Материалдар / Оқушының ойлау қабілетін дамыту жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушының ойлау қабілетін дамыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мақсат - білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени - ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу - біздің қоғам алдындағы борышымыз. Білім алушылардың рухани-адамгершілігін дамытуға бағытталған тəрбие жұмыстарына оқу, сабақтан тыс жəне қоғамдық маңызды жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Заманауи оқыту мен тәрбие үрдісінің негізгі идеясы оқушылардың белсенділігін арттыру, іздемпаздыққа үйрету, білімді өз бетінше алып, күнделікті өмірде қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2020
965
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласындағы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты

Байболова Алмагуль Нуралиевна

« Оқушының ойлау қабілетін дамыту жолдары»

авторлық бағдарламасы

  Түсінік хат

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мақсат - білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени - ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу - біздің қоғам алдындағы борышымыз. Білім алушылардың рухани-адамгершілігін дамытуға бағытталған тəрбие жұмыстарына оқу, сабақтан тыс жəне қоғамдық маңызды жұмыстарын ұйымдастыру жатады.

Заманауи оқыту мен тәрбие үрдісінің негізгі идеясы оқушылардың белсенділігін арттыру, іздемпаздыққа үйрету, білімді өз бетінше алып, күнделікті өмірде қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу. Бұл оңай іс емес, себебі, жас жеткіншектің бойындағы ерекше қабілетін, дарындылығын тани білу, оны одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру үлкен шеберлікті талап етеді.

Мектептегі оқу процесі интектеллектуалдық жүйені, дағдыны қалыптастыру білімнің қиын жүйесін ұғындыру үшін ғана емес, сонымен бірге таным процестерін дамыту үшін қажет.Оқу материалдарын меңгеру үшін әрбір өтпелі кезеңде таным процестері жүйесін дұрыс дамыта білу қажет.

Белгілі психолог Н.С. Лейтес көптеген жылдар бойы дарынды балаларды зерттей отырып, баланың басқалардан ерекшелігі – ой еңбегіне деген бейімділігі, жаңа хабар, жаңа білімді алуға үнемі қажетсіну екендігін көрсетеді. Ол өз еңбектерінде ақыл-ой қабілетінің дамуына әсер етуші танымдық қажеттілік екендігін анықтады. Танымдық қажеттілік өскен сайын қабілетте дами түседі.

Оқушының танымдық іс-әрекетін оқу үрдісінде белсенді ету – оның ойлау қабілетін күшейту. Аталған педагогикалық мәселенің маңыздылығын көрнекті психолог С.Рубинштейн төмендегідей түрде көрсетеді:«оқытудың негізгі мақсаты тәлімгердің ойлай білуін тәрбиелеу болып табылады». Бұл жағдайда ол бұрыннан белгілі емес құбылыстар арасындағы жаңа байланыстарды, жаңа тәсілдерді аша алады және құбылыстардың ішкі құпияларына қатысты мәселелерді шеше алады».

Оқушының ойлау іс-әрекеті үш деңгейден тұрады: түсіну деңгейі, қисынды ойлау және шығармашылық ойлау деңгейі.

Бағдарлама барысында оқушының белсенділігі артып, жан - жақты талдауға, өз ойын ашық айтуға, оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.

Бағдарламаның мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ақыл ойды шынықтыру.

Оқушыларының оқу-тәрбие процесінде танымдық үрдістерін дамыту арқылы жан-жақты шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.


Міндеті:

1 Балаларға өзін танудағы білім алумен қатар сол білімді алуға үйрету.

2 Оқушылардың арнаулы шығармашылық қабілеттерін айқындау, дамыту.

3 Оқушылардың жан-жақты табиғи интеллектуалды қабілетін дамыту ;

4 Ойлау сапаларын дамыту ;

5 Оқушылар бойындағы танымдық қызығуын арттыру;

Бағдарлама 3 кезеңнен тұрады:

1. Бағдарлау кезеңі(1-2 сабақ)

кезеңнің мақсаты: эмоционалдық тұрғыдан өзін-өзі анықтаумен тануға бағыттаған психотехникалық жаттығуларды қолдана отырып, топ қатысушыларын біріктіру.

2. Дамытушы кезең (30 сабақ)

кезеңнің мақсаты: Оқушыларының танымдық үрдістерін дамыту арқылы жан-жақты шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру, мәселе шешудің дәстүрлі, бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдері құрсауына маталып қалмай тыс шешім жолдарын іздестірудегі еркіндігі, жағдай өзгерістеріне орай жаңаша ой жүзгізу қабілеттілігін арттыру.

3. Бекіту кезеңі (1-2 сабақ)

кезеңнің мақсаты: Өзін бағалауды бекітумен қатар, адамның өзінің де, өзгенің де ой, пікірін шынайы бағалай білу ептілігі, тұжырымдар мен қорытындыларды тиянақты әрі жан-жақты тексерістен өткізе алу қабілетін қалыптастыру .

Түйінді идеялар: балардың бойындағы ойлау қабілетін анықтау мен жетілдіру әрекетінің тиімді жолдарын қарастыру.

Күтілетін нәтиже:

Оқушы оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгереді, шығармашылық қабілеті дамиды, сыни ойлай алады, өз жан дүниесін танитын, өзін өзгелермен салыстыра алатын , іс-әрекетіне талдау жасай алатын тұлға қалыптасады. Сонымен қатар оқушылардың ой шапшаңдығы, сөз байлығы молайып, қиялы дами түседі.
















Қ/с

Тақырыптар тізімі.

Сағат саны


Мерзімі

I.Бағдарлау сабағы.



1

Топтық күтімін айқындау.Сабақтың негізін мақсатын

анықтау.

1




2

Топтық ережелер мен қағидаларын бекіту. Диагностикалық карта бойынша өзін-өзі бағалау парағын толтыру.

1


II.Дамытушылық сабақтар.

3

Ақыл ойды шынықтыру, дамыту.

1


4.

Заттың құрылымы пәні белгісі.

1


5.

Белсенді сөздік.

1


6.

Мнемикалық іс – әрекет

1


7.

Есте сақтау түрлері

1


8.

Ойлау операциялары.

1


9.

Салыстыру, ұқсастық ; графикалық мәселелерді шешу.

2


10.

Маңызды және маңызды емес белгілер түсінігі. (сушественные и несушественные признаки понятия)

2


11.

Сызба бойынша стандарттық емес мәселелерді шешу.

2


12.

Лингвистикалық және математикалық ойлау қабілетін дамытуға бейімдеу.

2


13.

Жалпылау, ой дербестігі.

2


14.

Заттардың мәнді жалпы белгілерін ажырату, ой жүйріктігі.

2


15.

Түсінік анықтамасы.

3


16.

Туыстық қарым – қатынастар жүйесі.

2


17.

Жалпы белгілерді ұғым арасында ажыратып салыстыру.

2


18.

Логикалық байланыс түсінігі, шығармашылық ойды дамыту.

3


19.

Топтастыр, нақтылау.

2


III.Бекіту сабақтары.


20.

Өмір өз таңдауыңмен

Диагностикалық картаны толтыру.

1


21.

Өзіңмен сырласу, қоштасу.

1

34 сағат

Оқу тақырыптық жоспар







Сабақтың тақырыбы: Ақыл-ойды шынықтыру

Мақаты : Оқушылардың сабақта деген қызығушылық түрткісін қалыптастыру.

Зейіннің шоғырлануы және бөлінуінің диагностикасы.

Зейінді жаттықтыру.

Сергіту сәті (5 минут).

1 Жаттығу Сіздерге мәтіннің ішінен о және ы әріпін тез арада сызып шығу тапсырылады.

Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсікқабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

Ойлау формасы болып табылатын ұғымдар, категориялар, идеялар мен теориялар танымның субъектісі мен объектісінің арасын байланыстырып тұрған қоғамдық тәжірибенің негізінде, қоғамдық-тарихи процесте қалыптасып дамиды және заттар мен нәрселердің сезімдік таным формаларында (түйсік, қабылдау, елес) берілмейтін мәнді байланыстары мен қатынастарын өрнектейді. Осының арқасында адам дүниенің заңдары мен заңдылықтарын танып білуге мүмкіндік алады, алды-артын болжап, болашағын айқындап, алдына саналы мақсаттар қойып, соларға жету жолдарын саралайды, табиғатты өзгертеді және өзі де өзгереді. Адам өмірінде, тәжірибелік және танымдық қызметінде шешуді қажет ететін мәселелер туындап, соларды қою және шешу барысында oйлау қабілеті де түрленіп, шығармашылықпен дамып отырады.



Барлығы: _________________________________________________________________



2 Жаттығу

Төменде берілген заттарды ұғынуда бір-бірінен ажыратып тұратын белгілері, құрылымы, сапасы, формасы,түсі болады.

Сіздер кестені тез арада толтырыңыздар.

Пәні

Форма

Түсі

Дәмі

Қарбыз




Лимон




Қызанақ




Сәбіз




Қияр






3 Жаттығу 10 айырмашылықты тап



4. Проверка зрительной памяти. Сурет ішіндегі айырмашылықты тап.

























































суреттен көрген ерекшеліктер санын жазыңыз





Сабақтың тақырыбы: Есте сақтау түрлері

Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту, оқушыларды сыни ойлауға дағдыландыру

Сергіту сәті: «Түгендеу - шатастыру» ойыны

Мақсаты: Еріксіз зейінді дамыту

Жүргізуші сол жерде отырған баланың атымен, тегін қате айтады. Бала зейін қойып, мұқият тыңдап отырады. Тек қана атымен тегін дұрыс айтқанда ғана алға шығады.

Егер кімде-кім қателессе, ойыннан шығады, айыбын төлейді

2 жаттығу «Мармозетка ойыны»

Мақсаты оқушыларды сыни ойлауға дағдыландыру

Мармозетка

Бұл сөз сізге таныс па? Бұл кім? Бұл не?

Сіз оны қайдан көруіңіз мүмкін?

Менің бақытыма қарай бір күні мен ата-анаммен мармозетка өмір сүретін жерге бардым. Олар қаралау болды, ақ, қызыл және күміс-қоңыр түстермен шағылысқан.

Сіздің ойыңыз өзгерді ме?

Мені таң қалдырған олардың көлемі (10-20 см).

Ол жанды ма, әлде жансыз ба?

Мен оны сатып алғым келді, бірақ мен олардың қайда сатылатынын білмеймін

Сіз оны қайдан сатып алуға болатыны туралы кеңес бере аласыз ба?

Менің Бразилияға саяхатым өте әсерлі өтті. Менің сіздерге айтқанымды, мен Амазонкада, Колумбияда, Эквадорда және Перуда кездестірдім.

Ол ұшпайды, ол еңбектейді

Сіз таптыңыз ба? Бұл кім? Бұл не?

3 жаттығу Зейінімізді тексеріп көрейік (қосымша 1)

4 жаттығу Екі таңбалы сандарды есте сақтау. ( Барлығы 12 сан оқу)

Естеріңізде қалған санды ретімен қағазға түсіруге тырысыңыздар (5 минут)

5 жаттығу Естіп есте сақтау (15 минут)

(Барлығы 12 сөз беріледі) Оқушылар мұқият тыңдап жазу керек

6 жаттығу Мен сіздерге 10 сөз беремін.

Сіздер осы сөздерді пайдалана отырып әңгіме құрастырыңыздар.

дала, күн, аспан, мектеп, қағаз,ата-ана, кітап,уақыт, қалам, сағыныш.

Үйге тапсырма: Сіздер үйде біреудің көмегімен екі және үш таңбалы сандарды есту арқылы ретімен жаттап, жазыңыздар.


Қосымша 1 Зейінімізді тексеріп көрейік







































жауаптың дұрыстығы...............; жұмсалған уақыты...............


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!