Материалдар / Органикалық заттар: липидтер олардың құрылысы, қасиеттері және атқаратын қызметтері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Органикалық заттар: липидтер олардың құрылысы, қасиеттері және атқаратын қызметтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Липидтер май тектес жоғары күрделі қосылыстар екенін түсіндіру. Тапырмалар орындау барысында оқушылардың жекелеген қасиеттерін ескере отырып терминдермен жұмыс жүргізу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2020
347
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп: Бақыршық орта мектебі КММ

Күні

Мұғалімнің аты-жөні: Караулова Гулден Ануарқызы

Сынып

Барлығы - Қатысқандар - Қатыспағандар -

Сабақтың тақырыбы:

Органикалық заттар: липидтер олардың құрылысы, қасиеттері және атқаратын қызметтері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Липидтер май тектес жоғары күрделі қосылыстар екенін түсіндіру. Тапырмалар орындау барысында оқушылардың жекелеген қасиеттерін ескере отырып терминдермен жұмыс жүргізу.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдалынады;

Оқушылардың басым бөлігі:

Тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді;

Сынып оқушыларымен қарым-қатынастары өрбиді;

Кейбір оқушылар:

Қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әрі өрбітеді;

Ақпараттық білімдері сараланады;

Бағалау критерийі

1.Биология салаларын ажырата білу. 2. Биология ғылымын басқа пәндермен байланыстыра алу 3.Биолгия ғылымының маңыздылығын айта алу

Тілдік мақсаттар

(Майлардың құрамын, құрылысын, қайда кездесетінін айта алады

Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған тармақтар: 1.Майлардың құрылысы

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?2. Майлардың түрлері

Жазылым бойынша ұсыныстар: 3 Майлардың маңызы

Құндылықтарға баулу

Оқулық бойынша берілген тапсырмаларды орындау

Пәнаралық байланыс

химия

Алдыңғы білім

Өтілген материалдарды бір-біріне сұрақтар қойғызу арқылы қайталап шығу

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақ амандасып, сынып оқушларын түгелдеуден басталады. Сергіту сәті ретінде сыныпқа түрлі қимыл-қозғалыстарды қайталау ұсынылады.

Мұғалім тарапынан сабақ тақырыбы таныстырылады. Оқушылармен бірлесе отырып сабақтың мақсаты айқындалады. Қызығушылықтарын ояту мақсатында оқушыларға блиц сұрақтар қойылады:


Липидтер дегеніміз не?

Майлар табиғаты жағынан липидтер бола ала ма?

Липидтер энергия көзі дегенді қалай түсінесіңдер?


Презентация PowerPoint




Жапсырма қағаздар, мәтін, бағдарлар формат А3 қағазы, ноутбук


Интернет ресурстары

Сабақтың ортасы


Өткен тақырыпты бекіту мақсатымен оқушылар қатар бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.

Жаңа сабақ.

Ақуыз, нәруыз, белок — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралғанорганикалық зат; тірі ағзаларга тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан күралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз ағзалар тіршілігінде олардын құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы эр алуан өте манызды қызмет атқарады. Ақуызды зат құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс.

Белок жасуша құрамына кіретін тірі құрылымдар – ядромитохондриярибосомацитоплазма негіздерін құрайды. Сондықтан ол ағза құрамында үлкен орын алады. Мысалы, адам мен жануарлар денесінің құрғақ заттарында 45%, жасыл өсімдіктерде 9 – 16%, дақыл тұқымында 10 – 20%, бұршақ тұқымдастар дәнінде 24 – 35%, бактерия жасушаларында 50 – 93% ақуыздық заттар бар. Белок барлық ағзаға ортақ зат болғанымен, әр түрлі ағза ақуыздарының құрылымы түрліше болады. Сондай-ақ, ағза түрлерінің бір-біріне ұқсамауы, олардың эволюция жолымен үздіксіз өзгеріп дамуы да ақуыз қасиеттерінің үнемі өзгеріп отыруына байланысты. Белок – бүкіл тірі ағзаның негізгі қорегі. Ол жасуша протоплазмасын құрумен қатар, ағзадағы көптеген тіршілік кұбылыстарына тамақтану,  өсу,  көбею,  тітіркенукозғалутыныс алу  процестеріне тікелей қатысады.

Белоктың құрамында жиырма түрлі амин қышқылдары болады. Әр түрлі ақуыздардың амин қышқылы құрамы жағынан да, олардың тізбектегі орналасу тәртібі жағынан да бір-бірінен айырмашылығы зор. Табиғатта ақуыз түрлерінің көп болуы да осыған байланысты. Белоктардың қасиеттерін олардың құрамы мен құрылымы анықтайды. Белок молекуласындағы а-аминқышқылдары қалдықтарының саны әр түрлі болады, кейде бірнеше мыңға дейін жетеді. Әр ақуызта а-аминқышқылдары тек осы ақуызға ғана тән ретімен орналасады. Олардың молекулалық массалары бірнеше мыңнан миллионға дейін жетеді. Мысалы, жұмыртқа ақуызының молекулалық массасы 36000, бұлшық ет ақуызының молекулалық массасы — 150000, адам гемоглобині 67000, ал көптеген ақуыздардікі > 300000 шамасында. Белоктар, негізінен, көміртек (50—55%), оттек (20—24%), азот (15—19%), сутектен (6—7%) тұрады. Кейбір ақуыздардың құрамына бұлардан басқа күкірт, фосфор, темір кіреді. Белоктар гидролизденгенде а-аминқышқылдарының қоспасы түзіледі. Әрбір ағзаның өзіне тән ақуыздары бар. Барлық ақуыздар 20-дан астам әр түрлі а-аминқышқылынан құралады. а-аминқышқылдарының жалпы формуласы:

R—CHNH2—COOH

Белок түзілетін a-аминқышқылдарының радикалы құрамында ашық тізбек те, тұйық тізбекті әр түрлі сақиналар мен функционалдық топтар да кездеседі.

Белоктардың құрылысы өте күрделі. Белок молекуласы құрылымын: бірінші реттік, екінші реттік, үшінші реттік және төртінші реттік деп бөліп қарастырады.

Полипептидтік тізбектегі аминқышқылдары қалдықтарының қатаң тәртіппен бірінен кейін бірінің орналасуын бірініші реттік құрылым анықтайды. Белокты құрайтын жүздеген, мыңдаған, миллиондаған а-аминқышқылдарының қалдықтары өзара пептидтік байланыс (— CO — NH —) арқылы жалғасады (49-сурет).

Полипептид тізбегіндегі аминқышқылының бір қалдығының басқасымен ауысуы немесе оның орнының алмасуы осы ақуыздың қызметін бұзады. Мысалы, адам гемоглобиніндегі 564 аминқышқылдары қалдықтарынан құралған полипептид тізбегіндегі бір қышқылдың қалдығы екіншісіне ауысса, адам ауыр сырқатқа ұшырайды.

Аминқышқылдары қалдықтарының инсулиннің кейбір бөлігінде орналасуын мынадай тізбек түрінде көрсетуге болады: глицин—изолейцин—валин—глутамин, т.с.с. 50-суретте 2-полипептидтік тізбектен тұратын инсулиннің бірінші реттік құрылымы келтірілген.

Табиғатта ақуыздардың кейбіреуі тек созылыңқы полипептидтік тізбекте болады. Мысалы, табиғи жібек талшығы — фибрионның құрылымы осындай.

Белоктардың көбінің кеңістікте спираль тәрізді оратылуы екінші реттік құрылым деп аталады. Бұл құрылым, негізінен, спираль оралымдарында орналасқан — CO...HN— арасындағы сутектік байланыстар арқылы іске асады. Шиыршықтың бір орамында 3 және 5 аминқышқылдарының қалдықтары болады. Оралымдардың арақашықтықтары 0,54 нм шамасында (51-сурет).

Белоктық оралма тектес молекуласы биологиялық процестердің әсерінен, молекула арасындағы сутектік байланыс, —S—S— дисульфид көпіршесі, күрделі эфирлік көпірше және бүйір тізбектегі анион мен катиондар арасындағы иондық байланыстар арқылы өзара байланысады да, өте күрделіүшінші реттік құрылым түзіледі. Бұл кезде оралма құндақталып, шумаққа айналады (52-сурет). Үшінші реттік құрылым ақуыздың өзіне тән қасиеттері мен белсенділігіне жауап береді.

Белок молекуласы тек қана бір полипептидік тізбектен тұрса, оның құрылымдары бірінші, екінші және үшінші реттік болады. Ал ақуыз молекуласы екі және одан да көп полипепидік тізбектен құралса, онда төртінші реттік құрылым түзіледі. Төртінші реттік құрылым — кейбір ақуыздарда бірнеше полипептидтік тізбектердің бір-бірімен күрделі кешенді комплекстерге бірігуі. Мысалы, гемоглобин құрамына 141 аминқышқылының қалдығы кіретін төрт полипетидтік тізбектен және құрамында темір атомы бар ақуызды емес бөлшек гемнен комплекс түзеді. Гемоглобин тек осы құрылымда ғана оттекті тасымалдай алады.



Сабақтың соңы


Бекіту.

  1. Органикалық заттар: нәруыздар

  2. Олардың құрылысы

  3. Қасиеттері және атқаратын қызметі.

.Қорытынды. Барлық тірі ағзалар органикалық қосылыстар төрт түрінен тұрады. Олар көмірсулар, лепидтер және ақуыз бен нуклин қышқылдары.

Бағалау

Рефлексия

Бағалау ағашы(әрбір оқушы осы сабақтан алған әсерін және келесі сабаққа ұсыныстарын жазып ағашқа жапсырады)


Үйге тапсырма: Жиырма амин қышқылын жаттау. Нәруызды ашқан ғалымдардың өмірімен жақынырақ танысу мақсатында деректер жинау.



Қосымша ақпарат



Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Тапсырма- -

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?






Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарларынан ауытқулар болды ма және неліктен?










Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да оқуға қатысты)

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып н емесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!