Материалдар / Оралхан Бөкей шығармаларындағы ұлттық құндылықтар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оралхан Бөкей шығармаларындағы ұлттық құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық құндылықтар – кез келген халықтың болмысында қатпар-қатпар, астар-астар болып томданып, тарих көшінде атадан-балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидалары. Осы ретте, жазушы Оралхан Бөкей халық болмысымен біте қайнаған адамдарды, олардың адами асыл қасиеттерін шығармалары арқылы насихаттай отырып, ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2023
870
9 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оралхан Бөкей шығармаларындағы ұлттық құндылықтар

Өзіндік қасиеттен айырылған ұлт өледі.

Ұлтты өлтірмейтін оның төлтума мәдениеті ғана.

А.Сейдімбек

Ұлттық құндылықтар – кез келген халықтың болмысында қатпар-қатпар, астар-астар болып томданып, тарих көшінде атадан-балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидалары. Ғасырлар қойнауынан жеткен халқымыздың қазынасы – тілі, діні, ділі, салт-дәстүрі, өнері мен әдебиеті ұлтымыздың рухани байлығы. Әдебиет саласындағы қаламгерлер осы құндылықтарды дәріптей отырып, халықтық қалпымызды сақтап, әлемге танытады. Себебі өскелең ұрпақ сол халықтың ішінен шыққан ақын, жазушы, батыр, әнші, ғалым т.б дарындармен рухтанып, солардың өмір жолы мен өнегеге толы игі істерін насихаттайды. Осы ретте, жазушы Оралхан Бөкей халық болмысымен біте қайнаған адамдарды, олардың адами асыл қасиеттерін шығармалары арқылы насихаттай отырып, ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін қосады.

Шығармашылық еңбек жолын елінің ертеңімен байланыстырған қаламгер сапалы әрі салмақты дүниелер жазуға талпынады. Халықтың ауыз әдебиеті үлгілерімен сусындап, шежірелер тарихына үңіліп, қазақи танымды жаңғыртуға келелі үлес қосады. Оқырмандарын ел тарихын тануда қарлы Алтайдың қойнауына жетелейді. Сол арқылы туған жерге деген шексіз махаббатын көрсетеді, оның көз тоймас сұлу табиғатын көркем тілмен жеткізеді. Исі қазақтың киелі мекені болған ауыл тұрмысы мен қарапайым ауыл адамдарының өмірін суреттей отырып, жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүретін өмір иірімдерінде олардың тамаша бейнелерін жасайды. Сондықтан болар, қаламгердің қаламынан шыққан әр туындыны қалың бұқара ерекше ықыласпен қабылдайды.

Оралхан Бөкей шығармалары қазақ халқының тарихында ғалымдық, қоғамдық-саяси және ұйымдастырушылық сияқты үш бірдей саланы ұштастырады. Сан қилы болмыс-бітімімен қоршаған тілсіз дүниенің сырын ашып, адами кейпімізге асқақ рух беретін «Өз отыңды өшірме», «Қар қызы», «Атау кере», «Сайтан көпір», «Қайдасың, қасқа құлыным», «Қамшыгер», «Апамның астауы» шығармаларының өзі-ақ жазушының қарымын танытады. Қазақ ойының көңілашарындай болып, бірін-бірі толықтырып, бірінен-бірі асып түсетін осы бір туындыларда автор қазақтану ілімінің негізін қалады десе де болады. Қазақ руханиятының биіктеп, кез келген адамның бойында атадан, тектен берілетін, қанына сіңген қасиеттерді дәріптей отыра, қазақы танымның ішкі рухани дүниесінің тұтас жүйесін жасады. Өз кезегімде, жазушы прозасындағы ұлттық құндылықтардың төрт түрлі ерекшелігін атап, қазақтану әлеміне қатысты пайымдарының сырын ашып, төмендегі ерекшеліктерді көрсеткім келеді:

1. Қазақ халқының қарапайым тұрмыс-тіршілігін, дәстүрлі өмір салтын, әдет-ғұрпын көркем тілмен сипаттауы;

2. Ұлы Далада көрініс тапқан жаңа дәуірдің жағымды жақтарын оқырманның санасына сіңіруге жасаған талпыныстары мен сана жаһандануының маңызды тұстарын атап көрсетуі;

3. Жаһанданудың тек сана-сезімнің жаңғыруымен жүзеге аспайтынын ескеріп, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтарын жас ұрпақтың кәдесіне жарату, аман сақтап қалу мәселелерін көтеруі;

4. Қазақ болмысындағы танымдық деректерді нақтылы әрі дәл бере білуі еді.

Осы тұста, жазушы Ақселеу Сейдімбектің «Өзіндік қасиеттен айырылған ұлт өледі. Ұлтты өлтірмейтін оның төлтума мәдениеті ғана»-деген даналыққа толы ұлағатты сөзі еріксіз еске оралады. Өз арының алдында адал болудың, елі мен жұртын сүйіп, халқымен марқая білудің эталоны іспетті тұлға халқының салт-дәстүрін, тілі мен ділін жан-тәнімен сүйіп, оны шұрайлы тілмен түсінікті жеткізе білді.

Қорыта айтқанда, «Қазақ әдебиетінің кербұғысына» айналған қаламгер Оралхан Бөкей шығармаларын оқу, оқыту мәселесі – келелі мәселерлердің бірі. Себебі ұлттық құндылықтарға негізделген жазушының әр шығармасы ерекше әлемге жетелей отырып, өзіндік даралығы мен даналығын көрсетеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!