Материалдар / Оқыту тәрбиесіне өзгерістер енгізу және оларды басқару туралы рефлексиялық есеп.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқыту тәрбиесіне өзгерістер енгізу және оларды басқару туралы рефлексиялық есеп.

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіби құндылықтар – адамды бағыттайтын және оның жұмыс барысындағы мінез-құлқына әсер ететін сенімдер, әдетте олар тұлғалық құндылықтарды сипаттайды. Осы құндылықтарды үйреніп, балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі тиімді тәсілдерді үйреніп тәжірбиеме қостым. Ойынның үш түрімен таныстым. Бағдарлама мазмұнында танысқан ойын түрлерінің тиімділігі: баланың танымдық, әлеуметтік, зияткерлігін, эмоционалдық тұрғысынан дамытып, білім, білік дағдыларды қалыптастырады деген ой түйдім. Менің ойымша, ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты мен күтілетін нәтижесіне жету үшін ойын түрлерін қолдану тиімді. Себебі: ойын- дамытушы іс-әрекет, тәрбиелеу мен оқыту әдісі. А.С. Макаренко былай деген екен: Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады. Ойын-балалар ұшін нағыз өмір. Ойын-балалар үшін айналаны танып білу тәсілі. Осы ойын арқылы баланы бақылап зерттейміз. Бала ойын ойнау арқылы өседі,дамиды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2020
1019
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сатан Зарима Русланқызы

05-БТ-11-20

Атырау қ «ПШО» Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің білім беру бағдарламасы С есебі

С бөлімі.

Оқыту тәрбиесіне өзгерістер енгізу және оларды басқару туралы рефлексиялық есеп.

Педагогикалық шеберлік курсында өзіме өте көптеген кәсіби құндылықтарды алдым. Кәсіби құндылықтар – адамды бағыттайтын және оның жұмыс барысындағы мінез-құлқына әсер ететін сенімдер, әдетте олар тұлғалық құндылықтарды сипаттайды. Осы құндылықтарды үйреніп, балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі тиімді тәсілдерді үйреніп тәжірбиеме қостым. Ойынның үш түрімен таныстым.

Бағдарлама мазмұнында танысқан ойын түрлерінің тиімділігі: баланың танымдық, әлеуметтік, зияткерлігін, эмоционалдық тұрғысынан дамытып, білім, білік дағдыларды қалыптастырады деген ой түйдім.

Менің ойымша, ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты мен күтілетін нәтижесіне жету үшін ойын түрлерін қолдану тиімді. Себебі: ойын- дамытушы іс-әрекет, тәрбиелеу мен оқыту әдісі. А.С. Макаренко былай деген екен: Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады. Ойын-балалар ұшін нағыз өмір. Ойын-балалар үшін айналаны танып білу тәсілі. Осы ойын арқылы баланы бақылап зерттейміз. Бала ойын ойнау арқылы өседі,дамиды.

Тәжірибе кезінде ересек тобы яғни 4-5 жастағы балалар тобында болдым. Өзімнің жазған өзгертілген перспективалық жоспарым мен циклограммам бойынша жұмыс істедім. ҰОҚ-нде ойынның үш түрін пайдаландым. Пайдалану себебім, балаларды оқытудағы тиімділігін іс-жүзінде байқау болды. «Қатынас» саласы көркем әдебиет оқу қызметінде, «Ертегілер еліндегі шалқан» тақырыбында балалардың есте сақтау қабілетін дамыту үшін,   «Не жоқ?» педагог жетекшілігімен ойынын ойнаттым. Балаларды қызыл, сары алмалар арқылы екі топқа бөлдім. «Бала үні» және командалық жұмыс болды. Үстелдің үстіне ертегі кейіпкерлерін қойдым. Ашық сұрақтар пайдаландым.. «Қай ертегінің кейіпкерлері деп, ойлайсыңдар?» Осы жерде сыни ойлады. Балалар қарап алған соң, заттың біреуін алып тастадым. Қай заттың жоқ екенін тапты. «ит жоқ» деп тапқанда, «Ал иттің қалай дыбыстайтынын білесің бе?» деген сияқты сұрақтар қойып коммуникативтілігін байқадым. Қорытындылауда саралаудың диалогтық сұрақтар әдісін қолдандым. Ішінара бақылау жасадым. Тиімді жақтары: зейіні мен қатар «бала үні» естілді, коммандада жұмыс жасады бір-бірін толықтырып отырды. Әлсіз тұстары: кейбір балалар өз ойын ашық айта алмады, ұялшақтап, сенімсіздік танытты. Алдағы уақытта сенімінділігін арттыру үшін, мақтап, қолдау білдірдіп, сол балалардың үнін тындаймын деп ойладым.

«Шығармашылық» саласы Сурет салу қызметінде құрылымдалған ойын «Жемістерді жинау» ойынын ойнаттым. Банан, апельсин, алмұрт жемістерін таңдату арқылы үш топқа бөліп отырғыздым. Бір-бірінің пікірін тыңдап тапсырманы бірлесе орындау барысында олардың коммуникативтілігі дамыды. Муляждарды дайындап бердім. Нәтиже арқылы саралап, сұрақ-жауаппен қорытындыладым. Балалар жасаған іс-әрекетіне жауап тауып, ойын білдірді. Осы тұста «бала үні» көрінді. ЖАДА байқалды, тапсырма барысында бір-біріне қолдау көрсетті. Тиімділігі: әр баланың жемістер туралы ішкі білім білігі толықты. Балаларда өзі шешім қабылдап, нәтижеге өзі жету дағдысы қалыптасты. Ойын барысында. Сыни ойлау жүзеге асты. Әлсіз тұсы: әр бала қабілетіне қарай әр түлі нәтижеге жетті. Қысқа мерзімді құрылымдалған тікелей бақылау арқылы жемістер мен көкөністерді білу деңгейін, байқадым. Кейбір балалармен жеке жұмыс жасаймын деп шештім.

Еркін ойынды көбінесе қабылдау кезінде, күннің екінші жартысында ойнадық. «Әлеумет» саласында Ұйымдастырылған оқу қызметі қоршаған ортамен танысуда «Менің отбасым» ойынын ойнаттым. Ойын алдында саралап заттық-кеңістіктік ортан ұйымдастырдым. Балалар рөлдерді өздері таңдап, өздері бірігіп ойнады. «Бала үні» байқалды. Екі отбасы болып бөлінді командалық жұмыс жүрді. Бір-бірімен ойыншықтарды бөлісіп коммуникативтілік дағды қалыптасыты. Екі отбасы бір-біріне қонақ болып келіп креативтілік танытты. Жанама бақылау жасадым. Ойынның тиімді жағы: балалар ойын ережесін өздері құрды, балалар өздерін еркін ұстап, бір-бірімен диалог құрды. Ойындағы әлсіз жақтары: Уақыттың аздығы болды. «Күннің екінші жартысында ойнарсыңдар» деп аяқтадық. Еркін ойын балаларға өте ұнады.

Мен үшін ойынның үш түрі де тиімді, ыңғайлы болды. Алдағы уақытта ҰОҚ барысында осы үш ойынды жоспарыма кіргізіп,осымен жұмыс жүргізіп, саналы, білімді, жаңа заман талабына сай болашақ ұрпақты тәрбиелеймін деген ойға келдім. Әрбір баланың осал тұстары болады, сол осал тұсын осы ойындар арқылы байқадым. Осал тұстарды жоюда осы бағдарламаның түйінді әдістері тұлғалық, зияткерлік, әлеуметтік, эмоционалдық дамуды ұтымды қолданамын.

Келешекте тәжірибеде ойынның түрлерін қолдануда «бала үнін» көбірек тыңдап коммуникативтілікті жандандырып, баланың сөздік қорын жақсартамын деген ойға тоқталдым.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!