Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқыту және оқытудың жаңа тәсілдері.Топпен жұмыстың сабақтың тиімділігін арттырудағы ролі.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Факультет: Жаратылыстану-география
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Оқыту және оқытудың жаңа тәсілдері.Топпен жұмыстың сабақтың тиімділігін арттырудағы ролі
2017 жыл
Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................3
Негізгі бөлім
-
Сабақты ұйымдастырудың психологиялық негіздері
1.1. Сабақтың әдістемелік негізі
-
Топтық оқыту әдістері
-
Оқушыларды топпен жұмыс жасауға үйрету
2.1. Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
-
. Топпен жұмыс жүргізу барысынды мұғалімнің атқаратын ролі өте маңызды.
Қорытынды....................................................................................................34
Пайдаланылған əдебиеттер тізімі...........................................................36
Кіріспе
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»,-деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда. В.Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту-үйретудегі амалдардың жиынтығы, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) «педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті» – деп түсінік берді. Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды» Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.
Мектеп қабырғасында жалпы орта білім берудің көптеген әдіс-тәсілдері белгілі, оларды қолданудағы басты мақсат- оқушылардың білім игеруінде. Жаңашылдықтарды енгізу мен бұрынан қалыптасқан сабақ құрылымына үйлесімді түрде ендіру қажырлы еңбекті талап етеді. Оқу модульдерінен: белсенді, белсенді емес және интерактивті түрлерін бөліп қарастыруға болады.
Белсенді емес, яғни пассивті оқытуда оқушылар материалды мұғалімнің айтқан сөздерінен ,оқулық беттерінен игереді, оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасамайды, шығармашылық тапсырмалар орындалмайды. Бұл модель ең дәстүрлі және де жиі қолданылады, дегенмен заманауи білім, қоғам, әлем белсенді әдістердің қолданылу талап етеді. Белсенді әдістер оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі мен танымдық әрекеттерін белсендіруге бағытталады. Бұл модельдегі басты қарым-қатынас оқушы-оқытушы бағытындап болып, шығармашылық (жиі үй жұмысы) тапсырмалар міндетті түрде орындалады. Интерактивті модель білім берудің жайлы ортасын қалыптастыру мен оқушылардың бір –бірімен қарым-қатынастарына бағытталады. Интерактивті оқытуды ұйымдастырудың негізінде өмірлік ситуациялар мен рольдік ойындар, сондай-ақ ситуациялар мен жағдаяттарды анализдеу арқылы бірлескен шешім қабылдау жатады. Әрине, интербелсенді сабақ құрылымы, дәстүрлі сабақ құрылымынан өзгеше, сол себепті осындай сабақты өткізу мұғалімнің тәжірбиесі мен кәсібилігін талап етеді. Құрылым –интерактивті технологиялар, нақты әдіс пен тәсілдер енгізіледі, басты мақсат сабақты барынша өзгеше және қызықты ету.
-
Сабақты ұйымдастырудың психологиялық негіздері
Оқыту процессін ұйымдастру дегеніміз , бұл- оқытушы мен оқушының арасындағы өзара қарым-қатынасы мен оқыту процесін құрылымдау, оның ішінде оқу материалы, оқытушының білім беру мен оқушының білім алу әрекеті қарастырылады. Оқыту процессінің жоғары нәтижесі, оқушылардың әрекетімен сипатталады, ұстаз қандай болмасын, өз пәнін жоғарғы деңгейде білсе де, оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыра алмаса, қызығушылықтарын оята алмаса және де оқушылардың өзара білімді де мазмұнды қарым-қатынастарына қол жеткзе алмаса, ол мұғалім жоғарғы нәтижеге жете алмайды. Оның оқушылары емтиханда жатталған материалды нақты айтып өтеді, алайда мұғалім оқушының данына шығармашылық отын енгізе алмайды.
Оқу процесі жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған , барлық принциптерге сай өткізілетін болса да, оқушының білім алуға, тәрбиеленуге , дамуға құлқы жоқ болса, оқыту процесі осы оқушыға қатысты тиімсіз болып табылады. Сол себепті де әр мұғпалімнің басты міндеті- әр бір оқушыда білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, дамуға деген қажеттіліктерін қалыптастыру болып табылады.
В.А.Сухомлинский жазғандай: « Мектептерде қызық оқиғалар орын алуда…. мұғалімдер тәрбиеленбейтін оқушыларды тәрбиелеуге тырысуда» ( 1, 121 б)
Тәрбиелеу адам бойында тәрбиеленуші болуға деген қабілеттерін қалыптастыруға бағытталады. Тәрбиеленуші болу қабілеті- жанның сезімталдығы, тәрбиешінің сөздеріндегі нәзік түстерін, көзқарасын, күлкісі мен үндемеуінің себептерін тануға деген жүрек сезімталдығы.
Оқушылардың оқу әрекеттерән басқару- бұл тек жоспарлау, материал дайындау мен сабақ өткізу ғана емес, сонымен қатар әр бір оқушы сынып ұжымында қалыпты эмоционалды көңіл –күй алуы мен қажеттілік-мотивациялық ортасын қалыптастыру болып табылады. Сыныпта шеткері қалған оқушылар мен өзге де эмоционалды түрде алғанда сәтсіз оқушылар қалмауы керек.
Мектеп, оқытушылар бір емес бірнеше күрделі түрде байлаынсқан мәселелерді шешумен айналысады. Мектеп бір емес, бірнеше мақсат қояды. Осы мақсаттар белгілі бір тәртіпке сүйене отырып, иерархиясы жасалады, яғни негізгі және басты мақсатқа өзге мақсаттар бағынады. Басты мақсатты оған жету құралдары анықтайды: мектептің және оқытушылардың әдістер мен тәсілдері. Педагогикалық еңбектің жеке мақсаттары екі басты және негізгі мақсаттарына бағытталады.
Бірінші мақсат барлық оқушылардың ғылым негіздерін игеру мен білім мен білік, дағдыларын қалыптастыру мен физикалық және еңбек әрекеттерін дамыту, профессионалды қабілеттерінің негізін қалау.
Екінші мақсат , жоғарғы құндылықты, жан-жақты дамыған , шығармашылық белсенділігін және қоғамдық саналығын тәрбиелеу. Мектептің тәрбиелік мақсаты ретінде қарастырылады, оқыту процесінің шеткері аумақтарына тиісті. Яғни, «оқыту тек қана білім берумен шектелмейді, оқыту мен тәрбие қатар жүреді» дегенді білдіреді.
Бүгінгі күні әрбір мұғалім оның жұмысының негізі оқушыларды тәрбиелеу мен әрбір оқушына жан-жақты дамыған, қоғамның белсенді мүшесін қалыптастыру болып табылады. Әрине, пән-мұғалімдернің өзгеше қойылған мақсаттары болуы мүмкін, тек бұл мақсат оқушыдан тұлға қалыптастыру мақсатымен бірлесе жүргізілуі тиіс. Тек тәрбие беру мен оқушының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру арқылы қазіргі кездегі білім берудің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға болады.
-
Сабақтың әдістемелік негізі
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар қоғамның мектеп алдына қоятын талаптарының негізінде жасалады, Оқушының саналы, терең, сапалы білімін қалыптастыру, тәрбие негіздерін қалыптастыру, қоғамдық еңбекке белсенді қатысуын қалыптастыратын, дағдыларын, белсенділік, еңбекқорлық қаситтерін сабақта қалыптастыру. Сонымен қатар, білім мен танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық, инициатива, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын, білімдерін практикада қолдану, білімге деген қажеттіліктерін, қоғамдық және азаматтық парызын түсіну қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақ- логикалық түрде аяқталған, оқыту-тәрбие процесінің белгілі шектеулерімен анықталады.
Сабақтың сапалы деңгейде өтуі, әр бір компонент, яғни мақсат, мазмұн, әдістер, тәсілдердің дұрыс таңдалып алынуы мен тиімді түрде қолданылуына байланысты. Сабақ құрылымын жасау кезінде тек қана оқушылардың білім игеруіне ғана бағытталып қоймай, сонымен қатар осы сабақтың қай кезеңінде білім игерілуі тиіс екендігін анықтап алған жөн. Сабақ- оқыту процесінің бір бөлшегі болып табылатындықтан, білім үш деңгейде игерілуі мүмкін:
-
Таным деңгейінде, саралау мен есте сақтау;
-
Үлгі бойынша іс-әрекет ету деңгейінде;
-
Жаңа ситуацияда білімді қолдану деңгейінде.
Сабаққа қойылатын бір қатар талаптар бар:
-
Сабақ ьтек қана материалды берумен шектелмеу тиіс, сонымен қатар осы білімді практикада қолдана алатындай бірнеше тапсырмалар берілуі тиіс.
-
Білімнің белгілі бір көлемі оқушылардың ізденімпаздығы мен мәселелерді шешуі нәтижесінде игерілуі тиіс.
-
Материалды беру вариативті негізде жүргізілуі тиіс.
-
Бірде бір сабақ оқытудың барлық мәселелерін шеше алмайды. Сабақ белгілі бір курстың, тақырып пен бөлімнің бөлігі. Оның логикалық өлшемі болып табылады.
-
Сабақ құрылымы логикалық түрден қарастырған нақыт болуы тиіс яғни бір кезеңнен екінші кезеңге өту дидактикалық мақсатқа, оқыту процесінің заңдылықтарына сай болуы тиіс.
-
Оқу процесін бұрын алған білім ,білік, дағдыларды қайталаусыз елестету мүмкін емеес.Әр сабақта міндетті түрде бекіту кезеңі болуы тиіс.
-
Игерілген білім жүйелі түрде жоспарлы тексерілуі тиіс. Мұғалім мәдениеті мен оның интеллектуалды және адами құндылықтары сабақ тиімділігін арттырады.
Сабақ құрылымына қойылатын талаптар:
-
Сабақтың оқу программасына сай болуы.
-
Сабақ құрылымы мен ,кезеңдердің уақыт талабына сай болуы.
-
Ғылыми және бірегей болуы
-
Эстетикалық тәрбие беру мен сабақтың эмоционалдық жақтары
-
Жаңа материалды беру
-
Дамыта оқыту принциптерін сақтау
-
Өмірмен байланыстылығы
-
Көрнекіліктер
-
Кітаппен жұмыс
-
Таным мен жаңа түсініктердің қалыптасуы
-
Жаттықтыру тапсырмалардың орындалуы.
-
Өзбетімен жұмыс жасай білу
-
Оқушылардың белсендлігі мен инициативалылығы
-
Оқушыларды іс-әрекеттің түрлі формаларымен қамтуы
-
Ауызша және сөздік практикаларды қолдану.
-
Жекеше жұмыс, дарынды және үлгерімі төмен балаларға көңіл бөлу
-
Оқушылардың білімін тексеру
-
Оқушы білімінің қоры мен терңдігі
-
Бағалаудың нақты біліміне сай болуы
-
Үй тапсырмасын ұйымдастыру
-
Сабақ барысының темпі
-
Мұғалімнің педагогикалық тактісі
-
Мұғалім сөзі мен субъективті қасиеті
-
Дұрыс оқу мен айта білу
-
Сөздік-фразеологиялық және стилистикалық жұмыс
-
Дұрыс сөйлем құрып, өз ойын жеткізе білу
-
Оқу жылдамдығы
-
Ауызша және жазбаша жұмыстың мәдениеті
-
Жазбаша жұмыс жүйесі
Сабақ кезеңдері:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
-
Білімдерін жан-жақты тексеру кезеңі
-
Жаңа материалды белсенді игеруіне дайындық кезеңі
-
Жаңа материалды игеру кезеңі
-
Жаңа материалды игеру деңгейін тексеру кезеңі
-
Жаңа материалды бекіту кезеңі
-
Үй тапсырмасы жайлы ақпарат беру кезеңі.
1.2Топтық оқыту әдістері
Бүгінгі таңда оқшыларды ХІХ ғасырда дайындау үшін ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт.
Мектепте алған білімдерін өмірді қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденістерді талап етеді.
Оқыту сапасын арттыру мақсатында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, оқуға деген қабілетін, зейін, сөйлеу дағдылары, шығармашылық ойлау сияқты қабілеттерін дамыту өте маңызды. Сыныптағы әр бір оқушы ақпаратты әр түрлі қабылдайды. Оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, әр сабақты тиімді стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдану қажет. Жаңа сабақты түсіндіруде, аудио, бейнемәтіндер болса, қолдану сатысында топтық әдісті қолдану ұтымды болады. Себебі топтар бір –бірлеріне сұрақ қоя алады, бір-бірлерінің жұмыстарын бағалай алады, өз идеяларын ұсынады,соның нәтижесінде біз «оқушының үнін» естиміз.
Топтық жұмыс, бұл:
-
Генерация
-
Шаттық
-
Тапсырмалар
-
Ізденіс
-
Қарама-қайшылықтар
-
Тәжірибе
-
Шабыт
-
Анықтылық
-
Белсенділік
-
Нәтиже
-
Аралық даму
-
Қарым-қатынас
-
Шығармашылық
-
Анализ
Топтық жұмыс не береді?
-
Бірлескен әрекет
-
Сұрақ қоя білу
-
Мәселелерді шешу
-
Келісім жасай білу
-
Рольдер мен жауапкершіліктерді жүктеу
-
Өзгелерді тыңдау
-
Өзгелерді өзіңе сендіру
-
Өзін үшін жауап беру
Топтық жұмыстың келесідей түрлері бар:
-
Жұптардағы жұмыс
-
«Миға шабуыл»
-
«Жалғастыр» ойыны
-
«Қазына іздеу»
-
«Дельфи» әдісі
-
Мозаикалық топтар
-
«Зигзаг» әдісі (Ара әдісі)
«Миға шабуыл» әдісі- идеяларды басқару үшін қолданылады, қатал регламент , жүргізуші, хатшы, хронометрист рольдері белгіленеді. Яғни топ ішінде шешім қабылданған соң, баяндама немеесе хабарлама жасалады.
«Жалғастыр» ойыны- топ ішінде «тізбек» әдісін қолдану арқылы жасалады. Яғни бірінші оқушыдан бастап соңғы оқушыға дейін барлығы бір тақырып шеңберінде ойларын айтады. Мысалы, шығарма немесе қандай да бір оқиғаны баяндау кезінде қолдану тиімді.
«Бір әріп шығармасы» ойыны- әңгімені бір әріптен басталатындай етіп құрастырып шығу.
«Қазына іздеу» — мұғаалім сұрақтар құрастырады. Сұрақтар білім мен танымды қажет етеді. Топтар интернет көздері мен кітап мәлімметтерін қолданады.
Мозаикалық топтар-мұғалім материалды бірнеше бөліктерге бөледі. Әр топ өз тақырыбында жұмыс жүргізеді. Топтарға қажетті мәліметтер беріледі.
Әр топ өзге топтарға өзінің тақырыптары мен игерілген білімдерімен бөліседі. Жұмыс соңында резюме жасалынады.
«Зигзаг» әдісі (Ара әдісі)- топ 6 адамнан құралады, сұрақтар белгілі бір фрагменттерге бөлінеді, әр оқушы немеес топ сол сұрақты қарастырады, жалыпылама түрде белгіленген келесі топтың сұрағымен танысады. «Эксперттер кездесуі» әдісі де осы негізде құралады, яғни бір оқушыдан шығып өз сұрақтарын талқылайды, алған жауаптарды топ ішінде қарастырады.
Оқуды жақсарту үшін оқушылардың білімдеңгейі қай дәрежеде, оның дамуына ықпал ету жолында бағалаудың да бірнеше түрлері бар.
Өзара бағалау көбіне үй тапсырмасын тексеру кезінде қолданылады, оқуышылар бағалап қана қоймай ,сонымен қатар қай тақырыпты қайталау қажеттілігін де жазады. Топтық жұмыста өзін-өзі бағалау, кей тапсырманы критерий бойынша бағалау кең қолданылады.
Топтық және жұпытқ жұмыстың нәтижелері:
-
Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі
-
Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады
-
Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласын
-
Оқуышлардың көбін бағалауға мүмкіндік
-
Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді
-
Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады
-
Жеке тұлғалық сипатын дамытуға,шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген сенімін қалыптастырады.
2.Оқушыларды топпен жұмыс жасауға үйрету
Педагогика тарихы тәрбие процесін ұйымдастырудың әртүрлі формаларын басынан кешірді. Олардың әрқайсысы өзгермелі жағдайлардағы белгілі-бір мазмұнды ашу үшін жасалынады. Біріншіден, балалар саны өзгерді: ежелгі оқу орындағы бір немесе оншақты баладан бүгінгі барлық балалардың міндетті мектеп тәрбиесіне өтуі. Сондықтан,тәрбие формасын талдаудың алғашқы бағамы сандық өлшеммен беріледі. Тәрбие процесінде қамтылған адам санына қарай тәрбие формалары жеке, шағын топтық, топтық және бұқаралық болып бөлінеді. Топтағы тәрбиеленушілер саны – 5-7 ден 25-40 дейін болса, бұқаралық формада оның шегі болмайды. Тәрбие процесінің пәрменділігі оны ұйымдастырудың формасына байланысты.
Мектеп тәрбиесін ұйымдастырудың топтық формасы ұжымдық деп аталады. Тек ұжымда ғана тұлға өзінің жан-жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен бірге тек ұжымда ғана жекелей еркіндік болуы мүмкін. Ұжымдық рухта тәрбиелеу педагогикалық тәрбие мақсатындағы негізгі принцип. Бұл мақсатқа жетудің жолдары мен формалары ұжымға байланысты.
Шетелдік жүйе тәрбиесінен өткен кеңестік жүйе өзгешелігі- тұлға дамытудағы ұжымның атқаратын қызметі жетекші болып белгіленуінде. Кеңес мектебі әлемде бірінші болып, жеке тұлғаға бағдарланған тәрбиеден бас тартып, тәрбие іс-әрекетінің негізінде ұжымды қалады. Сөйтіп, тәрбие тәжірбиесі мен теориясының дамуына деген көзқараста үлкен қадам жасады. Ұжым тәрбиелік талпыныстар орталығына айналды, оны қалыптастыру мектептің негізгі міндеті ретінде қабылданды. Жаңа қойылған мақсаттар кіші және үлкен мәселелерді теориялық үйлестіру мен талдауды қажет етеді. Оларды шешуге А.С Макаренко, Н.К Крупская, В.А Сухоилинский және т.б атақты педагогтар күш жұмсады.
Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген.
2.1. Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.
4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.
5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады.
Жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылады:
Әлеуметтік |
Танымдық |
Эмоционалдық |
|
|
|
1-сурет. Топтық жұмыс жүргізу мақсаттары
2.2. Топпен жұмыс жүргізу барысынды мұғалімнің атқаратын ролі өте маңызды.
Мұғалімдер топтық жұмыстарды ұйымдастырып және оны қолдап отыруы қажет, сонымен қатар, тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру керек. Әрі топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етулері керек. Сыныппен жұмыс істеу барысында неге қол жеткізетіндерін және нені білу жоспарланғандығын, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты екендігін талқылауды қамтуы тиіс. Талқылау барысында оқушыларға олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет. Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді модельдеуі тиіс. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, мұғалім бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсетуі керек. Сабақ аяқталған соң мұғалім оқушыларды топтағы жұмыс үдерісі жайлы және оның нәтижелері туралы ойланулары үшін түрткі жасау керек.
Мұғалім мен оқушы белгілі нәтижеге жету үшін жүйелі жұмыс атқарса ғана оқыту және тәрбиелеу әдісі өз нәтижесін береді. Оқытудың барлық жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Оқыту үрдісінде пайдаланған әдіс-тәсілдерді меңгере отырып оқушының өзіндік ой-түйіндерін дамытуға тырысу керек.
Мен өз тәжірибем арқылы сыныптағы оқушылардың білім дәрежесіне қарай топтап оқытудың нәтижелі болатындығына, балалардың сабаққа деген ынтасы,белсенділігі арта тусетініне анық көзім жетіп келеді. Ол үшін сыныптағы оқушыларды білім дәрежесіне қарай үш топқа бөлемін. Яғни білім толық беске оқитындар-үздік топ, екінші топ-төрттіктер, үшінші топ-үштіктер. Топқа бөлмес бұрын оқушылардың білім дәрежесі қалай бағалануы керек екендігін түсіндіремін. Яғни «5» бағасын алатын оқушылар өз бетінше ізденіп, оқулық пен қатар қосымша әдебиеттер мен жұмыс істеуі керек, ал төрттіктер газет,журнал материалдары мен өз білімін ұштастыра отырып оқулықпен сабақтастыруы шарт,ал оқулық материалын толық меңгеріп, ойын толық жеткізу шамасы келмесе, қосымша материалдармен ұштастыра алмаса, онда ол оқушы «үштіктер» тобына кіреді. Мұндай саралап оқытудың көп пайдасы бар. Әр бала қысқа да нұсқа сөйлеуге үйренеді. Әрбір топтағы бала білуге құмарта түседі, төменгі топтар жоғарғы топқа өтуге, жоғарғы топ төменгі топқа түсіп қалмауға тырысады. Топқа бөлу кезінде менің оқушыларым алғашқыда өз еркімен бөлінді. Сонан соң оларға білім дәрежесін тексеретін сайыс ұйымдастырдым. Ең жоғарғы бал алғандар І, одан төмен жинағандар ІІ және ІІІ топқа кіргізілді. Әр топтың өз басшысы болады, олардың қолында баға қойылатын баға қойылатын өз журналы да болады. Ол әр топтағы оқушының білім дәрежесін, әр сабаққа дайындығын көрсететін айна іспетті. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттеріне қызметтеріне сәйкес жоғарғы деңгейге көтерілуіне дарындылық қасиеттерінің ашылуына толық жағдай жасалады. Әр оқушы ұстаздың басқаруы мен дұрыс тапсырмаларды + белгілесімен өзі белгілеп отырады. Оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудын бастайды. Оларды толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшеді. Бұл оқушылар арасында белсенділік туғызады және оқушының мемлекеттік стандарт деңгейде білім алуына кепілдік береді.
Топпен жұмыс жасау
Жаңа форматтағы сабақтардың құрылымына зер салып қарайтын болсақ , бұрынғы дәстүрлі сабақтардан көптеген айырмашылықтары бар екендігі анық байқалады. Сабақтың мақсатында балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, ал күтілетін нәтиже оқушы мен мұғалім үшін қолжетімді болуы қажет. Мектептегі тәжірибе кезіндегі сабағымды 8а сыныбына география пәнінен « Табиғат қорларын пайдалану және қайта жаңғырту» тақырыбына
өткіздім.Сабақтың мақсаты: Табиғат қорларының түрлерін білу, олардың маңызын түсіну және тиімді пайдалануды анықтау жолдарын үйрену.
Алдымен сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін , оқушыларға ұшақ жасауды ұсындым. Барлығы өздерінің есімдері жазылған ұшақтарды ұшырып , серпіліп алған соң , альфавит бойынша топқа бөлінді. Мысалы: 1 топ - Аймира, Айкөркем, Аружан Айбар ; 2- топ Ерасыл. Гүлмира Құрманай ; 3- топ Перизат, Саламат, Мейрамгүл. Бұл тренинг балалардың көңіл- күйлерін көтеріп , қызықты балалық шақтарын еске түсіріп , сабаққа деген ынтасын оятты деп білемін. Оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдерді қолданған кезде өзім үшін де оқушылар үшін де жаңалықтары көп болды.Топтық жұмыс жасаудың тиімділігі көп екенін, оқушылардың күнделікті сабақта парталарын дайындап күтіп отырғандарынан көруге болады. Басында жақсы оқитындардың қасына отырамын - деп өзіне сенімсіздік тудырған балаларда болды. Оларды формативті бағалау арқылы қолдап отырғанын байқағаннан кейін , еш қиындықсыз жұмыстанып кетті.
Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады , алайда оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар:
• кезекпен сөйлеу
• белсенді тыңдау
• сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау
• ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау
• өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу
• ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау
• көмектесу және көмек сұрау
• түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну
• идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау
• топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу . ( Ресурс,1 апта,1 күн)
Сынып оқушыларына топ ережесін құрғызар алдында « не үшін топқа бөлінеміз? - деген сұрақ қойдым. Балалар жарысамыз , бірге оқимыз, ойланамыз , бір-бірімізге көмектесеміз, білмегенімізді үйренеміз, білгенімізді айтамыз деген тоқтамға келді. Сол кезде ойыма бұрынғы сабақтарымда топқа бөлінуді көп қолданбағанымды , қолдансамда оқушылар үшін аз болғанын түсіндім. Топқа бөлу оқушыларды бірлесіп оқуға,бір-бірін тыңдауға,
үйретуге , білмегендерін ортаға салып , толықтыруға жетеледі. Кіріспе бөлімінде жаңа тақырыпты ашу үшін «Табиғи қорлар» дегеніміз не? - деп оқушыларға ортақ сұрақ қойып , бұрынғы білімдерін еске түсіріп алған соң, өздеріне ереже шығаруға тапсырма бердім. Әр оқушы өз ойларын айтқан соң, оқулықтағы ережемен таныстық. Ал табиғат қорларының үш белгісі туралы 3 топтан сұрап шықтым. Сабақтың өн бойында жүретін диалогтық әдіс, оқушыларға сұрақ қоя біліп ,ойлануға мүмкіндік беру арқылы немесе топтық әңгіме барысында жүреді. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ , сұрақ қою арқылы мұғалім: оқушыларда тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталандырады, шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды, білімге құштарлықты дамытады зерттеуге, білімін қалыптастыруға, вербалдандыруға көмектеседі, сыни, ойлауына ықпал етеді және көмектеседі,оқушылардың бір- біріне үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне, бағалауына ықпал етеді, әңгімелеуде ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға үйренеді. Қазақстанның пайдалы қазбаларының алатын орны жөнінде ,берілген
мәтінді оқып , түсіне отырып , оны әуенге қосып айту тапсырмасын балалар қызыға орындады. Барлығы бірігіп , ойласып айтатын әуенді тапқан
Лирикалық ән айту Рэп айтуда
соң, бір топ лирикалық ; екіншісі – марш екпіні ; үшінші топ – рэп үлгісіне салып айтып шықты. Бұл тапсырманы берген себебім, балалар өлең айтуды жақсы көреді , әрі еліміздің пайдалы қазбаларға бай екеніне зейін қойып, есте сақтаса екен деп ойладым. Табиғат қорларының 6 түрін білген соң, алғашқы үшеуін оқып , түсінеді: Отын – энергетикалық қор.( Көмір, мұнай,газ). Минералдық қорлар. ( темір, полиметалл, алтын т.б) Климаттық қорлар . Енді осы табиғат қорларын пайдалану арқылы « ескерткіш» құруға берген тапсырманы да , оқушылар қызығушылықпен орындады.
Климаттық қор: күн
Минералды қор: полиметалл
Отын – энергетикалық қор: мұнай
Алдыңғы сабақтарда «Қазақстанның пайдалы қазбалары» деген тақырып
ты өткен соң , бұл тақырыпты игеру қиын болған жоқ. Берілген пайдалы қазбаның шартты белгісін қалай қисынды көрсетер екен – деп ойлағанмен балалар бір – бірімен ақылдаса отырып сәтті шығарды. Келесі үш табиғат қоры төмендегідей еді: Су қорлары ; Топырақ – өсімдік қорлары ; Жануарлар дүниесінің қорлары. Соңғы тапсырма , осы табиғат қорларын оқып , түсінген соң , өмірде қалай қолданып , қорғайтындары жөнінде ойларын біріктіріп постер жасауға берілді. Бірінші топ – су қоры жөнінде- Айбар мен Аружан өздерінің постерін қорғаған кезде су қоры туралы айта отырып , суға қалдық заттар тастамау керектігін , өзеннің жанына ағаштар отырғызу керек – деп өз ұсыныстарын жеткізіп «бұлақ көрсең көзін аш» деген түйін жасады. Екінші топ – топырақ-өсімдік қорларын , сыныптағы өте жақсы оқитын қыздардың бірі Перизат қорғай отырып , өсімдіктерді қорғау үшін су құятын машина ойлап табатындарын , топырақ құнарсыздығын жоюға , арнайы дәрі ойлап табатындарын жеткізді. Үшінші топ – жануарларды жіктей отырып , адам өміріндегі маңызы жөнінде айтып , оларды қорғау үшін түрлі шаралар ұйым дастыратындарын , жануарларды қорғау ұйымдарын құрғысы келетінін Көзайым айтып берді. Топ мүшелері ынтымақтақтастықта жұмыстанды.
« Топырақ – өсімдік қорлары » « Жануарлар дүниесінің қорлары »
Балалар бұрын білетіндерін бөлісіп , оқығандарын қосып және қорғайтын кезде өз ұсыныстарын да бірге айтты. Дегенмен әлі де болса оқушылардың сөздік қорларының аздығы көрініп тұрды. Тақырыпты жан- жақты ашу үшін, өзіндік ой- ұстанымдарын жеткізуге жетелеу үшін , осындай жаңа тәсілдегі сабақтарды жиі өткізуім керек екенін түйдім. Сондай-ақ сыныптың суретшісі Аймирадан басқа , Айбардың және Көзайымның қабілеттері байқалды. Ал өзіндік идея ұсыныс айтып , пікірлерін қорғаған кезде Перизат , Гүлмира, Айкөркем, Аружан өз ойларын ашық және еркін айтуларымен көзге түсті.Мейрамгүл,Ерасыл, Саламаттар да қалыспай, топтық жұмысқа қосылып аз болсада өз ойларын айтуға тырысты. Бір-бірін сэндвич арқылы бағалап көргенде де , ұсыныс айтқан кезде идеяға , тақырыптың түйініне емес суретке көбірек назар аударып кетті. Бірақ оның бәріне уақыт өте келе үйренеді деп ойлаймын. Сабақ соңында кері байланыс алған кезде, оқушылардың жаңа тақырыпты игеруге жеңіл болғанын , қызыға оқыған дарын, топта ұйымшылдықпен жұмыстанғандарын жазыпты. Құрманай бүгінгі сабақта табиғи қорлар туралы білдік – десе , Аружан - Қазақстан пайдалы қазбаларға бай , табиғат қорларын орынды пайдалана білейік – деп берген екен. Күтілетін нәтижеге сәйкес оқушылар сұрақтарға жауап беріп ереже құрау, түрлі тапсырмаларды орындау арқылы табиғат қорлары туралы тізбектеді.Табиғаттағы маңызы мен тиімді пайдалану жолдары жөнінде постер қорғау арқылы талқылады.
III Қорытынды. Осы оқудың бірінші бетпе – бет кезеңінде алған білімімізді мектептегі тәжірибе кезінде өткізген сабақтарда қолдану үшін , оқу кезінде алған « оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері» арқылы өткіздім. Ол үшін мұғалімдерге арналған нұсқаулықта берілген идеяларды және ресурстарды оқып , соған байланысты әдіс-тәсілдерді үйлесімді пайдалану керек екенін түсіндім. Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижесін қойған кезде ,сындарлы оқыту теориясының талаптарын ұстанып , бағдарламаның жеті модулінің бірі жас ерекшелігіне сәйкес оқыту мен оқуды негізге алдым. Қалай оқу керек
тігін үйрену барысында , оқушылар өздерінің метатанымын қалыптастырып , өз-өзін реттеуге үйренді. Ол топтық жұмыс кезінде байқалды. Сабақтың өн бойында жүретін, диалогтік оқыту әдісі мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым – қатынасты дамытып, ойларын ашық айтуға, өздерін еркін ұстауға , пікірлерін тыңдауға үйретеді. Мерсер мен Ходжкин -
сон (2008) зерттеулерінде айтылғандай , сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты , табиғат қорларының түрлеріне постер құрған кезде пайдалы болды. Балалар бір- біріне тең дәрежеде серіктес бола отырып ,тақырып бойынша ойларын ашық айтып , әр адамның өзіндік пікірін тыңдай білуге үйренді.
Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету модулін қолданған кезде, оқушылардың сыни көзқарасы, ойлауы қалыптасып, алған білімдерін түсініп, қолдана білуге жетеледім. Жаңа тақырыпқа байланысты қойған сұрақтарым, бала ларға сыни ой сала алмағанымды байқадым. Берген тапсырмамды әлі де болса түзетіп , блум таксономиясы арқылы қайта қарауым керек екен.
Сонымен бірге визуальды айғақтарды қолдану арқылы тапсырмалар беремін деп ойлаймын. Оқыту мен оқудағы көшбасшылық модулі бойынша, сабақта қолданған түрлі әдіс – тәсілдер арқылы балаларға бағыт бере отырып, өзім көшбасшы болсам, постер қорғаған кезде сынып үздіктері Перизат пен Аймира өздерін көрсете білді. Осы тұста байқағаным жақсы оқитын оқушы Гүлмираның ой толғауы мен сөз саптауы , оқушының жұптық, топтық жұмыс кезінде ерекше ашылғаны байқалды. Әр тапсырмада өзінше түйін жасап , өз ойын ашық айта білді. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін қолдану кезінде, формативті бағалаудың бір түрі « басбармақ» арқылы бағалауды оқушылар жақсы қабылдады. Өте төмен бағалау болған жоқ, балалар өздерін өте жақсы , жақсы - деп бағалап , өзіндік менін қалыптастыр
ғанына қуандым.Сэндвич арқылы бағалауда, барлық оқушылар тілекті жақсы айтты да, ұсынысқа келгенде ойланып қалғандар көп болды. Осы модульдерді қолдану барысында, талантты және дарынды балаларға арналған жеке тапсырма бермегенімді байқадым. Алдағы уақытта жаңа тақырып бойынша, интернеттен жаңа материалдар қарап, видеороликтер жазып алуға, ол үшін маршруттық карта беруіме болады екен. Менің түйгенім: бағдарламаның идеясы, қысқа мерзімді жоспар құрған кезде, жеті модулді ықпалдастыруы, оқушыларды барлық қырынан зерттеуге, мұғалімдерді жаңа ізденістерге , өзіне сыни көзқараспен қарауға үйретеді. Оқушыларға топтық жұмыстың берері мол. Сыныптағы ынтымақтастық, бір- бірімен келісіп,бірін- бірі толықтырып жұмыстанады. Оқушының өзін-өзі реттеуі, өзін бағалай алуы, қандай істе болмасын көшбасшылық қасиет көрсетуі, жеке тұлға үшін өмір бойына қажет құндылықтар деп білемін. Көргені көп көш бастар – деген халқымыздың даналық сөзі, өмір бойына оқитын мұғалімдерге, барлық жаңалыққа ілесіп, жақсылықтың жаршысы болып жүрсе деген ниеттен айтылған шығар. Оқытудың Кембридждік тәсілін қолдай отырып, болашақта барлық сабақтарымда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланып, өзімді де, шәкірттерімді де шыңдай беремін деген ойдамын.
-
қалыптастырады.
Қорытынды
Сабақ- мұғалімнің шығармашылығы. Оқыту процесінде барлық оқушыларды белсенді қатысуы мен өзара қарым –қатынасқа түсуі бізге байланысты. «Пассивті» оқушыдан «активті» оқушы жасау үшін интерактивті оқыту технологияларының элементтерін қолдану қажет.
Өзін-өзі реттей білетін , жаңалыққа құштар ұстаз заман ағымына қарай өзгере алатын болуы керек. Мұғалім тағдыры-үнемі , өмір бойы іздену, оқу-тоқу. Үнемі ізденіс үстінде жүретін мұғалім жаңа мектеп моделін шығаруына өз үлесін қосады. Себебі білікті ұстаз өз сабағына оқушыларды тегіс қатыстыра алады. Егер сабағын балалардың қызығушылығы арттыратындай етіп құрастырса, оқушының оқуға деген ынтасы да пайда болады, әр сабаққа бала өз қалауымен барады. Бұның бәрі тек біздіің өзіміздің қолымызда және балаларды қолдап, мадақтап отыру қажет.
«Оқушы –толтыратын құмыра емес, тұтататын алау»,- деп Д.Хорвард айтқандай, шәкірттерімізге сапалы білім беру, біздің міндетіміз.
Нарықтық экономиканың сұраныстарын қанағаттандыруға және экономиканың, дамуына сай жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін мұғалімде жұптық, топтық жұмыстарды пайдаланып, оны одан әрі заман талабына сай жетілдіруі қажет. Осылай оқушылардың білім жетістіктерінің деңгейін көруге болады деп есептеймін.
Оқушыларды топпен жұмыс істеуге үйретудің нәтижесінде оқушылардың ойларын еркін айта алатын, өздік жұмыс жасай алатын, сабаққа деген қызығушылығы ояу, бәсекеге әрқашан толық қабілетті шәкірт даярлай аламыз.
Пайдалынған әдебиеттер:
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Ж. Әбиев: «Педагогика тарихы» .
-
«Мектептегі шет тілі» №3/2006ж.
-
«Топпық жұмыс туралы нұсқаулық.
-
Беспалько В. Программирование обучения.
-
Стрекалова, Н.О. Применение проектной технологии на уроках иностранного языка в среднем профессиональном образовании / Н.О. Стрекалова // Педагогический менеджмент и прогрессивные технологии в образовании: Сборник статей X Международной научно-методической конференции. – Пенза: Изд-во Приволжский Дом знаний, 2003. – 560 б
-
Иваненко А.М. Современный урок. – М.: Прогресс, 2005. – 256 б
-
Коринев А.Д. Современные технологии. – М.: ИНИТИ, 2005. – 452 б
-
Шпак, Н.О. Развитие творческого мышления студентов при осуществлении проектной формы работы / Н.О. Шпак // Психология образования: проблемы и перспективы: Материалы Первой международной научно-практической конференции. – Москва: Смысл, 2004. – 670 б.
-
Кобдикова Ж.У. Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясы талаптарына сәйкес өтетін сабақтардың үлгісі.- А., 2006