Материалдар / Оқытуда саралау тәсілдерін қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқытуда саралау тәсілдерін қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білімге негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойлантып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу кезеңінде өз түсінігін өзгерту арқылы озық идеяларымен өзгерістер жасауларына мүмкіндік береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2024
201
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда облысы

Жалағаш ауданы

Әл-Фараби атындағы

201 мектеп-лицейдің мұғалімі

Алданиязова Латифа Қазиқызы


Оқытуда саралау тәсілдерін қолдану

Жаңартылған білімге негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойлантып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу кезеңінде өз түсінігін өзгерту арқылы озық идеяларымен өзгерістер жасауларына мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқушы бойына өмірге қажетті дағдылар: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды қалыптастырамыз. Бұл дағдылар ХХІ ғасырда оқушылардың өзін-өзі жүзеге асыра алуы үшін қажетті дағдылар. Аталған дағдылар барлық оқушылар үшін қажетті. Бірақ оқушылардың барлығы бірдей аталған дағдыларға қол жеткізе бермейді. Осы тұста «Неге?» деген сұрақ туындайды. Себебі, оқушыларды бірдей оқыту әдістемесімен оқытатын болсақ, бұл дағдыларды игерту қиынға соғады. Сондықтан да бүгінгі күннің жаңашыл мұғалімдерінің басты міндеттерінің бірі оқушыларға білімді, ақпаратты көп беру емес, берген білім мен ақпаратты өз бетінше тиімді игеруі үшін жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескеріп, қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұл проблеманы шешуде жоспарлау мен оқыту үдерісінде педагогикалық тәсілдердің бірі саралап оқытуды қолдану - бірден-бір тиімді әдіс болып табылады.

Саралап оқыту - бұл білім алуға бағытталған әрекет. Ол өз бетінше, әр мұғалімнің жетекшілігімен жүргізіледі. Бұл бізге білім мазмұны жаңартылғаннан соң енген «тыңнан түрен салған» таңсық дүние емес. Әрбір қазақ бaлaсының білім алуын көксеп, сол жолға өмірлерін арнаған қазaқ зиялыларының еңбектерінде де көрініс тапқан. Мысалы, М. Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегінде: «Баланың әсерленуі, суреттеу, ойлау һәм сезінуі ержеткен адамнан әжептәуір басқа. Баланың бұл жан көріністерінің әрқайсысының жеке-жеке алғанда басқалығы болған сықылды, бұлардың бәрін тұтас aлғанда да басқалық бар» - делінген. Ал ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғaлімнің қызметі оның біліміне шеберлігінің керек орны, өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолын қысқарту үшін, сол жолдан балалар қиналмай өту үшін, балаға жұмысты әліне шағындап беруі мен бетін белгілеген мақсатқа түзеп отыру керек» - деп пікір білдірген. Демек, «саралау» деген ұғымның өзі қазақ даласында болмағанымен, қазақ ғалымдарының еңбектерінен теориялық және тәжірибелік негіздерінің болғaнын көруге болады.

Оқытуды саралау қазіргі таңдағы білім беру саласындағы өзeкті мәселeлердің біріне айналып отыр. Өйткені әр баланың өзіндік даму ерекшелігі бар. Сондықтан да біз қазіргі таңда барлық баланы бірдeй әдіспен оқыта алмаймыз. Әр бaланың eрeкшелігін ескере отыра, оның қажеттілігін қанағаттандыратындай әдістемемен оқыту қажет. Бұл әдістемелік құралдың мақсаты педагог қызмeткерлердің сабақты жоспарлау үшін саралаудың педагогикалық нeгіздерін білу мен түсіну және оқыту үдeрісінде оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін саралау тәсілдерін қолдану дағдыларын дамыту болып табылады. Саралап оқыту (дифференциация) латын тіліндегі «difference» сөзінен бастау алған және біртұтас затты түрлі бөліктерге, нұсқаларға, сатыларға бөліп жіктeуді, саралауды білдіреді

Саралап оқыту дегеніміз:

- мұғалім оқу үдерісінде маңызды болып табылатын белгілі бір ерекшеліктеріне қарай топтастырылған оқушылармен жұмыс жүргізетін оқу үдерісін ұйымдастыру түрі;

- оқу үдерісін оқушылардың әртүрлі топтары үшін бейімдеуге мүмкіндік беретіндей етіп құрылған жалпы дидактикалық жүйенің құрамдас бөлігі;

- оқушылардың оқу талаптарына сәйкес оқыту үдерісін реттеу;

- оқушылардың тиімді оқуына мүмкіндік беретін кішіден үлкенге дейін өзгерістер енгізу;

- оқу бағдарламасын әр түрлі жолмен жүргізу. Дағдылардың және сан алуан тапсырмаларды берудің әр түрлі жолымен келетінін көрсету;

- оқушылардың ерекшеліктерін ескеру және оған сәйкес жоспарлау;

- оқушылардың білімдерін кеңейту үшін жеке тұлғалардың не оқушы топтарының әр түрлі қабілеттіліктеріне сай жұмыс беру.

Ал, сабақ беру үдерісінде біз не үшін саралаймыз?

- Екі бала бірдей емес;

- Барлық балалар бірдей түрде үйренбейді;

- Бір бала үшін жақсы орта басқа бала үшін жақсы орта болмауы мүмкін. Бұл «бес саусақ бірдей емес» деген қазақ мақалына саяды. Сыныптағы балалардың қажеттіліктері әр түрлі сондықтан да саралауымыз қажет. Осы орайда сыныпта саралаудың бірнеше түрлерін басты назарда ұстауымыз қажет:

1. Тапсырмалар арқылы саралау;

Балаларға (жеке немесе топта) олардың меңгерген білімдеріне негізделген әртүрлі тапсырмалар беріледі.Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді.

Тапсырма: Мәтін бойынша тірек сөздер табу. (1- деңгей). Мәтін бойынша жоспар дайындау (2-деңгей). Тірек сөздер мен жоспардан қайта мәтін жазу. (3- деңгей).

2. Ресурстар арқылы саралау;

Балалар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ оқу немесе зерттеу дағдыларын қажет ететін әртүрлі ресурстар ұсынылады. Бұл әдісті қолдануды сыныптағы кейбір оқушылар басқаларға қарағанда әлдеқайда күрделі әрі ауқымды ресурстармен жұмыс жасауға бейім болатынын ескерген жөн және осы арқылы тақырыпты әртүрлі қырынан алу үшін түрлі оқу материалдарын пайдалануға мүмкіндік береді дегенді білдіреді. Кейбір оқушылар сабақта негізгі мәтінмен жұмыс жасаумен шектелсе, қабілеті жоғары оқушылар жетілген деңгей сөздіктермен және күрделі идеялармен жұмыс жасауға қабілетті болады. Оқушылар мұғалім басшылығын күтпей-ақ тапсырмаларды өздігінен орындау жолдарын қарастырады. Қалауларына сай түрлі ресурстарды қолдана алады. Оқулық, таратпа, мәнмәтіндер, ғаламтор, т.б.

3. Жылдамдық сарқылы саралау;

Сыныптағы жұмыстарды кейбір оқушылар жылдам, ал кейбірі баяу істейді. Қарқыны баяу және де оқу деңгейі төмен оқушылар өз бетімен орындалатын жұмысты сыныптағы жан-жақты тексеру кезіне дейін үлгере алмайды. Сондықтан да тапсырманы орындау үшін қосымша уақыт керек болады.

Тапсырма: 2 минут уақыт ішінде мәтіннен деректі және дерексіз зат есімдерді табу.

4. Нәтиже арқылы саралау;

Оқушылар жалпы мақсатқа сәйкес бірдей тапсырмамен жұмыс істейді, бірақ мұғалім балалардың алдыңғы нәтижелерін ескере отырып, әр баладан әртүрлі нәтиже күтеді. Нәтиже дегеніміз – сабақтың соңында мазмұн бойынша оқушының алған білімін жариялау әрекеті. Мазмұнды меңгерту мақсатында берілген тапсырманы барлық оқушылар орындаса да, олардың нәтижелері әртүрлі болуы мүмкін. Мұғалім барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізулеріне әрекет жасайды.

Тапсырма: Мәтіндегі сын есімдерді табу. Нәтижесінде1) сын есімдерді атайды. 2) сын есімдердің мағыналық, тұлғалық түрлерін ажыратып атайды.

5. Диалог және қолдау арқылы саралау;

Балалардың барлығы бірдей тапсырманы орындайды, бірақ олардың кейбіреуіне басқаларға қарағанда көбірек немесе азырақ қолдау көрсетіледі. Бұл тәсілді қолдану мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді

Сыныпта оқушыларға қолдау және көмек беруге қарай төмендегідей әрекеттерді жүзеге асыруға болады:

- Тапсырманы мұғаліммен бірге орындау;

- Тапсырманы алдымен мұғаліммен бірге, кейін өздігінен орындау;

- Тапсырманы өз бетінше орындау; Оқушылар бастапқыда тапсырмаларды мұғалімнің қолдауы бойынша жүзеге асыра отыра, кейін өз бетінше орындауға көшеді. Яғни, оқушылардың өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығын, сонымен қатар оқушылардың дербестігін, олардың қызығып өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді.

6. Бағалау арқылы саралау;

 Сыныптағы саралау әдістері сыныптағы жекелеген оқушылардың нені үйренгенін анықтауға және оны бағалауға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оқушылардың табысты оқуын қамтамасыз етумен қатар, оқушының жеке даму аймағын анықтау арқылы нені жақсарту қажеттігін түсінуге мүмкіндік беретін икемді үдеріс.

Тапсырма: Мәтінді оқу үшін аралас топқа «ДЖИГСО» «Ойлан, жұптас, бөліс» т.б.әдісі арқылы тапсырма беріледі. Талқылау барысында дағдысы жоғары оқушылар дағдысы төмен оқушыларға қолдау көрсетеді.

7. Топтастыру арқылы саралау;

Оқушылар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ барлығының табысқа жетуін қамтамасыз ететіндей етіп топтастырылу қажет. Оқытудың болжамды міндетіне қарай топ құруда тиімді көптеген тәсілдер бар: мүдделері ұқсас оқушылар, талаптары әртүрлі оқушылар, кәсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар немесе сарапшы топ, ұйымшыл топ. Топтық жұмысты орындау үшін бір топта қандай оқушылардың болатыны маңызды емес. Осы жағдайда мұғалім өзі қалаған әдіспен оқушыларды шағын топқа біріктіреді.

  1. Топтасу барысында топ мүшелерінің кездейсоқ таптасуы;

  2. Аралас топ. Мұғалім мақсатты түрде шағын топқа әртүрлі деңгейлі оқушыларды біріктіреді.

  3. Деңгейлі топ. Қызығушылығы бір оқушылар бір топта немесе жоғары деңгейлі, орта және төмен деңгейлі оқушылар. Оларға арнайы тапсырмалар дайындалады. Бұл топтық жұмысты жоспарлау кезінде мұғалім неліктен оқушыларды дәл осылай біріктіретінін және неліктен тапсырмаларды беретінін нақты түсінеді.

  4. Қалаулы топ. Оқушыларға өз қалаулары бойынша отырады. Сыныпта қандай да бір топтық жоба жұмыстарын жасау керек болған кезде бұл әдісті қолдану тиімді.

  5. Ұл және қыз деп бөлуге болады. Бұл әдіспен оқушыларды біріктіру мұғалімге қыз балалар мен ер балалардың оқудағы ерекшеліктерін терең зерттеуге мүмкіндік туындайды.

Жоспарлау мен оқыту үдерісінде саралаудың тәсілдерін қолдану балаларға оқу тапсырмаларын өз деңгейі бойынша, қолдау немесе көмек көрсету арқылы орындауына мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың оқуға деген сенімділігі мен ынтасын арттырады.

Қорытындылай келе, мұғалімнің шебер қолданған әдіс-тәсілдерінің нәтижесінде алған білімін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білетен тұлға ғана жаһандану ғасырында ұлттық құндылығымызды сақтап, ел дамуындағы түрлі ақпаратпен жұмыс жасап, тыңдағанынан тағылым, оқығанынан озық ойлар, жазғанынан жаңалық ашады деп ойлаймын.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ж.Әбиева, С.Бабаев, А.Құдияров. Педагогика. Оқу құралы. Алматы. Дарын. 2004.

  2. А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы. Алматы. Ана тілі. 1992.

  3. М.Жұмабаев. Педагогика. 1922 жыл.

  4. Саралап оқыту ауыл мектебінде сабаққа қызығушылықты тәрбиелеу құралы. Қашықтықтағы семинар. 14 қаңтар 2011 жыл. https://burabay.akmoedu.kz/documents/view/F9D97E1FB2988BAA.html







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!