Калауова Гульзира
Нурлукуловна
№62 Н.Төреқұлов атындағы
жалпы орта
мектептің
мұғалімі
Оңтүстік Қазақстан
облысы
Шымкент
қаласы
Оқушылардың танымдық,
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қазіргі білім берудің
басты мақсаты-шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең
басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал
өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын
орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін
дамыту- мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндеттерінің
бірі.
Оқушының шығармашылық
қабілеттерін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты
мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат – оқушылардың іскерлігі мен
дағдыларын қалыптастыра отырып шығармашылық жұмысқа баулу,
ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет- оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу,
ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен
міндетті орындау үшін оқушы жастардың шығармашылық әлеуетін
жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет.
Шығармашылық дегеніміз-
оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл
мәселені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше.
Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін-
оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезеңге бөлуге
болады.
Бірінші кезең-жаңаны,
тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға ұмтылу. Бұл кезеңде
әдеби-шығармашық тапсырмалар беріліп, төмендегідей талаптар бойынша
жұмыс жүргізіледі: шығарманы бөлімдерге бөліп, тақырыбын жазып
келу; кейіпкер тобын ажыратып, олардың арасындағы шиеленісті
түсіндіру; шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу;
әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау
жүргізу.
Екінші кезең- қиял,
ұшқыр ой қалыптастыру. Бұл кезең – оқиға құрудың, образ жасаудың
мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі, әңгіме, мақалдарды
жалғастырып жазу және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік беріп,
оқиғаны дамыта отырып шығрамашылық жұмыс істейді. Өз бетінше
іздену- шығармашылық қабілетті ашудың көзі. Бұл бағытта
төмендегідей жұмыстар арқылы оқушының таным көкжиегін арттыра
түсеміз.
-
Логикалық ойын
дамытатын тапсырмалар (сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел,
қанатты сөздер құрастыру).
-
Берілген тапсырманы
түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (мәтінді өңдеу, берілген
мәтіннен диалог құрастыру, мәтін бойынша шешендік сөз
құрастыру).
-
Өз ойынан еркін тақырып
құрастыруға берілген жұмыс түрлері (өлең, ертегі, әңгіме, шығарма
жазу).
Оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамыту үшін басым міндетті оқушының өз
қолына беріп отырған дұрыс. Бұл орайда сыныпты топқа бөліп,
тақырыпқа сәйкес өлең құрастыру, қанатты сөз ойлап табу, шағын
мөлтек сыр жазу тапсырылады («Туған жерге қарыздармыз», «Менің
Отаным - Қазақстан», «Қыздарға әсемдік
жарасады»).
Үшінші кезең –
тапқырлық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі. Бұл кезеңде оқушы белгілі
бір шығармаға өзіндік көзқарас білдіріп, пікір жазады, мәтінге
әдеби- теориялық толық талдау жүргізеді, кіші ғылыми жұмыстарды
қорғайды, әңгіме жазады. Осы үш кезеңнен өткен оқушы нағыз
шығармашыл тұлға болып дараланады.
Сабақ үдерсінде баланың
ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды басты назарға ұстау
қажет. Бала өзінің бұған дейінгі білетін білігінің жаңа мәселені
шешуге жеткіліксіз екенін сезінетіндей жағдайға тірелуі керек.
Сонда ғана ол білуге ықыластанады, әрекеттенеді.
Сабақ үдерісінде
мұғалім ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде болуы тиіс. Әр
оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар
тыңдалады. Оқушы өз тұжырымын дәлелдеуге талпыныс жасайды. Әдіскер-
ғалым Қ.Тасболатов «Проблемалық ситуация тудыру- оқушыларға сұрақ
қойып, оны шешу ғана емес, мұндағы сұрақ әдетте қойылып жүрген
сұрақтардан мүлдем өзгеше. Ол сұрақ оқушыға бейтаныс, өздігінен
ізденіп, өзінше қорытынды жасай білетіндей сұрақ болуға тиіс»
дейді. Бұл орайда оқушыға танымдық сұрақтар қоюдың маңызы
зор.
Бүгінгі мектеп
партасындағы жас жеткіншектің зияткерлік қуаты- мемлекеттің баға
жетпес байлығы. Сондықтан бала бойындағы қабілетті анықтай отырып
қамқорлыққа алу, оны дамыту-баршамызға ортақ.