Материалдар / Оқыту үдерісінде қолданылатын инновациялық педагогикалық технологиялар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқыту үдерісінде қолданылатын инновациялық педагогикалық технологиялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге арналған. Жас мамандарға көмек ретінде ұсынуға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2018
452
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР


Тажина Асем Баделхановна

t.asem79@inbox.ru


Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Қаратал орта мектебі

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді [1].

Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы оқытуды жаңа инновациялық технологиялар арқылы ұйымдастыру көзделуде.

Білім берудің негізгі мектеп сатысы – интеллектінің даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастырудың ең қуатты кезеңі. Бірақ бұл сатыдағы баланың танымдық процестері, зейіні, есте сақтауы, қабылдауы, ойлауы толық дамығанымен, білуге құштар, барлығын визуалды түрде ұнатады. Қазіргі баланың психикалық дамуын кезеңдерге бөлудің барлығына да (Ж.Пиаже, Л.Выготский, Д.Б.Эльконин) бастауыш мектеп жасындағы кезеңде мынадай хронологиялық шектермен; 6/7 жас-11 жас шектелгені белгілі. Нақты осы шақта көрнекі-әсерлі және көрнекі бейнелі ойлаудан ауызша-логикалық ойлауға өту басталады, когнитивтік стиль негіздері қаланады [2]. Сондықтан да оқыту үдерісінде ойын, модульдік оқыту, білім беруді ізгілендіру, педагогикалық шеберхана т.б. инновациялық технологиялар арқылы ұйымдастырса тиімділігі артары сөзсіз.

Бүгінгі таңда мектеп бағдарламасының барлық пәндері бойынша оқу үдерісінде инновациялық білім беру технологияларының мынадай түрлері кеңінен қолданылатыны анықталды: Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б. Элькониннің дамыта оқыту, В.М Монаховтың модульдік оқыту, С.Н. Лысенкованың түсіндіре оза оқыту технологиясы, ойын арқылы оқыту технологиясы, оқытудың компьютерлік технологиясы, проблемалық (мәселелік) оқыту технологиясы және т.б.

Инновациялық білім беру технологияларының көптүрлілігі мұғалімнің оларды дұрыс таңдап алуының өлшемдерін айқындауды талап етеді (М.М. Поташник, Г.К. Селевко, Н.Д. Хмель, т.б) Көрнекті қазақстандық ғалым Н.Д. Хмель мынадай өлшемдерді бөліп көрсетеді [3]:

- ойдың тұжырымдамалық негізінің болуы;

- технологияны жасаушылардың тиянақты әдіснамалық ұстанымының болуы;

- нақты педагогикалық құбылысқа қатынастың жүйелігі;

- технологияда педагогикалық үрдістің екі жақты сипатының бейнеленуі;

- педагогикалық үрдіс субъектілерінің орны мен өзара әрекетін анықтау;

- алынған нәтижелерге диагностика жасау мүмкіндігі;

- технологияның кез келген оқу - тәрбие мекемелерінің жұмыс жағдайында қайта жаңғыртылуы.

Инновациялық педагогикалық технологиялардың қолдану негізінде болашақ мұғалімдердің ой - өрісін кеңейтіп, кәсіби даярлық деңгейін көтеріп, шығармашылықпен жұмыс істеуге, жаңашыл тәжірибелер мен әдістемелерді кеңінен пайдалануға және оқушыларға білім беруді жаңашылдық тұрғысынан жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Педагогикалық технологиялар арқылы оқыту барысында келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасалады. Қазіргі оқытуда кең қолданылып жүрген инновациялық технологияларға тоқталсақ:

Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты -дидактиканың, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік. Ойын іс - әрекетінің психологиялық механизмі - жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Ойын технологиялары белсенді тұлғааралық қарым – қатынас пен өзін - өзі анықтау үшін өте қажет. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.

Ойын технологиялары оқу үдерісін белсенділендіру және жетілдіру құралы ретінде мына жағдайларда қолданылады:

- оқу пәнінің ұғымдарын, тақырыптарын және тұтас бөлімін меңгеру үшін

дербес технология ретінде;

- жалпы технологияның бір бөлігі ретінде;

- сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде;

- сабақтан тыс жұмыс үшін дербес технология ретінде.

Оқытудың компьютерлік технологиясы:

Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты «ақпараттық қоғамға» даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей компьютермен қатынасы арқылы орындалады. Яғни баланың жеке қасиеттеріне қарай компьютерге бейімдеу. Информатика мен есептеу техникасының негізгі ұғымдарын білу, т.б.

Ақпараттық технологияларды білім беру ісінде пайдаланудың мақсаты оқу үдерісінде қатынасушылардың дер кезінде тиянақты білім алуын қамтамасыз ету және оқытудың жоспарланған сапасына қол жеткізу болып табылады.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың мынадай артықшылықтарын атап өтуге болады:

- әрбір адамның өздігінен білім алуының меншікті траекториясын

қамтамасыз ететін білім берудің ашық жүйесін құрайды;

- ақпаратпен жұмыс істей алу білігін қалыптастырады және қатынас жасау

қабілетін дамытады;

- таным процесін ұйымдастыруды оны жүйелі ойлау жағына жылжыту жолымен түбегейлі өзгертеді;

- оқу процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін қолайлы ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады;

- жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай

жасайды;

- білім беруді ақпараттық - әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етеді.

Проблемалық оқыту технологиясы:

Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.

Атап айтқанда:

- оқушының белсенділігін арттыру;

- оқу материалында баланы қызықтыратын мәселе туғызу;

- оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды,

білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;

- оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстылығы.

Проблемалық оқытуға тән ерекшеліктерді анықтау оның басқа технологиялардан айырмашылығын неғұрлым тереңірек қарастыруға мүмкіндік береді:

- проблемалық оқытудың бірінші шарты оқу іс - әрекетінің дамуын алдын – ала анықтайтын оқу ақпаратының дамушы және дамитын құрлымының жүйесі болып табылады;

- проблемалық оқытудың екінші шарты ақпаратты оқу міндетіне ауыстыру барысында оны шешу тәсілін таңдау мүмкіндігі қарастырылған кезде ғана іске асырылады;

- проблемалық оқытудың үшінші шарты – оқушының субъект ретіндегі ұстанымы, оның таным мақсатын саналы түсінуі мен қабылдауды және нәтижелерді шешумен алу үшін бар құралдарды өзіндік бағалау;

- проблемалық оқытуды анықтайтын негізі сипат оқытушы мен оқушының өзара әрекетінің тәсілі ретіндегі проблемалық жағдаят болып табылады [3].

Түсіндіре оза оқыту технологиясы (С.Н. Лысенкова):

Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі; саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы; бағдарламаның кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қарастырылады; бірте - бірте толық дербестікке жету; сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым – қатынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі; білім, білік дағдыны дамыту меңгерту; түсіндіруді қабылдау.

Оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы мұғалім төмендегідей мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік туады:

  • шынайы жағдайға жақындатылған оқу үдерісінің жағдайларында нәтижелі қатынастың дағдыларын қалыптастыру;

  • өзінің көзқарасын дәлелдей білуді, өзіндік ойды нақты қалыптастырып және анық баяндай білуді дамыту;

  • күрделі жағдайларды талдау, басты және қосалқы себептерді анықтай білу, олардың шешілу жолдары мен тәсілдерін табу қабілеттерін дамыту;

  • зейін, ес, ойлау үдерістерін жетілдіруді қолға алуға мүмкіндік береді [4].

Қорыта айтқанда, педагогикалық технологиялардың көптүрлілігі мен тиімді, мәнді мағынада қолданылуы оқушылардың тұлғалық және танымдық дамуынын қажетті деңгейіне қол жеткізудің жолдары мен тәсілдерін анықтайтын басты құралдардың бірі болып табылады.


Қолданылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. –А., 2007.

  2. Сарбасова Қ. Инновациялық педагогикалық технологиялар. А – 2006, -122б.

  3. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Дарын – А-2004, -379б.

  4. Амирова А.С. Ғылым мен білімнің қазіргі мәселелері. Алматы, 2015.-378б.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!