Материалдар / «Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2018
748
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы Жамбыл ауданы«Қасымбек ауылындағы орта мектеп» КММ



















Б А Я Н Д А М А

«Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары»



Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Т.Д.Шыныкулова

















Қасымбек ауылы, 2018ж.Біраз жылдардан бері «Тілдік дағдыларды қалыптастыру жолдарының тиімді тәсілдері мен түрлері» тықырыбы бойынша жұмыс жасап жүрмін. Зерттеу тақырыбымның мақсаты: Қазақ тілі пәнінде қалыптасқан тілдік дағдыларды ауызекі сөйлеу тілінде қолдана білуге үйрету.Оқушыны тілдік білім негізінде түсінікті сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту. Міндеттері: 1. Оқушылардың алдына түрлі проблемалық жағдайлар туғызу арқылы ойлауға, сөйлеуге түсінуге дағдыландыру.2. Оқушыны сөйлесімдік қарым-қатынастың жаңа тәсілдеріне, қазақ халқының мәдениетіне, ұлттық-мәдени сөйлесім ерекшелігіне баулу.3.Әдепті,сауатты сөйлеу мәдениетін арттыру,тілін дамыту,сөздік қорын байыту.4.Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыру,қазақ еліне,мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: "Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер"- деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу- оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің бірден - бір жолы. Өз тәжірибемде, оқыту барысында алдыма қойған мақсатым - баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның басты ерекшелігі - оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау,сөйлеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Қазақ тілін оқыту барысында қазақ тілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден өз орынын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсу- бүгінгі таңның басты мәселесі.Бірлескен іс-әрекетке негізделген оқытуды тиімді пайдаланған жағдайда келесі нәтижеге қол жеткізуге болады:- оқушының оқуға деген қызығушылығының артуы;- іскерлік дағдысының дамуы;- өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы;- өздігінен оқып негізгі түйінді ойды анықтап алуы;- постер құрастыра білуі,- мақсатқа өз бетімен ұмтылуы;- ойлау белсенділігінің артуы;- шығармашылық дағдысының қалыптасуы;- өзіндік пікір айтуы.Сабақ барысында cыныптағы психологиялық ахуалға ерекше мән беремін, нәтижесінде оқушыларымның өздерін сабақ барысында еркін ұстауын байқадым. Сондықтан сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында, «Шаттық шеңбер» әдісін пайдаланамын. Бір-біріне жақсы тілек айту кезінде олар өздерін еркін және сенімді ұстауды үйренді. Ал сабақ барысында олар бір-біріне құрметпен қарады. Бірін-бірі тыңдауды үйренді. Алғашқы сабақтарымда шудың көп болуы, топқа бөліне алмау қиындық туғызды. Өйткені, сабақ беру кезеңдерінде дәстүрлі сабақ өтуге бейімделіп кеткеніміз көрініс тауып тұрды. Бірақ, балаға не үйретсең соған бейім келмей ме? Қажымай еңбектенудің арқасында сындарлы оқытудың әдіс-тәсілдерін дұрыс пайдалана отырып, сыни ойлауға, топта бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйрете білдім. Үй тапсырмасын тиянақтауда не білетінін анықтау үшін «Ыстық орындық» әдісін пайдаланамын. Осы әдіс арқылы сұрақ-жауаптың "оқушы- оқушы" әдісін қолдану да өз тиімділігін көрсетті. Себебі оқушылар бір - біріне сұрақ қойып, жауап бергенде мен тек сол сұрақтардың дұрыс қойылғандығы мен дұрыс жауап алынғандығына басшылық жасап, өзімді бақылаушы ретінде көрдім.Оның үстіне оқушылар бірінің білмегенін бірі толықтыруға мүмкіндік алды.Өйткені осы тапсырманы орындау кезінде ыстық орындыққа шыққан оқушыларым өздерінің сыныптастарының сұрақтарына жауап беріп отырды.Осы тұста айтып кететін жайт, сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Сабақ жоспарын құру кезінде сабақ мақсатына жету үшін "Не істеймін?","Не істеу керек?"- деген сұрақтарға жауап іздеймін. Осы сұрақтардың төңірегінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. Оқушыларды топқа бөлудің түрлі тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға болады. Топқа бөліп оқытудың бір артықшылығы үлгерімі орта, тұйық оқушылар топтың басқа мүшелерімен диалогқа түсе отырып, өздерінің білмейтіндіктерін үйрене отырып, көшбасшылық қасиеттері ашылады. Топтық жұмыстардың артықшылығы: Оқушылар өзара достық қатынаста болады, бір-бірінен сұрай отырып, білімдерін жетілдіреді, шығармашылық белсенділігі артады.Топтық жұмыста бос отыратын оқушы болмайды.Сабақ бойы оқушылардың барлығы дерлік іс - әрекет үстінде, жұмыс жасау, іздену үстінде болады. Мұғалім осы іс әрекетті ұйымдастырушы және басқарушы болады. Оқушылардан да соны талап етеді.Жаңа сабақ кезеңінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін түрлі сөзжұмбақтар, ойын түрлерін пайдаланамын. Мысалы, "Отан" атты сабағымда оқушылардың сөздік қорларын тексеру үшін түрлі сөзжұмбақ дайындадым. Оқушылар берілген сөздің қазақша баламасын тауып, сабақтың тақырыбын анықтады. Нәтижесінде оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығы оянып, топпен жұмыс істеп, өткен сабақтағы жаңа сөздерді естеріне түсірді. Бұл кезеңді іске асыру үшін Жигсо әдісін қолдандым.Мысалы 7 сыныпта қазақ тілінен өткізген бір сабағымда оқушылар"Зат есім", "Сын есім", "Сан есім" сөз таптары арқылы үш топқа бөлінді. Оқушылар топқа бөліне отырып ой қозғау мақсатында, өз тобының атына мысалдар келтіре отырып, сөйлем құрады және топ басшысын таңдады. Бұл жасалынған іс-әрекеттер балаларға өте ұнады. Өйткені бұл жерде көздеген мақсатым "Бүгін кім кезекші"?, "Сабақта кім жоқ"?- деген жаттанды сұрақтардың орнына керісінше, сабаққа жағымды оқу ортасын, ынтымақтастық атмосферасын құру болатын. Сабақ басында топ басшыларына бағалау парағы берілді, сол бағалау парағына топ басшысы әр тапсырманы орындағаны үшін топ мүшелерін критерий арқылы өзінің топ мүшелерін бағалап отырады. Үй жұмысын «Сұрақ-жауап» әдісі бойынша сұрап, әр оқушының «Сын есім, оның жасалу жолдары» жайында білім деңгейін анықтауға тырыстым. Оқушылардың білім деңгейін анықтау үшін мынадай сұрақтар бердім.1.Сын есімнің шырайлары дегеніміз не? 2.Сын есімнің шырайлары неше түрге бөлінеді?3. Салыстырмалы шырай дегеніміз не? Мысалмен дәлелде.4. Күшейтпелі шырай дегеніміз не? Мысал келтір.Мақсат-мәселені жұпта, сосын ұжымда талқылау және меңгеру. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқып үйренуге деген жауапкершілігі артты. Оқушылар жаңа сабақты меңгеруді шығармашылық іс -әрекеттің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырды. Бұл тапсырма оқушыларға өте қызықты болды. Нәтижесінде, оқушылар Салыстырмалы шырайдың ережесін оқып, бір-біріне түсіндірді, топта талдады, зерделеді, өздері ұйымдаса отырып, ой қорытындысын жасап, жаңа тақырыпты ойлары мен пікірлерін постер қорғау арқылы дәлелдеп шығуға тырысты. Топтық жұмыс жасау кезеңінде 3 топқа мынадай тапсырма беру арқылы постер қорғады.Зат есім тобы: Салыстырмалы шырай; Сын есім тобы: Салыстырмалы шырайдың өнімді жұрнағы;Сан есім тобы: Салыстырмалы шырайдың өнімсіз жұрнағы;Сонымен бірге сабақта ұяң мінезді, көзге түсуден қаймығатын зейінін сабақтан гөрі ойынға көбірек аударатын оқушыларым сабақ барысында белсенділік танытты. Оқушылардың өздерінің талқылауына берілген сабақ оқушылардың өз идеяларын жеткізе алуына көмектесті. Аталған стратегиямен жұмыс жасау маңыздылығы ыңғайлы әрі оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына негізделген болатын.Топтық жұмыс барысында "Ой қозғау", "Миға шабуыл" стратегиялары арқылы оқушылар өткен тақырып бойынша алған білімдерін тағы да ой елегінен өткізіп, білетін ақпаратты еске түсіріп, білмейтіндерін есте сақтап, жұмыс жасайды. Орыс мектептерінде қазақ тілі сабақтарында "Екі жақты күнделік", "Аквариум", "Топтастыру", "Айналым" стратегияларын қолданудың маңызы зор. Оқытуда сыни тұрғыда ойлауды дамытудың стратегиялары өте тиімді. Оқытуда оқушыларды сыни тұрғыда ойлауды үйрете отырып, сыни тұрғыда бағалай білуге үйрету. Оқушыларға оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалауды үйрету өте маңызды қадам болды. Оқушылар жаңаша бағалауға қызыға қарайды. Білімдерін бағалау оқушылардың таңғалысын тудырады. Себебі, бұрын тек мұғалім ғана бағалап келген, енді оқушылар бір - біріне баға қоюға болатындарын білгенде қызығушылықпен қарады. Оқушылар бір бірінің жұмысына талдау жасап, оның жақсы, жаман жағын айтып, баға қою оқушылар арасындағы тығыз қарым қатынасты нығайтты. Сабақта "Топтау", "Түртіп алу", "Ойлану", "Жұпта талқылау", "ББҮ" стратегияаларын қолдану оқушылар жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейте түседі. Орыс мектептеріндегі қазақ тілі сабақтарында тиімді жаңа әдіс-тәсіл-диалогтық оқыту. Диалогтық бөлімдегі сабақтарда сұрақ-тапсырмаларға жауап беру, жекелеген, топтық іздендіру жұмыстары: жаттығу орындау, бірін-бірі тексеру, реферат, тест сұрақтарын әзірлеу, әңгіме құрау, мәнерлеп оқу, танымдық ойындар құрастыру, сызба дайындау - бала білімін оқушылық деңгейге деңін көтеруге мүмкіндік туғызады. Орынды пайдаланған оқыта-үйрету ойындар мен топтық, жұптық жұмыстар қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеуіне мүмкіндік туғызады. Мысалы, "Бір-біріне диктант жүргізу" ойыны бірнеше мақсатқа жеткізеді. Біріншіден, оқушының сабаққа деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушының ауызекі сөйлеу тілін жаттықтырады, үшіншіден, сауаттылығы артады. Бұл ойынның шарты: Балалар 4 адамнан топқа бөлінеді. Әрқайсысына мәтіні нөмірленген (1,2,3,4) кәртішке беріледі. Оқушылар жұп-жұбымен отырады. (1 мен 2, 3 пен 4), Әр жұп өз мәтіндерін оқып, серігіне жазғызады, тексереді. Артынан жұптар бір-бірімен алмасады. Ойын барысында үш жұп құрамы алмасады. Ал қортытынды бөлімінде оқушы білімі тексеріліп, бір-бірін бағалау арқылы жауапкершілік, өз-өзіне сын тұрғысынан қарау қасиетін дамытуға жағдай жасалады. Сөздік жұмысы кезінде оқушылар бір-бірінің тапсырмасын, кейде әркім өз тапсырмаларын тексереді. Жаңа тақырыпты түрлі ойындар, атап айтқанда "Кім жылдам"?, "Кім тапқыр"?, "Сөзден сөз құрастыру", "Сөз ойла, тез ойла" сияқты ойындар арқылы бекіту өз нәтижесін береді.Бағалауда оқушылар өз - өздерін, бір - бірін бағалауды, топтық, жұптық бағалау түрлерін меңгереді. Сабақта оқушылардың білімдерін бірлесе бағалау өте тиімді пайдалы. Оқу мен оқытудағы өзгерістердің бірі сабақ соңында рефлексия жасау болатын. Онда оқушылар алған білімдеріне, тапсырмаларына қорытынды жасап, пікір айтуға дағдыланады, ойын ортаға салды. Нәтижесінде оқушылар өз өздерін реттейді. Жүйелі сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге, талдау жасауға үйренеді. Сабақтың жақсы не жаман, мағыналы не мағынасыз, көңілді не көңілсіз өтуіне байланысты оқушылар эмоцияларын білдіріп отырды. Осыдан мұғалім өзіне қорытынды жасауына, өзіне баға беруіне болады.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында айтқандай: "Болашақта өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім". Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесі басты орынға қойылып отыр. Егер әр педагог өзі таңдаған әдістемелік жолын тың идеяларға негіздей алатын болса, жаңашыл педагогтар шеберлігі арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығы одан әрі артатыны сөзсіз.





Пайдаланған әдебиеттер:1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2012 ж.2. ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтарының біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы бойынша мұғалімге арналған нұсқаулық үшінші (негізгі) деңгей, 2012 ж.3. С.Мерсеитова. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлаудың дамыту нысандары мен әдістері. Қарағанды 2011 ж.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!