Батыс Қазақстан
облысы
Орал
қаласы
А.Байтұрсынов атындағы №10
ЖОББМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі
Отаргалиева Камарслу
Серикболатовна
Әдеби кештің
тақырыбы: «Өнерге өлердей –ақ ғашық
едім...»
(Оралхан Бөкейдің 74 жылдығына
орай Оралхан оқулары)
Мақсаты:
Оралхан Бөкейдің өмірі, ерен
еңбегі туралы түсінік беру, жазушының шығармалары арқылы туған
жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, жауапкершілікке,
ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Оралхан Бөкейдің портреті,
кітап көрмесі, презентация.
Барысы:
І.
Кіріспе:
Мәңгілік ақ қар жамылған асқар
шыңдары, ал етегінде ағысы асаудай тулап жатқан Бұқтырма өзені бар
қазақ Алтайының киелі топырағында дүниеге келіп, аса дарынды
талантымен барша қауымды таң қалдырған, Абай атындағы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік сыйлығының, Н. Островский атындағы
Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының
және «Молодая гвардия», «Жалын» баспалары сыйлығының лауреаты
Оралхан Бөкейдің туғанына 28 қыркүйек күні 74 жыл
толды.
Жазушы Дулат
Исабеков: «Оралхан
Бөкей... Осы бір есім қазақ әдебиетінде
небәрі 25-26 жыл ғана өмір сүріпті. Сол аз ғана ғұмырдың ішінде ол
туған әдебиетінің аспанында құс жолындай айқын із қалдырды»,- деп
жазған еді.
Қамшының сабындай қысқа
ғұмырында қазақ әдебиетінің классикалық үлгілерінің қатарына
қосылған, туған жері Алтайының мөлдір тау бұлақтарындай бірден
шөлді қандыратын туындылар қалдырып кеткен талант иесі, философ,
публицист, драматург Оралхан Бөкей өмірінен біраз сыр
шертпекпіз.
«Шын жүректен шыққан
сөз»
Қазақстанның Халық жазушысы
Шерхан Мұртаза:
«Лениншіл жасқа» қызметке
жаңадан келген Оралханды Мойынқұмға командировкаға жібердім.
Оралхан сол сапардан біраз жыл кейін «Құм мінезі» деген повесть
жазды. Міне, жазу! Жазсаң –осылай жаз!
Әйтпесе , кінәсі жоқ ақ
қағазға шимайлама, былғама.
...Құмға жан біткен. Құмға
мінез біткен.
Құм момақан екен. Құмда да
қуаныш, құмда да мұң болады екен. Әттең, мен қалай
байқамағанмын.
Халық қаһарманы Қасым
Қайсенов:
Өркеш-өркеш тастардай ірі еді.
Қалам сілтеген алыптардың бірі еді. Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз
еді.
Анатолий Ким (Жазушының
досы, шығармаларын орыс тіліне
аударушы)
Оралхан Бөкейдің
аудармаларының атышулы табыстарынын кейін маған көптеген жазушылар
өтінішпен келді. Бірақ мен Оралханша ойласып, ұғысу ләззатын таба
алмағаннан кейін көпшілігінен бас тарттым.
Ол қайтыс болғанда мен Кореяда
болатынмын. Сондай талантымен құдіретті адамның соңғы сағаты
соққанына сене алмадым... Мен оны әлем әдебиетінде норвег жазушысы
Крут Гамсонға ұқсататынмын.
ІІ.Негізгі
бөлім:
Оралхан- сөз өнерінің
сөнбес жұлдызы.
Романдары: «Өз отыңды өшірме», «Атау
кере», «Алданған ұрпақ» (аяқталмаған)
Повестері: «Қайдасың, қасқа құлыным?»,
«Үркер», «Ән салады шағылдар» т.б.
Пьесалары: «Мен сізден қорқамын» , «Жау
тылындағы бала», «Құлыным менің», «Текетірес», «Қар қызы»,
«Зымырайды пойыздар», «Желтоқсан желі».
Көркем
фильмдері: «Кісі киік»
(реж.М.Самағұлов), «Сайтан көпір» (реж.Д.Манабаев) әңгімелері
бойынша түсірілген.
Әңгімелері: «Көк тайынша», «Апамның
астауы», «Бура», «Ұйқым келмейді», «Бес тиын», «Күлпаштың ұршығы»,
«Тортай мінер ақ боз ат» т.б.
Оралхан Бөкей - есімі дүние
жүзіне танымал жазушы.
Шығармалары дүние жүзінің
көптеген тілдеріне орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб,
қытай тілдеріне аударылған. Оралхан аға әдебиетке ентелей
енді де, ешкімге ұқсамай өз бетінше жазды.
Жазушының өмірі туралы сыр
шертсек...
1-оқушы: Оралхан Бөкей 1943 жылы
қыркүйектің 28 - жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай
ауданының Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. Әкесі Бөкей көп
сөйлемейтін, ал сөйлесе сөзі алтын жалатқан қорғасындай әрі сұлу,
әрі салмақты адам болған. Ал, анасы Күлия одан да шешен, көкірегі
ояу, көзі ашық адам еді. Оралханның атақты жазушы болуына әсер
еткен анасы болар.
1969 жылы ҚазМУ-ды
бітірген.1965-1968 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын
ауданының «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың
орынбасары, «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде әдеби
қызметкер, кейіннен 1968-1974 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас
Алаш») газетінде, 1974-1983 жылдары «Жұлдыз» жұрналында бөлім
меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметін
атқарды.
2-оқушы: Оралхан Бөкей туған өлкесі мен
өз халқын шексіз сүйді. Ыстық ұя мектебін зор бағалады. Білім
берген ұстаздарын құрмет тұтты. Өзін олардың алдында борыштымын деп
санады. Сол борыш жеріне, еліне мектебіне деген сүйіспеншілікке
ұласты. Сүйіспеншілік сезім ұшқыр қиял, алғыр оймен ұштасып, оның
қанатын қатайтып, құз бен жардан тайсалтпай асқар шыңға
өрлетті.
3-оқушы: Оралхан Бөкей- көзі тірісінде
өз-өзіне саф алтыннан рухани мазар орнатып кеткен қаламгер.
«Тоқымдай жерде тірлік етіп жатқан қаратай руын қойып, иісі
қазақтың ардақтысына айналған жан», -деп Әбіш Кекілбай айтқандай,
жазушының рухани мазары оның шығармалары
еді.
4-оқушы: «Әйтеуір, не жазсам да өз
заманымды, сол заманда табан еті, маңдай терін жұмсап жүрген еңбек
адамдарын тілге тиек етуге тырысамын ..»
Оралхан
Бөкей
Жазушы шығармасында адамға
деген гуманистік сезім жоғары. Оны «Апамның астауы» деген
әңгімесінен байқаймыз. «Апамның астауы» әңгімесінен үзінді оқу.
9-класс оқушылары: Жазира Ғалымжанова, Данагүл
Мэлс.
5 –
оқушы: Оралханның шығармаларынан
өзінің кескін-келбетін, мінезіндегі ерекшеліктерін көруге болады.
«Мұзтау» шығармасындағы кісікиік Ақанда Оралханның өрлігі мен
қияңқылығы, «Атау кередегі» Тағанда адамгершілігі, «Сайтан
көпірдегі» Аман бейнесінде Оралханның бірбеткейлігі жатыр.
Оралханды өзгелерден ерекшелеп тұрған бір қасиеті: сол кездегі
қоғамдағы айтуға болмайтын кемшіліктерді ашып жаза білуі
еді.
Оралхан бар шығармаларын
замандастарына арнады. Олардың ішкі жан дүниесінің жықпыл-жықпыл
қалтарыстарын зерттеді. Сондай шығармаларының бірі «Тортай мінер ақ
боз ат» әңгімесі. «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінен үзінді оқу.
11-класс оқушысы: Жасұлан Мәдениет.
6-
оқушы: Серік Тұрғынбеков былай деп
еске алады: «Ол ылғи сапарға шыққанды ұнататын. Кең даланы, асқар
тауларды, қалың орманды, мөлдір көлдерді көргісі келетін. Сол
табиғаттың құшағында адамдармен қоса аңдардың да амандығын
тілейтін. Аң мен құс табиғат баласы оның аяулы достары болатын.
Сондықтан да болар өзінің сүйікті шығармаларына «Кербұғы», «Құлыным
менің» т.б. деп ат қойып, айдар тақты. Қыран ғұмырлы қайсар талант
биікке, алысқа ұшып кеткен еді. Сол бір ұзақ жол- алыс сапарынан
Оралхан әлі орала қойған жоқ. «Құлыным менің» драмасынан үзінді
оқу.
8-класс оқушылары: Айнұр
Тасболатова, Серікболсын Мақу.
7
–оқушы: «Мен өз шығармамды жазуға
отырған сайын ең алғашқы әрі ең ақырғы шығармаға кіріскендей
көңілім толқып жүрексінемін» Оралхан
Бөкей.
«Құлашаның шоты еді»
әңгімесінен үзінді оқу. 10-класс оқушысы Өркен
Мұқашев
8 –
оқушы: Тау биіктігімен, теңіз
тереңдігімен, дала кеңдігімен көрікті десек, Оралхан жанға жайлы
әңгімелерімен, драмаларымен көрікті.
«Қайдасың, қасқа құлыным?»
әңгімесінен үзінді оқу. 9-класс оқушысы : Мейірман
Жексен.
ІІІ.
Қорытынды.
Өзі де жұмбақ, өлімі де жұмбақ
Оралхан «Тәж-Махал» қонақ үйінің 11-қабатында жатып мәңгілік ұйқыға
кетті...
Өнердің шырқау
көгінен
Қазақтың ағып
жұлдызы,
Көз жасын сүртіп
жеңімен
Қасірет жұтты
ұл-қызы.
Иран-Ғайып.
Біздің мақтанышымыз,
драматург, жазушы Оралхан Бөкейдің тарих көшінен алатын орны
ерекше. Алтайдың ақиық қыраны Оралханның көзі тірі болса әлі талай
еңбегін, сырлы шығармаларын бізге ұсынар
еді.
«Өлді деуге бола ма,
ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз
қалдырған?!» -деп Абай атамыз айтқандай, Оралхан Бөкей рухы туған
халқымен мәңгі бірге жасай беретініне кәміл
сенеміз.
«Оралхан оқуларына» белсене
қатынасып, жазушының шығармаларын жатқа оқыған барлық оқушыларға
алғыс білдіре отырып, кешімізді аяқтаймыз!