Материалдар / ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ 75 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӨТКІЗІЛГЕН «ДҮБІРІ БӨЛЕК ДҮЛДҮЛ ЕҢ...» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ САЙЫСЫНЫҢ С
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ 75 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӨТКІЗІЛГЕН «ДҮБІРІ БӨЛЕК ДҮЛДҮЛ ЕҢ...» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ САЙЫСЫНЫҢ С

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне шығармашылық кеш, көркемсөз сайыстарын өткізуге керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2018
559
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі»КММ19.10.2018ж «Дүбірі бөлек дүлдүл ең...» атты қазақтың қарасөз зергері Оралхан Бөкейдің туғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылған көркемсөз оқу сайысының сцеанрийі
  • Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Биылғы жыл әдебиетіміздегі кешегі алыптар шоғырының ізін басқан, басып қана қоймай, кейінгі ұрпақ, біздерге, шығармашылық қуат-қарымымен үлгі-өнеге бола білген Оралхан Бөкей ағамыздың 75 жылдық мерейтойымен ерекшеленеді. Бұл мерейтойдың біз үшін алар орны ерекше. Себебі, біздің киелі қара шаңырағымыз Оралхандай ұлы тұлғаның есімімен аталады. Біз әрқашан Оралхан ағаның есімін мақтан тұтамыз.
2үргізуші: - Бүгін, міне, талай жасқа толыппын,Талай жырға, талай сырға жолықтым.Шыным осы, ақ тілеуші достарым,Мен анамның жалғыз ұлы болыппын.Дастарханым тарлау болса, құрбылар,Пейілімнің кең екенін ұғыңдар.Ақ жүректің ақ батасы секілді,Махаббатым сендерменен туғандар.Сондықтан да, уа, достарым, түсінші,Осы кештің мәңгіліктік құны бар! – деп, осыдан талай жыл бұрын Оралхан Бөкей ағамыз жырлағандай, биыл заңғар жазушымыздың туғанына 75 жыл толды! Ендеше, Өр Алтайдың асқақ жазушысы атанған Оралхан Бөкей ағамыздың 75 жылдық мерейтойына арналған «Дүбірі бөлек дүлділ ең...» атты қалалық көркемсөз оқу сайысын бастауға рұқсат етіңіздер! 1үргізуші: Ендеше кешіміздің алғашқы құттықтау сөзін Білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің иегері лицей директоры Түменбаев Таңатқан Қалибекұлына береміз. 2-жүргізуші:Лаулап жансын әділдіктің шырағы Бұл сайыстың өзіндік бар сынағы.Шын талантты анықтайтын қазыларБолыңыздар қыраннан сақ қырағы –дей келе, бүгінгі дүбірлі сайысымызда әділдіктің ақ туын желбіретіп, қара қылды қақ жарып, төрелігін айтатын қазылар алқасымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.

1.--------------------------------------------------------------------------------------------------

2 ---------------------------------------------------------------------------------------------- 3--------------------------------------------------------------------------------------------------4-----------------------------------------------------------------------------------------------5-------------------------------------------------------------------------------------------------- 1-жүргізуші:Көрінуші ең көнелердің көзіндей,Жазғандарың қара өлеңнің сөзіндей.Асқақ едің, атақты едің, нар едің,Туған өлкең – өр Алтайдың өзіндей!- деп Оралхан аға өз бағасын әлдеқашан алып қойған. Олай болса осындай Өр тұлғалы ағаларымыздың құрметіне лицейіміздің мақтанышы, күміс көмей әнші ұлымыз Батырқанов Темірланның орындауында «Мен қазақпын» әнін қабыл алыңыздар! 2үргізуші: - Қазақтың көрнекті қаламгері, сырлы сөздің сардары атанған«Оралхан Бөкей қазақ әдебиетіне өзіндік өрнегін сала келген тамаша суреткер екені хақ» - дейді көптеген ақын – жазушылар. Ал бүгінгі жас ұрпақ қарымы бөлек қаламгердің шығармаларын қалай оқиды екен? Әрине, сүйіп оқиды.
  • Жүргізуші: Сөзіміздің дәлелі ретінде ортамызға 3-сынып оқушылары Дастанұлы Мағжан мен Дәулетханова Адинаны «Жылымық» шығармасынынан үзінді оқуға шақырайық.
  • жүргізуші: Орағамыз көңілденген кезінде, әсіресе, үйінде туыстары бас қосқанда ән айтады екен. Олай болса, ағамыздың сүйікті «Жылымық» әңгімесінің желісіне жазылған «Жүрек назы» атты тамаша әнді мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Даутбекова Назеркенің орындауында қабыл алыңыздар.
Ән «Жүрек назы» Экраннан «Жылымық» киносын көрсету
  • жүргізуші:
Дүлдүлдер өтсін дүбірлеп,Ортаға шықсын бір-бірлеп. Сайысты біздер бастайық,Сүрінбесінші шын тілек- дей келе, ортаға сайыскерлерімізді зор құрметпен шақырайық.
  • Жүргізуші:


Мәреге жеттік өнердің,Алғысын алып көп елдіңКөрермен сізге мың алғыс Қошеметіңе бөледің –дей келе сайыскерлеріміз де сайыс мәресіне келіп жетті. Ендеше әділқазылар алқасын ақылдаса отырып, қорытынды жасауға зор қошеметпен шығарып салсақ.

  • Жүргізуші:
Біздің халық өнерге мол, бай тегі,Әнші деп те, биші деп те айт оны.Әнге сенің қанша икемің бар екен,Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді- дей келе әділқазылар алқасы өз шешімін шығарғанша біздің лицейіміздің өнерлі ұл-қыздары дайындаған шағын концертімізді тамашалаңыздар.

А) Оралхан Бөкей «Сайтан көпір» шығармасынан үзінді. Оқитын 6- сынып оқушысы Тілеуді АружанӘ) Ән «Батырлар ұраны» орындайтын Батырқанов ТемірланБ) Оралхан Бөкей «Атау кере» шығармасынан үзінді. Оқитын 3- сынып оқушысы Дастанұлы МағжанВ) Ән «УЭЛКОМ ТУ Казахстан» орындайтын «Арландар» тобыГ) Ән «До-ре-ми» орындайтын Батырқанов ТемірланЖ) Ән «»Махаббатсыз бұл өмірде кім сүрмек» орындайтын Ермұханбетов Ертай

1-жүргізуші  - Осыменен бүгінгі кешіміз өз мәресіне жетті. Ортамызға бүгінгі сайысымыздың әділ шешімін айтуға Өскемен қаласы білім беру бөлімі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Скакова Зульфира Сатыбалдиновнаны шақырамыз.
  • жүргізуші: Өр Алтайдың ұшар басынан қол бұлғап, проза мен драма салаларын бұлақ қылып ағындатқан, ақиық ағамыздың шығармалары мәңгілік мұра. Ендеше саф алтындай асыл қазынаны бағалай білейік. Осы орайда нар тұлғалы осындай азаматтарымыздың құрметіне орай шығарылған «Өр Алтайдың қырандары» және лицейіміздің 20 жылдық мерейтойына арнап жазылған «Мектебім-мақтанышым» әндерін қабыл алыңыздар!
  • Жүргізуші:
Өзіңді қастерлеген туған елдің,Жатырсың орын алып жүрегінен. Жататын араласып үміт-қайғы,Қапыда тағдыр жолы тұйықталды.Оралхан деген аттың орны бөлек,Ел-Ана! Сені ешқашан ұмытпайды!- дей келе барлық сайыскерлерді бүгінгі жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз. Келесі кездескенше хош-сау болыңыздар.



ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ«ОРАЛХАН БӨКЕЙ АТЫНДАҒЫ № 44 ЛИЦЕЙІ»КММ





ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ 75 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӨТКІЗІЛГЕН «ДҮБІРІ БӨЛЕК ДҮЛДҮЛ ЕҢ...» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ САЙЫСЫНЫҢ СЦЕНАРИЙІ











ДАЙЫНДАП, ӨТКІЗГЕН: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ



ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ2018 ЖЫЛ, ҚАЗАН
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!