Материалдар / Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдердің әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануына көмегі тиеді.Әдіс-тәсілдің түрі көп,бірақ баланың зейінін шашыратып алмау үшін оны жоспарға сай етіп пайдалану ұсынылады. Мұнда мұғалімнің ізденгіштігі басты орында тұрады. Жаңа форматтағы мұғалім жаңа әдіс-тәсілдермен жұмыс істеуі өмір көшінен қалмай, жұмыс жасауының кепілі болып есептеледі. Жас мамандарға да тигізетін көмегі мол
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2018
461
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану


Мұғалім шығармашылығы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму болып есептеледі. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны дұрыс. Бұл үйренуші біздің алдымыздағы оқушы. Сол кезде ғана мұғалімнің берген білімі сапалы, ал оқушының алған білімі өмірлік болары анық.

Жаңаша форматтағы сабақтар өткізу арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру бүгінгі күні оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану аясында болып отыр.Үйрете отырып, үйренуге дағдылану; бағыт-бағдар беруде түрлі амал-тәсілдерді қолдана білетін деңгейге жету; мұғалім — оқушы — ата-ана арасындағы қарым-қатынастың ынтымақтастығын құра алатындай жағдайға жету — бұл заман-ағымының оқу ағарту саласындағы негізгі мақсаты.

2015жылы деңгейлік курсты оқып, практикаға келген уақытымда, мен мұғалімдерге «Не үшін өзгеру қажет?» деген коучинг өткізген болатынмын. Ондағы мақсатым заман талабына сай, әріптестерімнің де өзіндік көзқарасы, методикасының өзгеріс алуға дайындығын байқап, бағыт-бағдар беру болатын. Сондағы байқағаным, көптеген мұғалімдердің сабақ,ашық сабақтарда әдіс-тәсілдерді көптеп алып,сапасына қарамауында еді. Әдіс-тәсілдің негізсіз, мақсатқа сай алынбауы – бала зейінін шашыратып, қызығушылығын әлсірету екендігіне көзімізді жеткіздік.

«Мен еш уақытта өз оқушыларыма ешнәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын» — деп, Альберт Эйнштейн айтқандай, бүгінгі бағдарламаның басты мақсаты — сабақты жаңа әдіс — тәсілдерді қолдана отырып, дәстүрлі сабақтан өзгеше етіп өткізу. Бұдан ұғатынымыз - әрбір мұғалім өз пәнін тиімді әдіс-тәсілдерді шебер қолдану арқылы оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастырып, білімдерін жинақтауға жағдай жасайды. Демек, мұғалім тек бағыт-бағдар беруші рөлін атқарады.

Сабақты жоспарлау кезінде сабақ кезеңдерін қолжетімді мақсат қойып, не үшін оқыту керектігін басты назарда ұстап, сабақ бойында жағымды психологиялық орта құрудың маңызы зор екенін басты назарда ұстап, сабақ кезеңдеріне сай әдіс-тәсілдерді таңдау қажет.

Қорыта айтқанда, жаңаша оқыту барысында бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізгенде,баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Сондай-ақ, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Нәтижеде, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Мұғалім жаңаша оқыту бағдарламасын  меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай,шығармашыл тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!