Оқушылардың зейінін дамытуға арналған психологиялық кешен

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылардың зейінін дамытуға арналған психологиялық кешен

Материал туралы қысқаша түсінік
Зейінін дамытуға арналған жаттығулар, ойындар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушылардың зейінін дамытуға арналған психологиялық кешен


Мақсаты: кіші мектеп жасындағы оқушылардың зейінін дамыту, оны күнделікті өмірде қолдануды әдетке айналдыру.


1. «Мен және айна» жаттығуы


Бұл ойында оқушылар бір біріне қарап отырады. Әр жұптағы оқушылардың біреуі жағымсыз қасиеті бар адам туралы айтса, оны екіншісі жағымды қасиетке айналдырып отырады.

Мысалы: жалқау – еңбекқор, ұялшақ – батыл т.б. Бірінші бала жалқау бала туралы әңгіме айтса, екіншісі оны еңбекқор етуге болатынына өз көзқарасын айту.

Түйін. Бұл ойында жаман қасиеттерден аулақ болуға, жақсы қасиеттерді үйренуге үйретеді.


2. «Берілмеймін »жаттығуы

Жаттығу зейіннің бөлінуі мен шоғырлануды дамытуға арналған.


Психолог келесі тапсырманы ұсынады:

Дауыстап 1 – ден 31 – ге дейін санайды, бірақ қатысушы 3 санын және 3 – ке көбейткенде шығатын сандарды айтпауы тиіс. Ол сандардың орнына «берілмеймін» деген сөзді айтуы тиіс. Мысалы, «бір, екі, «берілмеймін», төрт, бес, «берілмеймін»....»

Дұрыс жауабы: 1, 2, -, 4, 5, -, 7, 8, -, 10, 11, -, 13, 14, -, 16, 17, -, 19, 20, -, 22, 23, -, 25, 26, -, 28, 29, -, - сызылған сызықтың орнына сандарды айтуға болмайды.


3. «Бақылаушы» жаттығуы

Бұл жаттығу көру зейініне арналған.


Оқушыларға мектеп ауласынан бастап, мектептен үйге дейінгі жолдардан осы уақытқа дейін көрген заттарын суреттеп беру ұсынылады. Кіші мектеп жасындағылар ауызша айтып береді. Ал, сыныптастары қалыс қалған жерлерін толықтырып отырады.


4. «Менің сүйікті жемісім» жаттығуы


Қатысушылар дөңгелене отырады. Бірінші қатысушы өзінің атын,сүйікті жемісін атауы тиіс.Екінші қатысушы – бірінші қатысушының атын,сүйікті жемісін атап,сосын барып өзінің атын,сүйікті жемісін атауы керек.Үшінші қатысушы – алдыңғы екі қатысушының да аттарын,сүйікті жемістерін атап,содан соң өзінікін атауы тиіс.Ойын осылай жалғаса береді.Ең соңында барлық қатысушының аты,сүйікті жемістері аталуы тиіс.


5. «Алақан» жаттығуы

Жаттығу зейіннің тиянақтылығын дамытуға арналған.

Қатысушылар дөңгелене отырып, алақандарын көршілерінің тізелеріне қояды: оң алақанын көршісінің сол тізесіне, ал сол алақанын оң тізесіне қояды. Ойынның мәні ойыншылар алақандарын кезекпен көтеріп, «толқын» жүргізіп өтуі тиіс. Жаттығудан соң дәл уақытында көтерілмеген немесе қажетінде көтеріле алмаған алақандар ойыннан шығады.


6. «Желінетін – желінбейтін» жаттығуы

Зейіннің ауысуын дамытуға арналған.

Жүргізуші қатысушыларға кезекпен заттың атауын атап (желінетін –желінбейтін) допты лақтырады. Егер желінетін зат аталса допты қағып алып, ал егер желінбейтін зат аталған жағдайда допты лақтырып тастауы керек.


7. «Корректура» жаттығуы


Жүргізуші қағазға әріптері түсіп қалған немесе орындары ауыстырылған бірнеше сөйлем жазады. Оқушыға сөйлемді тек бір рет оқуға рұқсат етіледі. Содан соң түрлі – түсті қарындашпен түзетеді. Содан кейін көршісіне береді, ол да қателерді басқа түсті қарындашпен түзетуі керек. Жұппен жарыстырып өткізуге болады.


8. «Саусақтар» жаттығуы


Қатысушылар орындықтарға дөңгелек жасап орналасады. Қолдарын тізелеріне қойып, бас бармақтарын бос қояды. Топта «басталды» деген белгі берілген кезде, бас бармақтарын дөңгелек бойынша жылдамдықпен айналдыру қажет. «Тоқта» деген белгі берілген кезде барлық ойыншылар тоқтатуы керек. Ойын уақыты 5 – 15 минут. Бұл ойында қатысушылар әр түрлі сезімде болуы мүмкін. Бұның бәрі зейінге байланысты.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.10.2018
707
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі