Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқушыларға арналған психодрама тренингісі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.
ТРЕНИНГТІК БАҒДАРЛАМА
ТАҚЫРЫБЫ:
Оқушыларға арналған психодрама тренингі
КІРІСПЕ
Кәсіби деформация- процестің басқа қатысушыларымен қарым- қатынас пен жемісті еңбек етуге және тұлғаның дамуына негативті әсер ететін тұлға мен қалыптасқан іс- әрекеттің құрылымына ақырындап жиналған өзгерулер.
Заң қызметкерлеріне қатысты алсақ, іс-әрекеттің жағымсыз факторлары мен қоршаған ортаның жағымсыз әсерінің нәтижесінде заң қызметкерінің тұлғалық және кәсіби қасиеттерінің жиырылуы. Немесе тұлғада өзіне және өзгелерге қиыншылықтар әкелетін өз жұмысының ерекшеліктерімен шақырылған мінез- құлық стереотипі пайда болды. Қоғамның негативті қарым- қатынасы сияқты әлеуметтік мәселелер мен төменгі материалдық жағдай да қосылады. Осы және басқа да себептер кәсіби- адамгершілік деформацияға детонатор қызметін атқарады.
Кәсіби деформацияға заң қызметкерлерінің барлығы бейім: тергеу, түзету мекемелері, қылмыстық іздеу бөлімі т.б. Күнделікті әр түрлі қылмыс түрімен кездесе отырып- кісі өлтіру, ұрлау, зорлау, т.б заң қызметкері адамгершілік принципіне сенетін адам болып қалу керек. Бірақ мұндай әрқашан бола бермейді. Ерте ме кеш пе маман өз жұмысының ерекшеліктеріне үйреніп, қатал немесе керісінше шыдамсыз, қатігез, тітіркенгіш болып кетеді. Маман оған қойылған талаптардан шегініп деформацияланады.
Кәсіби- адамгершілік деформация факторының пайда болуы қызметшінің немесе қызметшілердің ауру және осы ауруды тез емдеу керектігін көрсетеді. Бұл ең жақсы жағдайда кәсіби көрсеткіштің түсуіне, жоспарлы жұмыстың орындалмауына, арыздың көбеюіне, ұйымды жетекшілеудің ауысуына және ұйымда авторитеттің жоғалуына т.б жағдайларға алып келеді. Ал ең жаманда бұл факторлардың барлығы қоғамдық болғандықтан келесі негізгі формалар арқылы жүзеге асатын қылмыстық әрекеттерге әкеледі:
-
карьерлік немесе қастандық жасау үшін қылмысты жасыру;
-
басқа қызметшілердің қолдауымен заң бұзу;
-
кәсіби құпияны сақтамау;
-
ақша алумен айналысу;
-
қылмыстық әлеммен бірігіп, өз жұмысын сату;
-
топтық қылмыстар (ұрлық, тонау).
Психологияда кәсіби деформацияға әкелетін үш топты факторға ерекшелейді: құқық қорғау әрекетінің спецификасымен сипатталатын факторлар; тұлға қасиеттерінің факторлары; әлеуметтік- психологиялық мінезді факторлар.
Психодраманың тарихына назар аударсақ, психодраманың туындауы мен дамуы Якоб Леви Морено есімімен тығыз байланысты. Психодрама жеке психотерапевтикалық әдіс ретінде кеңінен қолданылады. Психодрама ішкі қақтығыстардың, күшті эмоциялардың шығуына, терапевтикалық процестердің жеңілдеуіне, психикалық ауруларды диагностикалауда, қатысушылардың өзін- өзі бағалауын жоғарлатуда, өз сезімдерін сезінуге, сондай- ақ шығармашылық және актерлік қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Психодрама кезінде әр бір топ мүшесі өзі қойғысы келген немесе өзіне жақын рөлді ойнай алады. Өз эмоциясына ерік беріп, сыртқа шығаруына мүмкіндік алады.
Қорыта айтқанда, психодрама осындай мәселеге тап болған адамдардың сезімдерін, эмоцияларын сыртқа шығарып, өзіне сырт көзбен қарап, өз қателіктерін саналауға көмектеседі. Сонымен қатар,
осы тренинг барысында кездесетін психодрама жаттығулары алдында кездесетін кедергілерге қарсы психологиялық айкидо тәсілдерін қолдануға үйретеді. Жоғарырақ тұрған фигурамен болған жағдайда немесе мақсатқа жетер кезде бұл білім тек сәттілік әкеледі.
Тренинг мақсаты:
-
Адамдардың арасындағы қарым- қатынасты бейнелеу;
2. Бір- бірімен ойымен, сезімімен бөлісіп, түсіне білу;
3. Қатысушының өзін және әрекеттерін саналауға көмектеседі.
-
Адамның өзіне сенімділігін арттыруға;
5. Басқа адмның ішкі күйін, уайымын, ойы мен армандарын түсінуге;
6. Алдында кездесетін қиыншылықтармен күресуге;
Тренинг не үшін керек: Топ арасындағы өзара қарым- қатынасты анықтау, бір- бірінің ойын, сезімін, уайымдарын түсіну және бөлісу, алдында кездесетін кедергілермен күресуге.
Әдістер мен техникаларды қайда қолданамыз: Мектепте
Қатысушылар: Оқушылар
Формасы: Ашық.
Уақыты: 3 күн сайын 2 сағаттан бір тренинг.
Әдістер мен техникалар: Сәлемдесу ритуалдары, психодрамаға қатысты жаттығулар, қыздыру жаттығулары, қорытынды жаттығулар, рефлексия сұрақтары.
Құрал- жабдықтар: бейджик, түрлі- түсті және фигуралы қағаздар, микрофон, «ғажайып заттардың» аты жазылған визиткалар, ақпараттар жазылған А4 форматты беттер.
Үстелдердің орналасуы: Ортада шеңбер бойымен қойылған орындықтар.
Құрамы:
-
Бірінші кездесу « Ғажайыр дүкен»
-
Екінші кездесу «Психологиялық каратэ»
-
Үшінші кездесу «Психологиялық айкидо».
Жүргізушіге арналған коментарий: Әрбір жаттығуды түсіндіруі керек, егер қандай да бір қатысушы рөлге ене алмаса көмектескен дұрыс. Тренинг барысында жүргізуші қатысушылардың өзін-өзі шынайы ұстауын қадағалауы керек, өз проблемасын түсінетіндей сұрақтар қоя білуі керек. Қатысушылардың тренинг барысында сенімділігі мен белсенділігін арттыру, бұл жұмыстың нәтижелігіне септігін тигізеді.
1-кездесу
Мақсаты:
-
Адамдардың арасындағы қарым- қатынасты бейнелеу;
. 2. Бір- бірімен ойымен, сезімімен бөлісіп, түсіне білу;
3. Қатысушының өзін және әрекеттерін саналауға көмектеседі.
Уақыты: 2 сағат.
Қатысушылар: 1- 4 курс студенттері
Қажетті құралдар: бейджик, түрлі- түсті және фигуралы қағаздар, микрофон, «ғажайып заттардың» аты жазылған визиткалар, ақпараттар жазылған А4 форматты беттер.
“Сәлем, Тұлға”
Мақсаты: Бір- бірін танып білу, сезім тудыру және көңіл- күйлерін көтеру.
Уақыты: 15 минут
Жүргізуші: «Бүгінгі тренингті мен сіздерді қошеметтеуден бастағым келіп тұр. Сәлеметсіздер ме! Біздің осы жерде және қазір бірге екенімізге өте қуаныштымын».
Жүргізуші: «Бөлменің ортасына шеңбер бойымен отырамыз. Тренингтік топтарда дәстүр бойынша, тезірек танысу үшін қазір әр біреуіміз өз атымызды жазатын визитка даярлаймыз. Осы визитканы барлық топ мүшелеріне көрінетіндей етіп кеудемізге қадаймыз».
Жүргізуші: «Енді сағат бойымен жаныңызда отырған адаммен сәлемдесе отырып, оған комплимент жасаңыз. «Сен бүгін өте әдемісің» немесе «Сенің үстіңдегі жемпірің саған сондай жарасады».
Жүргізуші: Өздеріңізді қалай сезінесіздер, ойларыңызбен бөлісіңіздер.
Рефллексия сұрақтары:
-
Сізге комплимент айтылғанда өзіңізді қалай сезіндіңіз?
-
Кімге комплимент айту қиынға соқты?
-
Кімге оңай болды? Не үшін?
Жүргізушіге коментарий: Визитканы даярлайтын бейджиктерді алдын- ала дайындаңыз. Қол астында қалам, қарындаш, ине болғаны дұрыс. Егер қатысушылар бірдей ат таңдайтын болса, сіз бұл аттың басқа нұсқасын табуына кеңес беруіңіз қажет. Әр бір топ мүшесі бірінші минуттан бастап өзінің индивидуалдылығын сезну қажет, осындай ат қою сияқты ұсақтардың өзінен де.
Қыздыру жаттығу «Түстер»
Мақсаты: мінез- құлықтың ар түрлілігін тереңірек түсіну үшін түстерді қолдану; адамдардың арасындағы қарым- қатынасты бейнелеу; қозғалмалы экспрессияның ар түрлі типтерін зерттеу.
Уақыты: 20-25 минут.
Құрал- жабдықтар: бейджик, түрлі- түсті және фигуралы қағаздар.
Форма: ашық
Жүргізуші: « Қазір сіздер кез- келген фигуралы түс таңдап, соған сәйкес поза қабылдайсыздар. Кішкене уақыт тұра тұрып, сол түске сәйкес позаның қасиеттерін қозғалыстарыңызда көрсететіндей етіп бөлмеде қозғалыңыздар. Енді рефлексия жүргізейік».
Рефлексия сұрақтары:
1. Сізге фигуралы түс таңдау қиын болды ма?
2. Сол түске сәйкес поза таңдау қиын болды ма?
3. Өз қозғалыстарыңызда сол түске сәйкес позаның қасиеттерін көрсете алдыңыз ба?
Қыздыру жаттығу «Скульптура»
Мақсаты: топта жұмыс істеу және бір- бірімен ойымен, сезімімен бөлісіп, түсіне білу.
Уақыты: 10 минут
Құрал- жабдықтар: түрлі- түсті қағаз.
Жүргізуші: «Сіздерге 4-5 адамнан тұратын аз топтарға бірігіп, белгілі бір түске сәйкес скульптура құруларыңызды ұсынамын. Осылайша, скульптура жасайтын топ кез- келген түстің мінез- құлқын бейнелейді».
Рефлексия сұрақтары:
1. Сізге өз тобыңыздағы топ мүщелерімен жұмыс істеу қиынға соқты ма?
2. Түске сәйкес скульптура құру қаншалықты қиын болды?
Қыздыру жаттығу «Бос микрофон»
Мақсаты: ортаға шыққан адам жайлы көбірек ақпарат жинау, сезімі мен пікірлерін түсіну.
Уақыт: әр адамға 5 минуттан
Құрал- жабдықтар: микрофон
.
Жүргізуші: «Назар ортасында» болғысы келген топ мүшелеріне кезекпен сұрақ қоямыз. Негізгі ереже сұрақтарға толық және ашық жауап беру қажет. Сұрақтар сіздің мінез- құлқыңыздың ерекшеліктеріне, әдет пен қызығушылықтарыңызға, өмірде кездесетін кез- келген мәселелерге көзқарасыңызға қатысты, Бір сөзбен айтқанда, сіз- өте қызықты адамсыз. Сондықтан, қоршаған адамдардың сізге деген өте көп сұрақтары бар».
Жүргізуші: Сұрақтарға бірінші болып жауап беретін қатысушы басқа топ мүшелеріне бетімен қарап отырады. Басқалары « бос микрофон» принципін қолдана отырып, кезекпен сұрақтар қояды, яғни адам сұрақтарға жауап беріп болғаннан кейін, алдын- ала дайындап қойған сұрағын келесі адам қояды. Осылайша бос микрофонға қатысу мүмкіндігімен қолданғысы келген барлық қалаушылар біткенге дейін жалғасады. Кім бірінші болғысы келеді?»
Рефлексия сұрақтары:
1. Өзіңізді қалай сезінесіз?
2. Сізге ортаға шығу қиын болды ма?
3. Сіз жауап бергіңіз келмеген сұрақтар болды ма?
Жүргізушіге коментарий: әр бір қатысушыға сұрақ қою уақыты 5 минуттан аспау қажеттігін сіздің бақылауыңыз қажет. Сонымен қатар, қатысушы жауап бергісі келмеген немесе оған қатысты емес деп санаған сұрақтарға жауап қайтармауына мүмкіндігі бар.
Психодрамалық жаттығу “Ғажайып дүкен»
Мақсаты: қатысушының өзін, өз сатып алған затының мақсатын түсінуге және әрекеттерін саналауға көмектеседі.
Уақыты: 35-40 минут
Құрал- жабдықтар: «ғажайып заттардың» аты жазылған визиткалар.
Форма: ашық
Жүргізуші: алдарыңызда ғажайып заттар - махаббат, ерик, жігер, ақыл т.б сатылатын ғажайып дүкен ашық. Әр бір қатысушы дүкеннен сол бір затты сатып алу қажет. Мысалы, біреу «сый- құрметті» сатып алса, кімнен, неліктен, қаншалықты қажет екендігін айқындауы қажет.
Жүргізуші: «Сіздер алдарыңызда көріп тұрған «ғажайып дүкеннен» «ғажайып заттар» сатып алуларыңыз қажет. Мысалы, махаббат, ерік немесе қуат т.б»
Сұрақтар:
1. Сізге «затты» таңдау қиын болды ма?
2. Сіз бұл сатып алған затыңызды өзіңізде бар қай қасиетпен ауыстырар едіңіз?
Қоштасу ритуалы
1. Бұл сабақтан өздерiңiзге не алдыңыздар?
2. Сiз үшiн қиын болған жаттығу?
3. Тренинг бойынша жургiзушiге кандай кеңес берер едiңiздер?
Қортынды: « Қоштасуға мен сіздерге мынандай жаттығу ұсынғым келіп отыр. Сіздер бөлмені аралай жүріп, бір- біріңіздің қолдарыңызды қысып, қоштасасыздар»
2-кездесу «Психологиялық каратэ»
Мақсаты:
-
Адамның өзіне сенімділігін арттыруға;
2. Басқа адмның ішкі күйін, уайымын, ойы мен армандарын түсінуге;
3. Алдында кездесетін қиыншылықтармен күресуге;
Уақыты: 2 сағат
Құрал- жабдық: ақпараттар жазылған А4 форматты бет.
“Сәлем, Тұлға”
Мақсаты: Айналасындағы адамдармен белсенді қарым- қатынасқа түсуін қамтамасыз ету, қатысушылар арасында оң эмоция тудыру.
Уақыты: 15 минут
Жүргізуші: «Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі тренингімізде сіздерді көргеніме, біздің осы жерде және қазір бірге екенімізге өте қуаныштымын».
Жүргізуші: Бөлменің ортасына шеңбер бойымен отырамыз. Бір- біріңізбен сәлемдесе келіп, сол сәлемдескен адамның көңіл- күйін болжауға тырысамыз. Мысалы: « Сәлем, Диляра менің ойымша, сенің бүгін көңіл- күйін өте көтеріңкі». Кейін араларында кімдікі дұрыс, кімдікі қате екендігін айтады.
Жүргізуші: Енді өз сезімдеріңізбен бөліссеңіздер.
Рефлексия сұрақтары:
-
Біреудің көңіл- күйін болжау сізге қиын болды ма?
-
Қаншалықты дұрыс таптыңыз?
-
Кімнің көңіл- күйін табу ең қиын болды? Неге?
Қыздыру жаттығу “Жақсы сөз»
Бiз барлығымыз комплиментке
сезiмталмыз.
А. Линкольн
Мақсаты:
-
Қатысушылар арасындағы қарым- қатынасты нығайту;
-
Көңіл- күйлерін көтеру.
Уақыты: 15 минут
Жүргізуші: Енді бір- біріміздің бойымыздағы бағалайтын қасиеттерді бір –бірімізге айтамыз. Яғни сәлемдескен адамыңызға оның бойынан құрметтейтін қасиеттерін айтыңыз. Мысалы, “Сәлем, Диляра мен сені көргеніме өте қуаныштымын, маған сенің бойыңдағы ақкөңілдігің өте ұнайды».
Жүргізуші: Енді өз сезімдеріңізбен бөліссеңіздер.
Рефлексия сұрақтары:
-
Басқа біреудің бойындағы қасиетті айту қиынға соқты ма?
-
Кімнің бойындағы қасиетті айту сізге жағымды әсер қалдырды? Неге?
-
Кімнің бойындағы қасиетті айту сізге жағымсыз әсер қалдырды? Неге?
Қыздыру жаттығу «Тимурліктер»
Мақсаты:
-
Қатысушылырдың бір- бірімен ашық сөйлесуі;
-
Бір- бірлері жайлы көбірек ақпарат алу;
Уақыты: 15 минут
Жүргізуші: « Соңғы рет кімге және не себеппен адамдарға көмектескендеріңіз туралы айтайық. Ол кім еді?Сіздің жақын туысыңыз ба немесе ең жақсы досыңыз ба, немесе сізге мүлдем таныс емес бөтен адам шығар?Сонымен, сіз ол адамдарды есіңізге түсірдіңіз ба? Енді ол қандай жағдайда болғанын есіңізге түсіріңіз. Ол адам сізді көмекке өзі шақырды ма әлде ол сіздің ұсынысыңыз болды ма? Өзінің « тимурлік әрекеті» жайлы кім бірінші болып бөліседі?»
Жүргізуші: «Әңгіме айтып жатқан кезде басқалары оның создерiне, жест, мимикасына назар салып тыңдаулары қажет».
Рефлексия сұрақтары:
-
Өзіңізді қалай сезінесіз?
-
Өз істеріңіз жайлы басқа біреулірге айту сізге қиынға соқты ма? Неге?
Жүргізушіге коментарий: Егер катысушы әңгiмеден бас тартса оган бiр рет айтып көруiн сураңыз. Оған топтағы жағымды атмосфераны сезінуге мүмкіндік беріңіз. Осындай қатысушыға басқалардан бөлмей ерекше назар аударыңыз.
Психодрамалық жаттығу «Психологиялық каратэ»
Жолбарыстың терісін кие тұра,
өзіңізді жолбарыстай сезіну
керексің.
Мақсаты: адамның өзіне сенімділігін арттыруға, алдында кездесетін қиыншылықтармен күресуге көмектеседі.
Уақыты: 1 сағат
Құрал- жабдық: ақпараттар жазылған А4 форматты бет.
Пікірталас түрі: құрылымды
Ережесі:
-
Әр бір топ мүшесі өз ойын ашық жеткізе алады;
-
Қойылған сұрақтарға өз пікірі мен ойымен бөлісу керек.
-
Пікірталас барысында бірін- бірі тыңдап, сөздерін бөлмеу керек.
-
Ьір- біріне құрметпен қарау қажет.
-
Жүргізушіде А4 форматты бетте үлкен шрифтпен жазылған жаңа ақпараттары болуы керек.
Жүргізуші: «Бұл жаттығу пікірталас түрінде өткізіледі. Бөлменің ортасына шеңбер бойымен отырамыз. Пікірталас барысында қойылған сұрақтарға әр бір қатысушы өз ойы мен пікірін ашық түрде айтады».
Қойылатын сұрақтар:
-
Егер сізге қарсы психологиялық каратэ қолданса- психологиялық айкидо тәсілдерін білу қажет деген сөзді қалай түсінесіз?
-
Сіздің ойыңызша, сіз тәжірибелі бастықтар, бостармен қарым- қатынасқа түскенде олар сізге қарсы қандай тәсілдерді қолданады?
-
Сіз өзіңізді олардың орнына қоя аласыз ба? Өзіңізді қалай ұстар едіңіз?
-
Сондай мінез- құлық таныта аларма едіңіз?
-
Олардың әрекеттерін дұрыс деп ойлайсыз ба? Неге?
-
Қатал мінез- құлық әр бір адамда бар дегенге қалай қарайсыз?
Жүргізуші: « Енді мен сіздерді осы тақырып төңірегеінде жаңа ақпараттармен таныстырамын. Әр бір айтылған жаңа ақпаратқа өз ойларыңызды білдіріңіздер. Әр бір айтылған ақпарат сайын А4 форматты бетте үлкен шрифтпен жазылған ақпараттарды қатысушыларға көрсетемін».
Жүргізуші: «Егер сізге қарсы психологиялық каратэ қолданса- психологиялық айкидо тәсілдерін білу қажет. Өзіңізден жоғарырақ тұрған фигурамен болған жағдайда бұл білім сізге тек сәттілік әкеледі»
.
Жүргізуші: «Тәжірибелі бастықтар мен бостар қандай тәсілдерді қолданады?
-
Әңгімелесуші адамның кінә мен болашағы үшін қорқыныш сезімдері сияқты психокомплекстерін өте жақсы қолданады;
-
Қолмен амандасқандай болып жаңа ғана кірген адамды жағымсыз жағдайда қалдырады;
-
Кез- келген тәсілмен келуші адамды кабинеттегі ең жайсыз орынға отырғызуға тырысады;
-
Әңігімеде инициативаны бірден өзіне алады, сұрақтардың жауабын тыңдамастан бірінен кейін бір көп сұрақтар қояды;
-
Әңгімелесуші адамның ден саулығына алаңдаушылық танытқандай болып, оның бетінің түсі бозғырт болып тұрғанына назар аударады;
-
Жұмыстағы, бизнестегі мәселелер туралы сұрақ қойып, жағымсыз элементтерге тоқталады: төлем ақыны ұстап қалу, налог, қарыздар т.б. Қазір ешкімге сенуге болмайды дегенді танытып;
-
Олармен әңгіменің басын ашпай ортақ таныстар жайлы айтып кеткенді жөн көреді;
-
Қағаз толтырғанда ұсақ- түйектерге тиседі;
-
Жасанды цейтнот тудырады;
-
Сіздің негативті өткен өміріңізге сүйенеді;
-
Өз позициясын қатайту үшін авторитеттердің пікіріне ілеседі;
Әрине, қатал мінез- құлық барлығына тән емес. Егер сіздің позицияңыз шыныменде жоғарырақ немесе оппонентпен бір сатыда тұрған жағдайда қолдану үшін бұл білімді игеріп алған жөн».
Рефлексия сұрақтары:
1. Өзіңізді қалай сезінесіз?
2. Пікірталас барысында өз ойыңызды айту қиынға соқты ма?
3. Өзіңізге жаңа бір ақпарат алдым деп ойлайсыз ба?
4. Осы жаттығудан ең қиыны сіз үшін не болды?
Жүргізушіге коментарий: Әр бір топ мүшесі өз ойы мен пікірін басқалардан тәуелсіз жеткізе алады. Топ ішінде туындауы мүмкін конфликтің алдын алу қажет. Әр топ мүшесінің айтқан ойын бақылып отырыңыз. Ақпараттар жазылған А4 форматты бет міндетті түрде болуын қадағалаңыз.
Қыздыру жаттығу «Мен сені түсінемін»
Мақсаты: адамның қоғамды, басқа адмның ішкі күйін, уайымын, ойы мен армандарын түсінуге арналған.
Уақыты: 15 минут
Жүргізуші: « Адамдармен тез тіл тапқыш деп атайтын адамның негізінде басқа адамның көзінен, бет- әлпетінен, позасынан оның ойы мен сезімін оқи білетін қабілеті бар деп айтамыз. Мұндай қабілет сізде қаншалықты дамыған? Оны дәл қазір тексерейік. Топ мүшесінің ішінен кімнің күйі мен ойын анықтайтыныңызды шешіп алыңыз. Енді сол адамға қарап отырып, өз нұсқаңызды айтыңыз. Сізді тыңдап біткеннен кейін сол адам өз пікірін айта алады. Егер сіздің айтқаныңыз оның күйі мен ойына сай келсе, сіздің бақылауыңызды растауы мүмін. Немесе сіз жіберген қателіктерге көрсетіп, сіздің нұсқаңызды қабылдамауы мүмкін.
Рефлексия сұрақтары:
-
Өзіңізді қалай сезінесіз?
-
Біреудің ойы мен сезімін табу қиын болды ма?
-
Кімдікі? Неге?
Жүргізушіге комментарий: басқа адамды шынымен де түсіну үшін басқа адамға деген шынайы, жасанды емес қызығушылық қажет. Бұл жаттығу кезінде кімнің қаншалықты басқа адмды түсіне алатыны көрінеді. Бұл тапсырманы мүлдем орындай алмаған қатысушыға ерекше назар аударыңыз, бұл сезімді дамытуға мүмкіндік бар екендігін айтыңыз.
Қоштасу ритуалы
1. Бул сабактан өздерiңiзге не алдыңыздар?
2. Сiз үшiн қиын болған жаттығу?
3. Тренинг бойынша жургiзушiге кандай кеңес берер едiңiздер?
3- кездесу «Психологиялық айкидо»
Мақсаты:
-
Алдында кездесетін мәселелерге шешім табу;
-
Қатысушылардың өз іс- әрекеттерін саналау;
-
Бір- біріне өз ойлары мен сезімдерін білдіру.
Уақыты: 2 сағат
Құрал- жабдықтар: Ақпараттар жазылған А4 форматты бет.
“Сәлем, Тұлға”
Мақсаты: Қатысушылар арасындағы қарым- қатынасты нығайту.
Уақыты: 15 минут
Жүргізуші: «Бөлменің ортасына шеңбер бойымен отыруы керек. Бір- біріңізбен сәлемдескеннен кейін, бір- біріңізге айтқыңыз келген сөздеріңізбен, ойларыңызбен бөлісе аласыздар. Өз ойын жеткізуге әр бір қатысушының мүмкіндігі бар. Мысалы: Диляра, мен саған баяғыдан сенің қандай жақсы адым екендігіңді айтқым келген».
Жүргізуші: Енді өз сезімдеріңізбен бөліссеңіздер.
Рефлексия сұрақтары:
-
Өзіңізді қалай сезінесіз?
-
Сіздің бұл жаттығуда қиналған жеріңіз болды ма?
-
Кімге өз ниетіңіді білдірген қиынға соқты? Неге?
Қыздыру жаттығуы «Аз құрбан»
Мақсаты: қатысушылар арасында ортақ шешімге келу; қарым- қатынасқа түсу қабілеттерін білу.
Уақыты: 15 минут
Жүргізуші: « Басқа адамдармен қарым- қатынасқа түскен кезде сіз өз тарапыңыздан қандай құрбандыққа барасыз? Көп жағдайда немен құрбан етесіз? Әлде сіз мүлдем ондайға бармайсыз ба? Сондай кездерде сіздің контакттарыңыз, әңгімелеріңіз, кәсіпкерлік кездесулеріңіз немен аяқталады?»
Жүргізуші: «Енді өз сезімдеріңізбен бөліссеңіздер».
Рефлексия сұрақтары:
-
Өзіңізді қалай сезінесіз?
-
Басқалармен өзіңіздің мәселелеріңізбен бөлісу қиын боды ма?
Жүргізушіге комментарий: Кездесу немесе әңгімелесу кезіндегі өзінің қалыпты әрекетімен бөліскен қарым- қатынас процесі кезіндегі өз қателерін түсінуге үлкен ақпарат береді. Сонымен қатар, өз әрекеттері жайлы басқалардың пікірлерін біле алады.
Психодрамалық жаттығу « Психологиялық айкидо»
Жолбарыстың терісін
кие алмасаң түлкінің терісін ки.
Мақсаты:
-
Алдында кездесетін мәселелерге шешім табу;
-
Өз мақсаттарына жетудің жолдарын істестіру;
-
Қатысушылардың өз іс- әрекеттерін саналау;
Уақыты: 1 сағат
Құрал- жабдықтар: А4 форматты беттер.
Жүргізуші: « Егер сіздің позицияңыз басқаларға қарағанда әлсіздеу болса, психологиялық айкидо тәсілдерін қолдануға мүмкіндік бар.
Психологиялық айкидодағы ең жұмыс істейтін тәсілдер жайлы қазір білесіздер. Ол үшін қазір екі адамнан бөлініңіздер. Кейін мына А4 форматты бетті таңдап алуларыңыз керек. Онда бұл тәсілдер жайлы ақпараттар жазылған. Оны алғаннан кейін әр бір екі адамнан бөлінген топ рөлге еніп сол тәсілдерді ойнайды».
Жүргізуші: « Тәсілдер топтан көп болса рөлдер бірнеше реттен қайталанып келуі мүмкін».
Жүргізуші: «Сонымен, ол мынадай тәсілдер:
-
Қол амандасуға шақырып, бұрын істеген жақсылығы үшін алғыс білдіру;
-
Бөлмедегі ең жайлы орынға отыру;
-
Оппоненттің сыртқы келбетіне комплимент білдіру;
-
Ортақ шешілген мәселелердің жағымды әсері жайлы айтып кетіңіз. Сіздің өз сөзіңіздің иесі екеніңізге назар аудартыңыз;
-
Ортақ таныстар жайлы жағымды дауыспен айту, олардың мамандығы, партнерларыңыздың сәтті тәжірибесі жайлы бірнеше сөз айтып кетіңіз;
-
Авторитетті адамдардың сіздің жұмысыңыз жайлы айтқан пікірлері туралы айтып кетіңіз;
-
Көптеген адамдар бастықтар олардың еңбектерін бағалайды деп ойлайды. Бірақта ондай жағдайлар өте аз. Сондықтан өз жасаған еңбектеріңіз жайлы айтып отырған жөн: «Мен белгіленген уақытта осындай істі жасадым, т.б»
-
Оппонент тарапынан болған тыс қысым нәтижесінде туындаған сезімдерді дұрыс формада айтуыңыз қажет.
-
Сізге бастығыңыз жұмысыңызды атқара алмайсыз десе, ішкі сезіміңізді білдіре отырып нақты сұрақ қойыңыз. Мысалы: «Ал ол жұмысты кім атқара алады?»
-
Бастық тарапынан сын немесе жағымсыз сөздер айтылатынын сезсеңіз оның назарын аударуға тырысыңыз. Мысалы: бір затты құлатып алуға немесе сізге тез біреуге қоңырау шалу керек деңіз».
Жүргізуші: Енді өз сезімдеріңізбен бөліссеңіздер.
Рефлексия сұрақтары:
-
Өзіңізді қалай сезінесіз?
-
Сіз үшін ең қиынға соққан рөл?
-
Жаңадан алынған ақпаратпен келісесіз бе?
-
Несімен келіспейсіз? Неге?
Жүргізушіге комментарий: « Сізде ақпараттар жазылған А4 форматты беттер дайын болуы керек. Егер қатысушылар өз рөлдерін ойнай алмай жатса, оларға көмек көрсетіңіз. Ойларымен бөлісер кезде әр бір қатысушы өз ойын ашық жеткізе алатынын ұмытпаңыз.
Қыздыру жаттығуы « Мен адамзатқа сыйлықпын»
Мақсаты:
-
Әр бір топ мүшесінің өз ерекшелігін түсіну;
-
Өзінің бойында бағалайтын жағымды қасиетімен бөлісу.
Уақыты: 15 минут
Жүргізуші: «Әр бір адам- дара. Және өз даралығымызға әр қайсысымыз сену керекпіз. Өз бойыңызда ерекше бағалайтын қасиеттеріңізбен бөлісіңіз. Мысалы: « Мен адамзатқа сыйлықпын, өйткені өте шыдамды, ақкөңіл жанмын».
Рефлексия сұрақтары:
-
Өз бойыңыздағы қасиеттермен бөлісу қиын болды ма?
-
Сіз неліктен бойыңыздағы осы қасиетті бөліп алдыңыз?
-
Өзіңізді қалай сезінесіз?
Қоштасу ритуалы
1. Бул сабактан өздерiңiзге не алдыңыздар?
2. Сiз үшiн қиын болған жаттығу?
3. Тренинг бойынша жургiзушiге кандай кеңес берер едiңiздер?
Қортынды
Жүргізуші: « Әр қайсысымыз бір- бірімізге жақсы тілектер айтайық».
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
-
К. Рудестам Групповая психотерапия
-
А. С. Прутченков Трудное восхождение к себе. - М., 199
-
Психологические программы / под редакций И. В. Дубровиной. Екатеренбург., 1998 ж
-
М. Андерсон- Уоррен, Р. Грейнджер Драма- терапия –Санкт-П., 2001
-
И. Вагин Психология зла- Санкт-П., 2001