Оригами өнерімен аққу жинақтау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оригами өнерімен аққу жинақтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оригами өнері арқылы балаларға аққу жасау жолдарын үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сырдария аудандық Оқушылар үйі

Shape1





«Оригами»үйірмесінің жетекшісі: Есбулганова Гульдана









Сабақтың тақырыбы: Модульдерді біріктіріп аққу макетін жасау
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оригами - қағаз бүктеу өнерінің тарихы, және аққу макетінің жасалу жолдарымен таныстыру.
Дамытушылық: Шығармашылық ойлау арқылы сұлулық пен үйлесімділікті қабылдай білуді, көзбен мөлшерлеуді үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру және қағазбен жұмыс жасағанда бүктеуге, құрастыруға көңіл бөлу, шеберлікке, әсемдікке баулу.
Сабақтың түрі: Сарамандық жұмыс
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Тарих, ән - күй, бейнелеу өнері, математика, әдебиет.
Сабақтың құрал - жабдықтары: Қайшы, желім, ақ қағаз, сызғыш, қарындаш.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сабақ бастауға дайынсыңдар ма?
Құралдарың жинаулы ма?
Көңіл күйлерің қандай?

Кіріспе:

Аққулар…
Аңыз көп қой олар жайлы,
Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды.
Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,
Шошыса, екінші рет оралмайды.
                                Мұқағали Мақатаев

-Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Модульдерді біріктіріп аққу макетін жасау.
Ендеше, бүгін біз қағазды бүктеу арқылы оригамидің танымал түрлерінің бірі модульдік оригами техникасын пайдалана отырып, аққу макетін жасаймыз. Мұнда тұтас фигура көптеген ұсақ бөліктерден (модульдерден) жиналады, олардың әрқайсысы қағаз парағынан бүктеліп жасалады. 

Сұрақтар:

1. Аққу туралы қандай аңыз білесіңдер?
2. Аққу қандай құс?

Аққу күйі, аққуға байланысты өлеңдер, видеоларды көрсету



Мақал-мәтел: Аққуды атпайды

Достықты сатпайды

Аққу

Аққу – ежелгі, өмірдің өзгерістеріне тез уйренін құс. Аққу – қазтәрізділер тобына жатады. Қай жерде су болса, сонда аққу өмір сүреді. Дүниежүзі бойынша 150 турі кездеседі. Қазақстан суларында оның екі түрі – сұңқұлдақ аққу және сыбырлақ аққу тіршілік етеді.

Аққулар ұзақ өмір сүретін, өте әдемі, көптеген ақын-жазушылардың шығармасыны арқау болған құстар.

Аққулар  - өте ақылды құс. Олар адамдардың қайсысы мейірімді, кімнің қатігез екенін айыра алады. Сондай-ақ олардың есте сақтау қабілеті де жақсы дамыған.

Аққулар ешқашан да адамдарға шабуыл жасамайды. Егер олардың ұясына немесе балапандарына қауіп төнсе ғана ерекше мінез көрсетуі мүмкін.



Сарамандық жұмыс
1. Қағазды қию, бүктеу әдістерін үйрету.
2. Модульдерді біріктіріп, аққу бейнесін құрастыру

Қайшымен жұмыс жасайтын еңбек қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.



Аққу макетінің жасалу жолдары:

Сергіту сәті.
Құстарға біз ұқсайық,
Қане, қанат жазайық.
Ұшып - ұшып алайық.
Орнымызға қонайық.

Оқушылардың білімін бағалау.

1. Оқушылардың сабақтағы белсенділігін атап көрсету.
2. Жасаған жұмыстарын бағалау.

Қорытындылау: Өтсе де қанша замандар,

Тәртіпті берік сақтайды.

Ешқашан есті адамдар,

Аққуларды атпайды!

Үй тапсырмасы: Аққу макетін қағазды бүктеп жалғастыру.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
1420
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі