400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» ашық сабақ

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Оралхан Бөкейдің өмірі, шығармашылығы туралы оқушыларды таныстыру. Кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау, мінездеме беру барысында өмір мазмұнын ұғындыру, шығармадан алған білімдерін жүйелеу.

2. Дамытушылық. Оқушы білімін жетілдіруге, өз ойын ашық жеткізе білуге, шығармашылықпен айналысуға, талдау жасау кезінде білімін, ойын дамытуға ықпал ету.

3. Тәрбиелік. Оқушыларды отансүйгіштікке, кітап пен білімді өзінің алдына мақсат етіп қоятын жан дүниесі сезімтал да адал, мейірімді болуға тәрбиелеу, патриот болуға шақыру

Сабақтың түрі: қорыту, жинақтау.

Сабақтың әдісі: жүйелеу, салыстыру, іздендіру

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Көрнекілігі: мультимедиялық проектор, интерактивті тақта, слайд, кітап көрмесі, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. «Жусан исі» повесіндегі Аянның ертегісін аяқтау

  2. «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесін оқу

ІІІ. Жаңа тақырып.

Өзгеше біткен қазақтың,

Өнерпаз ұлы дара бір.

Жасадың ғұмыр аз – ақ күн,

Жасамай елу және бір...

Атақты жазушы Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында қарапайым еңбек адамының отбасында дүниеге келген. Әкесі Бөкей, анасы Күлия, қарындастары Ғалия мен  Мәншүк.

Оралхан Бөкейдің қай шығармалары болсын көтерген, қалам сілтеген негізгі тақырыбы – адам тағдыры, табиғат, олардың тұтастығы, бірлігі: Адамды ардақтау, оның ұлылығын жырлау.

Шығармалары:

“Қамшыгер”,  “Үркер”, Қайдасың, қасқа құлыным”, “Шара”, Елең-алаң, “Мұзтау”, “Ән салады шағылдар”, “Үркер ауып барады”, “Бәрі де майдан”, “Құм мінезі”, “Өз отыңды өшірме”, “Біздің жақта қыс ұзақ”, “Атаукере”, “Қар қызы”, “Зымырайды поездар”, “Жау тылындағы бала”, “Жесірлер”, “Ұйқым келмейді”, “Құлыным менің”, “Жақсының ізі”.

«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі.

  1. Әңгімені жоспарлау:

    1. Салықсалған ауылы

    2. Соғыстан кейінгі бейбіт өмір

    3. Тортай

    4. Ертегіші Тортай

    5. Тортай мінер ақ боз ат...

    6. Сөздікпен жұмыс.

Күлтеленген – жібек пен қыл тәрізді заттарды тегістеп шоқтау, біркелкі етіп кесу. Күреңсе –саздау жерге шығатын шабындық шөп.

Жемтір-жемтір – жұлма-жұлма.

Кеспелтек – жуантық келген қысқа

  1. Проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар.

  2. Салықсалғанда соғыстан кейінгі жағдай қандай?
    2. Әңгімеші бала мен Тортайдың достығы қалай сипатталған?
    3. Тортайдың  жеке басының  арманы не?  сол  үзіндіні әңгімеден тауып оқы. 
    4. Тортайдың автор үйіне келудегі мақсаты не?
    5. Автор неге орнынан тұрып амандаса алмады?
    6. Тортай  кітап  туралы қандай  пікірде ? Кітапты неге пір тұтты?

  3. 7. Кітаптың адам өмірі, мінез құлқы үшін қандай маңызы бар?

  4. 8. Ол таскүркеде  қандай  кітап  оқыды ? 

9. Әңгіменің  соңында  лирикалық  кейіпкер  қандай  шындық  айтады?

10. Тортай неге арманына жете алмады?

4. «Кім жылдам?» ойыны. Әр топқа берілген тапсырмаларды тез тауып жазу керек.



Венн диаграммасы.

“Жусан исі” повесі

Аян

“Тортай мінген ақ боз ат”

Тортай



Ұқсастығы


  1. Инсерт кестесі.

  1. Білетінім

  2. Мен үшін жаңалық

  3. Мені таң қалдырды






ІV. Бекіту. “Ортаға салу”

Ораш ел таныған азамат бола отырып, бала кезінде бірге өскен досы – Тортай амандасқалы келгенде, шыға алмағады. Осы іс-әрекеті дұрыс па?

Бекіту сұрақтары:

1. Соғыстан кейінгі балалар мен қазіргі балалардың арасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?
2. Тортай т
әрізді балалар қазірде кездесе ме?
3. Тортай неге арманына жете алмады? 
4. Оралхан Б
өкейдің бұл әңгімеден басқа қандай әңгімелерін оқыдыңдар?

V.  Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды Әбіш Кекілбаевтың сөзімен түйіндесек:

“О. Бөкей жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүйікті, ең сүлей суреткерлерінің бірі ретінде әлемдік танымалдыққа ие болды. Алыс-жақын елдерде аты “қазақ” деген сөзбен қабаттаса айтылатын азғантай тұлғалардың біріне айналды”.

Үй тапсырмасы:

1. “Әңгімені қалай аяқтар едіңіз” шағын ой-толғау.

2. Марат Қабанбаевтың “Бауыр” әңгімесін оқу.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
2147
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі