Материалдар / оқушыларға көлеңке және оның сызбадағы маңызы, көлеңкені сызу тәртібі туралы ақпарат беру.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

оқушыларға көлеңке және оның сызбадағы маңызы, көлеңкені сызу тәртібі туралы ақпарат беру.

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, кеңістікте елестету, ойдарын толық айту, сызба аспаптарымен жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2018
507
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Республикасы Білім және ғылым Министрлігі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі

ШҚО Әкімдігінің білім Басқармасы

«Құрылыс колледжі» КМҚК

Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

_________ Окасов Б.К.

«___»_______2017ж.



«Сызу негіздері» пәнінен ашық сабақ









Өткізілетін топ: 21ПО тобы

Өтетін уақыты: 17.05.2017ж. сағ:11.40

Әзірлемені дайындаған

«Сызу» пәні оқытушысы

Шүкіманова А.Б.

Жалпы білім беретін пәндер

бірлестігінде қаралды

Хаттама № «__»____2017ж.

бірлестік төрайымы

___________Ташкенбаева Л.О.

Әдістемелік кабинетпен келісілді

Әдіскер ______ Аукишева М.М.









Семей қаласы, 2017жыл

Тақырып: Көлеңке. Нүктенің және түзудің көлеңкесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға көлеңке және оның сызбадағы маңызы, көлеңкені сызу тәртібі туралы ақпарат беру.

Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, кеңістікте елестету, ойдарын толық айту, сызба аспаптарымен жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: сызба орындауда ұқыптылыққа, жылдамдыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақтың әдісі: баяндау, дәріс элементтері мен сайыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, таратпа қағаздар, көлеңке макеті, сызба аспаптары.

Пәнаралық байланыс: Ғимараттар мен құрылымдар конструкциясы



Сабақтың технологиялық картасы

Мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу

  • Оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу

  • Топты үш командаға бөлу

3 минут


2

Үй тапсырмасын сұрау

  • Бұл не? - сайысы

  • Тест жұмысы

10 минут

3

Жаңа тақырып түсіндіру

Тақырып: Көлеңке. Нүктенің және түзудің көлеңкесі

  • Көлеңке туралы мағұлмат

  • Нүктенің көлеңкесі

  • Түзудің көлеңкесі

  • Қосымша, геометриялық денелердің көлеңкесі

  • Сынған көлеңке

40 минут

4

Жаңа тақырыпты бекіту

  • Практикалық жұмыс. Жаттығу орындау

30 минут

5

Сабақты қорытындылау

Жалпылама сұрақ

  • Бүгінгі сабақта не білдік?

  • Не істей аламыз?

Бағалау

5 минут

6

Үйге тапсырма беру

  • Оқу: Шүкіманова А.Б. Инженерлік графика пәнінен практикалық жұмыстарға арналған тапсырмалар мен жаттығулар жинағы – 135бет

  • А3 формат әкелу

2 минут









Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу

  • Оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу

  • Топты үш командаға бөлу


  1. Үй тапсырмасын сұрау

А) Бұл не? - сайысы

Экранда суреттер көрсетіледі. Сол суреттер бойынша сұрақтарға қол көтеріп, әр топтың оқушылары жауап береді. Дұрыс жауап 5 ұпаймен есептеледі.


  1. Бұл ненің сызбасы? Қысқаша сипаттама беріңіз?




  1. Бұл не? Қысқаша сипаттама беріңіз?


  1. Бұл не? Қысқаша сипаттама беріңіз?





  1. Бұл не? Сызылу тәртібі қандай?



  1. Бұл не?



  1. Бұл не?



Б) Тест жұмысы.

Әр оқушыға тест парақтары таратылады. Оқушылар тестке жауап беріп

алған ұпайларын команда ұпайына қосады.



  1. Жаңа тақырып түсіндіру

Тақырып: Көлеңке. Нүктенің және түзудің көлеңкесі

  • Көлеңке туралы мағұлмат

  • Нүктенің көлеңкесі

  • Түзудің көлеңкесі

  • Геометриялық денелердің көлеңкесі

  • Сынған көлеңке




Көлеңке сызбада заттың пішінін анық көрсету үшін қолданылады. Құрылыс сызбасында көлеңкенің маңызы ерекше. Ғимараттың алға қарай шығып немесе ішке қарай кіріп тұрған бөліктерін сызбада көрнекірек етіп көрсету үшін көлеңкені қолданған абзал. Көлеңке негізінен жарық жолында тұрған заттан түседі. Көлеңкені құлаған және өзіндік көлеңке деп бөледі. Өзіндік көлеңке деп заттың жарық түспеген бөлігін айтады. Жарық түскен және жарық түспеген бөлікті бөліп тұратын жіңішке сызық немесе жолақ көлеңкенің шегі деп аталады. Ал құлаған көлеңке жарық әсерінен заттың екінші бір затқа түскен көлеңкесін айтады. Құлаған көлеңкенің шегі түскен бетке нақты көрінеді.


Нүктенің көлеңкесі. Жарық жолындағы кез келген заттан көлеңке түседі. Мысалы А нүктесінен түсетін көлеңкені қарастырайық.

Көлеңкені сызбада кескіндеу үшін жарық сәулесінің бағытын анықтайды. Жарық сәулесінің бағыты техникалық және құрылыс сызбаларында сол жақ жоғарғы жақтан түсіп тұр деп қабылданады.

Түзудің көлеңкесі.

Қ арапайым түзудің көлеңкесін кескіндеуді қарастырайық. Кеңістікте горизонталь жазықтыққа кескінделген (горизонталь проекцияланған) АВ түзуінен көлеңке түсіру үшін, А төбесінен сәуле бағытымен кескіндеуші сызық түсіреді және В төбесінен горизонталь кескіндеуші сызық жүргізіледі. Екеуінің қиылысуынан пайда болған нүктені белгілеп горизонталь жазықтықта жатқан В төбесімен қосады. Пайда болған түзу АВ түзуінің көлеңкесін береді.

Геометриялық денелердің көлеңкесі. Осы әдіспен геометриялық денелердің көлеңкелерін түсіреді. Геометриялық қырлы денелердің әр бір қырын түзу деп есептен осындай сәулелер жүргізеді пайда болған нүктелерді бір-бірімен қосады Ортогональді кескінде көлеңкені кескіндеуде сызбада жарық сәулесінің бағытын 45° көлбеулікте алған қолайлы. Сызбадағы кескін жинақы болып кесінделеді. Ал аксонометрияда сәуле бағытын еркінше алуға болады. Бірақ құлаған көлеңке анық, созылыңқы болып көрінетіндей болуы керек.

а) призманың көлеңкесі

ә) пирамиданың көлеңкесі

Пирамиданың көлеңкесін тұрғызуда оның О центрі мен S төбесінен өзара қиылысатындай сәулелер жүргізіп, пайда болған нүкені пирамиданың қажетті қырларымен қосады.

Сынған көлеңке. Кей жағдайда көлеңке жанындағы екінші затқа немесе қабырғаға сынп түседі. Мұндай жағдайда көлеңкені толық сызып, жолындағы қабырға сызығымен қиылысқан нүктелерін анықтайды. Кейін центрлік сызықтан шыққан сәулені вертикаль жазықтық бойымен тік көтеріп, көлеңкенің контурын беретін сызықтарды вертикаль жазықтықта пайда болған нүктемен қосады.

Сынған көлеңкені кескіндеу


  1. Жаңа тақырыпты бекіту

Жаттығу жұмысы.

Тапсырма: Берілген өлшемдер бойынша геометриялық денені сызып, ортогональді кескінде және аксонометрияда көлеңке түсіру.

Топтағы әр оқушы тапсырманы жеке-жеке орындайды. Орындаған тапсырмасы арқылы әр оқушы командаға ұпай жинайды. Ұпайлар 5 ұпайлық шкалада.





ҮЛГІ





















Нұсқалары

1-топтың тапсырмасы


Тапсырма:

Берілген өлшемдер бойынша геометриялық модельді сызып, ортогональді кескінде және аксонометрияда (тікбұрышты изометрия) құлаған және өзіндік көлеңкесін түсіру.


2-топтың тапсырмасы

Тапсырма:

Берілген өлшемдер бойынша геометриялық модельді сызып, ортогональді кескінде және аксонометрияда (тікбұрышты изометрия) құлаған және өзіндік көлеңкесін түсіру.



3-топтың тапсырмасы


Тапсырма:

Берілген өлшемдер бойынша геометриялық модельді сызып, ортогональді кескінде және аксонометрияда (тікбұрышты изометрия) құлаған және өзіндік көлеңкесін түсіру.





  1. Сабақты қорытындылау

Жалпылама сұрақ

  • Бүгінгі сабақта не білдік?

  • Не істей аламыз?

  • Оқушылардың сабақта жинаған ұпайларын қорытындылап, бағалау.

  1. Үйге тапсырма беру

  • Кириллов А.Ф. Чертежи строительные, тарау 3. 227-250 беттер

  • Оқу: Шүкіманова А.Б. Инженерлік графика пәнінен практикалық жұмыстарға арналған тапсырмалар мен жаттығулар жинағы – 135бет

  • А3 формат әкелу



Бағалау парағы

Командалар

Үй тапсырмасы

Жаңа тақырыпты бекіту

Жалпы

баға

Бұл не?

Тест

1-топ





2-топ





3-топ







































Тест Пән: «Сызу негіздері»

Құрылыс сызбалары

1-нұсқа


  1. Ғимарат жоспары деген не?

А) Ғимараттың көлденең қимасы

Б) Ғимараттың еденнен 1 метр биіктік деңгейімен горизонталь жазықтықпен қиғанда пайда болған сызбасы

В) Ғимараттың конструктивті бөліктерін көрсету үшін орындалатын сызба

Г) Ғимараттыеденнен 1 метр биіктік деңгейіде вертикаль жазықтықпен қиғандағы сызбасы


2. Ненің шартты белгісі?

А) унитаз

Б) былау (ванна)

В) колжуғыш

Г) душ поддоны


  1. Бас жоспар дегеніміз не?

А) Жергілікті жердің әуеден (үстінінен қарағандағы) түсірілген сызбасы

Б) Жергілікті жердің топографиялық сызбасы

В) Белгілі бір мекеннің аэрофотосы

Г) Ғимараттың сыртқы көрінісі


  1. Тіліктегі 0.000 деңгей нені білдіреді?

А) Ғимараттың іргетасының деңгейі

Б) ғимараттың еденінің астыңғы деңгейі

В) Ғимараттың 1-қабаттағы таза едені деңгейі

Г) Ғимараттың бірінші қататының төбесінің деңгейі


5. Құрылыс сызбаларында қасбет пен тілікте негізгі жуан сызықпен ненің контурын жүргізеді?

А) қиюшы жазықтықтың арғы жағында орналасқан ғимараттың конструктивті элементтерінің контурын

Б) жердің деңгейін

В) еден деңгейін

Г) қиюшы жазықтықта орналасқан ғимараттың конструктивті элементтерінің контурын


6. Құрылыс сызбаларына өлшемдерді қоюдың ерекшелігі қандай?

А) тізбектеліп, өлшенетін аралық нұсқамамен шектеледі

Б) тізбектеліп, өлшенетін аралық қысқа сызықшалармен шектеледі

В) қатарласып, нұсқамамен шектеліп

Г) сатылап, қысқа сызықшалармен шектеледі


7. Тіліктегі биіктік белгілерінің дұрысын көрсетіңіз.


8. Құрылыс сызбаларындағы фрагмент (түйістер) қандай масштабта орындалады?

А) 1:100, 1.50, 1:30

Б) 1:40, 1:30, 1:80

В) 1:20, 1:10, 1:5

Г) 1:200, 1:100, 1:50


9. Бетонның шартты белгісі қандай?

10. Жерасты ғимараттары сызбада қандай шартты белгімен белгіленеді?

Тест Пән: «Сызу негіздері»


Құрылыс сызбалары

2-нұсқа


1. Қасбет дегеніміз не?

А) ғимараттың сыртқы көрінісі

Б) ғимараттың ішкі интерьері

В) ғимараттың 3D кескіні

Г) ғимараттың жобасы


2. Қасбеттің түрлерін атаңыз.

А) бас қасбет, аулылық қасбет, бүйір қасбет

Б) алдыңғы қасбет, жарты қасбет,

В) аулалық касбет, жарты қасбет, бүйір қасбет

Г) интерьер, қасбет, экстерьер


3. Ғимарат тілігі дегеніміз не?

А) Ғимараттің горизонталь жазықтықпен қиғанда пайда болған сызбасы

Б) Ғимараттің көлбеу жазықтықпен қиғанда пайда болған сызбасы

В) Ғимараттің екі жазықтықпен қиғанда пайда болған сызбасы

Г) Ғимараттің вериткаль жазықтықпен қиғанда пайда болған ызбасы


4. Іргетас дегеніміз не?

А) Ғимараттың ерекше сақталған бөлігі

Б) Ғимараттың бүкіл салмағын көтеріп тұратын конструкциялық бөлігі

В) ғимараттың еденінен төменгі бөлігі

Г) ғимараттың еденінен жоғары бөлігі


5. Ненің шартты белгісі?


А) қабырғадағы түтін арнасы

Б) қабырғадағы ауа алмастырғыш арна

В) қабырғадағы газ арнасы

Г) қабырғадағы терезе қуысы


6. Жоспар сызбасында аралық қалай маркаланады?

А) солдан оңға қарай сандардың кему ретімен

Б) оңнан солға қарай сандардың өсу ретімен

В) алфавит бойынша әріптер ретімен

Г) солдан оңға қарай сандардың өсу ретімен


7. Табиғи тастың шартты белгісі қандай?


8. Қасбет сызбасында қандай координата осьтері көрсетіледі?

А) бірінші және соңғы осьтер

Б) барлық осьтер

В) ешқандай ось қойылмайды

Г) белігі осьтер


9. Завод, фабрикалардың ғимараттары қандай құрылыс нысанына жатады?

А) азаматтық құрылыстар

Б) инженерлік құрылыстар

В) индустриялық құрылыстар

Г) ауылшаруашылық құрылыстары


10. Бас жоспар қандай масштабта сызылады?

А) 1:500, 1:1000

Б) 1:550, 1:1000

В) 1:100, 1:200

Г) 1: 400, 1:500


Тест Пән: «Сызу негіздері»


Құрылыс сызбалары

3-нұсқа


1. Бас жоспар сызбасында ағаштар (тал) шартты түрде қалай белгіленеді?


2. 1 метрде қанша миллиметр бар?

А) 100мм

Б) 10000мм

В)1000мм

Г) 10мм

3. Ғимараттың конструктивті бөліктері дегеніміз не?

А) ғимарттың салынуына тікелей қатысы бар құрылымдар

Б) ғимарттың сыртқы көрінісін ерекшелейтін құрылымдар

В) ғимараттың әрлеу жұмысына қтысатын бөліктері

Г) ғимараттың жерасты бөлігі

4. Ғимараттар мен құрылымдардың негізгі координациялық өлшемдері дегеніміз не?

А) аралықтар, қадамдар және ғимарат биіктігі

Б) аралықтар мен горизонталі

В) қадамдары мен номинал өлшемдері

Г) номинал өлшемдері мен биіктігі


5. Құрылыс нысандары қандай топтарға бөлінеді?

А) азаматтық құрылыстар

Б) инженерлік құрылыстар

В) индустриялық құрылыстар

Г) барлығы


6. Түйістерді сызбада белгілеу. Дұрыс жауапты тап.

7. Ғимараттың қандай элементінің шартты белгісі?

А) отмостка


Б) қуыс

В) пандус

Г) плита



8. Ненің шартты белгісі?

А) қабырғадағы түтін арнасы

Б) қабырғадағы ауа алмастырғыш арна

В) қабырғадағы газ арнасы

Г) қабырғадағы терезе қуысы



9. А1 форматының өлшемі қандай?

А) 210х297

Б) 420х594

В) 297х420

Г) 594х841

10. Координациялық ось дегеніміз не?

А) ғимарат элементтерін бөлетін сызықтар

Б) негізгі конструкциялардың орналасуын анықтайтын, өзара қиылысқан сызықтар (сетка)

В) құрылыстағы өлшемдердің модульдік координаталары

Г) құрылыс сызбаларындағы сызықтар жиыны



Бағалау критериі

10 - 9- сұраққа дұрыс жауап - «5» - 90-100%

8-6 - сұраққа дұрыс жауап - «4» - 60 - 80%

5-4 - сұраққа дұрыс жауап - «3» - 40- 50%

3-0 - сұраққа дұрыс жауап - «2» - 30-0%

Тест жауаптары

  1. Құрылыс сызбалары

1-нұсқа

2-нұсқа

3-нұсқа

1-б

1-а

1-в

2-в

2-а

2-в

3-а

3-г

3-а

4-в

4-б

4-а

5-г

5-б

5-г

6-б

6-г

6-б

7-б

7-а

7-в

8-в

8-а

8-а

9-г

9-в

9-г

10-г

10-а

10-б



















«Сызу негіздері» пәнінен өткен ашық сабақ

ХАТТАМАСЫ

17.05.2017ж.

Күн тәртібінде:

  1. «Сызу негіздері» пәнінен «Көлеңке. Нүктенің және түзудің көлеңкесі» тақырыбында өткен ашық сабақтың өту барысын талдау.

Оқытушы: Бүгінгі сабақтың тақырыбы Көлеңке. Нүктенің және түзудің көлеңкесі» мұндағы мақсатым, көрнекіліктер арқылы тьақырыпты жеткілікті түрде түсіндіру, өз ойымша жоспарлаған әрекеттерімнің барлығын орындадым. Қойған мақсатым орындалды.

Сөз берілді:

Пронина Л.В.: Цель посещения урока –это общественный остмотр оцениваем все. Замечании: отсутствие парадной формы, при опросе пользовались книгами, тетрадями, тип урока не соответствует, надо было ттп урока сделать комбинировавнным, на самостоятельную работу осталось мало времени, для упражнения надо было дать заданию одим вариантом для всех, тогда легче было бы проверять, вывод по теме мало было. Для закрепления лучще бы несколько вопросов по пройденной теме. Понравился, тесная связь с спец предметами, большой охват при опросе, использование ТСО, макет, интерактивную доску и обычную доску. Раздаточные материалы хаватло всем индивидуально. Консультирование как преподаватель.

Рамазанова Р.А.: при опросе устно, некоторые подсказывали и шулеми, понравилось использование макета, хорошо поняли сломанные тени, преподаватель работала на обойх досках, с помощью анимации слайда хорошо показала чертеж. Урок по моему должен быт комбинированным. В целом урок оцениваю хорошо.

Джакимбаева Н.Ж.: тақырып өте күрделі, соған қарамастан оқытушы жеткілікт етіп түсіндіре алды. Басқа пәндермен байланысы көп, физикамен де. Оқытушы өз пәніне деген құрметін, білімділігін көрсете алды. Мақсатына жете алды.

Мұңлықбаева М.Б.: Сабақ жоспарға сай өтті, макет арқылы да, тақтада, интерактивті тақтада сызу арқылы да түсіндірді. Өз біліктілігі мен білімділігін көрсете алды. Оқушылар белсенді қатысты. Маған ұнағаны оқушыларды бағалауы. Бағалау критерилерін пайдаланып, әділ бағалады. Сабақ жақсы өтті деп есептеймін.

Қаулы: 17.05.2017жылы «Сызу негіздері» пәнінен «Көлеңке. Нүктенің және түзудің көлеңкесі» тақырыбында өткен ашық сабақ жақсы өтті деп есептелсін.





Жалпы білім беретін пәндер

бірлестігінің төрайымы: ____________ Ташкенбаева Л.О.





Ашық сабақ барысы

Тақырыбы: «Көлеңке. Нүктенің және түзудің көлеңкесі»







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!