400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДА ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БИОЛОГИЯ ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоба тақырыптары әр оқушының қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып таңдалынады. Бұл ойлау қабілетін дамытуға, оқушының шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етеді. Жобалық жұмысты жүзеге асыру білім алушылар проблемалық жағдайларды анықтайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДА ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БИОЛОГИЯ ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

ТҰРЫСБЕКОВА АЙНҰР ТОЙШЫБЕКҚЫЗЫ

№29 орта мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі, педагог-сарапшы

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы


Қазіргі таңда білім беру процесінде жобалау технологиясын қолдану өзекті болып табылады. Оқушыларды жобалау-зерттеу қызметіне тарту арқылы өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы ынталарын арттыруға, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қарастыруға, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуға және қоршаған ортада өзін өзі көрсетуге бейімдеуге болады. Жобалау кезінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға, олардың ойлау қызметін ынталандыруға, сондай-ақ олардың биологиялық білімдерін практикада пайдалануға болатынын көруге болады.

Жобаны жүзеге асыру барысында жаңа міндеттер, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздестіру әрбір оқушыға топтық іс-әрекетте жеке тұлға ретінде өзін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, биология мұғалімі жобалау қызметін анықтай отырып, әр оқушының жеке мүмкіндіктерін, үлгерімін, темпераментін жҽне т. б. ескере отырып, жұмыс тобының құрамын таңдайды. Жұмыс тобының бір-бірімен тіл табысуы да маңызды. Жобамен жұмыс істеуде зерттеушілік әдістерін қалыптастыру ақпарат көздерімен (ғаламтор желісі, түрлі сайттар, газет-журналдар, оқулықтар) жұмыс істеу, бақылау, эксперимент жасау және дербес шешімдер қабылдау қабілетін дамытады, бұл оқушылардың оқылатын пәнге деген қызығушылығын арттырады және үлгерімі жоғарылайды.

Жоба тақырыптары әр оқушының қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып таңдалынады. Бұл ойлау қабілетін дамытуға, оқушының шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етеді. Жобалық жұмысты жүзеге асыру білім алушылар проблемалық жағдайларды анықтайды. Нақты мәселені тауып, міндеттерді талқылайды, жоспар құрады, мерзімін құрады. Бұл ретте оқушылар тобы жобалау жұмысының әртүрлі проблемалық жағдайларын (экскурсияға, сабақтан тыс (үйірме) немесе үй жұмысына берілген тапсырмалар) шешеді. Оқушылар қажетті ақпаратты іздеумен белсенді айналысып, зерттеу гипотезасын талдайды және дәлелдейді, практикалық тапсырмаларды орындайды (мысалы, далалық зерттеулер кезінде: өсімдік түрлерін анықтау және есепке алу, биоматериалдарды жинау, гербаризация, бақылау күнделіктерін ұйымдастыру және т. б.). Мысалы, «Жануарлар әлемі» жобасымен жұмыс істегенде, олар зоологиялық және экологиялық мәселелерді талқылап, мынандай сұрақтар қояды: «Қандай жануарлар қорғауды талап етеді?», «Жануарлар әлемін қалай сақтауға болады?» және т.б. Топта осы сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар жобаны одан әрі іске асырудың нақты көрінісін табады.

Жұмыс барысында теорияны практикамен салыстыру маңызды бөлік болып табылады Оқушылар эксперименталды жұмыс барысында алынған деректерді жинақтап, қорытынды есептерді рәсімдейді. Мұндай қызмет түрі оларда зерттеу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Сапалы жобалық жұмыс мұғалім мен оқушы, оқушылар топтары мен оқушылар арасында жақсы нәтиже береді.

Қорыта келгенде, қазіргі уақытта, жобалық қызметті ұйымдастыру ерекше өзекті болып табылады. Жобалық іс-әрекет барысында оқушының жаратылыстану ғылымдарын одан әрі зерттеуде қажет болатын зерттеу іскерліктері қалыптасатынын, шығармашылық қабілеті артып, пәнге деген қызығушылығы оянатынын байқауға болады.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Э.Тұрдалиева, Ақынова Ж.Жобалау технологиясын қолдану әдістері // №5, 2006, Б.36-40.

2. Круглова, О. С. Технология проектного обучения [Текст] / О. С. Круглова // Завуч. – 2019. – № 6. – С. 90.

3. Дьюи Дж. Демократия и образование. / Пер. c англ. М.:Педагогика-  Пресс, 2000. – 384 с.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 наурыз
182
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі