Материалдар / Оқытудың жаңа технологияларын меңгерту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқытудың жаңа технологияларын меңгерту

Материал туралы қысқаша түсінік
Елімізде білім беру саласының басты мақсаты - жаңа ақпараттық технологияларды қолдану . Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып табылады. Ақпараттық технология –педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2018
342
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқытудың жаңа технологияларын меңгерту

Павлодар қаласы №15 ЖББМ мұғалімі Г.Ш.Зкенова


Қазіргі заман талабы - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі - ақпараттық технология. Ақпараттандыру технология-сының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді оқушылар даярлау мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды.

Елімізде білім беру саласының басты мақсаты - жаңа ақпараттық технология- ларды қолдану . Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып табылады. Ақпараттық технология –педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек.

Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, ақпараттық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер көп. Мұғалім тек өз пәнін терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогика-

лық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық –комму-никациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Демек, білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім.

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса,компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану әр оқушыға өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған. Компьютердің көмегімен тек белгілі бір сыныпта ғана емес, сонымен бірге қашықтықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтар-

ды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Ақпараттық технология есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, электрондық оқулықтарды, интерактивтік құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Оқушылардың ақпараттық технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, жаңа жағдайда психикалық функциялардың басқа жақтары да қайта қарастырылуы тиіс.

Жаңа ақпараттық технологияны қолданып оқытуды ұйымдастыруда кедергі келтіретін негізгі факторлар да болады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп жаңа типті оқыту, әр оқушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Қазіргі таңда жаңа әлеуметтік жағынан қорғанған адам ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, жан-жақты адам. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан оқушыларға компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың маңызы зор. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты - оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға тәрбиелеу.

Мемлекеттік бағдарламада оқу үрдісіне педагогикалық және ақпараттық тех-нологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттары-

ның бірі. Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу - бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Осыдан кейін туындайтын мәселелердің бірі-жастарға сапалы білім, саналы тәрбие орта мектепте білім беру ісін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру, оқытудың жаңа технологияларын іздестіру, оқушыны ақпаратты талдай білуге, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету.

Оқушылар ақпараттық технологияны пайдаланып, оның кейбір элементтерінің жеке шығармашылық байланысымен сипатталады. Олардың бір-біріне деген әсерінде байқауға болады. Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғы-

лары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақты электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсен-

ділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптасытыруға, шығарма-

шылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Қазақ тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту,сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы,түсінгенін айта білу,сауатты жазуға дағдыландыру,дүниетанымын,ой өрісін кеңейту,өмірге деген көзқарасын дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу. Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.Тілдің грамматикасын білу арқылы оқушылар бір – бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді. Олардың сөйлеу тілін дамыту үшін өздерін қоршаған заттарға, ортаға қатысты, қайда отыр, не көріп отыр, олар не үшін қажет деген сұрақтарға жауап беретіндей жағдай туғызу қажет. Ауызекі сөздің жалпы міндеті - сөздің мағынасын түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану және сөз қорын молайту. Әр сыныптың бағдарламасында қарай оқушылар жаңа сөздерді меңгереді, сөздерді жаттаумен, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем және мәтін құрастыра білу.

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Осы заманда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында бірнеше міндеттерін шешу керектігін атап көрсетілді : компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрон-

дық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар еліміздің болашағы - жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілінде еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығыу керек . Компьютерлік телекоммуникакациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.М.М.Жанпейісова Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.Алматы,2002 ж. 2.Р.Сұрауымбетова «Білім беру деңгейін көтеруге ақрпараттық – коммуникациялық технологиялардың рөлі»

3. Б.А. Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қолданылуы»

4.Педагогикалық альманах журналы №3,2009ж.

5.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы №6,2004ж.

6.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы №6,2009ж.

7.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы №4,2011ж



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!