Материалдар / Оралхан Бөкей шығармашылығына арналған сыныптан тыс шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оралхан Бөкей шығармашылығына арналған сыныптан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне, тәлімгерлерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2019
1182
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Келісілді: Тәрбие ісінің меңгерушісі БЕКІТІЛДІ: Мектеп директоры

Асанова Ж.К. ___________________ Маушанов Д.Б.______________


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҰЛАН АУДАНЫ БІЛІМ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ БӨЛІМІ ММ

«ГЕРАСИМОВКА ОРТА МЕКТЕБІ» КММ










ӘДЕБИ-КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ КЕШ

ТАҚЫРЫБЫ: Оралхан Бөкей шығармашылығына талдау

ӨТКІЗГЕН: Тауекел Л.



























Өскемен, 2013

Іс-шараның мақсаты: Оралхан Бөкейдің өмірімен, шығармашылығымен таныстыру. Шығармашылығын талдай отырып, көркем шығармаға қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: жазушы өмірі жайлы газет-журналдар, кітаптар, слайд т.б.

Іс- шараның ұраны:

I.Ұйымдастыру

1) Сәлемдесу

2) Оқушылардың психологиялық дайындығына көңіл бөлу.

ІІ.Оқушы аудиториясы не дейді?

Тақырыпты ашу сұрақтары.

Оралхан Бөкей кім?

Қай жердің тумасы?

Қандай шығармаларын білесіңдер?


1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Оралхан Бөкейдің артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.


2-жүргізуші: Иә, әдебиетке өзіндік өрнегін сала келген қаламгер оқырманын өзгеге ұқсамайтын қолтаңбасымен таңғалдырды. Ол-бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстардан толы алатын жұмбақ жазушы. Жазушы шығармаларын оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Қазақтың көрнекті қаламгерінің бірі Оралхан Бөкейдің шығармашылығына арналған «Алтайдың мұзбалағы» атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз.

2-жүргізуші: Аламан бәйгеге оза шауып, әдебиет майданында шамасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талатты тұлға Оралханның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы жазушының өмір жолынан дерек тыңдап көрейік.

1-жүргізуші: Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағы Шыңғыстай ауылында туған. 1961 жылы Шыңғыстайдың Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы орта мектебін тамамдап, сонда пионер вожатыйы, кейін "Алтай” кеңшарында тракторшы болып еңбек еткен.

1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тамамдап, өз өңіріндегі Большенарым ауданында "Еңбек туы” және Шығыс Қазақстан облыстық "Коммунизм туы” газеттерінде тілшілік қызметтер атқарды.

Таланты таныла бастаған дер шағында Алматыға келіп, "Лениншіл жас” (бүгінгі "Жас алаш”) газетінде және "Жұлдыз” журналында қалам сырына қанықты. Төселіп, шеберлігі шыңдалған қаламгер "Қазақ әдебиеті” газетін басқарды.

2-жүргізуші: Әдебиетке өзіндік өрнегін сала келген қаламгер оқырманын өзгеге ұқсамайтын қолтаңбасымен таңғалдырды. 1970 жылы Алматыда жарық көрген "Қамшыгер” атты тұңғыш повестер және әңгімелер жинағы ерекше үнімен оқырмандарды елең еткізді. "Менің повесть, әңгімелерімнің сюжеттері туған жер, жастық шағымда болған оқиғалар туралы естеліктерге толы, – деп жазды ол. – Менің жерлестерім – қазақтар – сом мінезді, шыншыл және ашық жүректі адамдар. Олар сиқырлағандай, ата-бабасы таңдаған кеңістікте өмір сүреді. Менің туған жерге адал жерлестерім өр мінезді, еңбекқор, ержүрек және шыншыл адамдар. Әйтеуір, не жазсам да өз заманымды, сол заманда маңдай терін төгіп жүрген қарапайым еңбек адамдарын тілге тиек етуге тырысамын”.

Қаламгер "Қамшыгерден” кейін "Үркер” (1971 ж.), "Қайдасың, қасқа құлыным?” (1973 ж.), "Мұзтау” (1975 ж.) жинақтарын шығарды. Оралханның біраз туындылары орыс тіліне аударылды. Олар: "Жасынның ізі” (1978 ж.), "Ән салады шағылдар” (1981 ж.), "Сайтан көпір” (1984 ж.), "Зымырайды поездар” (1985 ж.), "Кісікиік” (1987 ж.) повестер мен әңгімелер жинақтары.

Жазушының көлемді шығармаларын айтпай, кез келген шағын әңгімелерінде де туған жеріне, тіпті оның әр түп ағашына деген ыстық сағынышы атойлап тұрады. Шығармаларының әр тармағынан туған жерге ілтипаты танылады. Оның туған өңірі – еліміздің шығысындағы шұрайлы жер, табиғаты сұлу Шыңғыстай аймағы. Ол осы кіндік қаны тамған өңірді қара жердің қойнына енгенше сүйіп, тәнті болып өтті. Туған жері – Алтайдың сұлулығын, тәкаппарлығын, асқақтығын жырлаған жазушы қамшы сабындай қысқа ғана ғұмырында өзін де, туған әдебиетін де осындай асқар асуға шығарып үлгерді.

       О. Бөкей – дарынды драматург. Драмалық шығармаларында заман тынысы, адамгершілік мәселелері мен сол кезеңнің келбеті келісті кескінделеді. Өр Алтайдың өрені боп өсіп, қазақ әдебиетіне әдемі де айшықты ойымен келіп, ұлт психологиясын төгіліп тұрған теңдессіз тілімен кестелеп, шығармаға шөлдеген іңкәр жүректің көркем сөз өнеріне деген құштарлығын оята білген Оралхан Бөкейдей тарлан тұлғаның табиғатты толғамауы мүмкін емес.

Оралхан Бөкейтің бүгінгі жастар тұрмысын қозғаған «Құлыным менің» шығармасын ерекше атап айтуға болады. «Құ­лы­ным меніңде» жастар проблемасы қатты қызықтырған. Біз үнемі жастарды «олайсың-бұлайсың» деп сөгеміз, ұрсамыз, бірақ оған жақсы болудың жөнін, жолын айтып, қол ұшын бермейміз. Жалпылама ақыл айту, өнеге айту басым, ал нақты көмек кем. О. Бөкейтің «Құлыным менің» шығармасында Бозтайлақ осындай адам. Бозтайлақ – халықтың рухани өмірінің көркі мен сән-салтанатын бұзып-жармай әсем, әдемі, сұлу күйінде сақтап, көздің қарашығындай қастерлеп, болашақ ұрпаққа жеткізуді армандаған ішкі жан дүниесі бай, күрделі, асыл азамат. Режиссер күрделі тәрбиелік, әлеуметтік, идеялық, адамгершілік мәселелері сахналық көрі­ністерден сәтті шешімін таба білді. «Қайдасың, қасқа құлыным» повесiнде түз тағысы итқұс емес, адам қолымен бауыздалған жаңа туған құлынның қандай жазығы бар едi?! Алыс емес, бiр атадан тарайтын ағайын арасындағы алауыздық пен қызғаныштың құрбаны болған қасқа құлын, бәлкiм, өмiрге келмей жатып басы кесiлген қазақтың тағы бiр Құлагерi болар?.. Егiз құлыннан айрылған сорлы ене ендi қайтiп құлындамай қойды. Тұяқ дүбiрiн естiсе тықыршып отыра алмайтын көшпелi жұрттың қара баласының көз алдында шашыраған қан қалды, сәби жүрегiнде тастай қатып шер қалды. Әйтеуiр бұл өмiрде өз қасқа құлынын табарына сенiмi жоғалған жоқ.

1-жүргізуші: Оның шығармаларының кейіпкерлері – ауыл адамдары – қойшылар, жылқышылар, бұғы өсірушілер, диқандар, орманшылар, ересектер мен жастар. Олар рухани дүниелері бай, бітім-болмысы кіршіксіз, пәк ниетті жандар. Олар қиындыққа төзімді, өздеріне сенімді, адал да аңғал, ақ жүректі, кеңпейілді адамдар. "Сайтан көпір” повесіндегі мұз құрсауға түсіп қалған Аспан, "Ән салады шағылдар” повесіндегі қой отарын сұрапылдан аман сақтайтын шопан, "Қар қызы” повесіндегі ержүрек жас тракторшылар өз бейнелерінің биік парасатымен дараланатын тұлғалар.

О. Бөкейдің прозасы қайырымдылық пен зұлымдықтың тартысын нанымды бейнелейді. Адам бойындағы рухани құндылықтар жазушының шығармашылық мақсатын танытады. Қай шығармасын алмаңыз, өмірге деген құштарлық, өмірді жақсартуға деген ұмтылыс жеңіп шығады.

Қаламгердің кітаптары неміс, словак, болгар, ағылшын, венгр, араб, қытай, жапон және ТМД елдері халықтарының тілдерінде жарық көрді.

О. Бөкей – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың, "Молодая гвардия”, "Жалын” баспалары сыйлықтарының иегері.

Жазушы "Құрмет белгісі” орденімен, Қазақ КСР Төралқасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

1993 жылы, небары елу жасында Үндістанда іссапар кезінде кенеттен өмірден озды.


(музыкалық сәлем .............................................................)


2-жүргізуші: Міне, бүгінгі кешке қатысқан тыңдарман қауым, Оралханның сырлы, әуенді шығармашылығына қанық болдыңдар деп ойлаймыз.

1-жүргізуші: Жылдар тізіліп өткен сайын тау тұлға Оралхан бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!

2-жүргізуші: Оралхан шығармалары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек!

1-жүргізуші: Сонымен, көрнекті қаламгер Оралхан Бөеекйдің 70 жылдық мерейтойына арналған «Алтайдың мұзбалағы» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды.

2-жүргізуші: Келесі көріскенше амандықта болайық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!