Оқыту заңдылықтары,принциптері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқыту заңдылықтары,принциптері

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз өзімді дамыту үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІІ – нұсқа

  1. Баланың қабілеті, қызығушылығы мен дарындылығының дамуы қандай себепке байланысты?

А достарымен қарым-қатынасына

В ғылыми танымы, мұғаліммен байланысына

С жас ерекшелігіне

D оқыған кітаптарының ықпалына

Е табиғи нышандарына

  1. Оқыту ұстанымдары дегеніміз не?

А оқыту мақсатына жету жолы

В дидактикалық үрдісті жүргізу мен ұйымдастыруға қойылатын талаптар

С оқыту үрдісінің мәні

D арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет

Е жеке адамды қалыптастыру

  1. Оқытудың ғылымилық ұстанымына қойылатын талапты көрсет:

А оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру

В пәннің тиісті заңдарын, теориясын, ережесін қатесіз ғылыми негізде түсіндіру

С басқа оқу пәндерімен байланыстыру

D алған білімдерін жүйелеп отыру

Е барлық жауап дұрыс

  1. Оқушылардың жауапкершілікке, тәртіпке, еңбекке, іскерлікке, ақыл-ойға үйрету оқытудың қай ұстанымы арқылы жүзеге асады?

А көрнекілік

В жүйелілік

С ынталандыру

D оқыту мен тәрбиенің байланыстылығы

Е беріктік

  1. Белгілі бір тәртіппен және режім мен жүретін мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттерінің сырт көрінісі.

А оқыту мазмұны

В оқытуды ұйымдастыру формасы

С оқыту процесі

D тәрбие процесі

Е оқыту принципі

  1. Бақылау формалары

А ауызша бақылау, жазбаша бақылау

В практикалық жұмыстар, машиналы бақылау

С жеке, топтап және жаппай

D ағымдық, аралық және қорытынды

Е барлық жауаптар дұрыс

  1. Қоғамдық сана-сезімді қалыптастыру әдістерін ата

А педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, жаттықтыру, тәрбиелік жағдаяттар

В әнгіме, түсіндіру, лекция, пікірталас, үлгі-өнеге

С жарыс, мадақтау, жазалау

D педагогикалық бақылау, әнгіме, анкета

Е барлық жауап дұрыс

  1. Орыс педагогы В.А.Сластенин жасаған тәрбие әдістерінің топтастырылуы бойынша мінез-құдықты, іс-әрекетті ынталандыру әдістерін ата.

А әнгіме, түсіндіру, лекция, пікірталас, үлгі-өнеге

В педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, жаттықтыру, тәрбиелік жағдаяттар

С жарыс, мадақтау, жазалау

D педагогикалық бақылау, әнгіме, анкета

Е барлық жауап дұрыс

  1. Мадақтау әдісін қолдануда қандай педагогикалық-психологиялық талаптарды ескеру қажет?

А баланың мақтау алуға іштей талпынысының болуын байқау

В мадақтау арқылы ұжымның қалған мүшелеріне қарсы қоймау

С мадақтаудың орынды болуы

D мадақтаудың шындыққа негізделуі

Е барлық жауап дұрыс.

  1. Жазалау дегеніміз не?

А қуаттау, қолдау, алғыс айту

В адамға, қоғамға қажетті сапаларды тәрбиелейтін әдіс

С барлық жауап дұрыс

D оқушылардың іс-әрекеті мен мінез-құлқына жағымсыз қылықты ескертіп тежеу, өз қылықтарын ескертіп, ар-ұяты алдында, басқа адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс.

Е дұрыс жауабы жоқ

  1. Материалды толық біледі, бірақ болар болмас қателіктер жібереді. Қандай баға қойылады?

А «5»

В «4»

С «3»

D «2»

Е «1»

  1. Негізгі педагогикалық ұғымдарды атап беріңіз....

А таным

В тұтастық

С талаптылық

D теория

Е оқыту

  1. Ұсынылған әдістердің ішінен іс-тәжірибелік әдістерді көрсет

А әнгіме, түсіндіру, лекция, пікірталас

В зерттеу жұмыстары, шығармашылық жұмыстар

С жаттығу, графикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыс

D эвристикалық әнгіме, мадақтау

Е оқулық және кітапен жұмыс

  1. Ұсынылған оқыту әдістері қай топқа жатады?

1. оқу материалы туралы жалпы мәлімет беру кезінде қолданылады

2.сабақтың барлық кезеңінде қолданылады

3.оқушыны өз ойын логикалық түрде жеткізуге үйретеді.

А сөздік әдісі

В іс-тәжірибелік әдіс

С көрнекілік әдіс

D ынталандыру әдісі

Е мадақтау әдісі

  1. Оқу бағдарламасы дегеніміз не?

А пән бойынша оқушылардың білім, іскерлік дағдыларын анықтайтын құжат

В оқу пәндерінің мазмұнын тараулар мен тақырыптардың оқытылу ретін анықтайтын құжат.

С әр сыныпта білім стандартына сай оқытып, пәндерге бөлінген сағат санын анықтайтын мемлекеттік құжат

D оқытатын пәндердің тізімін, бөлінген сағат санын, әр тоқсанынң басы мен аяғын анықтайтын құжат

Е түсініктеме және білім мазмұны

  1. Қай сабақтың құрылымы ұсынылған?

1. Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа материалды түсіндіру

4. Оны пысықтап, бекіту

5. Оқушыларды бағалау

6. Сабақты қорытындылау

7. Үйге тапсырма беру

А бекіту

В қайталау

С аралас

D жаңа білімді хабарлау

Е бақылау

  1. Педагогикалық үрдістің функциялары

А білімділік, дамытушылық, тәрбиелік

В технология теория жасау

С білім беру мекемелерінің жұмысын бақылау

D жеке тұлғаны, ұжымды қалыптастыру

Е теориялық, технологиялық бағыт.

  1. Оқу үрдісінде мақсатқа жету үшін сабақ кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүйелі түрде жүзеге асуы дегеніміз не?

А оқыту формасы

В сыныптан тыс сабақ

С сабаққа қойылатын талап

D сабақтың құрылымы

Е сабақтың түрі

  1. Педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері

А педагогикалық үрдістегі туатын объективті және субъективті қарама-қайшылықтар

В педагогикалық зерттеулер

С жаңашыл - педагогтар

D зерттеулер қорытындысын іс-тәжірибеге енгізу

Е алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибе

  1. Іс-тәжірибелік жұмыстарға қандай жұмыстар жатады?

А практикалық сабақтар

В шеберханалардағы жұмыс

С оқу-тәжірибе учаскелеріндегі жұмыс

D компьютер арқылы тапсырмаларды орындау

Ежоғарыдағылардың бәрі дұрыс

  1. Құқықтың негізгі ұғымдары:

А «Құқық», «Құқық ережесі», «Заң шығарушы», «заң актілері»

В «Құқық», «Құқық актілері», «Заңнама», «үміткер»

С «Құқық», «Құқық нормасы», «Заң», «құқық саласы»

D «Құқықтану», «норматив», «Адам және заң», «құқықтық бағыт»

Е барлық жауап дұрыс

  1. Адамның құқықты сақтауындағы ең жоғары нормасы не?

А жауапкершілік

В адамгершілік

С ар-ұят , ождан

D борыш, міндет

Е тиянақтылық

  1. Білім алуда заттың ішкі сипатынан, ішкі сипатына ене білу талабы қай оқыту ұстанымына тән ?

А. Оқыту мен тәрбиенің байланыстылық ұстанымы

В. Түсініктілік ұстанымы

С. Саналылық, белсенділік ұстанымы

D Ғылымилық ұстанымы

Е Көрнекілік ұстанымы

  1. Бұрынғы білім мен жаңа білімді байланыстыру, қай оқыту ұстанымына тән ?

А. Саналылық, белсенділік ұстанымы

В Жүйелілік, бірізділік ұстанымы

С Оқыту мен тәрбиенің байланыстылық ұстанымы

D Түсініктілік ұстанымы

Е Беріктілік ұстанымы

  1. Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін ата

А мектепке дейінгі білім беру, орта білім беру, кәсіптік білім беру, жоғары білім беру

В бастауыш орта, кәсіптік білім беру

С кәсіптік білім беру, жоғары білім беру

D мектепке дейінгі білім беру, жалпы орта білім беру

Е жоғары білім, кәсіптік білім

  1. Тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің тәрбие мақсатына жетуге бағытталған біріккен іс- әрекеті :

А Тәрбие мақсаты.

В Тәрбие мазмұны.

С Тәрбие заңдылықтары.

D Тәрбие үрдісі.

Е Тәрбие істері.

  1. Мұғалім ақыл-ой тәрбиесін беру үшін:

А лекциялар оқиды, ғылыми кинолар көрсетеді, оқырмандар конференциясын өткізеді, кітап көрмесін ұйымдастырады,

В пәндерден апталықтар, байқаулар, олимпиадалар өткізеді.

С жеке оқушылар ғылыми кітаптар оқиды, техника жасайды, үлгілер құрастырады, ғылыми тақырыпта баяндама, рефераттар оқиды.

D үйірмеде қиын есептерді шығарып, оқушылар сөзжұмбақ, ребус, сөзтуымдар шешеді.

Е жоғарыдағылардың бәрі дұрыс

  1. Айтып жеткізудің монологтық түрі, түрлі ғылыми пәндердің теориялық негізін айтып жеткізу әдісі

А Әңгімелесу;

В Пікірталас

С Түсіндіру

D Әңгіме

Е Дәріс

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» көрсетілгендей, білім беруді басқаруда негізгі ғылыми-әдістемелік басшылықты қандай орган іске асырады

А Білім беру ұйымының кеңесі.

В Орталық атқарушы органдар

С Қазақстан Республикасының үкіметі.

D Жергілікті білім беруді басқару органдары.

Е Жергілікті атқарушы органдар.

  1. Алғаш қыздар училищесін ашқан кім?

А Абай Құнанбаев

В Шоқан Уәлиханов

С Міржақып Дулатов

D Ыбырай Алтынсарин

Е Ахмет Байтұрсынов



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2021
694
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі