын аймақтардың алдыңда экономикалық, әлеуметтік, экологиялық
қандай мәселелер тұрғандығы, бұл мәселелерді қалай шешуге
болатындығын қарастырып, анықтап, жетістігін дәлелдеді. Сабақ
соңында байқалғаны, осы проблемалы тапсырмалар оқушы сезіміне
молырақ әсер етіп,олардың қызығушылығын артырып, оқушыны ізденуге
жетелейді. Проблемалық тапсырма нәтижесі оқушының өз бетінше
еңбектенудегі дағдысы мен қабілеті, іскерлігінің жетілгендігін
көрсетеді.
Жеке тұлғаның құзыреттілігін дамытуда жүргізілетін шығармашылық
жұмыстардың нәтижесінде оқушының негізгі құзырлылығы
анықталады:
1. Құндылықты бағдарлы құзырлылық –
оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын қабілеті,
жоғары әдептілік құндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі,
азаматтылығы мен елжандылығы.
Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді.
2. Мәдениеттанымдық
құзыреттілік -
жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізінде іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке,
отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін,
этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу.
Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну.
3. Когнитивтік құзыреттілік –
оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық үрдісін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық.
Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді,
тиімді жоспарлай білуді,
сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік,
зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін қарастырады.
4. Коммуникативтік құзыреттілік –
адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді,
түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс дағдыларын,
қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды,
өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана білу білігін,
мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде,
халықаралық қатынаста шетел тілінде қатына дағдылары болуын қарастырады.
5. Ақпараттық технологиялық құзыреттілік –
бағдарлай білу,
өз бетінше іздей білу,
талдай,
таңдай білу,
өзгерте білу,
сақтай білу,
білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу.
6. Әлеуметтік қарым-қатынас құзыреттілігі –
отбасылық,
еңбек,
экономикалық,
саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді.
7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі.
Бұл құзырет отбасылық,
еңбек,
экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді.
Оқытудың сапасы бойынша күтілетін нәтижелер тұрғысынан жетілдіруді оқытудағы құзырлылық тәсіл қамтамасыз ететін болғандықтан,
оны жүзеге асыру үшін білім мазмұнынан білім,
біліктілік,
дағдыда шығармашылық іс-әрекет тәсілдер мен эмоционалдық-құндылық қатынастар тәжірибесіне негізделген түйінді құзырлылықтарды дамыта білу керек.
Оқушы құзырлығын дамытуға бағытталған тапсырмалар:
Құзырлық: мәселені шешу
-
Тапсырма
Ай – Жердің жалғыз табиғи серігі. Оның біздің ғаламшарымызға әсері өте үлкен. Алайда, астроном ғалымдар Айдың біртіндеп Жерден алыстап бара жатқандығын дәлелдеуде. Егер осы тұжырым орындалса, оның қандай салдары болуы мүмкін. Өз жауаптарыңды келтір.
Жауап нұсқалары:
-
Жерде температура біршама төмендейді.
-
Жер ғаламшарында бір жыл мезгілі болады.
-
Толысу мен қайту толқындары қалыптаспайтын болады.
-
Түнде белсенді өмір сүретін тірі ағзалар жойылады.
-
Еш өзгеріс болмайды.
Құзырлық: мәселені шешу
-
Тапсырма
Суретте, атмосфераның газдық құрамына өсімдіктердің әсерін көріп отырмыз. Жер ғаламшарындағы орман ағаштарының шексіз кесілуі неге әкелуі мүмкін.
Өзіңнің жауабыңды дәлелде.
Жауап нұсқалары:
-
Атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері көбейеді.
-
Атмосферадағы оттегінің мөлшері көбейеді.
-
Ауа мөлдірленеді.
-
Атмосфера ылғалы көбейеді.
-
Еш өзгеріс болмайды.
3-Тапсырма
«Географиялық карта және жергілікті жердің планы»
Қала сыртындағы саяхатқа шығу үшін суретте көрсетілген жерлердің планда қалай бейнеленетінін анықтау керек:
Жауабы: А-4, В-3, С-1,Д-2
4 -Тапсырма
Құзырлық: мәселені шешу
Қызыл теңіз дүние жүзіндегі ең тұзды теңіздердің бірі. Жоғары тұздылықтың қалыптасуына не әсер ететіндігін төменде берілген жауап нұсқаларының ішінен дұрыс тұжырымды таңда.
Жауап нұсқалары:
-
Теңізге келіп құятын өзендердің көптігі оның тұздылығын жоғарылатады.
-
Суының тұздылығы жоғары Үнді мұхитының суымен Қызыл теңіз байланысты болғандықтан тұздылық жоғары болады.
-
Жауын-шашын мөлшері аз және булану деңгейі жоғары құрғақ солтүстік тропикпен қиылысып жатқандықтан теңіз суының тұздылығы жоғары.
-
Теңіз алабына ірі өзендердің құймауы, оның суын тұщыландырмайды.
-
Жағалаулық бөлікте орналасқан шеткі теңіз болғандықтан, Дүниежүзілік мұхиттағы сияқты тұздылық жоғары болады.
5-Тапсырма
Экологиялық тапсырма
Елді мекен маңындағы батпақты жердегі құрбақалардың шуына, жағымсыз иіске тұрғындар шағымданғандықтан. Елді мекен әкімшілігі ол жерді құрғатуға шешім қабылдайды. Бірақ арнайы мамандар қоршаған ортаны қорғау үшін оған қарсы болды. Ол маман қандай дәлелдерді алға тартуы мүмкін.
Жауап нұсқалары:
-
Батпақты жерді құрғататын болса оның флорасы мен фаунасы түгелдей жойылады.
-
Жазды күндері өрт қауіпі жоғарылайды.
-
Ол жерді құрғатқаннан құрбақалардың саны көбейеді.
-
Жәндіктердің, сонымен қатар құстардың да саны азаяды.
-
Ештеңе өзгермейді.
6-Тапсырма
7- сынып. Оңтүстік Америка
Оңтүстік Америка – Жер шарындағы ең ылғалды материк. Оның территориясында ең суы мол өзен – Амазонка, ең биік сарқырама – Анхель, ең биік таулы көл – Титикака орналасқан. Осыған қарамастан, Оңтүстік Америка материгінде жер бетіндегі табиғаты қатал шөлдердің бірі – Атакама шөлі орналасқан. Бұл шөлді аймақтың жылдық жауын – шашын мөлшері 100 мм – ден аз, кей жерлерінде 15 мм аз түседі. Кейбір аудандарында жауын – шашын мүлдем жаумайды, ондағы ылғалдың негізгі көзі тұман мен шық болады.ең қызықтысы бұл шөл Тынық мұхиты жағалауында орнласқан. Оңтүстік тропикпен шектеседі.
Атакама шөлінің жылдық жауын – шашын мөлшері көрсетілген диаграмманы анықта.
А Б В
7-Тапсырма
«Литосфера» тақырыбы
Күнделікті өміріңде түрлі – түсті бояуларды қолданасың. Олардың қалай пайда болғанын білесің бе?
Ежелде суретшілер бояуды жасағанда тек тек табиғи түстерді қолданатын.
Тапсырма: төменде берілген минерал мен түрлі түсті бояу жасауға пайдаланатын порошок жасалатын түстердің байланысын анықтап көр:
1) малахит, 2)лазурит, 3) каолин, 4) киноварь;
А – көк; Б – жасыл; В – қызыл; Г - ақ.
Ақпарат көзі: минералдар коллекциясы.
Жауап парағы:
1 _________; 2__________; 3____________; 4__________.
Жауабы:: 1-Б, 2-А, 3-Г,4-В.- 3.
8-Тапсырма
Адамның шаруашылық әрекетінде қолданылатын тау жыныстарын анықта:
|
Қолданылу саласы |
Тау жынысының аты |
1 |
Теміржол құрылысында |
|
2 |
Шосселік жолдар құрылысында |
|
3 |
Ғимараттың, ескерткіштің беткі қабатына |
|
4 |
Үйдің, пештің құрылысында |
|
5 |
Жылу жүйесіне |
|
6 |
Медицинада (сынықта) |
|
7 |
Тамақ әзірлегенде |
|
8 |
Тақтада жазуға |
|
9-Тапсырма
«Евразия. Солтүстік Еуропа елдері»
Сурет және мәтін бойынша қай ел сипатталғанын анықта.
Ақпарат. Бұл ел Еуропалық мемлекет болып табылады. Елдің астанасындағы тұрғын үйлерде түтін шығатын мұржалар жоқ және бұл қалада ит ұстауға тыйым салынған. Бұл елде трамвай, теміржолдар мүлдем жоқ.
Мәңгі мұз бен қар елінде қауын, қарбыз, жүзім, тіпті банан мен ананас өсіріледі.
Аймақта апатты су тасқындары болып тұрады және ол климаттық құбылыстарға, өзгерістерге мүлдем қатысы жоқ.
Тапсырманы орындау парағы:
Сұрақ |
Жауап |
Мемлекет |
Исландия |
Астанасы |
Рейкьявик |
Үйлерде неге мұржа жоқ? |
Ел территоориясында көп кездесетін гейзер сулары жылуға қолданылады. |
Су тасқындарын немен түсіндіруге болады? |
Апатты су тасқындары жанартау атқылауымен тығыз байланысты. Жылудың бөлінуі аралдың мұз жабынын ерітіп, су тасқыны орын алады. |
Жылу сүйгіш өсімдіктерді неге өсіреді? |
Жылу сүйгіш өсімдіктер жылыжайларда өсіріледі. Оны ыстық бұлақтар мен гейзерлердің суларымен жылытып отырады. |
Теміржолдар неге жоқ? |
Теміржолдардың болмауы оның экономикасы арал жағалауындағы аймақтарда қалыптасқан және халықта сол аймақта тығыз орналасқандықтан, байланыс теңіз жолы арқылы жүргізіледі. |
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңы.
Алматы-2008
2. Егемен
Қазақстан. 26.12.2003ж. №332-333 Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы.
3.
Б.А.Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті
арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе»
Алматы-2005
4.
К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық
критерийі»
(ғылыми-практикалық конференция материалдары)
Алматы-2008
5.С.Бахишева
«12 жылдық білім беру және оқушы тұлғасы» Білім кілті
(№1,2006)
6. «Қазақстан
мектебі» журналдары № 3,7 56-58б 2010
жыл
7. К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критериі // «Білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30-32б.