«Өркениетті алға бастырар
ғылым десек,
соның бірден бір саласы жас
ұрпақты дәл
тарихтай отаншылдыққа,
ұлтжандылыққа ,
әділдікке тәрбиелей
алмайды»
Н.Ә.Назарбаев
Оқушының өзіндік жұмысын
ұйымдастыру-
ҰБТ-ға даярлаудың тиімді
жолы
Ұлттық бірыңғай тест- білім
сапасының ең басты көрсеткіші болып есептеледі.Әрбір ұстаз өз
ісінің нәтижесін көргісі келеді.Бұл оқушылардың алған
бағасы.Алаштың ардақтысы М.Дулатовтың
:“Жалғыз сүйеніш, жалғыз
үміт-оқуда.Теңдікке жетсек те, жүрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі
сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында
аламыз.Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз-оқу.Надан жұрттың
күні-қараң, келешегі-тұман”-айтқанындай елімізді көркейтер
шәкірттерімнің жемісін көру үшін жұмыстанып
келемін.
Қазақстан тарихы- аса күрделі,
есте сақтауға қиын соғатын негізгі пәндердің
бірі.Тарих пәні білім көзі ғана
емес, тәрбие құралы.Ол пәннің мақсаты оқушы дүниетанымының негізі
болатын тарихи сананы,тарихи білімді құрметтеу мен сыйлау сезімін
қалыптастыру.
ҰБТ-ға дайындық 5-сыныптан
басталуы керек.Осыған дейін оқушыларға тарихтан бастауышта бастапқы
түсініктерді «Дүниетану», «Әдебиеттік оқу» пәндерінен
алады.5-сыныпта оқушыларға Қазақстан тарихынан әңгімелерді қызықты,
қосымша дерек көздерін пайдалана баяндау және ойын элементтері
арқылы пәнге қызығушылықтарын оятып алу
керек.
Пән бойынша проблемалық
тақырыбым: «Оқушылардың өз бетімен білім
алу дағдыларын қалыптастыру арқылы шығармашылық және танымдық
қабілеттерін дамыту».Проблемалық оқытуда көздейтін
мақсатымыз оқушыларға білімді дайын күйінде барлығын мұғалімнің өзі
баяндап бермей, олардың алдына белгілі проблемалы міндет қойып,
соны өздеріне шештіруге бағыттау.Сабақ үстінде берілетін оқу
материалдарын оқушыларға жеткізу үшін, әр түрлі оқыту әдістерін
қолдануға болады.Ең көп тараған оқыту әдісі-ол мұғалімнің ауызша
баяндауы.Бұл әдіс оқу процесінде жетекші рол атқаратын болғандықтан
жаңа материалды түсіндіруде кеңірек
қолданамын.Оқытудың түрлі амал-тәсілдерін
үйлестіріп қолдану қажет.Әсіресе оқушылардың өздігінен жасайтын
түрлі оқу жұмыстары балалардың таным белсенділігін
арттырады.
Өзіндік жұмыс дегеніміздің өзі
ізденімпаздықтан туады. Жеке тұлғаның ой-өрісінің дамуы ,
белсенділігінің артуы , білім алу қажеттілігін түсінуі, оны өмірде
іс тәжірибесінде қолдана білуі, шығармашылық міндеттерді ойдағыдай
шешу құралының бірі болып оқушылардың өздік жұмысы болып
саналады.Тарих сабағында оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
кітаппен , тарихи құжаттармен , конспект, тезис, , реферат, жоспар,
сызба, кестелермен жұмыс істей білуді және оларды өзі жасай білуден
басталады.
Өзіндік жұмыс
түрлері:
1.Репродуктивтік
жұмыстар: дайын дерек көздерін
пайдаланып кесте, сызба, диаграмма, т.б.
толтыру.
2.Реконструктивтік: өз бетімен жоспар құру,
реферат, тезис, аңдатпа, курстық жұмыс жазудан
тұрады.
3.Шығармашылық
жұмыс: өзіндік талдау, жаңа дерек
көздерін игеру, оны орындау.Қазіргі кезде өзіндік жұмыстың екі түрі
қолданылады:
-
дәстүрлі, яғни өзі қалаған
уақытында орындайтын өзіндік жұмыстар;
-
аудиторияда мұғалімнің
бақылауымен орындалатын жұмыстар.
Өз тәжірибемде тарих пәндері
бойынша оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру,
шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімдерін іс жүзінде
пайдалана білуге үйрету тұрғысында жұмыстанып келемін.Ал, оқушыға
жан-жақты терең білім беруде “СТО” технологиясын қолдану ҰБТ-да
ойдағыдай нәтижеге қол жеткізеді деп айта
аламын. Сыни тұрғыдан ойлаудың нақты
әдістері көп, соның ішіндегі қолданып жүргендерім топтастыру,
көрнекілік, кубизм, Венн диаграммасы, бес жол өлең, инсерт әдістері
, семантикалық карта, пікірталас, Блумның сұрақ қою кестесі
/ойландыратын сұрақ беру/ т.б. СТО бағдарламасының
әдістері арқылы оқушылардың ой-пікірі,
көзқарасы, дүниетанымы қалыптасады. Баланың сезіміне әсер етпей,
санасына жеткізбей, оған терең білімді меңгерту мүмкін емес.ХХ
ғасыр басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру- үйренщікті жай ғана
шеберлік емес, ол-жаңадан табатын өнер»,-деген
екен.
Оқушылардың өзіндік жұмысын
ұйымдастырудағы мақсатым:
-
Оқушыларға ел тарихының өткен,
бүгіні мен ертеңгі болашағынан жүйелі тарихи білім
беру;
-
Пәнге қызығушылықтарын
арттыру;
-
Ойлау логикасын
қалыптастыру;
-
Есте сақтау қабілетін
арттыру;
-
Шығармашылық әрекетін
қалыптастыру;
-
Іздену ынтасын
арттыру
-
Тарихи көркем әдебиет оқуға
қызығушы-лығын ояту;
-
Дербес ойлауын
дамыту;
-
Тарихи тұлғалардың өнегелі
істерімен таныстыру;
-
Қоғамның белсенді мүшесін
қалыптастыру;
-
Адамгершілігі мол дарынды
ұрпақ тәрбиелеу;
-
ҰБТ-де жақсы нәтиже
алу.
Оқушылардың өзіндік жұмысын
ұйымдастыруда мына талаптар ескерілуге
тиіс:
-
Оқушылар берілген жұмыстың
мақсатын түсінуі тиіс;
-
Жұмыстың оқушылардың өз
еркімен, қалауымен орындалуы;
-
Оқушыны өздігінен жұмыс
істеуге дағдыландыру тек олардың өздерінде қалыптасқан біліктілік
арқылы жүзеге асырылады;
-
Жұмыстың көлемін шамадан
асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл
бөлу;
-
Оқушылардың даму деңгейіне
қарай жекеленген тапсырмалар беру.
«ҰБТ-ға дайындық» кезінде
туындайтын мәселелер мен
қиындықтар:
-
сапалы білім алуға оқушылар
мен ата-аналардың ынтасыздығы;
-
оқушылар мен ата-аналардың
денсаулығына байланысты туындайтын
мәселелер;
-
ата-аналарының төмен білімінің
деңгейі;
-
оқушының өзіндік даму, өзіндік
білім көтеруінің төмен деңгейде болуы;
-
оқушының өзін-өздері төмен
бағалауы және көбіне өзі таңдаған мамандыққа деген қажеттілік емес
бұл пәнді басқа пәндерге қарағанда оңай деп
тануы;
-
ҰБТ- ға қажетті оқулықтардың
өте қымбаттығынан оқушылардың көбінің оқулықтармен
толық қамтамасыз етілмеуі т.б.с.с.
Тарих пәнінен ҰБТ-ға
дайындық кезінде кездесетін
қиындықтарды шешу
жолдары
-
ҰБТ-ға 5-сыныптан бастап
әзірлеу;
-
Оқушыларға психологиялық көмек
беру;
-
Теориялық білімдерін
практикамен ұштастыру;;
-
Пән мұғалімінің уақытпен
санаспауы;
-
Сабақта оқушының өзіндік
жұмысын ұйымдастыру;
-
Ата-аналарымен байланыста
болу;
-
Сынақтар бойынша қатемен
жұмыс, дұрыс талдау жасау;
-
Сыныпта сайыс түрлерін
ұйымдастыру;
-
Оқушының жіберген қателерін
дәптерге жаздырту
Бүгінгі таңда
оқушылардың ҰБТ – ға дайындалуының негізгі үш әдісі
қалыптасқан:
1. Дәстүрлі әдіс, яғни оқушылардың, мұғалімдердің тақырыпты
әңгімелеу, баяндау немесе дәріс оқуы арқылы дайындалуы.
2. Оқушының өз бетімен оқып, ізденуі.
3. Оқушы тек қана дайын тесттерді жаттаумен шектеледі.Менің ойымша
бұл әдістердің қай-қайсысы да тиімді, тиімсіз болуы да
мүмкін.
Қысқасы , бүгінгі жас ұрпақты
ертеңгі егемен еліміздің өркендеуіне, өз елінің қарқынды түрде
дамуына қомақты үлес қосады десек, білімді, өз ұлтын, тілі мен
ділін, туған тарихын құрметтейтін ұрпақ шығару-сіз бен біздің
парызымыз.