Материалдар / Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2019
743
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.    Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек.Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады», – дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын.Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі.              «Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» – дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.             Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «…Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері – әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді». Сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрлымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі.              Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі.Мен өзім Назарбаев зияткерлік мектебінің курсында алған білімдерімді еңгізуде. Сабақтарымда 7 модуль бойынша жұмыстарды ұйымдастырамын. Сондықтан сол салаларға тоқталып өтсем.1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулінде оқушылар диалог арқылы өз білімдерін кеңейтеді. Бір оқушы сабақ айтып тұрғанда қалған оқушылар оның жауабын мұқият тыңдап, оған түсінбеген жерлерінен сұрақ қояды. Жауап беріп отырған оқушы үйден ізденіп, интернеттен қосымша мәліметтерді тауып әкеледі.2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модуль бойынша оқушылар жұппен, топпен жұмыс жасайды. Кейіпкерлерге міңездеме жасайды. Ал сен бұл шығарманы қалай аяқтар едін? -деген сұраққа жауап береді.3.Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау модулін сабаққа кіріктіргенде оқушылар бір-біреуінің іс-әрекетін байқап, өзің және сыныптасынынң білімін бағалауға үйренеді. Менің сабақтарымда оқушылар бағалау критериін шығарып, кесте бойынша бағалайды.4.Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану модулі бойынша оқушылар интерактивті тақтамен қатар, сабақ үстінде интернетпен қолдануға үйренеді.5.Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі күнтізбе жоспарына еңгізілген өйткені әр сабақта мен шығармашылық тапсырманы орындатамын. Оқушылар сабақ барысында кеіпкерге хат жазады, , кеіпкердін іс-әрекетін талдайды. Осы жұмыстарды әсіресе 5-сынып оқушылары қызыға орындайды. Ал, жоғары сыптағы оқушыларға 8-9 сынып оқушылары, мен, сабақ барысында «Қалай ойлайсыңдар кеійпкеріміз дұрыс істеді ме? Сен қандай шешімге келер едін? Сен не істер едін?» деген сұрақтарды қойып, бағыттап жіберемін. Сол кезде көптеген пікірлерге ие боламыз.6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту осы модульді барлығы да қамтиды, өйткені осы модуль бойынша біздің бағдарламамыз құрастырылған.7.Білім берудегі басқару және көшбасшылық Осы модульды мен өзім жақсы көремін , өйткені сабақ үстінде бірнеше рет сыныпты топтарға бөлемін. Кей кезде бір топта бірнеше көшбасшы түседі, олар бәсекелесіп, көшбасшылықты қолға алғысы келеді. Пікірлерін ортаға салады, өз пікірін дәлелдеуге тырысады. 9-сыныпта менің бақылауым бойынша көшбасшы өте көп, Сабақтары өте қызық болып өтеді, Байдуллаев Р., Бекдуллаев Н., Мендыкулов А., Ормантаева А. әр сабақта дауласып отырады. Биыл әдебиет сабақтарымда Қыстаубаева А., Аман Ә. мысалы, жауап бергенде белсенділігін көрсететін болды.Қазақ тілі және әдебиет сабақтарымда:
  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы;
  • Дамыта оқыту технологиясы;
  • Деңгейлеп оқыту технологиясы;
  • Сатылай кешенді технологиясы;
Ақпараттық-комуникативті технологиясыҚазақ тілі және әдебиеті сабағында берілген тапсырмалар:Өлең құрастыру.Бұл жұмысты екі тәсіл арқылы ұйымдастыруға болады.а) Дайын өлең жолдарын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады.Мысалы:«Неткен сұлу, неткен көркем,Осы – менің туған өлкем» - оқушыларға осы дайын өлең жолдары ұсынылып, оны ары қарай жалғастыру тапсырылады.ә) Дайын ұйқастар ұсынылады.Мысалы, «Қазақстан» тақырыбына арнайы ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:… менің,… менің.… өсе бер,… жылың.Оқушының тапсырманы орындауы:Қазақстан – елім менің,Гүлдей болған жерім менің.Көркейе бер, өсе бер,Құтты болсын 20 жылың.Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары.1. Талдау жұмыстары:лексика тақырыбы бойынша толық лексикалық талдауды үйрету.Фонетикалық –математикалық талдауды үйрету.2.“Бес жолды” өлең шығарту.Әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары:
  • Қазақ поэзиясына және прозасына композициялық талдау.
  • Ақынның өмір жолына байланысты хронологиялық кесте толтыру.
  • Ақын-жазушылардың дүниеге келген жерлерін облыс, аудан, аймақ бойынша топтастыру. (кластер бойынша)
  • Кейбір тақырыптарға шығарма, пікір, ойтолғау жаздыру..
  • 1.Ертегі құрастырту
  • 2. Ақындардың стилі бойынша өлең шығарту
  • 3. Диалог құрастырту
  • 4. Әңгіме, ойтолғау жаздыру.
  • 5. Ақындардың өлеңдерін жазып, жаттау.
  • 6. Реферат жазу
  • 7. Әдебиет туралы пікірлер жинату
  • 8. Ақын жайлы айттым сөз (өтіп отырған ақынымыз туралы басқа ақын-жазушылардың айтқан пікірлерін жинату)т.б.
Менің ойымша, осы тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың өзіне деген сезімдері арта бастады. Олар әртүрлі сайыстарға қатыса бастады.5-8 сыныптарға осы тәсілдердің кейбір элементтерін ғана қолданамын. Келешекте бұл әдіс-тәсілдерді толығымен еңгіземін деген ойдамын. Өйткені бұл әдіс- тәсілдерді қолдансан:
  • Еркін,өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін;
  • Ынталы;
  • Өзіне сенімді;
  • сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған,
  • қазақ,орыс,ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерген,
  • сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушыны тәрбиелеуге болады
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі – әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!